Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 287,1 Kb.
Pdf просмотр
бет28/45
Дата14.11.2018
өлшемі287,1 Kb.
#19986
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45

міндетті. 

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен мөлшері еңбек

ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

      129-бап. Жұмыскердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне

                пайдалануына байланысты өтемақы төлемдері

      Жұмыскер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен пайдаланған кезде 

жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да техникалық құралдарды пайдаланғаны, 

тоздырғаны (амортизациясы) үшін және оларды пайдалану шығыстарына тараптардың келісімі бойынша 

өтемақы төлемін жүргізеді.

      130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар

                не қызмет көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік

                сапарлармен байланысты болатын жағдайларда

                жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері

      1. Жұмыскерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету 

учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, оларға тұрақты 

тұрғылықты жерінен тысқары жерде болған әрбір күн үшін келісімде, ұжымдық, еңбек шарттарында 

және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі.

      2. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері 

шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты жұмыскерлерге теміржол, өзен, теңіз, автомобиль 

көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық құбыржолдары, магистральдық 

байланыс желілері мен олардағы құрылыстар, радиорелелік желілер және олардағы құрылыстар

электр берудің әуе желілері және олардағы құрылыстар, байланыс объектілері жұмыскерлері, 

сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының учаскелеріне қызмет көрсететін 

жұмыскерлер жатады.

      3. Жұмыскерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір күндерінде сапарда болған 

жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндірісі) орнына баруға және кері қайтуға жол жүрген нақты күндер 

санына пропорционалды түрде жүргізіледі.

      131-бап. Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы

                төлемдері

      1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда:

      1) жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлға қызметін тоқтатқан 

жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;

      2) жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы 

бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;

      3) жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы 

бойынша еңбек шарты бұзылған кезде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына 

байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.

      2. Жұмыс беруші жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс,

орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер көлемі азайған жағдайда, жұмыс берушінің 

бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде екі айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан 

айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.

      3. Еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде жұмысынан айырылуына 

байланысты өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.



      132-бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі мен

                шарттары

      1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, іздестіру ұйымдарының жұмыскерлеріне:

      1) тұрғылықты тұратын жеріне күнделікті қайтып келмей тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары 

жерде;

      2) тұрғылықты тұратын жері болып табылмайтын далалық ұйым орналасқан жерге күнде қайтып 



келгенімен, тұрғылықты тұратын жерінен тысқары жерде;

      3) еңбекті вахталық әдіспен ұйымдастыру жолымен тұрғылықты тұратын жерінен тысқары жерде 

далалық жағдайларда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым ақшасы төленеді.

      2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу тәртібі, шарттары мен мөлшері, далалық жағдайдағы 

жұмыс уақытын есепке алу тәртібі келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында белгіленеді және 

жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

      133-бап. Жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен

                еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша

                әлеуметтік жәрдемақы төлеу

      1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша

әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілген еңбекке 

қабілетсіздік парақтары еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу 

үшін негіз болып табылады.

      3. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке 

қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе

мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.

      4. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы:

      1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық 

құқық бұзушылық жасау кезінде алған өндірістік жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша 

қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге;

      2) соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық науқастардан басқа) 

уақыт үшін;

      3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен жұмыскердің кінәлі екені анықталған 

жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшін;

      4) жұмыскер алкогольді, есірткіні және уытқұмарлық заттарды пайдалануы салдарынан 

туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде;

      5) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша 

қабілетсіздік күндері үшін төленбейді.

      5. Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін – Қазақстан 

Республикасының Үкіметі, оларды тағайындау және төлеу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті 

мемлекеттік орган айқындайды.

      Жұмыс берушілер жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген еңбекке 

уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы

.

12-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      134-бап. Маусымдық жұмыстар




жүктеу 287,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау