Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның факторлары, атап айтқанда ауаның дымқылдылығы, жарық, температура, басқа да ауа қосындылары мен қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Аталған факторлар дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық тауарлардың физика-химиялық қасиеттеріне әсер ете отырып, сапасын төмендетеді.
Дәрілік заттарды сақтау үшін реттелуден жоғары температура дәрі-дәрмектердің сапасын төмендететін физикалық-химиялық үрдістерді жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда анықталып, айқындалған сақталу температураларын ескеру керек.
Дәрілік заттарды сақтайтын құрғақ бөлмелерде ылғалдықтың мөлшері 60% аспауы қарастырылады, ал жоғарғы ылғалдылық бөлмелерінде-65%.
Дәрілік заттардың сақталу орындарында ауа алмасу жақсы болуы керек. Себебі, ауа алмасу үрдісі арқылы сақталатын тауарлардың, ыдыстардың, жабдықтардың т.б. газды заттарының иісі жойылып, ылғалды-температуралық режимі теңестіріліп отырады. Ауа алмасу үрдісін терезелерді ашу арқылы немесе арнайы желдеткіштерді қолданып жүргізеді.
Тауарлардың сақталу тәртібінің көрсеткіштерінің бірі жарық. Жарық, әсіресе ашық күн сәулесі дәрі-дәрмектерге көбіне теріс әсерін тигізеді, себебі тотығу үрдістерін жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың көбін қараңғы жерде сақтау ұсынылады, мүмкін болмаған жағдайда (дәріханалық сауда залында) тауарларға күн сәулесінің түспеуі қарастырылады. Ол үшін дәрі-дәрмектер сақталатын бөлмелердің терезесі күн түспейтін жақтарға қаратылады, дәріханалық сауда залының терезелері перделермен жабылады.
Дәрілік заттарды сақтауда компьютерлік, кітаптық, картотекалық т.б. тәсілдердің қолайлы түрімен тауарлардың жарамдылық мерзімдерінің есебі жүргізіліп, үнемі бақыланады.
Дәріханалық қойманың тауарларды сақтау бөлімдерінің ішкі қабырғаларында тұтанғыш аспаптар мен еденнен 1,5-1,7 м жоғары және есіктен 3м қашықтықта термометрлер мен гигрометрлер ілінеді.
Ауа тазалығын сақтау үшін тауарларды сақтау бөлмелері кондиционерлермен, арнайы желдеткіштермен жабдықталады.
Дәріханалық қойма, басқа да тауарлар сақтау бөлмелерінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында едендер күніне кемінде бір рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып, ылғалды түрде тазартылып отырылады.
Атаулары үндес, ішу үшін қолданылатын күшті әсерлі жоғарғы дозаларымен ерекшеленетін дәрілік заттарды қатар және алфавитті тәртіпте орналастыруға болмайды.
Сырқаттардың диагностикасы, алдын-алуы және емделуінде пайдаланылатын медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық тауарлар келесі топтарға бөлінеді:
резеңке бұйымдары;
пластмассадан жасалған бұйымдар;
байлау-таңу материалдары;
медициналық техника құралдары мен жабдықтары.
Дәрі-дәрмектер, басқа да фармацевтикалық тауарлар сақталатын қойма бөлмелерінде және олардың аумақтарында кеміргіш жәндіктермен, басқа да зиянкестерге қарсы күрес жүргізу шаралары үнемі жүргізіліп отыруы қажет.
Дәрілік заттарды сақтауда физикалық-химиялық қасиеттеріне және сыртқы ортаның әсер ету факторларына байланысты келесі топтарға анықталады:
жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін;
ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін;
ұшып кетуден қорғауды талап ететін;
жоғарғы температураның әсерінен қорғауды талап ететін;
төменгі температураның әсерінен қорғауды талап ететін;
қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін;
иісті, бояғыш заттар;
дезинфекциялау заттары;
улы заттарды бөліп шығаратын т.б.;
тұтанғыш және жарылғыш заттар.
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтау ерекшіліктері
Жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға антибиотиктер, галенді препараттар, дәрілік өсімдіктер шикізаттары (өсімдік шикізаттарынан жасалған тұнбалар, экстрактілер, концентраттар), орган препараттары, витаминдер мен витаминді препараттар, кортикостероидтар, майлар, эфир майлары, йодты және бромды сутегі қышқылдары мен тұздары, галогенді ауыстырылу қосындылары, нитроқосындылар, нитраттар, нитридтер, аминді және аминоқосындылар, фенолды қосындылар т.б. жатады.
Жарықтың әсерінен сезінгіш дәрілік заттар қызғылт шыны ыдыстарда, алюминийден немесе полимер материалдарынан жасалған қара, қоңыр, қызғылт түстерге боялған металл ыдыстарда қараңғы бөлмелерде шкафтарда сақталады.
Жарықты аса сезінгіш күміс нитраты, күміс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты сияқты дәрілік заттарды сақтауда, ыдыстарына жарық өткізбейтін қара қағаз жапсырылып, ішкі жағы қара бояумен боялып, тығыз жабылатын шкафтарда орналастырылады.
Керісінше, жарықтың әсеріне мұқтаж темір препараттары, феррамидтер сияқты дәрілік заттарды сиымдылығы шағын, ашық түсті шыны ыдыстарда жарық жерде сақталынады.
Ылғалдан қорғауды талап ететін дәрілік заттарға калий ацетаты, құрғақ экстрактілер, дәрілік өсімдік шикізаттары, азот, азотты, галогенді сутегі және фосфор қышқылдары, тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар т.б. жатады.
Судың атмосфералық буларының әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды құрғақ салқын жерлерде, судың буларын өткізбейтін материалдармен тығыз тығындалған шыны, металл, алюминий фольгасы, қалыңдатылған пластмасса ыдыстарында сақтайды.
Ұшып кетуден қорғауды талап ететін дәрілік заттарға аммиак ертіндісі, йод, камфора, ментол, формалин, эфир майлары т.б. өздігінен ұшып кететін заттар: спирт тұнбалары, сұйық спирт қосындылары, қою экстрактілер т.б. ерітетін ұшпа заттардан тұратын дәрілік препараттар; эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер шикізаттары; анальгин, бензинпенциллинді новокаин тұзы, глюкоза, кальцекс, кальций глюконаты, лактаты, натрий сульфаты, сульфацил-натрий, теофиллин, фтивазид т.б. кристалдандырылған суы, кристаллогидраттары бар препараттар жатады.
Ұшпа заттардан тұратын дәрілік заттар салқын жерде герметикалық түрде тығындалған шыны, металл, алюминий фольгасы ыдыстарында сақталады.
Жоғарғы температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға ұшып кетуден қорғалатын препараттар, суппозиторийлер, бактериялық препараттар, антибиотиктер, органикалық препараттар, гормоналды препараттар, витаминді препараттар, гликозидтерден тұратын препараттар, майлар т.б. жатады.
Жоғарғы температурадан қорғауды талап ететін дәрілік заттарды бөлме температурасында (+180-20ӘС), салқын немесе суық температурада (+120 +15ӘС) сақтау керек. Кейбір жағдайларда сақтаудың неғұрлым төмен температурасы (0+10ӘС) талап етіледі.
Бактериялық препараттарды өнеркәсіптік орауда атаулары мен сериялары бойынша жарамды мерзімдерін ескере отырып сақтау қарастырылады. Сақтау кезінде аталған препараттарды 3 айда бір рет визуальды түрде тексеріп отыру қажет.
Төмен температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарға алмагель суспензиясы, алоэ линименті, АТФ, гамма-глобулиндер, асқазан шырыны, маннитол, мараславин т.б. қатқаннан кейін физикалық-химиялық күйі өзгеретін және одан кейін бөлме температурасына дейін жылыған кезде қалпына келмейтін препараттар жатады.
40 пайызды формальдегид (формалин) ертіндісі +9 С0-тен төмен емес температурада сақтау керек.
Медициналық майларды +10С0-ден төмен емес температурада сақтау талап етіледі.
Қоршаған ортадағы газдар әсерінен өзгеретін дәрілік заттарға алифаттық қатардағы, топтардағы циклдық заттар, фенолдық, полифенолдық, морфин және оның ауыстармалы гидрофильді топтары бар туынды заттары, гетероциклдық қосындылар, ферменттер мен органикалық препараттар жатады.
Газдардың әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттарды газ өтпейтін материалдар мен герметикалық түрде тығындалған, мүмкіндігінше толық толтырылған ыдыстарда сақтау қарастырылады.
Иісі бар және бояғыш дәрілік заттарға аммиак ерітіндісі, хлор әгі, ихтиол, камфора, ментол, скипидар, фенол т.б. сияқты іс жүзінде ұшпайтын, күшті иісі бар, бояғыш заттар мен препараттар жатады.
Бояғыш дәрілік заттарды арнаулы шкафтарда, тығыз тығындалған ыдыстарда атаулары бойынша бөлек сақталады.
Таблеткалар құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақталады.
Эфир майларынан тұратын таблеткіленген дәрілік заттарды ыдыстарға салып орап, тығындамас бұрын оларды 9569 МССТ бойынша парафиндендірілген қағаздарға орайды.
Инъекцияға арналған дәрі-дәрмектер салқын, жарықтан қорғалған жерде сақталу ыдыстарының ерекшеліктерін (сынғыштығын) ескере отырып, бөлек бөлмелерде немесе шкафтарда сақталады.
Сұйық дәрі-дәрмектер (шырындар, тұнбалар, эфир, хлороформ) герматикалық түрде тығындалған ыдыстарда салқын, жарықтан қорғалған жерде сақталады.
Плазманы ауыстыратын және дезинфекциялау ертінділері 0С-тан 40С-ке дейінгі температурада жарықтан қорғалған оқшау жерде сақталады.
Экстрактілер парафин құйылған, тығыз тығындалған шыны ыдыстарда сақталады. Сұйық және қою экстрактілер +12С - +15С температурада сақталады.
Майлар, линименттер, суппозиторийлер салқын, жарықтан қорғалған жерде тығыз тығындалған ыдыстарда сақталады.
Аэрозольді препараттар +3С-тан +35С-ке дейінгі температурада құрғақ, жарықтан қорғалған, оттан және жылыту құралдарынан алшақ жерде сақталады.
Аэрозольді препараттардың тасымалдану, сақталу кезінде механикалық бүлінуінен қорғалуына көңіл бөлінеді.
Дәрілік өсімдіктер шикізаттары құрғақ, ауасы таза бөлмелерде жақсы жабылған шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшіктерде сақталады. Дәрілік өсімдіктердің кесілген шикізаттық талшықтары қаптарда, ұнтақтары-қос қабатты қаптарда (ішкісі-көп қабатты қағаз, сыртқысы талшықты) сақталады.
Эфир майларынан тұратын дәрілік өсімдік шикізаттарын жақсы тығындалған ыдыстарда оқшау сақтайды.
Кептірілген жемістерді сақтау кезінде, оларды кеміргіштерден сақтау үшін сақталу жәшіктеріне хлороформ құйылып, тығынына түтікше енгізілген сауыттарды салып қояды.
Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізаттарын сақтауға айрықша назар аударылады. Олардың сақталу мерзімдері қатаң қадағаланып, биологиялық белсенділктері тексеріліп отырады.
Улы және күшті әсерлі дәрілік өсімдік шикізаттары құлыпталған бөлмелерде немесе бөлек шкафтарда сақталады.
Дезинфекциялау заттары герметикалық түрде тығындалған ыдыстарда, жарықтан қорғалған, құрғақ, салқын жерде , оқшау үй-жайда сақталады.
Пластмассадан жасалған бұйымдарды ауасы тазаланып тұратын қараңғы, салқын бөлмелерде бөлме температурасында, жылыту құралдарынан кемінде бір метр қашықтықта сақтау керек. Үй-жайда ашық жанатын от, ұшпа заттардың булары болмауы қажет. Электр аспаптары мен ажыратқыштар ұшқынға қарсы (өртке қарсы) түрде дайындалуы қажет. Целлофан, целлулойд, амин қабатты бұйымдарды және басқа бұйымдар сақталатын үй-жайда ауаның 65 пайыздан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығын сақтау керек.
Қосымша материалдар (фильтерлеу қағаздары, қағаз капсулалар т.б.) өнеркәсіптік құрғақ желдетілген бөлмелерде жеке шкафтарда гигиеналық тазалықта сақталады.
Өте улы, улы және есірткі дәрілік заттардың тізімі:
Өте улы дәрілік заттар:
Мышьяк ангидриді
Натрий арсенаті
Стрихнин нитраты
Сынап дихлориді (сулема)
Сынап оксицианиді
Улы дәрілік заттар:
Атропин сульфаты
Дикаин
Сынап дийодиді
Күміс нитраты
Есірткі дәрілік заттар:
Кодеин
Кодеин фосфаты
Кокаин гидрохлориді
Морфин гидрохлориді
Омнопон
Промедол
Амфетамин
Морфиланг
Просидол
СабаҚтЫҢ мазмҰны
Өз бетімен атҚаратын жҰмыс:
Препараттарды фармакотерапевтік және токсикологиялық қасиеттері бойынша топтарға бөлу.
- этил спирті;
резеңкеден жасалған бұйымдардың;
байлап-таңу материалдарын сақталу орындарының құрылысын схема түрінде көрсетіңіз.
Көрсетілген препаратқа сөрелік карточкасын толтырыңыз.
Сөрелік карточка
Препараттың аты
Дәрілік формасы
Фармакотерапевтік тобы
Қолданылуы
Оралып, буылуы
Қолдану мерзімі
Сақталуы
Көрсетілген препараттардың қолдану мерзімі бойынша есепке алыңыз.
Дәрілік препараттың қолдану мерзімін есепке алу журналы
№
|
Препараттың аты
|
Өлш. бірлігі
|
Сериясы
|
Қолдану мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
|
|
|
|
ОҚытушымен аТҚаратын жҰмыс:
1. Тест тапсырмалардың жауаптарын қорытындылау.
Тақырып 6: Бақылау жұмысы
ТаҚырыптыҢ Өзектілігі:
Өткізілген тақырыптар бойынша теориялық білімдерді және тәжірибелік тағлымдарды бекітуді ұсынады. Көрсетілген бақылау фармацевтикалық тауартанудан оқу материалын меңгерілуіне көмектеседі.
Сабақтың мақсаттары:
Фармацевтикалық қызметтің саласында нормативті-техникалық құжаттарды және заңдылық актілерді білу негізінде студент білу қажет:
тауар өткізу жүйесінің деңгейлерінің топтасуын;
дәріханаларды тауарлармен қамтамасыздандыру мекемелердің мақсаты мен міндеттерін;
тауарлармен қамсыздандыру жөнінде келісім шартты құрастыру тәртібін;
фармацевтикалық ұйымдарға тауарлардың келіп түсу құжаттарын;
фармацевтикалық тауарлардың топтасуын;
фармацевтикалық тауарлардың ассортиментін;
орау-буу заттардың, ыдыстардың топтасуын;
орау-буу заттардың тұтынушы қасиеттерін бағалануы, номенклатурасы, техникалық талаптарын;
дәрілік заттардың фармакологиялық топтары, токсикологиялық қасиеттері, агрегаттық жағдайы, физика-химиялық қасиеттері бойынша топтасуын;
әр түрлі топтардағы тауарлардың сақталуына қойылатын жалпы талаптарын;
дәрілік препараттардың физика-химиялық қасиеттерін;
дәрілік өсімдік шикізаттың және дайын дәрілік заттардың сақталуын.
Студент жасай алу керек:
фармацевтикалық тауарлардың өткізу бойынша жұмысын ұйымдастыруды;
қамсыздандырушылардан тауарларды қабылдау кезінде құжаттармен жұмыс жасауды;
қамсыздандырушылармен есептесуді безендіруді;
фармацевтикалық тауарлардың тауартанулық талдауы жүргізуді;
қабылдау актін толтыруды;
қамсыздандырушыларға арыз хат толтыруды;
ассортименттің сапалық көрсеткіштерін анықтауды;
фармацевтикалық тауарларға тұтынушылық сұраныс талдауын жүргізуді;
ыдыстардың және орау-буу заттардың дәріханалардың өндірістік қызметінде дұрыс іріктеуді және қолдануды;
ыдыстардың, орау-буу материалдарының сақталу тәртіптерін ұйымдастыруды;
дәрілік заттардың және ММЗ – сақталу бөлмелерін жабдықтауды;
топтасуға байланысты дәрілік заттарды орналастыруды;
дәрілік заттарды дұрыс сақталуына жағдай жасауды.
Сабаққа дайындалу сұрақтары:
Тауар өткізу жүйе деңгейлерінің топтасуы.
Қазақстан Республикасында фармацевтикалық саланың дамуы.
Қазақстан Республика фармация комитетінің, медициналық және фармацевтикалық өнімнің мақсаты мен міндеттері.
Дәріханалық қойманың, фирманың, дәріхананың мақсаты мен міндеттері.
Фармацевтикалық өнімнің импортын және экспортын лицензиялау.
Тауарлармен қамсыздандыру үшін келісім шартты құру, керекті құжаттарды толтыру.
Дәріханалық қоймаға фармацевтикалық тауарларды қабылдау және оны құжатты толтыру.
Қамсыздандырушыларға арыз хатты жазу тәртібі.
Қамсыздандырушылармен есептесу.
Дәріханаларға тауарларды қабылдау тәртібі және құжаттық безендірілуі.
Фармацевтикалық тауарлардың топтасуы. Код, кодтың құрылымы. Классификаторлар.
Фармацевтикалық тауарлардың ассортименті. Класс, топ, түр туралы түсінік.
Ассортименттің құрылымы жәй, күрделі, топтық, жайылған, жанама және аралас ассортимент туралы түсінік.
Міндетті және бос ассортимент.
Ассортименттің сапалық көрсеткіштері: ендігі, толықтығы, тереңдігі, қолдану, жаңалығы, тұрақтылығы.
Ассортиментпен басқару.
Орау-буу заттары туралы түсінік.
Ыдыс дегеніміз не? Ыдыстардың топтасуы. (Мысалдар келтіріңіздер).
Ыдыстарға және орау-буу заттарға қойылатын талаптар.
Дәрілік заттарды өндіруінде қолданылатын тығындау материалдардың түрлері.
Ыдыстардың және орау-буу заттардың техникалық деңгейін бағалаудың негізгі шектері.
Орау-буу заттардың жаңа түрлерін жасаудың негізгі бағыттары.
Орау-буу заттардың арнайы түрлері.
Сақтау ерекшеліктеріне байланысты дәрілік заттардың топтасуы.
Дәрілік заттарды және медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды сақталуына ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар. Дәрілік заттарды орналастыру принциптері.
Дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты сақтау ерекшеліктері.
Дәріханаларда есірткі, улы және әсері күшті дәрілік заттардың сақталу ерекшеліктері.
Дайын дәрілік заттардың сақталуы.
Дәрілік өсімдік шикізаттың сақталу ерекшеліктері
Дәрілік заттардың қолдану мерзімін бақылау.
Ақпараттық-дидактикалық блок
Барлық ақпараттық материал алдыңғы сабақтардың әдістемелік нұсқауларында берілген.
Сабақтың мазмұны
Студенттердің білім деңгейін анықтауға арналған тест бақылауын жүргізу.
