еңбек дауын шешу барысында қол жеткізілген келісімді орындамаған жағдайларда
қызметкерлер ереуіл өткізу туралы шешім қабылдай алады.
2. Ереуіл өткізу жөніндегі шешім қызметкерлердің (олардың өкілдерінің)
жиналысында (конференциясында) қабылданады.
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерінің жалпы санының
жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған
делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешімі дауыс берушілердің
көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Қызметкерлер жиналысын
(конференциясын) өткізуге мүмкіндік болмаған кезде қызметкерлердің өкілді органы
ереуілді өткізуді қолдайтын қызметкерлердің жартысынан астамының қолын жинап, өз
шешімін бекітуге құқығы бар.
3. Ереуілді қызметкерлер (олардың өкілдері) уәкілеттік берген орган (ереуіл
комитеті) басқарады. Бірнеше жұмыс берушілердің қызметкерлері (олардың өкілдері)
бірдей талаптар қойып, ереуіл жариялаған жағдайда, оны осы қызметкерлер өкілдерінің
бірдей санынан құрылатын бірлескен орган басқаруы мүмкін.
4. Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ешкімді ереуілге қатысуға немесе
ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды.
5. Қызметкерлерді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға
мәжбүрлейтін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
жауаптылықта болады.
Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
299-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау
1. Осы Кодекстің 298-бабының 3-тармағында көрсетілген уәкілетті орган
ереуілдің басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс берушілердің
бірлестігіне (олардың өкілдеріне) оны жариялағанға дейін бес жұмыс күнінен
кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
2. Ереуіл жариялау туралы шешімде:
1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі;
2) ереуіл өткізілетін күн, орын мен уақыт қатысушылардың болжамды саны;
3) ереуілді басқаратын органның атауы, бітімгерлік рәсімдерге қатысуға
уәкілеттік берілген қызметкерлер өкілдерінің құрамы;
4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (қызмет
көрсетулердің) ең төменгі көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.
Ескерту. 299-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
300-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері
1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодекспен берілген құқықтар шегінде
және қызметкерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет етеді.
2. Ереуілді басқаратын органның:
1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс
берушілердің бірлестігімен (олардың өкілдерімен), мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де
заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлер мүдделерін
білдіруге;
2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (олардың өкілдерінен)
қызметкерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға;
3) қызметкерлердің талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялап отыруға;
4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшін мамандарды тартуға;
5) қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) келісімімен ереуілді тоқтата тұруға
құқығы бар.
3. Бұрын тоқтата тұрған ереуілді қайта бастау үшін бітімгерлік
комиссиясының, делдалдың немесе еңбек арбитражында дауды қайта қарауы талап
етілмейді. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (олардың өкілдері) және еңбек
дауларын реттеу жөніндегі орган ереуілдің қайта басталуы туралы үш жұмыс күнінен
кешіктірілмей ескертілуге тиіс.
4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөніндегі келісімге қол
қойған, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайларда, ереуілді басқаратын
органның өкілеттіктері тоқтатылады.
5. Ереуілді басқаратын органның өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде жұмыс
берушінің, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің құзыретіне жататын
шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ.
301-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл
барысындағы міндеттері
Ереуіл өткізу кезеңінде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды келіссөздер
жүргізу жолымен шешуді жалғастыруға міндетті.
Жұмыс беруші, мемлекеттік органдар және ереуілді басқаратын орган ереуіл
кезеңінде қоғамдық тәртіпті, ұйымның мүлкін және қызметкерлердің қауіпсіздігін
сақтау, сондай-ақ тоқтап қалуы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер
төндіретін машиналардың және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өздеріне
байланысты шараларды қабылдауға міндетті.
Ескерту. 301-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
302-бап. Қызметкерлерге ереуіл өткізуге байланысты
берілетін кепілдіктер
1. Ереуілді ұйымдастыру немесе оған қатысу (осы Кодекстің 303-бабының 1-
тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы деп
қаралмайды және осы Кодексте көзделген тәртіптік ықпал ету шараларының қолданылуына
әкеп соқпайды.
2. Ереуіл кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтік сақтандыру
бойынша жәрдемақы төлеміне құқығы, еңбек өтілі сақталады, сондай-ақ еңбек
қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепілдік беріледі.
Ереуілді жалақының төленбеуіне немесе уақтылы төленбеуіне байланысты
өткізуден басқа жағдайларда, ереуілге қатысушы қызметкерлердің ереуіл кезіндегі
жалақысы сақталмайды.
303-бап. Заңсыз ереуілдер
1. Ереуілдер:
1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы заңнамаға
сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-
құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше
жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери
құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында;
қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл
медициналық көмек көрсету станцияларында;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, темір
жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-
тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен,
жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті
зардаптарға әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
Достарыңызбен бөлісу: |