Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет48/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51

берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан 
сақтандыру ұйымына хабарлайды. 
      Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде 
жұмыс беруші: 
      1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына; 
      2) ӛндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті 
органдарына хабарлауға тиіс. 
      3. Ӛндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның 
талабы бойынша жұмыс беруші ӛз қаражаты есебінен: 
      1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, 
сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда 
сарапшы мамандардың тартылуын; 
      2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке 
түсіруді, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды; 
      3) кӛлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы 
аяқ киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын 
беруді; 
      4) мыналарды: 
      жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды ӛндірістік 
факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, 
схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және 
бейнематериалдарды және т.с.с); 
      нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың 
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі білімін тексеру 
хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап 
алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, 
мамандардың сараптама қорытындыларынан үзінді кӛшірмелерді; 
      зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін; 
      зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен 
ауырлық дәрежесі немесе оның ӛлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік 
немесе уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны; 
      зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке 
қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың кӛшірмелерін; 
      аталған ӛндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен 
аумақтық мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер 
жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын 
берілген нұсқамаларынан үзінді кӛшірмелерді, сондай-ақ қоғамдық еңбек 
инспекторларының анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі 
нормативтік талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзінді 
кӛшірмелерді; 
      комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да 
құжаттарды береді. 
      
324-бап. Ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды
 
                
тергеп-тексеру тәртібі
 
      1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, ӛндірістегі 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап 
жұмыс берушінің актісімен жиырма тӛрт сағат ішінде құрылатын, мынадай 
құрамдағы комиссия жүргізеді: 
      тӛраға - ұйымның (ӛндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары; 
      мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің 
басшысы және қызметкерлердің ӛкілі. 
      Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей 
жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия 
құрамына енгізілмейді. 
      2. Арнайы тергеп-тексеруге: 
      1) ауыр немесе кісі ӛлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар; 
      2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, 
бір мезгілде екі және одан да кӛп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым 
оқиғалар; 
      3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады. 
      3. Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның ӛндірісіндегі жазатайым оқиғаны 


тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті ӛкілі, қызметкерлердің 
ӛкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін 
еңбекті қорғау жӛніндегі маман қатысады. 
      4. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік 
органның ӛкілдері қатысады. 
      5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен 
тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының ӛкілі қатысуға құқылы. 
      6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен 
бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. 
      7. Ӛндірістік практикадан ӛтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік 
мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым 
оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам ӛкілінің 
қатысуымен ӛз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия 
жүргізеді. 
      8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның 
қызметкері немесе ӛндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық 
міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған 
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның 
жауапты ӛкілінің қатысуымен жұмыс берушінің ӛзі жүргізеді. 
      9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым 
оқиғаны жұмыс ӛз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс 
беруші тергеп-тексереді және есепке алады. 
      10. Кӛлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды 
тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде 
жүргізіледі. 
      Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жӛніндегі комиссия 
тӛрағасының талабы бойынша кӛлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн 
мерзімде тергеп-тексеру материалдарының кӛшірмелерін беруге міндетті. 
      11. Әрбір ӛндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия 
оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі 
талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап 
алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен 
адамнан түсініктеме алады. 
      12. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке 
қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым 
оқиғалар зардап шеккен адамның (оның ӛкілінің) ӛтініші бойынша немесе 
мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша ӛтініш тіркелген, нұсқама 
алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі. 
      13. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым 
оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс 
берушінің ӛндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен 
адамға оқиға орнында ӛзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы 
түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны ӛндірістегі жазатайым оқиға 
ретінде немесе ӛндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, 
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген 
адамдарды анықтап, ӛндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою және 
алдын алу жӛніндегі шараларды белгілейді. 
      14. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру 
жӛніндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу 
ерекшеліктері ескеріліп айқындалады. 
      15. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына 
әкеп соққан ӛндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық 
қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жӛніндегі уәкілетті орган белгілеген 
нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір 
зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресімделеді. 
      Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары 
да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, 
жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді. 
      
325-бап. Ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы
 
                
тергеп-тексеру ерекшеліктері
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау