Ќазаќстан Республикасыньѕ



жүктеу 424,35 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі424,35 Kb.
#13203



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2014 жылғы 27 мамыр


Алматы қаласы



№ 96
город Алматы




«Проблемалық кредиттер қоры»

акционерлік қоғамының

жұмыс істеу тұжырымдамасын

бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының 2014 жылға арналған бiрiншi кезектегi шараларының жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 38-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 23-тармағы екінші бөлігінің негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының жұмыс істеу тұжырымдамасы бекітілсін.

2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

3. Қаржылық тұрақтылық департаменті (Смоляков О.А.):

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамына жіберсін;

2) 2014 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын әзірлесін.




Ұлттық Банк

Төрағасы


Қ. Келімбетов

Дұрыс:


Бас маман-ҚРҰБ Басқармасының хатшысы

А. Дупленко


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 27 мамырдағы

№ 96 қаулысымен

бекітілген



«Проблемалық кредиттер қоры»

акционерлік қоғамының жұмыс істеу

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


  1. Кіріспе

Банктердің баланстарын төлеу мерзімі 90 күннен аса өтіп кеткен қарыздардан (бұдан әрі – «жұмыс істемейтін» қарыздар) тазалау үшін тиімді шаралар әзірлеу және пайдалану қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі өзекті проблемалардың бірі болып табылады.

Қазақстандық банктердің несие портфельдерінің сапасын және оңтайлы құрылымын қамтамасыз етумен байланысты ахуал соңғы бірнеше жыл бойы өзгерген жоқ. Мемлекет тарапынан белсенді түрде саясат жүргізбейінше және қолдау көрсетілмейінше «жұмыс істемейтін» қарыздар мәселесінің шешімі ұзақ жылдарға созылып кетуі мүмкін екендігін дамыған елдердің «нашар» кредиттерді шешудегі практикасы көрсетіп отыр. Бұл, өз кезегінде, Қазақстанның банк секторының бәсекеге қабілеттілігін, оның ішінде, Бірыңғай Экономикалық Кеңістік шеңберіндегі ықпалдасу процестеріндегі бәсекеге қабілеттілігін және әлемдік нарықтардағы болуы мүмкін болашақ күйзелістер алдында орнықтылығын төмендетуі мүмкін.

Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық саясатының бiрiншi кезектегi шараларының 2014 жылға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды іске асыру мақсатында әзірленді.





  1. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының жұмыс істеу қағидаттары

Осы Тұжырымдама «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) жұмыс істеу пайымын, Қордың екінші деңгейдегі банктермен (бұдан әрі – банктер) «жұмыс істемейтін» қарыздарды иелену, «жұмыс істемейтін» қарыздар портфелін басқару, тәуекелдерді әділ бөлу мәселелерінде тиімді өзара іс-қимылының негізгі тәсілдерін айқындайды.

Қор өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) Қордың жұмыс істеу тетіктері «жұмыс істемейтін» қарыздармен шешімдер кешенін және жұмыс инфрақұрылымын қалыптастыратын басқа құралдарға қосалқы тиімді құрал болып табылады, бұл, тиісінше, банктің проблемалық активтерді басқарудың айтарлықтай қолайлы тәсілін таңдауы кезінде мүдделер қақтығысын туғызбайды және тұтастай алғанда банк жүйесі бойынша активтердің сапасын жүйелі түрде жақсарту міндетіне қайшы келмейді;

2) банк секторының активтері сапасының проблемаларын жүйелі түрде шешу үшін «жұмыс істемейтін» қарыздардың «мәнділігі» мен «маңыздылығы» қағидатына қарай банктердің нысаналы тобына назар аудару;

3) баға белгілеудегі және «жұмыс істемейтін» қарыздар сапасын сатып алудың (жақсартудың) тәсілдерін таңдаудағы икемділік;

4) активтер құнының кейіннен төмендеу тәуекелдерін бөлу және Қордың ықтимал қосымша зияндарын банктердің өтеу тетіктері;

5) «жұмыс істемейтін» қарыздарды басқару шеңберінде банктердің өз құзыреті мен ресурстарын белсенді пайдалану.





  1. Қордың мақсаттары, міндеттері және жұмыс істеу кезеңі

Осы Тұжырымдаманың мақсаты Қордың жұмыс істеуінің, оның банктермен ынтымақтастық жасау тетіктерінің тиімділігін арттыру болып табылады.

Қордың негізгі міндеті банктерге банк жүйесіндегі несие портфелінің сапасын жақсарту және «жұмыс істемейтін» қарыздар деңгейінің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу (2016 жыл 10%-дан аспайтындай), оның ішінде ұлттық валютамен ұзақ мерзімді негізді қаржыландыру беру арқылы қол жеткізу жөніндегі стратегиялық міндеттерді орындау мақсатында балансты «жұмыс істемейтін» қарыздардан «тазарту» процесіне жәрдем беру болып табылады.

Бұл ретте Қормен ынтымақтастық жасау мүмкіндігін банктер «жұмыс істемейтін» қарыздармен жұмыс жасаудың басқа қолжетімді құралдарымен (кешіру, есептен шығару, банктің негізгі банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымына (бұдан әрі – КАБҰ), коллекторлық компанияларға сату және (немесе) өткізу) қатар қарауы тиіс.

Жалпы алғанда, Қордың банктермен ынтымақтастық жасаудың осы Тұжырымдамамен ұсынылған тетіктерін қолданудың тиімділігі банктердің өз іс-әрекеттерінің белсенділігімен айқындалатын болады.

«Жұмыс істемейтін» қарыздармен жұмыс істеу жөніндегі қорлар мен компаниялардың халықаралық практикасы, сондай-ақ «жұмыс істемейтін» қарыздардың құнын қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру рәсімдерінің ұзақтығы ескеріле отырып, Қор қызметінің мерзімі 15 жылдан аспайтындай болуға тиіс.





  1. Қордың жұмыс істеу ортасын және банктермен ынтымақтастық жасаудың проблемалық аспектілерін талдау


4.1 «Жұмыс істемейтін» қарыздар портфелінің ағымдағы жай-күйін талдау
«Жұмыс істемейтін» қарыздардың жоғары деңгейі банктердің кредиттік портфелінің өсуін тежейтін негізгі проблемалардың бірі болып табылады.

«Жұмыс істемейтін» қарыздардың құрылымын және банктер бойынша бөлуді сипаттайтын мынадай бірқатар басты аспектілерді атап өту керек:

1) заңды тұлғалардың және шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілерінің кредиттік портфелі неғұрлым проблемалық портфельдер болып табылады. Сондай-ақ заңды тұлғалардың «жұмыс істемейтін» қарыздарының үлесіне «жұмыс істемейтін» қарыздардың жалпы көлемінің 73,2%-ы, ШОБ субъектілерінің үлесіне 12,7%-ы тиесілі;

2) «жұмыс істемейтін» қарыздардың едәуір үлесі екі ірі банкте шоғырланған;

3) салалар бойынша алғанда «жұмыс істемейтін» қарыздардың негізгі үлесі құрылыс және жылжымайтын мүлікпен операциялар, сауда сияқты салаларда шоғырланған;

4) банктердің «жұмыс істемейтін» қарыздарының құрылымы тұрғысынан алғанда 2012 жылдың аяғындағы жағдай бойынша қарыздардың 2/3 жуығы банктер 2006 – 2008 жылдар аралығында берген «жұмыс істемейтін» қарыздардан тұрады.

Бұл – неғұрлым кредиттік белсенділік және «тәуекелге тәбет» жоғары болған фазасында берілген «ескі проблемалық қарыздар» деп аталатындар. Бұл ретте олардың құнын қалпына келтіру мерзімінің ескеруі ескеріле отырып, ауқымды қосымша инвестициялар талап етілуі мүмкін;

5) банктердің тексеру нәтижелеріне сәйкес, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетел валютасындағы «жұмыс істемейтін» қарыздардың үлесі барлық «жұмыс істемейтін» қарыздардың 61,6%-ын құрады, ал шетел валютасында берілген қарыздар бойынша «жұмыс істемейтін» қарыздардың деңгейі шамамен 50%-ға тең болды;

6) банк жүйесі бойынша «жұмыс істемейтін» қарыздардың 37%-ын резидент еместерге берілген «жұмыс істемейтін» қарыздар құрайды. Резидент еместерге берілген «жұмыс істемейтін» қарыздардың негізгі үлесі бір банкке тиесілі;

7) «жұмыс істемейтін» қарыздарды провизиялармен жабу деңгейі жүйе бойынша шамамен 70%-ды құрайды.



4.2 «Жұмыс істемейтін» қарыздармен жұмыс істеудің

ағымдағы құралдары мен тетіктері
Қазіргі уақытта банктердің «жұмыс істемейтін» қарыздармен жұмыс істейтін дәстүрлі құралдарымен (қайта құрылымдау, коллекторлық компанияларға өткізу, есептен шығару, өндіріп алу және т.б.) қатар, мынадай тетіктерді пайдалану мүмкіндігі бар:

- «жұмыс істемейтін» қарызды Қорға өткізу;

- «жұмыс істемейтін» қарызды КАБҰ-ға өткізу;

- проблемалық қарыз бойынша үмітсіз берешекті кешіру.

Өз кезегінде, Ұлттық Банк 2014 жылдан бастап жоғарыда көрсетілген тетіктерді қолдануға заңнамалық шектеулерді жетілдіруге және жоюға бағытталған жұмыс жүргізіп келеді. Негізгі жұмыс оларды пайдалану кезінде салықтық ынталандыруларды арттыруға жұмылдырылады.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Салық кодексіне егер осы актив (қарыз) активті баланста тану критерийлеріне барынша сәйкес келмейтін болса, ол бойынша талап ету құқығы тоқтатылмаған банктерге салық салдарларынсыз активті (қарызды) есептен шығаруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді.

Мәселен, жүргізілген жұмыс және үмітсіз берешекті кешіруге мүмкіндік беретін салықтық жеңілдіктерді 2016 жылға дейін ұзарту тұтастай алғанда, банктер балансты «тазалау» бойынша белсенді іс-қимылдар қабылдаған жағдайларда банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге тиіс.

Тұтастай алғанда, Қордың қызметі банктер «жұмыс істемейтін» қарыздармен жұмыс істеу стратегиясын таңдау кезінде бәсекелестік операциялық ортада жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, Қордың бәсекелестік қабілетін және оның банктер үшін ынтымақтасу тартымдылығын жақсартатын негізгі фактор Қордың ресурстық әлеуетін жоспарлы түрде ұлғайту болып табылады.

Ұлттық Банк ертерек ден қою шараларын қолдану жөніндегі заңнама шеңберінде банктердің несие портфеліндегі «жұмыс істемейтін» қарыздардың үлесіне арналған лимиттер (2013 жылдан бастап – несие портфелінің 20%-ы, 2014 жылдан бастап – 15%-ы) енгізді.

Ұлттық Банк банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «жұмыс істемейтін» қарыздар бойынша 10% деңгейінде пруденциялық норматив енгізетін болады.


4.3 Қор қызметінің негізгі проблемалық аспектілері
Қор өзінің қызметі кезеңінде банктердің жалпы сомасы 19,2 млрд. теңге болатын талап ету құқықтарын бағалады. Алайда қарызды сатып алу бойынша уағдаластыққа 0,5 млрд. теңге сомаға бір банкпен ғана қол жеткізілді.

Банктер 100%-ға қалыптастырылған провизияларға қарамастан «жұмыс істемейтін» қарыз бойынша талап ету құқықтарын тәуелсіз бағалау компаниясы (бұдан әрі – ТБК) айқындаған құн ескерілген баға бойынша беруге дайын емес. Орташа алғанда активтердің ТБК айқындаған нарықтық құны банктер ұсынған активтер бойынша банктің талап ету құқықтары бойынша клиенттің жалпы берешегінен 80%-ға төмен болды.

Қорға өткізудің тиісті критерийлеріне сәйкес «жұмыс істемейтін» қарыздардың айтарлықтай көлеміне (552 млрд. теңге – ірі банктердің несие портфелінің 30%-ы немесе «БТА Банк» АҚ-ты қоспағанда, бүкіл банк жүйесінің несие портфелінің 26,2%-ы) қарамастан, банктердің Қормен тиімді ынтымақтастығына кедергі келтіретін негізгі фактор проблемалық активтің құны болып табылады.

Осылайша, Қор қызметі тиімділігінің төмен болуы мынадай себептерге байланысты:



  1. Қордың және банктің «жұмыс істемейтін» қарыздың әділ құнын бағалаудағы айырмашылығы;

2) банктердің кепілдердің бағасын қалпына келтіру бойынша күтулері және, тиісінше, активтерді баланста сақтау, бұл ретте банктер проблемалық активтермен жұмыс бойынша операциялық шығыстарды көтереді;

3) портфельдеріндегі «жұмыс істемейтін» қарыздардың көлемі үлкен банктерге қатысты қадағалау процесінің жеткілікті түрде қарқынды болмауы;

4) банктердің Қормен өзара іс-қимылының тиімділігін төмендететін заңнамалық шектеулер (банктік құпия, тыйым салынған кепіл мүлкін қайта тіркеу, мемлекеттік баждар мен алымдарды және бірқатар басқаларын төлеу);

5) Қордың әлсіз капиталдануы және қосымша қаржы ресурстарын (борыштық нарықтарда) тарту әлеуетінің төмен болуына байланысты оның қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіз болуы;

6) банктердің «жұмыс істемейтін» қарыздарды КАБҰ-ға өткізу тетігінің тартымдылығы (бақылауды сақтау, келісілген бағаны белгілеу қажеттілігінің болмауы, активті пайдаланудан ақша ағындарын алу мүмкіндігі, оны кейіннен неғұрлым жоғары бағаға сату).

Өз кезегінде, Қор қызметіндегі заңнамалық кедергілер мен шектеулерді 2014 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметі, екінші деңгейдегі банктердің «жұмыс істемейтін» кредиттері мен активтері, ақша төлемі мен аударымы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде жою көзделіп отыр.





  1. Қордың банктермен ынтымақтастығының

тиімділігін арттыру тетіктері
5.1 Қордың ресурстық әлеуетін арттыру
Қордың қаржы ресурстары Қорды капиталдандыру, сондай-ақ Қордың бағалы қағаздарды ықтимал эмиссиялауы үшін республикалық бюджетке Ұлттық қордан мақсатты трансферт есебінен қалыптастырылатын болады.

Бұл ретте Қордың ресурстық мүмкіндіктері 5:1 деңгейінде заңнамалық тұрғыдан шектелген левередждің тиімділігі нәтижесінде ұлғаяды.

Пруденциялық реттеуге сәйкес Қор облигацияларының тәуекелі нөлге тең, бұл, өз кезегінде, олардың банктер үшін инвестициялық тартымдылығының өсуіне ықпал етеді.

Қордың облигацияларын банктерді қайта қаржыландыру операциялары бойынша кепілді қамтамасыз ету ретінде Ұлттық Банктің қабылдау мүмкіндігі қосымша ынталандыру бола алады.


5.2 Мақсатты активтер
«Икемділік» қағидатын ұстануды ескере отырып, активтер сыныбын таңдаудың опциондық тәсілі ұсынылады.

Мәселен, тікелей сатып алу тетігін пайдаланған жағдайда, мынадай критерийлер қолданылады:

- Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларына берілген, мерзімі 90 күннен аса өтіп кеткен қарыздар;

- қарыздың ең аз мөлшері;

- сенімді кепілдерді қоса алғанда, кепілдік қамтамасыз етудің ауқымды тізбесі.

Қор банктер балансының сапасын жақсарту процесіне негізді қаржыландыруды берген кезде, Қор активтердің (активтер пулының) одан да кең тізбесінен, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес жеке тұлғаларына қарыздармен және банк бұрын берілген қарыздар бойынша біртектілік қағидатын сақтай отырып, балансына қабылдаған активтермен қамтамасыз етілген активтердің қаржы ағындарына талап ету құқықтарын иеленуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 215 қаулысымен (бұдан әрі – № 215 қаулы) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларына Қор иеленетін активтерге критерийлер тізбесін кеңейтуді көздейтін түзетулер енгізілетін болады.

5.3 Қормен ынтымақтасу үшін банктердің нысаналы тобы
Банктердің нысаналы тобы банк ауқымының тиімділігі мен жүйедегі «жұмыс істемейтін» қарыздар көлемі ескеріле отырып, тұтастай алғанда банк жүйесі үшін несие портфельдерін «жұмыс істемейтін» қарыздардан тазарту процесінің «мәнділігі» мен «маңыздылығы» қағидатына қарай қалыптастырылатын болады.

Банктердің нысаналы тобына несие портфелінде «жұмыс істемейтін» қарыздардың көлемі 10%-дан асатын банктер кіргізілетін болады («жұмыс істемейтін» қарыздарының көлемі көп және Қордың операциялық қызметі үшін тартымды банктерге басымдық берілетін болады).


5.4. Қор қызметінің тиімділігін артыру тетіктері және банктермен ынтымақтасудың бағыттары
Сатып алынатын активтің және (немесе) кепілдік (опцион) бойынша қамтамасыз етуді барабар бағалауды пайдалану Қордың болашақ тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Тұжырымдамада Қордың банктермен ТБК (банктермен келісілген тізім бойынша) тартумен, сол сияқты оны тартпай-ақ ынтымақтасуы көзделеді.

Тәуекелдерді төмендету тәсілі ретінде AQR тетігі (активтердің сапасын айқындау (Asset Quality Reviews) пайдаланылуы мүмкін. Бұл тетік аудиторлық, консалтингтік компаниялардың, кепіл активтерін бағалау жөніндегі сарапшылардың және т.б. кең ауқымын тарту мүмкіндігін болжайды.

Бұл ретте Қор тәуекелді бағалау үшін өз рәсімдерін пайдаланады және оның деңгейіне қарай ТБК тарту қажеттігі, AQR қолдану қажеттігі не осы тетіктерді пайдаланбау туралы шешім қабылдайды.

Қордың банктермен ынтымақтасуы «жұмыс істемейтін» қарыздарды тікелей сатып алуды да, банктің проблемалық активтерді басқару жөніндегі қызметін қаржыландыру мүмкіндігін (негізді қаржыландыру) де көздейді.
5.4.1 Бірінші бағыт: Тікелей сатып алу
Тікелей сатып алу тетігіне, көбінесе, мынадай бірқатар тәуекелдер тән болатындығын атап өту қажет:

- келешекте активтің құны төмендеу және, тиісінше, Қор үшін зияндар болу тәуекелі;

- активтерді ұстап тұруға, құнын қалпына келтіруге және оларды кейіннен өткізуге шығындардың жоғары болу тәуекелі.

Тәуелсіз бағалаушы компания (ТБК) айқындайтын әділ құн осы бағыттың шеңберінде тәуекелдерді төмендетуде негізгі рөлді атқарады.

Проблемалық активтердің белсенді нарығының жоқтығын ескере отырып, мәмілелерді жүзеге асыруда банк пен Қор арасында «жұмыс істемейтін» қарыздың құнын бағалаудағы айырмашылық айтарлықтай кедергі болуы мүмкін.

Өз кезегінде, тікелей сатып алу процесінің шеңберінде Қор мен банк арасында «келісілген» бағаға қол жеткізудің мына тетіктері пайдаланылуы мүмкін:

1) «жұмыс істемейтін» қарыздың әділ құнын айқындау кезінде бірнеше ТБК-тың бағаларын «іріктеу» есебінен мүдделер теңдестігіне қол жеткізілуі мүмкін. Бұл ретте бағалардың барынша тар диапазонын алу үшін (ТБК-тың бағалары негізінде) ТБК пайдаланатын бағалау рәсімдерінің барабарлығын және олардың бағалау стандарттарына сәйкес келуін айқындайтын тәуелсіз аудиторлық компания тартылуы мүмкін;

2) банк үшін «жұмыс істемейтін» қарыздың Қор айқындаған бағасы қолайсыз болған жағдайда, Қор оны банктің бағасы бойынша сатып алуы мүмкін. Бұл ретте банк сатып алу бағасы мен Қор ұсынған баға арасындағы, егер соңғысы төмен болса, айырмаға Қордың әлеуетті зияндарын өтеуді (кепілдік не опцион нысанында) қамтамасыз етеді. Банк «жұмыс істемейтін» қарызбен байланысты кепіл (опцион) бойынша тәуекелдерді тануды жүзеге асыратынын атап өту қажет. Бұл ретте, аталған қарыздар бойынша құнсызданудың елеулі деңгейін ескере отырып, бұл тану ішінара іске асырылады және банктің несие портфеліндегі «жұмыс істемейтін» қарыздар деңгейінің төмендеуіне әкеп соғады.

Кепілдік (опцион) бойынша қамтамасыз етудің қажеттілігі мәміле талаптарымен және банк тарапынан міндеттемелерді орындау тәуекелдерімен айқындалатын болады. Бұл ретте ақша қаражаты, банктің қарыздар («жұмыс істемейтін» қарыздарды қоспағанда) бойынша талап ету құқықтары, акциялардың кепілі не басқа да өтімді активтер Қор зиянының сомасына кепілдікті (опционды) қамтамасыз ету болуы мүмкін. Банк кепілдіктің (опционның) қолданылуы кезеңінде (10 жылдан астам емес) дивиденттерді бөліп таратуда шектелуі мүмкін.

Қор ынтымақтастықтың осы бағыты шегінде инвесторларды іздеумен қоса банктердің өздерін де, «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ сияқты мемлекеттік қатысуы бар ұйымдарды қоса алғанда, активтерді басқару жөніндегі арнайы компанияларды да тартуы мүмкін.


5.4.2 Екінші бағыт: Қарыздардың сапасын жақсарту

процесін негізді қаржыландыру
«Жұмыс істемейтін» қарыздардың құнын қалпына келтірудің тиімді процесіне жәрдемдесу мақсатында Тұжырымдамада Қордың банктерге қаржы ресурстарын беру мүмкіндігі көзделеді, ол активтердің сапасын жақсарту бойынша олардың қызметіне себепші болды.

Бұл бағыт қаржы ресурстарын берудің және Қор мен банк арасында тәуекелдерді бөлудің түрлі нысандарынан тұрады. Бұл ретте Тұжырымда банктердің Қормен ынтымақтастығының төменде сипатталған элементтерінің диапазонын нақты шарттық құқықтық қатынастарды белгілеу кезінде олардың түрлі әрекеттерін болжай отырып шектемейді және тарылтпайды:

1) осы бағыт шеңберіндегі негізгі әсер банктердің өз құзыреттерін және олардың Қордың ресурстық әлуетімен толықтырылған операциялық мүмкіндіктерін белсенді пайдалану есебінен қол жеткізілетін болды. Активтер банктің басқаруына не КАБҰ-ның басқаруына беріледі, сондай-ақ банк секьюритилендіру қағидаттарымен құрған арнайы қаржы компаниясына (бұдан әрі – АҚК) бөлінуі мүмкін;

2) Қор банктің қарыздарын (сенімгерлік басқаруға кері бере отырып) немесе АҚК облигацияларын ақшаға және (немесе) меншікті облигацияларына айырбастай отырып иеленеді;

3) Қор тарапынан негізді қаржыландыру қаржы ресурстарының уақытша құнын ескеруі тиіс;

4) негізді қаржыландыруды беру шеңберінде Қордың ықтимал қосымша зияндары (қаржы ресурстарының уақытша құнын қоса алғанда) банк не оның акционері тарапынан кепілдік (опцион) есебінен Қор зиянының сомасына жабылады. Кепілдік (опцион) бойынша қамтамасыз ету қажеттілігі мәміле талаптарында және банк тарапынан (үшінші тарап) міндеттемелерді орындау тәуекелдерімен айқындалады. Бұл ретте Қордың зиян сомасына кепілдікті (опционды) қамтамасыз ету банктің ақша қаражаты, қарыздар («жұмыс істемейтін» қарыздарды қоспағанда) бойынша талап ету құқықтары, акциялар кепілі не басқа өтімді активтер бола алады. Кепілдік (опционның) қолданылу кезеңіне (10 жылдан аспайтын) банк дивидендтерді бөлуде шектелуі мүмкін;

5) банк тарапынан кепілдіктің (опционның) болуы «жұмыс істемейтін» қарызбен байланысты тәуекелдерді банктің балансында көрсету қажет. Банктің балансын тиісінше жақсарту Қордың зияндарын банктің акционерлері не үшінші тарап жабуының болуы есебінен қол жеткізу мүмкін болады, себебі бұл жағдайда тәуекелдер қаржылық топ немесе үшінші тарап деңгейіне өтеді;

6) банктің негізді қаржыландыру бағдарламасына қатысуы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын тануды тоқтату критерийлеріне сәйкес келуі талабымен қалыптастырылған провизиялар шегінде «жұмыс істемейтін» қарызды есептен шығаруды көздейді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген түзетулерді ескере отырып есептен шығару бойынша операцияларды банктер салықтық салдарсыз жүзеге асыра алады. Өз кезегінде, қадағалау процесі шеңберінде активтерді баланста барабар және әділ тану бойынша банктің іс-әрекеттерінің қажетті жеткіліктілігі бағаланатын болады.


5.4.3 Қордың банктермен ынтымақтастығының басқа бағыттары
Қордың банктермен ынтымақтастығының қосымша бағыты ретінде қажет болған жағдайда кейіннен заңнамаға өзгерістерді енгізе отырып Қордың қызметін қаржыландыру тетігі және (немесе) Қордың КАБҰ капиталына қатысуы зерделенетін болады.

Бұл тетіктің ықтимал артықшылығы Қордың активтерді басқаруды бақылауға қатыса алуында болып табылады. Бұл ретте банк «жұмыс істемейтін» қарыздардың құнын толыққанды қалпына келтіру үшін жетіспейтін (оның ішінде проблемалық қарыз алушылардың жобаларын аяқтауды көздейтін) қаржы ресурстарын алады.

Қосымша, банк пен Қор айқындағаннан жоғары құнды қалпына келтіру бойынша күтулер жағдайында, recovery notes ұқсас «жұмыс істемейтін» қарыздардан қаржы ағындарына байланысты бағалы қағаздар шығарылымының тетігі, сондай-ақ активтің құны өскен кезде сатып алу мүмкіндігін көздейтін опционның түрлі нұсқалары зерделенетін болады. Бұл ретте банк тек болашақ шығындардың тәуекелдерін ғана көтермейді, ол күтілетін мәндерден жоғары «жұмыс істемейтін» қарыздардың құнын қалпына келтіруден пайда алу мүмкіндігін алады.
5.4.4 «Жұмыс істемейтін» қарыздардың бағасын айқындау тәсілдері
Жоғарыда ұсынылған ынтымақтастық тетіктерінің шеңберінде Қор өз қызметінде «жұмыс істемейтін» қарыздардың құнын айқындау тетігіне икемді қарайтын болады. Атап айтқанда, бірақ онымен шектелмей, бағаны айқындаудың мынадай форматтары мүмкін болады:

- баланстық құны бойынша;

- ТБК айқындаған әділ құны бойынша;

- активтердің белгілі бір сыныбына белгіленген дисконты қолдану арқылы.



6. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер
Осы Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асырудан Қор қызметінің тиімділігін арттыру күтіледі, атап айтқанда:

1) Қордың ресурстармен қамтамасыз етілуінің артуын, банктермен жұмыстың икемді тетіктері тізбесінің болуын ескере отырып, жекелеген банктердің, сол сияқты тұтастай алғанда банк жүйесі бойынша «жұмыс істемейтін» қарыздардың мақсатты деңгейіне (10%-дан аспайтын) қол жеткізуге айтарлықтай үлес қамтамасыз етіледі;

2) проблемалық активтердің құнын айқындау практикасын жақсартуға жәрдемдесу;

3) активтердің портфелін секьюритилендіру кезінде қаржы құралдарының бағасын белгілеуде бағдардың қалыптасуына жәрдемдесу;



4) «жұмыс істемейтін» қарыздардың айналысы нарығын қалыптастыруға жәрдемдесу.

7. Тұжырымдаманы іске асырудың құқықтық негіздері
Осы Тұжырымдамада көзделген іс-шараларды іске асыру «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметі, екінші деңгейдегі банктердің «жұмыс істемейтін» кредиттері мен активтері, ақша төлемі мен аударымы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдау және № 215 қаулыға түзетулер енгізу арқылы болжанып отыр.
жүктеу 424,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау