уәжді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы
тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірге қара" деген ескертпемен қол қояды.
3. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе еңбек қызметіне байланысты жазатайым
оқиға туралы акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адамның немесе оның сенім
білдірілген адамының, жұмыскерлер өкілінің жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқығы бар,
ол олардың өтінішін он күн мерзімде қарауға және мәні бойынша шешім қабылдауға міндетті.
4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және
тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, жұмыскердің және мемлекеттік еңбек инспекторының
не қауіпті өндірістік объектілерде болған оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған
келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныстылық
тәртібімен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.
Жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторының еңбек қызметіне байланысты жазатайым
оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
орган белгілеген нысан бойынша қорытынды түрінде ресімделеді.
5. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында
тергеп-тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау бойынша оқытудан өткені және нұсқау алғаны,
сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық қарап тексеруден өткені туралы мәліметтер;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу
хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
3) оқиға орнының жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан,
ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді көшірмелер, өндірістегі саламатты
және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері мен
жауаптылығы және басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (қайтыс
болу себебі) туралы медициналық қорытынды;
6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың,
талдаулардың нәтижелері және басқалар;
7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (ол бар болған кезде);
8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық нұқсан туралы мәліметтер;
9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына
келтірілген нұқсанды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа
тарту туралы бұйрығы;
10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі қамтылуға тиіс.
6. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
аяқталғаннан кейін, тергеп-тексеру материалдарына сәйкес үш жұмыс күнінен кешіктірмей
жазатайым оқиға туралы актіні ресімдеуге міндетті.
7. Белгіленген нысан бойынша кәсіптік ауру актісін сараптамалық кәсіптік-патологиялық
комиссияның қорытындысы негізінде жұмыс беруші толтырады.
8. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, ұйым жұмыскерлерінің өкілі, улану жағдайларында
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі
де қол қояды.
Жазатайым оқиға туралы актіні жұмыс беруші бекітеді және ұйымның мөрімен (болған кезде
) куәландырылады.
Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, онда жазатайым оқиға туралы актіні жұмыс беруші
толтырып, оған қол қояды және нотариат куәландырады.
9. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жазатайым оқиға
туралы актінің бір данасы зардап шеккен адамға немесе оның сенім білдірілген адамына
беріледі, бұдан басқа мыналарға:
1) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан
сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына;
2) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға қағаз және электрондық
жеткізгіштерде;
3) улану жағдайында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік органға жіберіледі.
10. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру
материалдарының көшірмелерін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жібереді.
Мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
аяқталғаннан кейін арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін жергілікті ішкі істер
органына жеті күн мерзімде жібереді, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті
шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
11. Зардап шеккен адамның немесе жұмыскерлер өкілінің еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің барлық материалдарымен танысуға және қажетті үзінді
көшірмелер жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.
12. Жұмыс беруші актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиғаны еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиғаларды және өндірістегі денсаулыққа келтірілген өзге де
зақымдануларды тіркеу журналына енгізеді. Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген нысан бойынша жүргізіледі. Еңбекке уақытша қабілетсіздік және өндірістік
жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы
уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес беріледі.
13. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда (
жұмыс берушіде) қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым
оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жер бойынша
мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
14. Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр немесе адам өліміне әкеп соққан
жазатайым оқиғалар санатына ауысқан еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар туралы –
еңбек инспекциясы жөніндегі тиісті жергілікті органға, ал сақтандыру жағдайлары туралы
сақтандыру ұйымына хабарлайды.
5-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
21-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ
САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
191-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыру
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органның лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек
инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы
жөніндегі жергілікті органының басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды адамдары жатады.
3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен
қорғалады және Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының заңдары
Конституциясын
мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген
адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |