3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде
білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай
куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.
2. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру
және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер
көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін адам: адам өлтіру,
денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық
қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты
қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама
ұсынады.
3. Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға,
ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық
компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен
байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы
мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
4. Жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу үшін
негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек
жағдайлары) туралы анықтама ұсынады.
5. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерлері тартылған кезде еңбек шартын жасасу үшін
қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шетелдік
жұмыскерлерді тарту тәртібіне сәйкес айқындалады.
6. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың
көзделмеген құжаттарды
1-тармағында
талап етуге құқылы емес.
7. Құжаттардың төлнұсқаларын жұмыс берушіде сақтауға не Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдыруға жұмыскер келіскен
жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.
33-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі
1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол
қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.
2. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен
толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың
көзделген тәртіппен қосымша келісім
1-тармағында
түрінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.
Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы хабарламаны еңбек шарты тараптарының бірі
береді және екінші тарап оны берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Еңбек
шартының талаптарын өзгерту, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерту туралы
хабарлама алған тарап қабылданған шешім туралы осы бапта белгіленген мерзімде екінші тарапқа
хабарлауға міндетті.
3. Адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде
ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап
туындады деп есептеледі.
4. Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз деп танылуы бұрынғы жұмыскердің
еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін
өтемақы төлемін, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер алу құқығынан айырылуына әкеп соқпайды.
Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек шартының тұтастай
жарамсыздығына әкеп соқпайды.
34-бап. Жұмысқа қабылдауды ресімдеу
Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен
ресімделеді.
35-бап. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар
Мына құжаттардың кез келгені:
1) еңбек кітапшасы;
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек
шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын
және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
4) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің
жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);
6) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорынан үзінді көшірмелер;
7) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан
мәліметтер;
8) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама жұмыскердің
еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап
1. Еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартында жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа
біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін.
Сынақ мерзімі еңбек шартының қолданылуы басталған кезден басталады.
2. Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш айдан аспауға тиіс.
Ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары,
филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшылары үшін сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылуы
мүмкін.
3. Жұмыскер жұмыста нақты болмаған кезеңге сынақ мерзімі тоқтатыла тұрады.
37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі
1. Жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс
беруші оны жазбаша нысанда хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзу үшін негіз болған
себептерді көрсетіп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.
2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуы
туралы хабардар етпесе, онда жұмыскер сынақ мерзімінен өткен болып есептеледі.
38-бап. Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру
1. Мыналар:
1) жұмыскер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым,
мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
2) еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу
уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) оны орындау кезінде өзгеретін өзге
жұмысты тапсыру;
3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру болып
табылады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға
жұмыскердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен және
жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
3. Жұмыскердің денсаулық жағдайына байланысты медициналық қорытындымен расталған қарсы
көрсетілімдер болған кезде, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.
39-бап. Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру
Достарыңызбен бөлісу: |