Қамыр адгезиясының жабдықТЫҢ ЖҰмысшы органының бетіне түйісу ұЗАҚТЫҒының Әсері с. Ж. Ералиева



жүктеу 61,77 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі61,77 Kb.
#1947

ҚАМЫР АДГЕЗИЯСЫНЫҢ ЖАБДЫҚТЫҢ ЖҰМЫСШЫ ОРГАНЫНЫҢ БЕТІНЕ ТҮЙІСУ ҰЗАҚТЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІ
С.Ж. ЕРАЛИЕВА, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
В данной статье рассмотрено влияние шинельного сукна из шерсти, используемого в качестве покрытия, на свойства тестовых заготовок при транспортировке и формовании. В результате исследований выявлено, что применение шинельного сукна в качестве покрытия, благодаря своим гигроскопическим свойствам, способствует образованию воздушного пространства между сукном и тестом, тем самым уменьшает адгезию теста.

Түйісетін денелердің адгезиялық өзара әрекетін зерттеу үшін сырттан күш жұмсау арқылы адгезиялық тігісті бұзуға негізденген бірнеше әдістер мен құралдар қолданылады. Бірақ, қамыр сияқты тұтқырсерпімді-пластикалық массалардың түйісуші бетпен байланысын бұзбай-ақ, олардың адгезиялық өзара әсерінің мәнін анықтау тәсілі бүгінгі күнге дейін анықталмаған, сондықтан да қамырдың түйісуші бетпен байланысының адгезиялық өзара әсері адгезиялық бірігуді бұзу жолымен анықтайды [1].

Беріктік сынақтарының нәтижелерінің адгезиялық бірігулердің қалыптасуы мен бұзылу шарттарына, түйісуші денелердің реологиялық қасиеттеріне тәуелділігі және тәжірибе жүргізуге қажетті құрал мен әдістеменің жоқтығы іс жүзінде қолдануға ыңғайлы материалдардың адгезиялық қасиеттерін объективті бағалауға мәжбүрлейді.

Адгезиялық беріктіктің шамасын анықтаушы себепкер шарттардың қатарына түйісу қысымы (Ртүй) және ажырату уақыты (τаж) жатады. Тәжірибенің нәтижесін (Ртүй) мен (τаж) мәндеріне тәуелсіз түрде алу үшін олардың адгезияның беріктігіне тигізетін әсерін ескеру керек.

Бұл бағыттағы зерттеу (Ртүй) мен (τаж) мәндерінің үлкен аумағы қамтылған әдебиеттерге талдау жасау арқылы жүргізілді. Сонымен бірге, (Ртүй) мен (τаж) мәндері төмен болған сайын, олардың қамырдың адгезиясының өзгерісіне әсері аз екендігі анықталды.

Сондықтан адгезияның беріктігін анықтау түйісу бетінен қамырдың ажырау уақыты 0,33–81,710-5 диапазонындағы аз мәнінде және түйісу қысымының 0,25-тен 1,75кПа дейінгі мәндерінде жүргізілді.

Қамыр дайындамаларының түйісу қысымы (Ртүй=0) мен ажырау уақытынан (τаж=0 ) тәуелсіз түрде адгезияның беріктігін анықтау әдістемесін қолдана отырып, РажH(P,τ) адгезияның қалыптанған беріктігі деп аталатын өзара әрекеттесуші денелердің әрбір жұбы үшін бұзылмаған түйісудің адгезиялық беріктігін табуға болады, ол адгезия жұмысында адгезиялық беріктіктен жоғарғы дәрежесінде термодинамикалық шамаға жақын.

РажH(P,τ) шамасы қатты денелердің бетінің табиғатына тәуелді, алайда, бетінің өте таза түрде өңделуімен ерекшеленетін материалдарға қатысты өзгеріссіз қалады. Қамыр адгезиясының беріктігінің жоғары- және төмен энергетикалық беттерге қатысты мәндері 1-кестеде келтірілген.


1-кесте

Жоғары- және төмен энергетикалық беттерге қатысты қамыр адгезиясының беріктігінің және келтірілген беріктігінің мәндері




Қамырмен түйісуші материалдар

Ртүй, кПа

РажH(P,τ) кПа

ɛ,

1

2

3

4

12Х18Н9Т таңбалы 10 класты болат

3,37

0,43

12,1

Өңделген шинельдік шұға


0,07

0,06

0,8

( Н(P,τ)) қатынасы жалпы адгезиядағы адгезия беріктігінің мөлшерлі үлесін көрсетеді.

Қамырдың рецептурасын өзгерту оның көлемдік қасиеттерінің, құрылымдық қаңқасының және когезиялық беріктігінің өзгерісіне әкеліп соқтырады.

Бірмезгілде, қамырдың адгезиялық қасиеттері түйісуші бетке қатысты айтарлықтай өзгеріске ұшырайды, бұл кезде ɛ мәні үлкен өзгеріске ұшырайды. Осылайша, материалдың бетінің күйі мен түйісу шарттарына тәуелсіз (РажH(P,τ)) шамасын, нан пісіру технологиясында шикізат шығынын болдырмау үшін қажетті материалды таңдауда маңызды болып табылатын, қамырдың қатты бетпен адгезиялық өзара әсерінің объективті критерийі түрінде пайдалануға болады [2].

Қамыр адгезиясы беріктігінің материал адгезиясы беріктігіне арақатынасы дәстүрлі тәсілмен анықталатын қалыптастырылған беріктіктің мәні арқылы қамыр адгезиясын объективті бағалау мысалы ретінде дөңгелек нан мен батон нан өнімдерінің қамыр дайындамаларының көтерілу сатысында материалдармен адгезиялық өзара әрекеттерін зерттеу нәтижелерін қолдануға болады.

Кестеде көтерілу сатысында материал түріне қарай адгезия беріктігінің тәуелділігі көрсетілген.

Дегенмен, жоғарыда көрсетілгендей беріктілік сынақтары адгезиялық өзара әрекетінің айқын бейнесін әрдайым көрсете бермейді.

Сондықтан ауыстырушы-материалды таңдауда адгезиялық беріктіктің мөлшерленген шамасын пайдалану ұсынылады.

Түйісуші беттің түріне қарай қамыр адгезиясының қалыптасқан беріктігінің тәуелділіктері 2-кестеде келтірілген.
2-кесте

Түйісуші беттің түріне қарай қамыр адгезиясының қалыптасқан беріктігінің тәуелділіктері, кПа10-3





Түйісуші материалдар

РажH(P,τ кПа10-3

1

2

12Х18Н9Т таңбалы 10 класты болат

430

Өңделген шинельдік шұға

10

Сонымен, адгезиялық өзара әсерді зерттеуде ұсынылған шешім қалыптастырылған беріктігінің үлесін түйісуші денелердің қасиеттеріне, сондай-ақ түйісу қысымы мен ажырату уақыты сияқты түйісуді қалыптастыру мен және оны бұзуды сипаттайтын параметрлерге қатысты анықтауға мүмкіндік берді.

Адгезияның қалыптасқан беріктігінің мәні, түйісуші денелер – қамыр мен материалды тиімді таңдаудың критерийі болып табылады.

1-суретте қамыр салмағының түйісу уақытына байланысты адгезиялық қысымы берілген. Суреттен көрінген үдерістерге қарағанда, өңделген шинельдік шұғамен қапталған жұмыс органы адгезиялық қысымның ең төменгі мәнін көрсетіп отыр, яғни ол бесікшені өңделген шинельдік шұғамен қаптаудың тиімді екендігін көрсетеді.



Қорыта айтқанда, қамырдың адгезиясының жабдықтың жұмысшы органының бетіне түйісуінің ұзақтығының әсері зерттелініп, нәтижесінде, адгезияның беріктігін анықтау түйісу бетінен қамырдың ажырау жылдамдығы 0,33–81,710-5 диапазонындағы аз мәнінде және түйісу қысымының 0,25-тен 1,75 кПа дейінгі мәндерінде жүргізілді де, өңделген шинельдік шұғамен қапталған жұмыс органы адгезиялық қысымның ең төменгі мәнін көрсететіндігі анықталды.
Әдебиет тізімі
1.Зимон А.Д. Адгезия пищевых масс. М., 1985.

2. Иванов В.С., Калинин С.М., Мачихин Ю.А. Роль поверхностных свойств теста в производстве хлебопродуктов, М., 1990.
жүктеу 61,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау