4. Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шеккен
адам немесе куәгер жұмыс
берушiге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға мiндеттi.
Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердiң
өндiрiсте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы
өтiнiш жасауының әрбiр жағдайы туралы жұмыс берушiнi және мемлекеттiк еңбек
инспекциясының аумақтық
бөлiмшелерiн, сондай-ақ қатерлi кәсiптiк ауру (улану) жағдайлары туралы
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк
органды екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабардар етуге тиiс.
5. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi ұйымдастыруға,
ресiмдеуге және тiркеуге жұмыс берушi жауапты болады.
Ескерту. 322-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27
N 320
(қолданысқа
енгiзiлу тәртiбiн
2-баптан
қараңыз), 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
323-бап. Жұмыс берушiнiң өндiрiстегi жазатайым оқиға
кезiндегi мiндеттерi
1. Жұмыс берушi:
1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудi және қажет
болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыруға;
2) авариялық жағдайдың өршуiнiң және жазатайым оқиғаның орын алуына
себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуiн болғызбау жөнiндегi
шұғыл шараларды қабылдауға;
3) жазатайым оқиға болған жердегi ахуалды (жабдықтар мен тетiктердiң,
еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйiн), егер бұл басқа адамдардың өмiрi мен
денсаулығына қатер төндiрмесе, ал өндiрiстiк процестiң үзiлiссiз жұмысын бұзу
аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегi күйде
сақтауға, сондай-ақ
жазатайым оқиға болған жердi фотосуретке түсiруге;
4) өндiрiстегi жазатайым оқиға жөнiнде зардап шеккен адамның жақын
туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерде белгiленген мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хабарлама
жiберуге;
5) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы
тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
6) арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия мүшелерiн өндiрiстегi
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшiн оқиға болған жерге кiргiзуге;
7) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тiркеудi,
есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға мiндеттi.
2. Жұмыс берушi өндiрiстегi жазатайым
оқиға туралы еңбек жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша:
1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек
испекциясының аумақтық бөлiмшелерiне;
2) қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi жергiлiктi
органдарға;
3) кәсiптiк ауру немесе улану жағдайлары жөнiнде халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның
аумақтық бөлiмшесiне;
4) қызметкерлер өкiлдерiне;
5) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
Осы тарауға сәйкес арнайы тексерiлуге тиiс жазатайым оқиға болған кезде
жұмыс берушi:
1) жазатайым оқиға болған
жердегi құқық қорғау органына;
2) өндiрiстiк және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкiлеттi
органдарына хабарлауға тиiс.
3. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссияның
талабы бойынша жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен:
1) техникалық есептеулердiң орындалуын, зертханалық зерттеулердiң,
сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргiзiлуiн және осы мақсаттарда
сарапшы мамандардың тартылуын;
2) оқиға орнын және зақым келтiрiлген объектiлердi фотосуретке
түсiрудi, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
3) көлiк, қызметтiк үй-жай,
байланыс құралдарын, арнаулы киiм, арнаулы
аяқ киiм және тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да жеке қорғау құралдарын
берудi;
4) мыналарды:
жұмыс орнының жай-күйiн, қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк
факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздердi,
схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсiрiлген фото- және
бейнематериалдарды және т.с.с);
нұсқау берулердi тiркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмiн тексеру
хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлерi мен лауазымды адамдардан жауап
алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсiнiктемелерiнен,
мамандардың сараптама қорытындыларынан үзiндi көшiрмелердi;
зертханалық зерттеулер мен эксперименттердiң нәтижелерiн;
зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген
зақымданудың сипаты мен
ауырлық дәрежесi немесе оның өлiмiнiң себебi туралы, алкогольдiк, есiрткiлiк
немесе уыттық мас болу белгiсiнiң бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;
зардап шеккен адамға арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке
қорғану құралдары берiлгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
аталған өндiрiсте (объектiде) мемлекеттiк еңбек инспекторлары мен
аумақтық мемлекеттiк қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер
жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектiде орын алса) бұрын
берiлген нұсқамаларынан үзiндi көшiрмелердi, сондай-ақ қоғамдық еңбек
инспекторларының анықталған еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау жөнiндегi
нормативтiк талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзiндi
көшiрмелердi;
комиссияның қалауына қарай iстiң қаралуына қатысы бар басқа да
құжаттарды бередi.
Ескерту. 323-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.12.04
N 97-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн
2-баптан
қараңыз), 2009.12.30
№ 234-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн
2-б
. қараңыз) Заңдарымен.
324-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру тәртiбi
1. Арнайы тергеп-тексерiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, өндiрiстегi
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi жазатайым оқиға болған кезден бастап
жұмыс берушiнiң актiсiмен жиырма төрт сағат iшiнде құрылатын,
мынадай
құрамдағы комиссия жүргiзедi:
төраға - ұйымның (өндiрiстiк қызметтiң) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелерi - ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң
басшысы және қызметкерлердiң өкiлi.
Жазатайым оқиға болған тиiстi учаскедегi еңбек қауiпсiздiгiне тiкелей
жауап беретiн лауазымды адам тергеп-тексерудi жүргiзу кезiнде комиссия
құрамына енгiзiлмейдi.
2. Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесiне қарамастан,
бiр мезгiлде екi және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым
оқиғалар;
3) қатерлi уланудың топтық оқиғалары жатады.
3. Жұмыс берушiнiң - жеке тұлғаның өндiрiсiндегi жазатайым оқиғаны
тергеп-тексеруге жұмыс берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi, қызметкерлердiң
өкiлi, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негiзiнде де шақырылуы мүмкiн
еңбектi қорғау жөнiндегi маман қатысады.
4. Қатерлi улану жағдайында комиссияның
тергеп-тексеруiне халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның
өкiлдерi қатысады.
5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушiмен немесе зардап шеккен адаммен
тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкiлi қатысуға құқылы.