Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын жұмыскерлердің еңбегі теңiз
кемелерiнің экипаждары (жүзу құрамы) мүшелерiнің еңбегін, еңбегіне ақы төлеуді, жұмыс уақытын
және тынығу уақытын реттеудің ерекшеліктерін белгілейтін «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы»
Қазақстан Республикасының
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
Заңында
актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
143-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары
депутаттарының, судьяларының еңбегін реттеу
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары
депутаттарының, судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары
мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша
жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген
ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
144-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы
мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен
мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше
шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ
қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының
арнайы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде
көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
145-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның
ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегі
лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайларын,
еңбекақы төлеу жүйесі мен жағдайларын, сондай-ақ артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін «
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының
және Қазақстан
Заңында
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
146-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына
кіретін жұмыскерлердiң еңбегiн реттеу
Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін жұмыскерлердiң еңбегі «Кәсіптік
одақтар туралы» Қазақстан Республикасының
көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодекспен
Заңында
реттеледi.
3-БӨЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
13-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК
147-бап. Әлеуметтік әріптестік органдары, қағидаттары және
міндеттері
1. Мемлекет атынан тиісті атқарушы органдар, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер атынан
белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдері әлеуметтік әріптестік тараптары болып
табылады.
2. Әлеуметтік әріптестікті:
1) республикалық деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын
реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі – республикалық комиссия);
2) салалық деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі – салалық комиссия);
3) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік
және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрі –
өңірлік комиссия) әлеуметтік әріптестік органдары арқылы тараптардың өзара іс-қимыл жасасуы
нысанында;
4) ұйымдар деңгейінде – Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде жұмыскерлердің
өкілдері мен жұмыс берушінің арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді белгілейтін
ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етеді.
3. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай қағидаттар:
1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен
жұмыскерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі;
2) тараптардың өкілеттілігі;
3) тепе-тең өкілдік ету;
4) тараптардың тең құқықтылығы;
5) тараптардың өзара жауаптылығы негізінде қалыптастырылады.
4. Комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір тарапы өз
бетінше қалыптастырады.
5. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік мынадай міндеттерді шешуге
бағытталған:
1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді
тетігін жасау;
2) қоғамның барлық топтарының мүдделерін объективті ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық
пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) жұмыскерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге, оларды
әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
4) барлық деңгейлердегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен
келіссөздер процесіне жәрдемдесу;
5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау.
148-бап. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру
1. Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар тараптардың орындауы үшін міндетті
тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік
әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін органдар
болып табылады.