Еңбекке ақы төлеудің аралас жүйесінде еңбекке ақы төлеудің тарифтік және
тарифсіз жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін.
2. Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстың
сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйлықақы беру жүйесін және
еңбекке
ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.
3. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелері
ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің
актілерінде айқындалады.
4. Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке
алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 проценті болатын
негізгі жалақы үлесін (жалақының негізгі бөлігіне қатысты) қамтамасыз етуге тиіс.
5. Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы
(бюджеті) есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
6. Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен
акционерлік қоғамдар басшыларының еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру
шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік
ереженің негізінде
айқындалады.
7. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым
ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы
төлеу жүйесін қараудың және келісудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.
8. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде
айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда
нашар бола алмайды.
127-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу
Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа кемінде
біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді
ақы төлеу кезінде
үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының (лауазымдық
айлықақысының) кемінде елу проценті мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
128-бап. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы
төлеу
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық)
ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.
129-бап. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу
Түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы
негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.
130-бап. Әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде
еңбекке ақы төлеу
Қызметкер әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегіне
неғұрлым жоғары біліктілік жұмысы бойынша ақы төленеді.
Жоғары біліктілік қызметкеріне өндіріс сипатын ескере отырып оған
тағайындалған разрядтан төмен тарифтелетін жұмысты орындау тапсырылған жағдайда,
еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған біліктілік (разряд) бойынша жүргізіледі.
131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының
кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің
міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу
1. Бір ұйымда, өзінің еңбек шартында қарастырылған негізгі жұмысымен қатар
басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын немесе уақытша
болмаған қызметкердің
міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша
ақы
төленеді.
2. Жұмыс беруші лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюі)
және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін берілетін қосымша
ақылар мөлшерлерін қызметкермен келісе отырып белгілейді.
132-бап. Жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезінде
еңбекке ақы төлеу
Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндірістерді (өнімдерді)
игеру кезеңінде қызметкердің бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуі мүмкін.
133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
1. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудің
тәртібі мен
талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердің
орташа жалақысының елу процентінен кем емес мөлшерде белгіленеді.
2. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.
134-бап. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері
1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда
айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.
Жалақы төленетін күн
еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі
тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен
негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы
жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді
жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті.
3. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем
олардың қарсаңында жүргізіледі.
4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де
төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші
қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері
жалақы төлеу жөніндегі
міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта
қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті
күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі
және төлем жасалған күнмен аяқталады.
5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық
сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей
жүргізіледі.
135-бап. Жалақы төленетін орын
Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың
талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге тиіс.
136-бап. Қызметкердің орташа айлық жалақысын есептеу
1. Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны
есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы
төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле
отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс
істелген уақыт үшін жүргізіледі.
2. Осы Кодекске сәйкес тиісті ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның
алдындағы он екі күнтізбелік ай орташа жалақыны есептеу үшін есептік кезең болып
табылады. Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген қызметкерлер үшін
орташа айлық
жалақы нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады.
3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары
үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.