Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27
N 320
(қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
37-бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ нәтижесі
1. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, жұмыс
беруші сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап
қызметкерге
жазбаша түрде ескертіп, бұл қызметкерді сынақ мерзімінен өте алмады деп тануға
негіз болған себептерді көрсете отырып, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.
2. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының
бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі.
3. Жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталғанға дейін қызметкерді одан жоғары
лауазымға тағайындаған жағдайда да қызметкер сынақтан өткен болып есептеледі.
38-бап. Еңбек шарты қолданылуының басталуы
1. Еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қойылған күннен не шартта
белгіленген күннен басталады.
2. Қызметкерді жұмысқа нақты жіберу еңбек шартына тараптардың қолы
қойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
3. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде
ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен
жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен
күннен бастап туындады деп есептеледі.
39-бап. Еңбек шартының жарамсыздығы
1. Еңбек шарты:
1) алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал етіп;
2) нақты немесе заңды салдар туғызу ниетінсіз (жалған еңбек шарты);
3) әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен;
4) осы Кодекстің 30-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген
жағдайларды қоспағанда, он
төрт жасқа толмаған адаммен;
5) ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, асырап алушысының келісімінсіз,
он алты жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайларда, сот оны жарамсыз деп таниды.
2. Еңбек шартының жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз деп танылуы бұрынғы
қызметкердің еңбегіне ақы алу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған
күндері үшін өтемақы төлемін, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер алу құқығынан
айрылуына әкеп соқпайды.
3. Еңбек шартының жұмыс берушінің немесе қызметкердің кінәсінен жарамсыз
деп танылуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына әкеп
соғады.
4. Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек
шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.
40-бап. Еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауға
тыйым салу
Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерден еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауды
талап етуге құқылы емес.
40-1-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету
аймағының ұлғаюы) және уақытша болмаған
қызметкердің міндеттерін орындау
Қызметкерге оның жазбаша келісуімен еңбек шартында айқындалған жұмыспен
қатар, осы Кодекстің 131-бабына сәйкес қосымша еңбекақы үшін басқа немесе осындай
лауазым бойынша қосымша жұмысты атқару тапсырылуы мүмкін.
Қызметкерге басқа лауазым бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс лауазымдарды
қоса атқару жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Қызметкерге
өзінің лауазымы бойынша
тапсырылатын қосымша жұмыс қызмет көрсету аймағын ұлғайту жолымен жүзеге асырылуы
мүмкін. Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін еңбек шартында айқындалған
жұмыстан босатпай орындау үшін, қызметкерге басқа, сондай-ақ сол өзінің лауазымы
бойынша қосымша жұмыс тапсырылуы мүмкін.
Қызметкердің қосымша жұмыс атқаратын мерзімін, жұмыстың мазмұны мен көлемін
жұмыс беруші қызметкердің жазбаша келісуімен белгілейді.
Басқа тарапты үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда ескерте отырып
қызметкердің қосымша жұмысты атқарудан мерзімінен бұрын бас тартуына, ал жұмыс
берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін мерзімінен
бұрын жоюына құқығы
бар.
Ескерту. Кодекс 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
41-бап. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру
1. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп:
1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа
лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
2) орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы
мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да
жағдайлар)
өзгеретін жұмысты тапсыру;
3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерді басқа жұмысқа
ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті
өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
3. Қызметкерді сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегі басқа
құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс
істеуді тапсыру, егер бұл осы баптың 1-тармағында көзделген өзгерістерге әкеп
соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған қызметкердің келісімін
алу талап етілмейді.
42-бап. Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа
жерге ауыстыру
1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі
көзделмесе, жұмыс беруші жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы қызметкерге
кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
2. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған
жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің көшуіне байланысты осы Кодекстің 153-бабында
көзделген өтемақы төлемдерін жасайды.
3. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас
тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 1)
тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
43-бап. Өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа
уақытша ауыстыру
Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша алмастырған
жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір
айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша
еңбегіне ақы төлеп, бірақ бұрынғы
жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және
денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы,
сол жердегі басқа жұмысқа
ауыстыруға құқығы бар.