Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет30/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61

 
      156-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты 
 
                бар не қызмет ету учаскелері шегіндегі 
 
                қызметтік сапарлармен байланысты болатын 
 
                жағдайларда қызметкерлерге өтемақы төлемдері 
 
      1. Қызметкерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет 
көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, 
оларға тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде болған әр күн үшін келісімде, ұжымдық 
шартта, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген 
тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі. 
 
      1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не 
қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік жол жүрулермен байланысты 
қызметкерлерге темір жол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, 
автомобиль жолдары, магистральдық байланыс желілері мен олардағы құрылыстар, 
радиорелелік желілер және олардағы құрылыстар, электр берілісінің әуе желілері және 
олардағы құрылыстар, байланыс объектілері қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскелеріне қызмет көрсететін қызметкерлер 
жатады.
 
       2. Қызметкерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір күндерінде 
сапарда болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндірісі) орнына баруға және кері 
қайтуға жол жүрген нақты күндер санына барабар жүргізіледі. 
 
       3. Өтемақы төлемдері еңбек пен тынығуды ұйымдастыру режиміне қарамастан 
жүзеге асырылады. 
 
       4. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде өтемақы төлемдері 
ескерілмейді. 
 
        
Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.10 
N 101-IV 
(2009.01.01 
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      157-бап. Жұмысынан айрылуына байланысты берілетін 
 
                өтемақы төлемдері 
 
      1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда: 
 
       1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға 
қызметін тоқтатқан жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты 
бұзылғанда; 
 
       2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты 
айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді. 
 
       2. Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші еңбек жағдайлары туралы дәйексіз 
ақпарат берген не жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек 
шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердің бастамасы бойынша 
еңбек 
 
 шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш 
айға орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді. 
 
       3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы 
төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін. 
 
      158-бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі 
 
                мен шарттары 
 
      1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, іздестіру ұйымдарының 
қызметкерлеріне: 
 
       1) тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келмейтін тұрақты тұратын жерінен 
тысқары жерде; 
 
       2) сол сияқты тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, далалық ұйым 


 
орналасқан жерге күнде қайтып келгенімен тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде; 
 
       3) еңбекті вахталық әдіспен ұйымдастыру жолымен тұрақты тұратын жерінен 
тысқары жерде далалық жағдайда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым ақшасы 
төленеді. 
 
       2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу дала жұмыстарында болған барлық 
күнтізбелік күндер үшін жүргізіледі. 
 
       3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыт үшін қызметкерлерге 
далалық жабдықталым ақшасы төленбейді. 
 
       4. Қызметкер далалық ұйымнан іссапарға шыққан кезде оған далалық жабдықталым 
ақшасын төлеу тоқтатылады, ал іссапарға байланысты шығыстар осы Кодекске сәйкес 
өтеледі. 
 
       5. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде далалық 
жабдықталым ақшасының мөлшері есепке алынбайды. 
 
       6. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі, шарттары мен мөлшері, 
далалық жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тәртібі келісімдерде, еңбек шартында, 
ұжымдық шартта белгіленеді және жұмыс берушінің актісімен бекітіледі. 
 
       7. Далалық жағдайлардағы жұмыс кезінде қызметкерге демалыс күндері үшін 
далалық жабдықталым ақшасын төлеу оны ол қай жерде (далалық жұмыстар жүргізілетін 
объектіде, учаскеде, ұйымның далалық базасында, жұмыстар жүргізілетін жерден 
тысқары) өткізуіне байланысты жүргізіледі. Мұндай тәртіп еңбекті ұйымдастырудың, 
еңбек пен тынығу режимінің қабылданған нысандарына қарамастан қолданылуы мүмкін. 
 
      159-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты 
 
                есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеу 
 
      1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша 
жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. 
 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен берілген еңбекке 
жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар 
төлеу үшін негіз болып табылады. 
 
      3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерлерге 
еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген күнге 
дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебімен төленеді. 
 
       3-1. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы: 
 
       1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда оның 
қылмыс жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық 
туындаған қызметкерге; 
 
       2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық 
аурулардан басқа) уақыт үшін; 
 
       3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен қызметкердің кінәлі 
екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық 
сараптама жасалған уақыт үшін; 
 
      4) қызметкердің ішімдік, есірткі және уытты заттарды пайдалануы салдарынан 
туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы 
кезінде;
 
      5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін уақытша еңбекке 
жарамсыз күндер үшін төленбейді.
 
      4. Әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін, оларды тағайындау және төлеу тәртібін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жұмыс берушілер қызметкерлерге 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне 
қосымша төлемдер белгілеуге құқылы. 
 
      Ескерту. 159-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.12.19 
N 9 
(2008.01.01 бастап 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау