Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет11/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61

 
функциясы);
 
      3) жұмыстың атқарылатын орны;
 
      4) еңбек шартының мерзімі;
 
      5) жұмыстың басталу күні;
 
      6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
 
      7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
 
      8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше 
зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының 
сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
 
      9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
 
      10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
 
      11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
 
      12) кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
 
      13) сақтандыру жөніндегі талаптар;
 
      14) тараптардың жауапкершілігі;
 
      15) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
 
      1-1. Тараптардың деректемелері өзгерген кезде еңбек шартына тиісті өзгерістер 
енгізіледі.
 
      2. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының 
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
 
      3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің 
жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады және 
қолданылмауға тиіс.
 
      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      29-бап. Еңбек шартының мерзімі 
 
      1. Еңбек шарты: 
 
        1) белгіленбеген мерзімге; 
 
      2) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайларды 
қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
 
      Еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған 
болып есептеледі.
 
      Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен еңбек 
шарты, ол атқаратын еңбек функциясы бойынша қайтадан жасалған жағдайда, ол да 
белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
 
      Осы тармақтың 2) тармақшасының екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi 
шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жергілікті 
атқарушы органның рұқсаттары негізінде, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге ішкі істер 
органдары беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға 
қолданылмайды.
 
       Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген 
кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір 
мерзімге жасауға тыйым салынады. 
 
       Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі 
соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, 
онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі; 
 
        3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына; 
 
        4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына; 
 
      5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;
 


 
      6) шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға 
жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп 
келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін 
мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.
 
        2. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы 
жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың 
келісімінде белгіленген мерзімге жасалады. Мұндай шартқа осы баптың 3-тармағында 
белгіленген ережелер қолданылмайды. 
 
      3. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт 
белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.
 
      
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
10.12.2013 
№ 153-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері 
 
      1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. 
 
        2. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап 
алушысының жазбаша келісімімен: 
 
        1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, 
он бес жасқа толған азаматтармен; 
 
        2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін 
бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен
 
        3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, 
цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, 
шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2) 
тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған 
адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін. 
 
        3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке 
толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе 
асырап алушысы қол қоюға тиіс. 
 
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. 

320 
(қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан 
қараңыз) Заңымен. 
 
      31-бап. Еңбек шартын жасасуға қажетті құжаттар 
 
      1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:
 
      1) жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу 
туралы куәлiгi) қажет.
 
      Оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның 
аумақтық органдары берген оралман куәлігін ұсынады;
 
      2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан 
Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 
үшін) не босқын куәлігі;
 
      3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын 
жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік 
даярлығының болуы туралы құжат;
 
      4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
 
      5) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға 
жататын адамдар үшін);
 
      6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті 
адамдар үшін);
 
      7) салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке код беру туралы 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау