1. Осы баптың
көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға
2-тармағында
жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
2. Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда:
1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе
өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды
жүргізу кезінде;
2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен
жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін
бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін;
3) егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда, басқа
жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін;
4) денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек
күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме жұмыстарға жол беріледі.
3. Үстеме жұмысқа мынадай жұмыскерлер:
1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер;
2) он сегіз жасқа толмағандар;
3) мүгедектер жіберілмейді.
78-бап. Үстеме жұмыстардың шекті саны
1. Үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, ал ауыр
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға
тиіс.
2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма
сағаттан аспауға тиіс.
3. Үстеме жұмыстардың шекті санын шектеу осы Кодекстің 77-бабы 2-тармағының 1) және 4)
тармақшаларында көзделген жағдайлардағы жұмыстарға қолданылмайды.
79-бап. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу тәртібі
1. Жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге
міндетті.
2. Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте
үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар
күндері бөлек есепке алынады.
3. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісінде
айқындалады.
4. Жұмыскердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде орындаған не
олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақытпен тіркей алмайтын кезеңдер қосылатын
жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген
жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді.
7-тарау. ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ
80-бап. Тынығу уақытының түрлері
Тынығу уақытының түрлері:
1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер:
- тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс;
- ауысымішілік және арнайы үзілістер;
2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу;
3) демалыс күндері (вахтааралық тынығу);
4) мереке күндері;
5) демалыстар болып табылады.
81-бап. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс
1. Жұмыскерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға
арналған, ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс.
2. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек
тәртіптемесі қағидаларында, еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді.
3. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. Өндіріс
жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші жұмыскерді жұмыс
уақытында арнайы жабдықталған орында тынығу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге
міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың және тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық
шартта немесе жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.
82-бап. Ауысымішілік және арнайы үзілістер
1. Жұмыстың жекелеген түрлерінде жұмыскерлерге өндіріс пен еңбек технологиясына және
оларды ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі.
Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістердің ұзақтығы мен оларды берудің тәртібі ұжымдық шартта
немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.
2. Жылдың суық немесе ыстық мезгілінде ашық ауада, жылытылмайтын жабық үй-жайларда
жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін жұмыскерлерге жылыну не
салқындау және тынығу үшін жұмыс уақытына қосылатын арнайы үзілістер беріледі. Жұмыс беруші
жұмыскерлердің жылынуына, салқындауына және тынығуына арналған үй-жайлардың жабдықталуын
қамтамасыз етуге міндетті.
3. Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды
анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (бала асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру
үшін жұмыстың әрбір үш сағатынан сиретпей ұзақтығы мынадай:
1) бір баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде отыз минут;
2) екі немесе одан көп баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын
қосымша үзілістер беріледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жұмыскердің өтініші бойынша баланы (балаларды)
тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады не
жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе аяғында беріледі.
5. Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына қосылады.
Үзілістер уақытында әйелдердің, әкелердің, бала асырап алушылардың орташа жалақысы сақталады
.
83-бап. Күнделікті (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы
Жұмыскердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы
күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмайды.
84-бап. Демалыс күндері
1. Жұмыскерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі.
2. Бес күндік жұмыс аптасында жұмыскерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік
жұмыс аптасында – бір демалыс күні беріледі.
3. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып
табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек
тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.
4. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа
ұдайы үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігі салдарынан демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін
болмайтын өндірістерде істейтін, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерге (
жұмыскерлер тобына) демалыс күндері ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) сәйкес
аптаның әр күндері кезекпен беріледі.
5. Қолданылатын жұмыс режимдеріне және ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне)
қарамастан, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар –
православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |