250-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының қоса
атқаратын жұмысы
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның уәкілетті органының
не заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің, не ол уәкілеттік берген тұлғаның (органның)
рұқсатымен ғана басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымдарды атқара алады.
251-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының
материалдық жауапкершілігі
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаға келтірген залалы үшін
осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген
тәртіппен материалдық жауаптылықта болады.
252-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
еңбек шартын тоқтатудың қосымша негіздері
Заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не ол уәкілеттік берген тұлғаның
(органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының еңбек қатынастарын мерзімінен
бұрын тоқтату туралы шешімі осы Кодексте көзделген негіздермен қатар заңды тұлғаның
атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатуға қосымша негіз болып табылады.
Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда,
оның қолданылу мерзімі өткенге дейін еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін
оған еңбек
шартында айқындалатын мөлшерде, жағдайда және тәртіппен өтемақы төлемі
төленеді.
Ескерту. 252-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
253-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының
бастамасы бойынша еңбек шартын мерзімінен
бұрын бұзу
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкінің меншік иесін
не ол уәкілеттік берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органын
бұл жөнінде жазбаша түрде кемінде екі ай бұрын ескерте отырып, еңбек шартын
мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы
мүшелерінің және мүліктің меншік иесі немесе ол
уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды
тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын
(сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеу
ерекшеліктері
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы тарауда белгіленген атқарушы орган басшысының еңбегін реттеу
ерекшеліктері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, заңды
тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелеріне қолданылады.
Мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға не заңды тұлғаның
уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің
еңбегін реттеудің
ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Ескерту. 254-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің,
Парламенті және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының,
әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау
органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің
және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның
ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
255-бап. Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және
мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан
Республикасы судьяларының еңбегін реттеу
Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының,
Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен
тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртібін,
еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы
төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді
белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы
Кодексте реттеледі.
256-бап. Әскери қызметтегі адамдар және құқық қорғау
органдарының қызметкерлері
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, әскери
қарсы барлау және әскери полиция органдарында, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік
күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінде (Республикалық ұлан), Қазақстан
Республикасының Ұлттық ұланында, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу
органдарында, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың
басқару органдары мен әскери бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында
қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.
2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде, экономикалық тергеу
қызметінде, мемлекеттік өртке қарсы қызметінде, прокуратура органдарында қызметте
тұрған адамдар жатады.
3. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне ұлттық қауіпсіздік
органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті
органда және Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.
Ескерту. 256-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27
№ 279-IV
, 2012.01.18
N 547-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16
№ 562-IV
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 11.04.2014
№ 189-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014
N 233-V
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 07.11.2014
№ 248-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015
№ 275-V
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы
мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен
мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен
мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны