Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия


-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін еңбек



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет34/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53

 
      
242-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін еңбек
 
                
шарттарының мерзімдері
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлермен еңбек шарттарын осы Кодекстің 
29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге 
жасаса алады.
 
      
243-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек
 
                
тәртіптемесінің ережелері
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері еңбек тәртіптемесінің ережелерін дербес 
бекітеді.
 
      
244-бап. Жұмыс режимі
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс беруші бекітетін кестеге сәйкес 
демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуды көздейтін жұмыс режимін белгілеуге, 
сондай-ақ жұмыс уақытының ұзақтығы жөніндегі жалпы талаптарды сақтай отырып, жұмыс 
уақытының жиынтық есебін немесе жұмыс күнін бөліктерге бөлуді пайдалануға құқығы 
бар.
 
      
245-бап. Еңбекке ақы төлеу шарттары
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарын 
жұмыс беруші белгілейді немесе өзгертеді және еңбек шартын жасасу кезінде немесе 
оларды бекітуге кемінде бір ай қалғанда қызметкерлер назарына жеткізеді. Жұмысқа 
ақы төлеу шарттарын бекіту кезінде жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын 
біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ.
 
      
246-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік
 
                
әріптестікке қатысуы
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысатын еңбек қатынастарына, егер жұмыс 
берушілер мен қызметкерлер келіссөздер жүргізу және осындай келісімдерге қол қою 
үшін тиісті ұйымдарға біріккен болса, келісімдердің күші қолданылады.
 
      
247-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек
 
                
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
 
                
ұйымдастыру ерекшеліктері
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды 
ұйымдастыруды жеке немесе заңды тұлғалар шарт негізінде жүзеге асыруы мүмкін.
 
 
27-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ АЛҚАЛЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 
МЕН МҮШЕЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
248-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының
 
                
еңбегін реттеудің құқықтық негіздері
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек қатынастары осы Кодекске, 
Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттары мен еңбек шартына сәйкес 
жүзеге асырылады.
 
      
249-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
 
                
еңбек шартын жасасу
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын заңды тұлға мүлкінің 
меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті 
органы Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында немесе тараптар 
келісімінде белгіленген мерзімге жасасады.
 
      Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында заңды 
тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу алдында қосымша рәсімдер 
белгіленуі мүмкін. 
 
 


 
 
      
250-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының қоса
 
                
атқаратын жұмысы
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның уәкілетті органының 
не заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің, не ол уәкілеттік берген тұлғаның (органның) 
рұқсатымен ғана басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымдарды атқара алады.
 
      
251-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының
 
                
материалдық жауапкершілігі
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаға келтірген залалы үшін 
осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген 
тәртіппен материалдық жауаптылықта болады.
 
      
252-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
 
                
еңбек шартын тоқтатудың қосымша негіздері
 
      Заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не ол уәкілеттік берген тұлғаның 
(органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының еңбек қатынастарын мерзімінен 
бұрын тоқтату туралы шешімі осы Кодексте көзделген негіздермен қатар заңды тұлғаның 
атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатуға қосымша негіз болып табылады.
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, 
оның қолданылу мерзімі өткенге дейін еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін 
оған еңбек шартында айқындалатын мөлшерде өтемақы төлемі төленеді.
 
      
253-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының
 
                
бастамасы бойынша еңбек шартын мерзімінен
 
                
бұрын бұзу
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкінің меншік иесін 
не ол уәкілеттік берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органын 
бұл жөнінде жазбаша түрде кемінде екі ай бұрын ескерте отырып, еңбек шартын 
мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
 
      
254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы
 
                
мүшелерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
 
      Осы тарауда белгіленген атқарушы орган басшысының еңбегін реттеу 
ерекшеліктері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында 
өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелеріне 
қолданылады.
 
 
28-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ, ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ
 
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
 
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ
 
ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
255-бап. Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және
 
                
мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан
 
                
Республикасы судьяларының еңбегін реттеу
 
      Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, 
Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен 
тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы 
төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді 
белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының 
өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы 
Кодексте реттеледі.
 
      
256-бап. Әскери қызметтегі адамдар және құқық қорғау
 
                
органдарының қызметкерлері
 
      1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, 
ұлттық қауіпсіздік органдарында, Республикалық ұланда, ішкі әскерлерде, әскери-


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау