32-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
288-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы
1. Ұжымдық еңбек дауы жұмыс берушіге жалпы жиналыстың (конференцияның)
шешімімен бекітілген қызметкерлер талаптары туралы жазбаша хабарлама берілген
күннен бастап немесе жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі өз шешімдерін
хабарламаған жағдайда, осы
Кодекстің 290-бабында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап туындаған болып
есептеледі.
2. Ұжымдық еңбек даулары бітімгерлік рәсімдер тәртібімен және (немесе) сот
тәртібімен шешіледі.
289-бап. Қызметкерлердің талаптарын ресімдеу мен
мәлімдеу тәртібі
1. Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді белгілеу және
өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушінің, жұмыс берушілер бірлестігінің арасындағы
ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау мәселелері жөніндегі
талаптары
қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) ұйым қызметкерлері жалпы
санының кемінде жартысы болған кезде жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың
көпшілік даусымен түзіледі және бекітіледі.
2. Қызметкерлердің талаптары жазбаша түрде жазылады және жұмыс берушілерге,
жұмыс берушілердің бірлестіктеріне жалпы жиналыс (конференция) өткізілген күннен
бастап күнтізбелік үш күн мерзімде жіберіледі.
3. Аталған талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің қызметкерлері қойған
жағдайда, бұл талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе өңірлік бірлестіктері
не қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы
мүмкін.
4. Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі қызметкерлердің талаптар қою
жөнінде жиналыс (конференция) өткізуіне кедергі келтіруге әсер ететін қандай да
болмасын араласудан қалыс қалуға міндетті.
290-бап. Қызметкерлердің талаптарын қарау
Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі қызметкерлердің қойған талаптарын
соларды алған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей қарауға және оларды
шешу үшін шаралар қолдануға, ал шешуге мүмкіндік болмаған кезде туындаған
келіспеушіліктерді одан әрі қарау үшін өз өкілдерін көрсете отырып, өздерінің
шешімдері мен ұсыныстарын аталған мерзім ішінде қызметкерлерге жазбаша түрде
жеткізуге міндетті.
291-бап. Бітімгерлік рәсімдер
1. Қызметкерлердің талаптарын осы Кодекстің 290-бабында көзделген тәртіппен
шешу мүмкін болмаған кезде олар бітімгерлік рәсімдер тәртібімен қаралады.
Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі (олардың өкілдері) қабылдамаған
немесе олардың ішінара қанағаттандырған талаптары алдымен бітімгерлік
комиссиясында, ал онда келісімге қол жеткізілмесе - еңбек арбитражында қаралады.
2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне
алады. Делдалдық рәсім бітімгерлік комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы
бітімгерлік рәсімдерге қарағанда дербес рәсім болып табылады және солармен қатар
жүргізілуі мүмкін.
292-бап. Бітімгерлік комиссиясы
1. Бітімгерлік комиссиясын тараптар жұмыс беруші, жұмыс берушілердің
бірлестігі (олардың өкілдері) өз шешімін қызметкерлерге (олардың өкілдеріне)
хабарлаған не хабарламаған күннен бастап не ұжымдық келіссөздер барысында
келіспеушіліктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде құрады.
2. Бітімгерлік комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінен тепе-тең
негізде құрылады. Бітімгерлік комиссиясын құру туралы шешім жұмыс берушінің
актісімен және қызметкерлер өкілдерінің шешімімен ресімделеді.
3. Бітімгерлік комиссиясы құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен
кешіктірмей қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) талаптарын қарайды. Бітімгерлік
комиссиясының талаптарды қарау, көрсетілген мерзімді ұзарту тәртібі тараптардың
келісімімен жүзеге асырылады және хаттамамен ресімделеді.
4. Бітімгерлік комиссиясы бітімгерлік рәсім барысында, қызметкерлермен
(олардың өкілдерімен), жұмыс берушімен, жұмыс берушілер бірлестігімен (олардың
өкілдерімен), мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тұлғалармен
консультациялар жүргізеді.
5. Комиссияның шешімі тараптар келісімінің негізінде қабылданады, тараптардың
өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және оның тараптар үшін міндетті күші
болады.
6. Бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жеткізілмегенде, оның жұмысы
тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек арбитражы құрылады.
293-бап. Еңбек арбитражы
1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік комиссиясының
жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік-еңбек
қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесе өңірлік комиссия
мүшелерінің
қатысуымен құрады.
2. Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың
тәртібі тараптардың келісімімен белгіленеді. Еңбек арбитражы кемінде бес адамнан
құрылуға тиіс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдері,
мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгізіледі.
3. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан
сайлайды.
4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары
өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі адамдар
өкілдерінің де қатысуымен қарайды.
5. Дауды қарау рәсімін еңбек арбитражы белгілейді және ұжымдық еңбек дауы
тараптарының назарына жеткізеді.
6. Еңбек арбитражының шешімі құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен
кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек
арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып
табылады. Шешім дәлелді әрі жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерінің
барлығы қол қоюға тиіс.
7. Бітімгерлік комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісіміне қол
жеткізілмеген кезде, заң бойынша ереуілдер өткізу тыйым салынған немесе шектелген
ұйымдарда, еңбек арбитражы міндетті түрде құрылуға тиіс.
8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешімін орындауға
міндетті болады.
294-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау
1. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртібі ұжымдық еңбек дауы
тараптарының келісімі бойынша айқындалады.
2. Тараптар өздеріне қатысты тәуелсіз ұйымдар мен тұлғаларды делдал ретінде
белгілейді. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық,
өңірлік комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен ұжымдық еңбек
дауларын реттеу жөніндегі жұмысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың,
қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен
Достарыңызбен бөлісу: |