Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57

      4. Әрбiр тәртiптiк терiс қылығы үшiн қызметкерге бiр тәртiптiк жаза 
ғана қолданыла алады.  
      5. Жұмыс берушiнiң қызметкерге тәртiптiк жаза қолдану туралы актiсi:  
      1) қызметкердiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi;  
      2) қызметкер мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттер атқару уақытына 
жұмыстан босатылған;  
      3) қызметкер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;  
      4) қызметкер iссапарда болған кезеңде шығарылмайды.  
      6. Тәртiптiк жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнiнен бастап үш 
жұмыс күнi iшiнде тәртiптiк жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып 
хабарланады. Қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiмен танысқанын қол қойып 
растаудан бас тартқан жағдайда, тәртiптiк жаза қолдану туралы актiде ол 
туралы тиiстi жазба жасалады. Қызметкердi жұмыс берушiнiң тәртiптiк жаза 
қолдану туралы актiсiмен жеке таныстыруға мүмкiндiк болмаған жағдайда жұмыс 
берушi актiнi қызметкерге хабарламалы хатпен жiберуге мiндеттi.  
      7. Қызметкер тәртiптiк жаза жөнiнде осы Кодексте белгiленген тәртiппен 
шағым жасай алады. 
      
Ескерту. 73-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      74-бап. Тәртiптiк жазаларды белгiлеу мерзiмi 
 
      1. Осы Кодекстiң 73-бабы 5-тармағында және Қазақстан Республикасының 
басқа да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртiптiк жаза 
қызметкерге тәртiптiк терiс қылық анықталғаннан кейiн тiкелей, бiрақ ол 
анықталған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады. 
      304-бапта көзделген жағдайларда тәртiптiк жазалар ереуiлдi заңсыз деп 
тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бiр айдан 
кешiктiрiлмей қолданылады. 
      2. Тәртiптiк жазаны - тәртiптiк терiс қылық жасалған күннен бастап алты 
айдан асқаннан кейiн, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген 
немесе ревизия немесе жұмыс берушiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн тексеру 
нәтижелерi бойынша тәртiптiк терiс қылығы анықталған жағдайларда қызметкер 
тәртiптiк терiс қылық жасаған күннен бастап бiр жылдан асқаннан кейiн 
қолдануға болмайды. Көрсетiлген мерзiмдерге қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу 
уақыты кiрмейдi.  
      3. Қызметкердiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiне, мемлекеттiк немесе 
қоғамдық мiндеттер орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда 
болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртiптiк жаза қолдану 
мерзiмiнiң барысы тоқтатыла тұрады. 
      
Ескерту. 74-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      75-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi 
 
      1. Осы Кодекстiң 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген 
жағдайды қоспағанда, тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi ол қолданылған 
күннен бастап алты айдан аспауға тиiс. Егер осы мерзiм iшiнде қызметкер жаңа 
тәртiптiк жазаға тартылмаса, оның тәртiптiк жазасы жоқ деп есептеледi.  
      2. Қызметкерге тәртiптiк жаза қолданған жұмыс берушi өзiнiң 
бастамасымен, қызметкердiң немесе оның тiкелей басшысының өтiнуiмен, 


қызметкерлер өкiлiнiң өтiнiшi бойынша тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып 
тастауға құқылы.  
7-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ 
 
      76-бап. Жұмыс уақыты 
 
      1. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты 
болуы мүмкiн.  
      2. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, 
материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын 
дайындау және жинау, дайын өнiмдi тапсыру және басқалар), еңбек 
технологиясында, еңбектi ұйымдастыруда, еңбектi нормалау мен қорғау 
ережелерiнде көзделген үзiлiстер, қызметкер өзiнiң уақытына еркiн иелiк ете 
алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс 
күндерiндегi кезекшiлiктер, үйдегi кезекшiлiк және еңбек шартында, ұжымдық 
шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде не Қазақстан Республикасының нормативтiк 
құқықтық актiлерiнде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.  
      77-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы 
 
      1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс.  
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшiн 
төленетiндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуi мүмкiн.  
      78-бап. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс 
 
              уақытының қысқартылған ұзақтығы 
 
      1. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстiң 181-бабына сәйкес белгiленедi.  
      2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстiң 202-бабына сәйкес белгiленедi.  
      3. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес белгiленедi.  
      4. Еңбек шартында, ұжымдық шартта осы баптың 1 - 3-тармақтарында 
көрсетiлгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы көзделуi мүмкiн.  
      5. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленген 
кезде еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.  
      79-бап. Толық емес жұмыс уақыты 
 
      Осы Кодексте белгiленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның iшiнде:  
      толық емес жұмыс күнi, яғни күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) 
ұзақтығының нормасын азайту;  
      толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерiнiң санын 
қысқарту;  
      бiр мезгiлде күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын 
азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерiнiң санын қысқарту толық емес 
жұмыс уақыты болып есептеледi.  
      80-бап. Толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс жағдайлары 
 
      1. Еңбек шартында тараптардың келiсiмiмен қызметкер үшiн толық емес 
жұмыс уақыты белгiленуi мүмкiн.  
      2. Толық емес жұмыс уақыты белгiлi немесе белгiсiз мерзiмге 
белгiленедi.  
      3. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс iстеу қызметкер үшiн осы 
Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерден белгiленген жыл 
сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бiр шектеуге әкеп 
соқтырмайды.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау