2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме
талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша түсініктеме
бермесе, онда тиісті акт жасалады.
Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.
3. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы
мүмкін.
4. Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:
1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;
2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына жұмыстан
босатылған;
3) жұмыскер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;
4) жұмыскер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
5. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс берушінің
актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы
актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады.
Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға
мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні
ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы бар хатпен тәртіптік жаза қолдану туралы актінің
көшірмесін жіберуге міндетті.
66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі
1. Осы Кодекстің 65-бабының
және Қазақстан Республикасының басқа да
4-тармағында
заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза жұмыскерге тәртіптік теріс қылық
анықталған кезде тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей
қолданылады.
Осы Кодекстің
көзделген жағдайларда тәртіптік жазалар ереуілді заңсыз деп
176-бабында
тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
2. Тәртіптік жазаны – тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай өткеннен
кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс
берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылық
анықталған жағдайларда жұмыскер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен
кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уақыты
кірмейді.
3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық
міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда немесе вахтааралық
демалыста болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің
барысы тоқтатыла тұрады.
4. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда, тәртіптік
жаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды.
5. Жұмыскерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын
жұмыс берушінің актісін шығару арқылы алып тастауға құқылы.
6-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
67-бап. Жұмыс уақыты және оның түрлері
1. Дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен,
құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар)
уақытының кезеңдері, еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда; еңбекті қорғау және еңбек
қауіпсіздігі қағидаларында көзделген үзілістер; жұмыскер өзінің уақытына еркін иелік ете
алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты; мереке және демалыс күндеріндегі
кезекшіліктер; үйдегі кезекшілік, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің
актілеріне немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да
кезеңдер жұмыс уақытына жатады.
2. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін.
68-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
2. Еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен
ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.
3. Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың
жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс
ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс.
69-бап. Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған
ұзақтығы
1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан
аспайтын;
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан
аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін
жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр
жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес
аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Осы тармақта белгіленген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ауыр, зиянды және (
немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге қолданылады.
Жұмыс беруші өндірістік объктілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға
жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр
жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес
толық көлемде беріледі.
3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс
ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды.
4. Жұмыскерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген кезде олардың
еңбегіне ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
70-бап. Толық емес жұмыс уақыты
1. Еңбек шартын жасасқан кезде, сондай-ақ еңбек қатынастары процесінде жұмыскер мен
жұмыс беруші арасында жазбаша келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.
Осы Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде:
1) толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын
азайту;
2) толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту;
3) күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде азайту және
жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып есептеледі.
2. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін осы Кодексте, еңбек
, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының
ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп
соқтырмайды.
3. Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың
біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді
.
71-бап. Жұмыс уақыты режимі
Достарыңызбен бөлісу: |