Билет бойынша бағдарламалық бақылау жүргізу. Тәжірибелік тағылымдарын бақылау.
Тақырып 7: Байлап-таңу заттары. Медициналық гипс.
таҚырыптыҢ Өзектілігі:
Байлап-таңу заттардың негізгі тағайындалуы – жараны екіншілей індеттелуінен сақтау және тез бітіп жазылуын қамтамасыз ету. Тұрғындарды және емдеу - сауықтыру мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің ішінде байлап-таңу заттарының және медициналық гипстың сұранысын қамтамасыз етудің маңызы зор.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерге байлап-таңу заттарының түрлерін, қолдануын және оларға тауартанулық талдауды жүргізуге үйретуді
Студент білуге тиіс:
байлап-таңу материалдар, дайын байлап-таңу материалдар, жаңа байлап-таңу материалдар туралы түсініктерді;
осылардың түрлерін, қолдануын, зиянсыздандыру әдістерін, сақталу ерекшеліктерін;
медициналық гипстың физикалық қасиеттерін.
Нормативті актілер, медициналық тауартану, фармацияның ұйымдастыру және экономикасы курсының білімдері негізінде студенттер жасай алуға тиіс:
байлап-таңу заттардың тауартанулық талдауын жүргізуді;
байлап-таңу заттардың функционалдық қасиеттерін анықтауды (химиялық тазалығын, өткізгіштігін, сорып алу қасиетін, жұмсару тездігін);
байлап-таңу заттардың сақталуын ұйымдастыруды;
медициналық гипске тауартанулық талдауды жүргізуді;
медициналық гипсті сақтауды ұйымдастыруды.
СабаҚҚа дайындалу сҰраҚтары:
Байлап-таңу материалдары және сипаттамасы.
Мақта, оның түрлері. Мақтаның тауартанулық талдануы.
Алигнин, түрлері. Сапасына қойылатын талаптар.
Медициналық дәке. Дәкенің тауартанулық талдауы.
Дәкеден жасалған дайын заттар, олардың сипаттамасы.
Бинттердің түрлері. Оралып-буулуы, таңбалануы, өлшемдері және сақталуы.
Лейкопластырлар. Сипаттамасы, түрлері, шығару формалары.
Байлап-таңу заттардың басқа да түрлері (қорғаушы жұқа қабықшалар, таңғыштар).
Байлап-таңу заттардың тауартанулық талдауы.
Байлап-таңу материалдардың зиянсыздандыру әдістері.
Байлап-таңу заттардың сақталуы және тасымалдануы.
Медициналық гипстің алыну қасиеттері.
Медициналық гипсті дәріханалық мекемелерде сақтау ерекшеліктері.
Медициналық мақта гигроскопиялық және компрестік болып бөлінеді. Гигроскопиялық мақта қолдануына байланысты 3 түрге бөлінеді:
көзге арналған;
гигиеналық;
хирургиялық.
Медициналық гигроскопиялық мақта мақсары қағазды жұмсақ талшықтардан тұрады, иіссіз және ақ түсті. Гигроскопиялық қасиеттері үшін шикізатты алдымен майсыздандырады (дайын мақтада май және воск заттарының үлесі 0,3-0,5% жоғары болмау керек, себебі бұл қасиетін білдіреді) .
Медициналық гигроскопиялық мақтаға қойылатын талаптар:
мақта жақсы таралған болу керек, таралмаған тығыз талшықтар үлесі 1,5-5%, мақта шаңының үлесі 0,1-0,2% жоғары болмау керек.
Мақтаның сулы сығындысының бейтараптылығы (Рн – 7,0-7,5). Оны қызыл және көк лакмус қағазымен анықтауға болады.
Мақтаның ылғалдығы – 8,0%, ал вискозды мақтаның 9,2% жоғары болмау керек;
Мақта құрамында хлорлы, күкіртқышқылды, кальций тұздарының қосылыстары болмауы керек. Оны анықтауды ерітінділердің опалесценцияларын салыстыру арқылы анықтайды.
Өндірісте залалсыздандырылған және залалсыздандырылмаған мақта шығарылады. Залалсыздандырылған мақтаны сақтау мерзімі бес жылдан кем болмау керек.
Компресстік мақта – мақсары қағазды талшықтардан тұрады, бұл мақтаны майсыздандырмайды, осы себептен мақтаны осы түрін жараның бетіне тікелей қоюға болмайды. Компрестік мақтаны шиналармен және компресстерді қойған кезде қолданады.
Алигнин екі түрге бөлінеді: А түрі- байлап-таңу материалы, ал Б түрі – орау-буу материалы ретінде қолданылады. Алигнин ағаштан алынады, көп қабатты мыждалған парақтар – ендігі 600-700 мм, ұзындығы – 600 ден 2600 мм түрінде шығарылады.
Алигниннің кемшіліктері - ұзақ сақталуда тез тозуы, декструкциялануы (ұнтаққа айналып кетуі) және жоғары ылғалдықта еріп кетуі. Алигниннің эластикалық қасиеті төмен, сондықтан байлап-таңуда мақтамен қолданылады.
Медициналық дәке – сирек торы тәрізді мата. Екі сорты шығарылады – ағартылған гигроскопиялық және қатты.
Дәкенің арнайы түрлеріне қан тоқтатқан және гемостатикалық дәкелер жатады.
Дайын дәкелердің түрлері:
қан тоқтатқыш дәке;
гемостатикалық дәке;
дәкелі-мақталы жастықшалар;
дәкелі-мақталы лента;
дәкелі бинттер;
гипстік бинттер;
эластикалық медициналық гипс;
түтікшелі медициналық бинттер;
эластикалық түтікшелі бинттер;
байлап-таңу пакеттері;
бекіткіш контурлы таңбалар ;
дәкелі салфеткалар;
пенопластан жасалған салфеткалар;
дәкелі шариктер.
Байлап – таңу материалдарын сақталуы.
Таңу материалдарын құрғақ желдетілетін үй-жайда іші ашық бояумен боялған шкафтарда, сөрелерде және тұғырықтарда сақтайды, олар таза ұсталуы қажет. Таңу құралдары қойылған шкафтарды дүркін-дүркін 0,2 пайыз хлорамин әкпен сүртіп отырады.
Залалсыздандырылған таңу материалдары (бинттер), дәке салфеткалары, мақта. зауыттық орауда сақталады. Оларды бірінші ашылымдағы орауда сақтауға болмайды.
Залалсыздандырылмаған таңу материалдары (мақта, дәке) тығыз қағазға немесе түктерге (қаптарға) салып, сөрелерде немесе тұрғылықтарда сақтайды.
Гипстік таңулар травматологияда және ортопедияда созылмалы иммобилизацияның негізгі түрі болып саналады. Оларды арнайы столдарда көмекші материалдармен салып уақыт өткен соң алып тастайды.
Гипс. Ол өз кезегінде – кальций сульфат болып табылады СаSO4, табиғатта екі молекуласуы бар түрінде таралған СаSО4х2Н2О; ол өзі ақ түсті, кейде сұршыл-жасыл түсті, яғни ол табиғатта таза күйінде өте сирек кездеседі. Гипсті алу үшін, оны жарамды ету үшін оны +130 , + 200қ С-та қыздырады; сол кезде ол өз құрамындағы суын жоғалтып жартылай гипске немесе ангидридке айналады. (СаSО4)2Н2О. Күйдіріп болған соң гипсті майдалап, ұнтақтап фосовать етіп тастайды яғни арнайы қалташаларға немесе бөшкелерге салып тастайды.
Гипстің сапасын алдын ала органолептикалық тексереді. Жоғары сапалы гипс құрғақ, түйіршіксіз, ақ түсті, бидай ұны секілді консистенциялы, қолмен ұстағанда оңай себеленеді. Жоғары сапалы гипс сумен араласқанда өзінің түсін және иісін өзгертпеу керек; ал гипс төмен сапалы болса ол сумен араласқанда сұр түске айналып дымқыл жағымсыз иіс шығады (күкіртқышқылының). Сол сияқты гипстің сапасын анықтауда бірнеше әдіс бар:
Гипстің аз мөлшерін бұйрек тәрізді тазикке салып, сумен араластырады яғни мына қатынаста: 1 бөлек су +2 бөлек гипстен қаймақ тәрізді консистенсия түзілгенше араластырамыз. Тазиктегі түзілген масса ені 1-2 см-ден аспау керек; 6-7 минуттан кейін гипс қатаяды, сол қатайған пластинканы жерге бірнеше рет ұрып көргенде сол қатты күйде қалу керек, ал сынған жағдайда майда ұсақтанбай сыну керек.
Гипстың аз мөлшерін алып тең мөлшерде сумен араластырамыз, түзілген массадан диаметрі 2-3см етіп шарик жасаймыз; масса қатайған соң шариктерді полға тастап көреміз; сонда ол бүтін күйде қалмау керек және бірнеше бөлікке бөлінеді; яғни сапасы төмен гипс өте жай қатаяды (6-8 минуттан көп) және өте майда бөліктерге бөлініп кетеді (ұсақтанады).
Гипсті құрғақ бөлмеде сақтау керек. Егер гипс ылғалданса, оның сапасын кептіргіш шкафта 120-1300С-та 6-8 сағат қайта кептіреміз, (қабат қалыңдығы 5-6 см) және периодты түрде орналастырамыз. Гипсті аузы ашық ыдыста, яғни газда кептіруге болмайды, ол жағдайда ол ыдырап кетуі мүмкін және 6000-та жарамсыз гипс түзіледі және оны ‘’өлік’’ гипс деп те атайды.
сабаҚтыҢ мазмҰны:
Өзіндік орындауҒа арналҒан тапсырмалар:
1 тапсырма
Мақтаның жұтымдылық қасиетін анықтау.
1,0 г. мақтаны қол өлшеуіште өлшеп аласыз, өлшенген мақтаны 10 мин. суға батырасыз, сығып алмай, суын сырғытып, қайта өлшеп аласыз. Осылай тәжірибені 3 рет жасайсыз.
Құрғақ мақтамен суланған мақтаның салмақ қатынастары (пайызға көбейіткенде) мақтаның жұтымдылық коэффициенті деп аталады.
2 тапсырма
Дәкенің сапалық көрсеткіштерін анықтау:
а) суланғыштығы:
5х5 см. дәке қиындысын су бетіне ыдыс қабырғасына тигізбей батырады. Ыдыстың түбіне түскен уақытын анықтайды (5-10сек аралығында).
б) капиллярлығы:
5х15см дәке қиындысын дайындайды, оның бір ұшын штативке бекітіп, бір шетін Петри шынысындағы эозиннің 1:1000 қатынастығы ерітіндісіне тигізіп, бір сағатқа қалдырады.
Эозин ерітіндісі дәке бойымен неше см көтерілгендігін анықтайды (10см кем болмау керек).
3 тапсырма
Медициналық гипстің сапасын тексеру:
а) органолептикалық
б) жабысу қабілетін
Оқытушылармен атқаратын жұмыс:
1. Тест тапсырмаларын қорытындылау.
Тақырып 8: Тазалық және гигиеналық бұйымдар
ТАҚЫРЫП ӨЗЕКТІЛІГІ:
Фармацевтикалық тауарлардың ішінде тазалық және гигиеналық бұйымдары әр түрлі шикізаттардан жасалған бұйымдардың бір бөлігін құрайды және де белгілі бір жүйеде қолдануға арналған. Фармацевт - әр заттың, бұйымның қызметін, қолдануын және олардың айырмашылығын жақсы білуі қажет. Фармацевтің білімділігі және тағылымдары оның тәжірибелік жұмысында фармацевтикалық тауарларды дұрыс қабылдап, босатуды ұйымдастыруына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |