Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет49/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

 
тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы 
есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды.
 
 
6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН
 
БАҚЫЛАУ
 
 
38-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
 
      
328-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
 
                
сақталуын мемлекеттік бақылау
 
      1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 
бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
 
      2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
 
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан 
Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек 
инспекциясының басшысы;
 
      2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - 
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының 
лауазымды адамдары;
 
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек 
инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек 
инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің 
басшысы;
 
      4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының 
облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды 
адамдары жатады.
 
      3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде 
заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа 
алады.
 
      4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі 
келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
 
      
329-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің
 
                
принциптері мен негізгі міндеттері
 
      Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен 
бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және 
жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
 
      Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
 
      ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 
бақылауды қамтамасыз ету;
 
      қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары 
мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен 
жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
 
      
330-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды 
жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:
 
      1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен 
кәсіпорындарда кедергісіз болуға;
 
      2) жұмыс берушілерден өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті 
құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
 
      3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, 
сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, 
әкімшілік жазалар қолдануға;
 


 
      4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
 
      5) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс 
орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай 
келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген 
мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым 
салуға);
 
      6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, 
арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі 
мен пайдаланылуына тыйым салуға;
 
      7) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы 
арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды 
талдау жасау үшін алуға;
 
      8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
 
      9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау 
беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс 
берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;
 
      10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек 
инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті 
құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар 
жіберуге;
 
      11) еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген талаптарда көзделген еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға;
 
      12) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша 
талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге;
 
      13) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі 
бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға;
 
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды 
жүзеге асыруға құқығы бар.
 
      
331-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері
 
      Мемлекеттік еңбек инспекторлары:
 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге 
асыруға;
 
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы 
және сапалы жүргізуге;
 
      3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды 
қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың 
өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар 
енгізуге;
 
      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша 
қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
 
      5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды 
анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде 
ұсынымдар беруге;
 
      6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге 
қатысуға;
 
      7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге 
асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі 
жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
 
      8) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім 
болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау