Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет5/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

 
қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер 
шығарады.
 
      3. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық 
шартпен, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не осы 
баптың 2-тармағында көрсетілген рәсімдер сақталмай шығарылған актілері жарамсыз 
болып табылады.
 
      
12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде
 
              қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескеру немесе
 
              олармен келісу тәртібі
 
      1. Жұмыс беруші осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген 
жағдайларда қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып немесе олармен келісе 
отырып актілер шығарады.
 
      2. Актіні шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасын және ол бойынша 
негіздемені осы Кодекстің 266-бабына сәйкес құрылған комиссияға ұсынады.
 
      3. Жұмыс беруші актісінің жобасы табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен 
аспайтын мерзімде комиссияда талқыланады.
 
      4. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда қызметкерлер 
өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, 
олардың ұсыныстары болса жазылады. 
 
      5. Егер қызметкерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына 
келісім болмаған не оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:
 
      1) келіскен жағдайда қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстары ескеріле отырып 
өзгертілген акт шығарады;
 
      2) келіспеген жағдайда қызметкерлер өкілдерімен қосымша консультациялар 
өткізуге не олар ұсынған редакциядағы актіні шығаруға құқылы.
 
      6. Шығару үшін осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің келісімі қажет 
болатын жұмыс беруші актілерінің жобалары бойынша келісімге келмеген жағдайда, 
туындаған келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді, осыдан кейін жұмыс беруші 
нормативтік актіні қабылдауға құқылы.
 
      7. Жұмыс беруші ұсыныстарды толығымен не бір бөлігін ескермей акт шығарған 
кезде қызметкерлер өкілдері осы Кодексте көзделген тәртіппен ұжымдық еңбек дауы 
рәсімін бастауға құқылы.
 
      8. Егер жұмыс берушінің шығарған актісінде қызметкерлердің осы Кодексте, 
еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін 
бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда, оған еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік органның тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына не сотқа шағым жасауға 
болады.
 
      
13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу
 
      1. Осы Кодексте, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, келісімдерде 
белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе 
күндермен есептелетін уақыт кезеңінің аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға 
тиіс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкін.
 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен есептеледі.
 
      3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы белгіленген 
күнтізбелік күннен кейінгі күні басталады.
 
      4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың, айдың, 
аптаның тиісті күндері бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің бітуі тиісті 
күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні бітеді. Күнтізбелік 
апталармен немесе күндермен есептелетін мерзімге жұмыс күні емес күндер де 
қосылады.
 
      5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні емес 


 
күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып 
есептеледі.
 
      
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
 
              бұзғаны үшін жауаптылық
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
 
 
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
 
      
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек
 
              қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
 
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
бағдарламалардың әзірленуін және орындалуын ұйымдастырады;
 
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды 
ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді; 
 
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және 
мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды;
 
      5) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін белгілейді;
 
      6) әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін, оларды тағайындау және төлеу тәртібін 
айқындайды; 
 
      7) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін 
ауру түрлерінің тізбесін бекітеді;
 
      8) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді; 
 
      9) Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, 
акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы 
беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
 
      10) азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшінің бос лауазымына 
тұруға конкурс өткізу тәртібін айқындайды;
 
      11) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;
 
      12) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің 
республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
 
      13) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
 
      14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің 
еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
 
      15) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың 
біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
 
      16) салалық келісімдерде айқындалатын салалық арттырушы коэффициенттерді 
бекітеді;
 
      17) бес адамнан көп адам қаза тапқан кезде топтық жазатайым оқиғаларды 
тергеуге комиссия құрады.
 
      
16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
 
              еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
 
      Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
 
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
саясатты іске асырады;
 
      2) қызметтің барлық салаларына арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының 
нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды; 
 
      3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы мен 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау