Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 19,76 Kb.
Pdf просмотр
бет45/65
Дата18.12.2017
өлшемі19,76 Kb.
#4590
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65

 
      3) ұлттық біліктілік шеңберін бекіту;
 
      4) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды 
болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
 
      5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға 
бағытталған шараларды келісу;
 
      6) бас келісімді жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
 
      7) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдер әзірлеуге және қабылдауға 
қатысу үшін байқаушылар тобын қалыптастыру;
 
      8) республикалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға 
бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
 
      5. Салалық комиссияның функциялары:
 
      1) тиісті саланың әлеуметтік әріптестік тараптарының бас келісімді, 
республикалық комиссия шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
 
      2) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік 
әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау;
 
      3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды 
болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
 
      4) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға 
бағытталған шараларды келісу;
 
      5) салалық келісімді жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
 
      6) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің, оның ішінде:
 
      саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемені (айлықақыны);
 
      разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
 
      салалық арттырушы коэффициенттерді;
 
      ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда 
істейтін қызметкерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеудің 
негізгі қағидаттарын әзірлеу;
 
      7) салалық біліктілік шеңберін бекіту;
 
      8) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңесті қалыптастыру;
 
      9) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін еңбек төрелігі 
жөніндегі кеңесті қалыптастыру;
 
      10) келісімдер мен ұжымдық шарттарды әзірлеуге және қабылдауға қатысу үшін 
байқаушылар тобын қалыптастыру;
 
      11) кадрлық әлеуетті және біліктіліктерді дамыту жөніндегі үйлестіру 
орталығын қалыптастыру;
 
      12) салалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға 
бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
 
      6. Өңірлік комиссияның функциялары:
 
      1) әлеуметтік әріптестік тараптарының бас келісімді, салалық келісімдерді 
және республикалық және салалық комиссиялардың шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
 
      2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік әріптестік 
тараптарының бастамасы бойынша) қарау;
 
      3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды 
болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
 
      4) жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге 
жәрдемдесу;
 
      5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға 
бағытталған шараларды қолдану;
 
      6) өңірлік келісімді жасасу және оның орындалуын мониторингтеу;
 
      7) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі 
кеңесті қалыптастыру;
 


 
      8) өңірлік комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға 
бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
 
      
Ескерту. 268-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 
      269-бап. Республикалық, салалық және өңірлік 
 
                комиссиялардың негізгі құқықтары 
 
      Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар: 
 
       1) өз отырыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында келісілген 
саясат жүргізу проблемаларын қарауға; 
 
       2) келісім жобасын әзірлеу, көрсетілген келісімді іске асыру, комиссия 
шешімдерін орындау кезінде атқарушы органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлер 
бірлестіктерінің мүдделерін келісуге; 
 
       3) атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден және (немесе) қызметкерлер 
өкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жасалатын және жасалған 
келісімдер туралы ақпарат сұратуға; 
 
       4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты тұлғалар 
оларды орындамаған жағдайда әлеуметтік әріптестіктің тиісті тарапына анықталған 
бұзушылықтарды жою және келісімнің талаптарын орындамағаны үшін кінәлі тұлғаларды 
жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстары бар ақпарат жіберуге; 
 
       5) атқарушы органдардан ұжымдық келіссөздер жүргізу және келісімнің жобасын 
әзірлеу, аталған келісімнің орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті 
әлеуметтік жағдай туралы ақпаратты сұратуға және алуға; 
 
       6) уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына әлеуметтік және еңбек 
қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар 
енгізуге; 
 
       7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға; 
 
       8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің 
қызметкерлерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыруға; 
 
       9) атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері 
комиссия белгіленген мерзімде қарауға және орындауға міндетті бірлескен келісімдер 
мен шешімдер қабылдауға; 
 
       10) әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестік мәселелері 
бойынша халықаралық, республикалық, өңіраралық кеңестер, конференциялар, 
конгрестер, семинарлар өткізуге аталған іс-шараларды ұйымдастырушылармен келісілген 
тәртіппен қатысуға құқылы. 
 
      270-бап. Қызметкерлер өкілдерінің өкілеттіктері 
 
      1. Қызметкерлер өкілдерінің: 
 
       1) қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және 
қорғауға; 
 
       2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және келісімдерді, ұжымдық шарттарды 
жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер жүргізуге, осы мақсаттарда еңбек қатынастары 
мәселелері бойынша қажетті ақпарат алуға; 
 
       3) келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтік-экономикалық 
даму мәселелерін шешуге қатысуға; 
 
       4) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға; 
 
       5) еңбек заңнамасын бұзу мәселелері бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік органның мемлекеттік инспекторларымен өзара іс-қимыл жасасуға; 
 
       6) келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын 
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерделеу мен қолдану үшін жұмыс орындарында 
болуға; 
 


жүктеу 19,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау