Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 19,76 Kb.
Pdf просмотр
бет43/65
Дата18.12.2017
өлшемі19,76 Kb.
#4590
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65

 
өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, 
еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен 
шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан 
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктерімен 
бірге осы Кодексте реттеледі.
 
      
Ескерту. 257-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 
N 200-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      257-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және
 
                оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін
 
                реттеу
 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің 
еңбегі лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше 
еңбек жағдайын және еңбекақы төлеу шарттарын, сондай-ақ артықшылықтар мен 
шектеулерді белгілейтін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық 
актілерінде көзделген ерекшеліктерімен бірге осы Кодекспен реттеледі.
 
      Ескерту. 28-тарау 257-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 
N 30-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      28-1-тарау. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының
 
құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн
 
реттеу ерекшелiктерi
 
      Ескерту. Кодекс 28-1-тараумен толықтырылды - ҚР 27.06.2014 N 212-V Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 
      257-2-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының
 
                 құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегiн
 
                 реттеу
 
      Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердiң 
еңбегі «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 
ерекшелiктермен бiрге осы Кодекспен реттеледi.
 
   4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ  
 ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР  
   29-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК  
      258-бап. Әлеуметтік әріптестіктің міндеттері 
 
      Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік: 
 
       1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды 
реттеудің тиімді тетігін жасау; 
 
       2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру негізінде 
әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 
 
       3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз 
етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру; 
 
       4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы 
консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу; 
 
       5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу; 
 
       6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру 
жөніндегі ұсыныстарды талдап-тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған. 
 
      259-бап. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері 
 
      Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері мыналар: 
 
       1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі; 
 


 
       2) тараптардың тең құқықтылығы; 
 
       3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі; 
 
       4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі; 
 
       5) тараптар мүдделерін құрметтеу; 
 
       6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі; 
 
       7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз кінәсі бойынша 
орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы; 
 
       8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің жәрдемдесуі; 
 
       9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы. 
 
      260-бап. Әлеуметтік әріптестік органдары 
 
      Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдары: 
 
       1) республикалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек 
қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі - 
республикалық комиссия); 
 
       2) салалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек 
қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі - салалық комиссия); 
 
       3) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - әлеуметтік әріптестік 
пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық 
комиссиялар (бұдан әрі - өңірлік комиссия) арқылы тараптардың өзара іс-қимыл 
жасасуы нысанында; 
 
       4) ұйымдар деңгейінде - қызметкерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің 
арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді белгілейтін келісімдер 
немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етіледі, ал шет ел қатысатын ұйымдарда 
оны Қазақстан Республикасының резиденттері халықаралық шарттардың (келісімдердің) 
және Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде қамтамасыз етеді. 
 
      261-бап. Әлеуметтік әріптестік нысандары 
 
      Әлеуметтік әріптестік: 
 
       ұжымдық шарттардың, келісімдердің жобаларын әзірлеу және оларды жасасу 
жөніндегі ұжымдық келіссөздер; 
 
       еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды 
реттеу, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету 
және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара 
консультациялар (келіссөздер); 
 
       қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін 
шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады. 
 
      262-бап. Әлеуметтік әріптестік тараптары 
 
      Тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен уәкілеттік 
берілген өз өкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер әлеуметтік әріптестік 
тараптары болып табылады. 
 
      263-бап. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде 
 
                ұйымдастыру 
 
      1. Республикалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен 
келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді 
қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
 
      1-1. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз 
ету еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.
 
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық 
бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті 
өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады. 
 
      3. Кәсіптік одақтардың республикалық бiрлестiктері қызметкерлердiң 
республикалық деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
 


жүктеу 19,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау