үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға,
сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін
жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі
бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) он
сегіз жасқа толмаған азаматтармен;
3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі
бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;
4) шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын не халықтың
көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыскерлерге
өз бетінше жұмысқа орналасу үшін берілген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы
алғанға дейін не Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі
істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан
Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен
еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.
5) білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік
даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында
болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын
шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;
6) отбасына қосылу мақсатында келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан
Республикасының заңнамасымен танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын
растайтын құжатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын
шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;
7) бір жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер
көрсету) бойынша бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын жасасуына жол
берілмейді.
2. Мыналарға:
1) мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін адамға, егер адам мемлекеттік қызметті
тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде өзінің
лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында
бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі аталған адаммен
оның құзыретіне сәйкес тікелей байланысты болған болса, мемлекеттік ұйымдарды және жарғылық
капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп, оның iшiнде акционерi мемлекет болып
табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық
даму институттарында, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы
өздеріне тиесiлi олардың еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу
үлестерiнiң) елу пайызынан астамы аталған еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларды
қоспағанда, бір жыл бойы коммерциялық ұйымға аталған адамды;
2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы
холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға,
сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға
бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды;
3) кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты
ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету,
әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені,
денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық
қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік
қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген
немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің
35-бабы
бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау
тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді;
4) Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес
әйелдерді ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға;
5) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды
және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға
жол берілмейді.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015
Кодексімен (01.01.2017
№ 414-V
бастап
енгізіледі).
қолданысқа
27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі
Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы:
1) жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп
немесе лауазым бойынша орындауы;
2) міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы;
3) жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының
ерекше белгілері болып табылады.
28-бап. Еңбек шартының мазмұны
1. Еңбек шартында:
1) тараптардың деректемелері:
жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша
тіркеу туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні
;
жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);
жұмыс беруші заңды тұлғаның және оның орналасқан жерінің атауы, жұмыс беруші заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу
Достарыңызбен бөлісу: |