Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет22/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61

 
      Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) 
арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем 
болмауға тиіс. 
 
      96-бап. Демалыс күндері 
 
      1. Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі. 
 
        2. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, ал 
алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі. 
 
        3. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні 
болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс берушінің 
актісінде немесе ауысым кестесінде белгіленеді. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында 
өзгеше белгіленбесе, екі демалыс күні қатар беріледі. 
 
        4. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 
қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады. 
 
        5. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша 
немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет ету қажеттігі салдарынан демалыс күндері 
жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін қызметкерлерге демалыс 
күндері жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған 
актілерінде бекітілген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер 
тобына) аптаның әр күндері кезекпен беріледі. 
 
        6. Іссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс 
берушінің еңбек тәртіптемесіне сәйкес пайдаланады. 
 
      97-бап. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс 
 
      1. Осы Кодекстің 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкердің жазбаша 
келісімімен жол беріледі. 
 
       2. Демалыс және мереке күндерінде қызметкердің бастамасы бойынша жұмысқа 
жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі. 
 
      3. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде қызметкердің қалауы бойынша 
оған басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 128-бабында көрсетілген 
мөлшерде ақы төленеді.
 
      4. Ұлттық және мемлекеттік мерекелер кезеңінде, сондай-ақ осы Кодекстің 96-
бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану 
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне 
ауыстыруға құқылы.
 
      
Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      98-бап. Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке 
 
              күндері жұмысқа тартудың ерекше жағдайлары 
 
      Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай 
жағдайларда: 
 
       1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау 
не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 
 
       2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын немесе бүлінуін болдырмау және 
оларға тексеру жүргізу үшін; 
 
       3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты 
жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын шұғыл, бұрын көзделмеген 
жұмыстарды орындау үшін жол беріледі. 
 
      99-бап. Қызметкерлерді демалыс және мереке күндері 
 
              жұмысқа тартуды ресімдеу 
 
      Қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту жұмыс берушінің 
актісімен ресімделеді. 
 


 
      100-бап. Демалыс түрлері 
 
      1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері: 
 
        1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары; 
 
        2) әлеуметтік демалыстар беріледі. 
 
      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін 
қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке 
қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала 
отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
 
      2-1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мынадай түрлері 
беріледі:
 
      1) жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы;
 
      2) ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы.
 
        3. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол 
үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік 
мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі. 
 
        4. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері: 
 
        1) жалақы сақталмайтын демалыс; 
 
        2) оқу демалысы; 
 
      3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 
байланысты демалыстар беріледі.
 
      
Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      101-бап. Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының
 
                ұзақтығы
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік 
 құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің 
актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма 
төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі. 
 
      
Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      102-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары 
 
      1. Мыналарға: 
 
      1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) 
қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн 
болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі; 
 
      2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік 
он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі. 
 
      2. Қызметкерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және 
оның ең төменгі ұзақтығы Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін. 
 
       3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, 
маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды 
орындағаны үшін көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар 
белгіленуі мүмкін. 
 
      103-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын 
 
                есептеу 
 
      1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері 
мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері 
есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі. 
 
       2. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау