Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет36/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53

 
өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың 
қатысушылары болып табылады.
 
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында құрылымдық 
бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар салалық кәсіптік одақтар 
қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.
 
      4. Салалық ұйымдардың өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып 
табылады.
 
      
265-бап. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде
 
                
ұйымдастыру
 
      1. Өңірлік комиссия тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін 
консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін 
келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
 
      2. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер 
мен қызметкерлердің өкілдері өңірлік комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
 
      3. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі кәсіптік одақтар бірлестіктері 
қызметкерлердің өңірлік бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.
 
      4. Өңірлік деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері:
 
      облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, 
шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік;
 
      қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық 
бірлестіктер болып табылады.
 
      
266-бап. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұйым деңгейінде
 
                
реттеу
 
      1. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету, ұжымдық келіссөздер 
жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, осы Кодекске сәйкес 
қызметкерлер өкілдерінің пікірі ескеріліп немесе солардың келісімі бойынша 
шығарылуы жүзеге асырылатын жұмыс беруші актілерінің жобаларын талқылау үшін, 
сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін тараптар шешімі 
бойынша тең құқықтылық негізде тараптардың қажетті өкілеттіктер берілген 
өкілдерінен тұратын комиссиялар құрылады.
 
      2. Жұмыс беруші ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс істейтін 
кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасайды.
 
      3. Тараптардың келісімі бойынша және кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын 
қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған кезде, жұмыс беруші кәсіптік одақтың 
есеп-шотына қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын мүшелік кәсіподақ жарналарын ай 
сайын аудара алады.
 
      
267-бап. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық,
 
                
өңірлік комиссияларды құрудың принциптері мен
 
                
тәртібі
 
      1. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай 
принциптер:
 
      1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс 
берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі;
 
      2) тараптардың өкілеттілігі;
 
      3) тепе-тең өкілдік ету;
 
      4) тараптардың тең құқықтылығы;
 
      5) тараптардың өзара жауапкершілігі негізінде құрылады.
 
      2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір 
тарапы дербес құрады. 
 
 


 
 
      
268-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың
 
                
негізгі мақсаттары мен міндеттері
 
      1. Комиссиялардың негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын 
реттеу және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады.
 
      2. Комиссиялардың негізгі міндеттері:
 
      1) әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша 
әлеуметтік әріптестік тараптарының ұстанымдарын келісу;
 
      2) келісімдерді әзірлеу мен жасасу;
 
      3) келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және 
бекіту;
 
      4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты 
мәселелер бойынша консультациялар өткізу және ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
 
      3. Комиссиялар өздері бекіткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес 
жұмыс істейді. Комиссия отырыстары жылына екі реттен сирек болмайтындай етіп 
өткізіледі.
 
      
269-бап. Республикалық, салалық және өңірлік
 
                
комиссиялардың негізгі құқықтары
 
      Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар:
 
      1) өз отырыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында келісілген 
саясат жүргізу проблемаларын қарауға;
 
      2) келісім жобасын әзірлеу, көрсетілген келісімді іске асыру, комиссия 
шешімдерін орындау кезінде атқарушы органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлер 
бірлестіктерінің мүдделерін келісуге;
 
      3) атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден және (немесе) қызметкерлер 
өкілдерінен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жасалатын және жасалған 
келісімдер туралы ақпарат сұратуға;
 
      4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты тұлғалар 
оларды орындамаған жағдайда әлеуметтік әріптестіктің тиісті тарапына анықталған 
бұзушылықтарды жою және келісімнің талаптарын орындамағаны үшін кінәлі тұлғаларды 
жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстары бар ақпарат жіберуге;
 
      5) атқарушы органдардан ұжымдық келіссөздер жүргізу және келісімнің жобасын 
әзірлеу, аталған келісімнің орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті 
әлеуметтік жағдай туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
 
      6) уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына әлеуметтік және еңбек 
қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар 
енгізуге;
 
      7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға;
 
      8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің 
қызметкерлерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыруға;
 
      9) атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері 
комиссия белгіленген мерзімде қарауға және орындауға міндетті бірлескен келісімдер 
мен шешімдер қабылдауға;
 
      10) әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестік мәселелері 
бойынша халықаралық, республикалық, өңіраралық кеңестер, конференциялар, 
конгрестер, семинарлар өткізуге аталған іс-шараларды ұйымдастырушылармен келісілген 
тәртіппен қатысуға құқылы.
 
      
270-бап. Қызметкерлер өкілдерінің өкілеттіктері
 
      1. Қызметкерлер өкілдерінің:
 
      1) қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және 
қорғауға;
 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау