Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57

      3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына 
кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының бiреуi, қорғаншысы, 
қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиiс.  
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
2007.07.27. 
N 320 
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 
2-баптан 
қараңыз) Заңымен. 
 
      
31-бап. Еңбек шартын жасасуға қажеттi құжаттар 
 
      1. Еңбек шартын жасау үшiн мынадай құжаттар: 
      1) жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн 
туу туралы куәлiгi) қажет. 
      Оралмандар халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның 
аумақтық органдары берген оралман куәлiгiн ұсынады; 
      2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (Қазақстан 
Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ 
адамдар үшiн) не босқын куәлiгi; 
      3) тиiстi бiлiмдi, дағдылар мен машықтарды талап ететiн жұмысқа еңбек 
шартын жасасу кезiнде бiлiмi, бiлiктiлiгi туралы, арнаулы бiлiмi немесе 
кәсiптiк даярлығының болуы туралы құжат; 
      4) еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшiн); 
      5) әскери есеп құжаты (әскери мiндеттiлер мен әскери қызметке 
шақырылуға жататын адамдар үшiн); 
      6) алдын ала медициналық куәландырудан өткенi туралы құжат (осы 
Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай 
куәландырудан өтуге мiндеттi адамдар үшiн); 
      7) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн және әлеуметтiк жеке код беру туралы 
куәлiктердiң көшiрмелерi; 
      8) тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi; 
      9) кәмелетке толмағандар қатысатын бiлiм беру, тәрбиелеу, демалысты 
ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесi және спорт, медициналық қамтамасыз 
ету, әлеуметтiк қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын 
жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендiгi туралы анықтама қажет. 
      2. Жұмыс берушi, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап 
етуге құқылы емес. 
      3. Қызметкердiң келiсiмiмен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушiде 
сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген рәсiмдердi 
орындау үшiн уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс берушi қызметкерге 
құжаттарды қайтару туралы жазбаша мiндеттеме бередi. 
      Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.29 
N 74-V
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      32-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру 
 
              тәртiбi 
 
      1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемiнде екi дана етiп жасалады және оған 
тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бiр-бiр данадан қызметкер мен жұмыс 
берушiде сақталады. Қызметкердiң еңбек шартының бiр данасын алуы жазбаша 
нысанда расталады.  
      2. Еңбек шартына, оның iшiнде басқа жұмысқа ауыстыру кезiнде, 
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi тараптар осы баптың 1-тармағында 
көзделген тәртiппен жазбаша нысанда жүзеге асырады.  
      Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты 
тараптарының бiрi жазбаша нысанда бередi және екiншi тарап оны берiлген 
күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде қарайды.  


      3. Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым 
мүлкiнiң меншiк иесi не ол уәкiлеттiк берген адам немесе орган ұйымның 
құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен жасайды.  
      33-бап. Жұмысқа қабылдауды ресiмдеу 
 
      1. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негiзiнде шығарылатын жұмыс 
берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.  
      2. Жұмыс берушi үш жұмыс күнi iшiнде қызметкердi актiмен таныстыруға 
мiндеттi. Жұмыс берушiнiң актiсiмен танысқаны қызметкердiң қол қоюымен 
куәландырылады.  
      3. Қызметкердiң талап етуi бойынша жұмыс берушi оған актiнiң жұмыс 
берушi растаған көшiрмесiн беруге мiндеттi.  
      Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс берушi қызметкердi ұйымдағы iшкi еңбек 
тәртiптемесi ережелерiмен, жұмыс берушiнiң қызметкердiң жұмысына (еңбек 
функциясына) қатысы бар өзге де актiлерiмен, ұжымдық шартпен таныстыруға 
мiндеттi. 
      
Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      34-бап. Қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар 
 
      Мына құжаттардың кез келгенi:  
      1) еңбек кiтапшасы;  
      2) тоқтату күнi мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң 
белгiсi бар еңбек шарты;  
      3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек 
қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушi актiлерiнен 
үзiндi көшiрмелер;  
      4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшiрмелер;  
      5) жұмыс берушiнiң қолы қойылған, ұйымның мөрiмен расталған не нотариат 
растаған қызмет ету тiзiмi (қызметкердiң жұмысы, еңбек қызметi туралы 
мәлiметтер тiзбесi); 
      5-1) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы 
зейнетақы қорынан үзiндi көшiрмелер; 
      5-2) жүргiзiлген әлеуметтiк аударымдар туралы Мемлекеттiк әлеуметтiк 
сақтандыру қорынан мәлiметтер; 
      6) қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтер қамтылған мұрағаттық 
анықтама қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжат болып табылады. 
      
Ескерту. 34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      35-бап. Еңбек кiтапшасы 
 
      1. Еңбек кiтапшасы қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтердi 
қамтитын құжат болып табылады.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау