қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын
ала медициналық тексеруден
ӛткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік
органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес
денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендігі айқындалғаннан кейін
жүзеге асырылуға тиіс.
311-бап. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қҧқықтарына
берілетін кепілдіктер
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік
стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі ережелер
талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі
талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс
орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
3. Ӛзінің немесе айналасындағы адамдардың ӛмірі
мен денсаулығына
тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы
оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп
соқпайды.
4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану
құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек
міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша
туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мӛлшерінде
еңбекақы
тӛлеуге міндетті.
5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің ӛмірі мен
денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды ӛтеу осы Кодексте
және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кӛзделген тәртіппен
және шарттарда жүргізіледі.
312-бап. Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру
1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе)
қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан
Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық
тексеруден және тексерілуден ӛткізуді ӛз қаражаты есебінен ұйымдастыруға
міндетті.
2.
Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты
жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан
ӛтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан ӛту талап етілетін
кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган айқындайды.
313-бап. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау мәселелері бойынша оқыту, нҧсқама беру
және білімдерін тексеру
1. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау мәселелері
бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші ӛз
қаражаты есебінен жүргізеді.
2. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін
еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы
ӛзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып,
жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде ӛтеді. Еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан,
нұсқама беруден және білімін тексеруден ӛтпеген қызметкерлер жұмысқа
жіберілмейді.
4. Ӛндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін
және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгіл-мезгіл, үш
жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп тиісті
білім беру ұйымдарында
біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден ӛтуге міндетті.
35-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҦМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК
ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҦҚЫҚТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ
314-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау қҧқықтары
Қызметкердің:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған
жұмыс орнына;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі, сондай-ақ еңбек
шартында, ұжымдық шартта кӛзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз
етілуге;
3) еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық
бӛлімшелеріне ӛз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары
мен еңбекті қорғауға
тексеру жүргізу туралы ӛтініш білдіруге;
4) ӛзі немесе ӛз ӛкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және
қарауға қатысуға;
5) денсаулығына немесе ӛміріне қауіп тӛндіретін жағдай туындаған кезде
бұл жӛнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай
отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен еңбек
міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек
жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, ӛмірі
мен денсаулығына тӛнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды)
және (немесе) қауіпті ӛндірістік факторлардың әсерінен қорғау жӛніндегі
шаралар туралы дәйекті ақпарат алуға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына
байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының
сақталуына;
9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
заңсыз әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
315-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау саласындағы міндеттері
Қызметкер:
1) ӛндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың)
белгілері, сондай-ақ адамдардың ӛмірі мен денсаулығына қауіп тӛндіретін
жағдай туралы ӛзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
2) міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы
медициналық куәландырудан, сондай-ақ ӛндірістік қажеттілікке байланысты басқа
жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде
медициналық куәландырудан ӛтуге;
3) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға
және
мақсатқа сай пайдалануға;
4) медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын
жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі нормалардың,
ережелердің және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің
ӛндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жӛніндегі талаптарын сақтауға
міндетті.
316-бап. Жҧмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы қҧқықтары