Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет39/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53

 
пропорционалды өкілдік ету принципі негізінде келіссөздер жүргізу жөніндегі 
біртұтас органның құрамында өкілдік ету құқығы беріледі.
 
      3. Комиссия әзірлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлері міндетті 
түрде талқылауға тиіс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердің өздері айқындайды. 
Комиссия келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды.
 
      4. Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде ұжымдық шарт кемінде екі 
данада жасалады және оған тараптардың өкілдері қол қояды.
 
      5. Ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша тараптар арасында 
келіспеушіліктер болған кезде ұжымдық келіссөздер басталған күннен бастап бір ай 
ішінде тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген 
талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиіс.
 
      6. Ұжымдық шартты өзгерту және толықтыру осы бапта оны жасасу үшін 
белгіленген тәртіппен тараптардың өзара келісімімен ғана жүргізіледі.
 
      7. Егер алынған мәліметтер мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және заңмен 
қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын болса, ұжымдық келіссөздерге қатысушылардың 
бұл мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
 
      8. Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар келіссөздер жүргізу кезінде орташа айлық 
жалақысы сақтала отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін. Бұл мерзім 
олардың еңбек өтіліне қосылады.
 
      9. Тараптардың өкілдері тараптар қол қойған ұжымдық шартты бір ай мерзім 
ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мониторинг үшін 
ұсынуға міндетті.
 
      10. Тараптардың өкілдері қызметкерлерге ұжымдық шарттың орындалу барысы 
туралы мезгіл-мезгіл хабарлап отыруға міндетті.
 
      
283-бап. Ұжымдық шарттың тараптары
 
      1. Қызметкерлер және жұмыс беруші ұжымдық шарттың тараптары болып табылады.
 
      2. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, филиалдар мен өкілдіктерде де жасалуы мүмкін.
 
      
284-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы
 
      1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар айқындайды. Ұжымдық шартқа:
 
      1) еңбекке ақы төлеуді нормалау, оның нысандары, жүйелері, қызметкерлерге, 
оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек 
жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік ставкалар мен жалақылар, 
үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшері туралы;
 
      2) еңбекке ақы төлеуді индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін 
төлеу туралы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі қосымша өтемақылар туралы;
 
      3) тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгі жалақысы 
мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас туралы;
 
      4) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы;
 
      5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;
 
      6) салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көлемі туралы, 
денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін 
медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
 
      7) тиісті саланың разрядаралық коэффициенттерін белгілеу туралы ережелер 
енгізілуге тиіс.
 
      2. Ұжымдық шартқа:
 
      1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы;
 
      2) еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін реттеу туралы;
 
      3) босатылатын қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, 
біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету 
туралы;
 


 
      4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен 
жеңілдіктер туралы;
 
      5) қызметкерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;
 
      6) қызметкерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың тынығуы 
туралы;
 
      7) кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған 
кезде ұйымның кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескерудің тәртібі туралы;
 
      8) кәсіподақ органына сайланған қызметкерлерге берілетін кепілдіктер туралы;
 
      9) қызметкерлердің өкілдері қызметін жүзеге асыруға арналған талаптар туралы;
 
      10) кәсіподақ қызметі үшін жағдай жасау туралы;
 
      11) қызметкерлерді сақтандыру туралы;
 
      12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу тәртібі туралы;
 
      13) еңбек шарттарын ереуілді желеу етіп жұмыс берушінің бастамасы бойынша 
бұзуды болдырмау туралы;
 
      14) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздері келтірген залал үшін 
жауаптылығы туралы;
 
      15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы;
 
      16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы;
 
      17) тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс 
берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.
 
      3. Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен 
салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз 
деп танылады.
 
      
285-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері мен аясы
 
      1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады.
 
      2. Ұжымдық шарт, егер оның ережелерінде өзгеше көзделмесе, қол қойылған 
кезден бастап күшіне енеді және тараптар оны орындауға міндетті.
 
      3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт 
жасалған ұйым қызметкерлеріне және жазбаша өтініш негізінде оған қосылған 
қызметкерлерге қолданылады.
 
      4. Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта 
құрылу) кезеңінде ұжымдық шарт өз күшін сақтайды.
 
      5. Ұйым мүлкінің меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарт үш ай бойы өз күшін 
сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданыстағы шартты 
сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келіссөздерді бастауға құқылы.
 
      6. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың 
қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек шарттары тоқтатылған кезден бастап 
тоқтатылады.
 
      
286-бап. Тараптардың ұжымдық шартты орындамағаны үшін
 
                
жауапкершілігі
 
      Ұжымдық шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны үшін тараптар ұжымдық 
шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
 
      
287-бап. Келіссөздер кезіндегі кепілдіктер мен
 
                
өтемақылар
 
      Шақырылған сарапшылар мен мамандарға еңбекақы төлеу жұмыс берушілердің не 
қызметкерлердің өкілді органдарының солармен жасасқан еңбек келісімі бойынша 
жүргізіледі.
 
      Қызметкерлердің өкілді органдарының ұжымдық келіссөздерге қатысатын мүшелері 
келіссөздер жүргізу кезеңінде (ұйымды тарату жағдайларынан басқа) тиісті өкілді 
органның келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босатылмайды.
 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау