Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет16/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61

 
қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт 
жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. 
 
       Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты 
еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке 
қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін 
сақталады; 
 
      18) қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
 
      19) соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы 
шешімін қызметкердің назарына жеткізгеннен кейін ол ереуілге қатысуды жалғастырған 
жағдайларда бұзылуы мүмкін.
 
      2. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың қосымша негіздері көзделген.
 
      
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      55-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын 
 
              бұзу мүмкіндіктерін шектеу 
 
      Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 17) тармақшаларында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және 
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңінде еңбек шартын жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді.
 
      
Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      56-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын 
 
              бұзу тәртібі 
 
      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі 
белгіленбесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) 
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге 
бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек 
шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
 
      2. Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен осы Кодекстің 54-
бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын 
бұзу, сондай-ақ осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек 
шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртіппен, осы ұйымның кәсіптік одағы 
органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізіледі.
 
      2-1. Жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан құрылған 
комиссияның оң шешімі болмаса, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) және 3) 
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша 55 жастан бастап және зейнеткерлік жасқа 
толғанға дейінгі жастағы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
 
      Комиссияны құру тәртібі ұжымдық шартта, ал ол болмаған жағдайда, жұмыс 
берушінің қызметкерлер өкілдерінің келісуі бойынша шығарылған актісінде 
айқындалады.
 
      3. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шартын 
бұзу үшін қызметкердің осы жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін денсаулық 
жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық 
қорытындымен расталған болуға тиіс.
 
       4. Еңбек шартын осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 6) - 13) және 16) 
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзу осы Кодекстің 73-бабында көзделген 
тәртіптік жазалар қолдану тәртібі және 74-бабының талаптары сақтала отырып 
жүргізіледі. 
 


 
      5. Еңбек шарты осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында 
көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келіскен жағдайда жұмыс беруші 
оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.
 
       6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметкер 
біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын 
жұмысына сәйкес келмегендіктен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша осы Кодекстің 54-
бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу аттестациялық 
комиссияның шешіміне негізделуге тиіс, оның құрамына қызметкерлер өкілі қатысуға 
тиіс. 
 
      Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық шартта, 
ал ол жоқ болған жағдайда қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша шығарылған 
жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
 
      7. Қызметкердің жұмыста осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында 
көрсетілген жай-күйде болуы медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
 
      Қызметкерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс беруші 
уәкілеттік берген лауазымды тұлға қабылдайды.
 
      Қызметкер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиісті акт 
жасалады.
 
      8. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес еңбек шартын 
бұзуға, қызметкер еңбекке жарамсыздығы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі.
 
      
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
21.06.2013 
N 106-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      57-бап. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу 
 
      1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс 
берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы 
бойынша бұзуға құқылы. 
 
        2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы 
баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін. 
 
        3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты 
жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс 
берушіге жазбаша ескертеді. 
 
        4. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы 
оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жазбаша хабарланған күннен бастап жеті күн 
мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан 
жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте 
отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы. 
 
        5. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын бұзу 
туралы өтінішін жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы. 
 
        6. Осы бапта көрсетілген ескерту мерзімі өткен соң қызметкер жұмысты 
тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек қызметіне байланысты құжаттар 
мен оған тиесілі ақшалай төлемдерді беруге міндетті. 
 
      7. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек шартын 
қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртібі көзделеді.
 
      
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      58-бап. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша 
 
              еңбек шартын тоқтату негіздері
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау