САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Студенттерді сырқаттарды күту, тазалық-гигиеналық бұйымдармен таныстырып, оларға тауартанулық талдау жүргізуді үйрету.
Студент білуге тиіс:
резеңке оның компоненттері туралы түсінікті;
резеңке жасау технологиясын;
резеңке бұйымдарын алыну әдістерін;
резеңкенің сапалық көрсеткіштерін;
резеңке бұйымдардың регенирациясын;
зиянсыздандыру әдістерін.
Студент жасай алуға тиіс:
Дәріхананың негізгі жұмыс міндеті, материалтану, күші бар бұйрықтар және басқа да нормативті актілер білімдері негізінде:
тазалық және гигиеналық бұйымдарды топтастыруды;
сырқаттарды күту заттарға тауартанулық талдау жүргізуді;
осы топ фармацевтикалық тауарларды сақтауды;
тұрғындарға, емдеу-сауықтыру мекемелерге тазалық және гигиеналық бұйымдарды босату тәртібін.
СабаҚҚа дайындалу сҰраҚтары:
І Негізгі білім бойынша:
Медицина мақсаттағы қолданылатын бұйымдарды, құралдарды жасауда қолданылатын материалдар.
Тауартанулық талдау туралы түсінік.
ІІ Осы сабақ тақырыбы бойынша:
Резеңке – көп компонентті жүйе. Каучуктердің түрлері (табиғи және синтетикалық). Латекс.
Резеңкеден жасалған бұйымдардың жасалу әдістері.
Резеңке сапасының физикалық - механикалық көрсеткіштері.
Тазалық және гигиеналық бұйымдардың классификациясы.
Формалау (престеу) әдісімен алынған резеңкелі бұйымдардың тауартанулық талдауы.
Түтікшелі резеңкелі бұйымдардың тауартанулық талдауы, сипаттамасы.
Латекстан жасалған бұйымдар. Сипаттамасы, қолданылуы, тауартанулық талдауы.
Сырқаттарды күту бұйымдары. Сипаттамасы, қолданылуы тауартанулық талдауы.
Тазалық және гигиеналық бұйымдардың сақталуы. Таңбалануы, оралып-буылуы, тасымалдануы.
Резеңкенің ескіру салдары. Оны тездедетін факторлар, резеңкеден жасалған бұйымдардың регенерациясы.
Тазалық және гигиеналық бұйымдардың зиянсыздандыру әдістері.
АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Резеңкенің құрамы:
Каучуктер – нақты табиғи: гевейядан, каучуктік, синтетикалық (спирттен- дивинил стирол)
Вулканизаторлар: күкірт, селен, кремний, циклогексан.
Вулканизациялауды тездеткіштер: РвО, МдО, цинк оскиді, NаОН, КОН, сөндірілген әк, қорғасын галеті.
Активаторлар: майлы қышқылдар, уротропин, металдар тотығы.
Толықтырғыштар:
Цинк, тальк – ақ резеңке каолин немесе бор.
Газ ысығы - қара резеңке, пемза, ағаш желімі – түсті резеңке.
Тотығуға қарсы қолданады: неозан, бетта-нафтол, нафталамин.
Бояғыштар:
Цинк, бор, ақ топырақ - ақ түс, темір тотығы - қоңыр түс, киноварь және сурьма - қызыл, ультрамарин – көк түс, хром тотығы – сары түс.
Жұмсартқыштар:
Майысқақтық, иілгіштік, созылғыштық қасиет береді.
Олар вазелин, керосин, гидрон, минералды май, парафин, скипидар, өсімдік майлары (зығыр және кастор майы).
Арнайы заттар: Рентген қосып алатын қорғасын.
РезеҢке технологиЯсы
Үлкен жабық араластырғыш машиналарда каучукті жалпақ топырақша күйінде және басқа компоненттерді арнайы рецептура бойынша, резеңкенің сортына, түріне байланысты салады. Атмосфералық қысым – 8 – 10 атм және 100-1100 С қызуда араластырғыш ішінде айналып тұратын аударғыш қанатшалар резеңкелік масса пайда болғанға дейін айналып тұрады.
Формалау әдісімен бұйымдар жасау:
Араластырғыш машиналардан дайын болған резеңке айналып тұрған барабанға келіп түседі, одан жалпақ қағаз беттері сияқты болып шығарылады. Резеңке массасының берілу жылдамдығы мен беттердің қалындығы арнайы реттеу аппаратарымен реттеліп отырады. Әр түрлі өрнектер мен кесінділер алу үшін цилиндрдің валына бедерлі суреттер түсіріледі. Осылай цилиндрдің валы арқылы өткізілген беттердің бетінде әр түрлі өрнектер мен суреттер түсіріледі. Дайын болған резеңкелерді суытады да тальк ұнтағын сеуіп тастайды. Арнайы цехтерде резеңке кесетін станоктар әр түрлі формалар кесіп шығарады, одан кейін дайын пішінділер (формалар) желімдеу цехтарына жіберіледі. Бұдан басқа да әр түрлі бұйымдар жасауға арналған темір пресстер бар.
Түтікше бұйымдар:
Түтікше бұйымдар арнайы шприц – машиналарға резеңке массасын салу арқылы алынады. Қыздырылған резеңке массасы арнайы вал арқылы мундштукке беріледі. Мундштук арқылы өткізілген резеңке лента стержень пішінді болып шығады. Стержень жолында біліктер орналастырылады. Олардың әр түрлі өлшемдері болады. Осы білік арқылы өткенде түтікшелер пайда болады.
Қалқан дайындау әдісі
Қолдың пішіні (муляж) орнатылған барабанда латекс құйылған ваннада айналып тұрады 2-3 айналымда – хирургиялық қолғаптар, ал 5-6 айналымда – анатомиялық қолғаптар шығарылады. Ал малу әдісі бойынша емізіктер, түтікшелерге арналған түтікте (пипетка) және саусақшалар алынады.
РЕЗЕҢКЕДЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ
Резеңке қолғаптары немесе жұқа резеңке бұйымдар бұзылғанда 15 минутқа 5 % нашатыр спиртінің жылы ертіндісіне салады, одан алып 10-15 минут глицеринді жылы суға салады.
Қалың қабатты бұйымдарды (жылытқыштар, мұз салғыштар) ыстық вазелин майына салып, шығарған соң ұмаждай отырып қалпына келтіруге болады.
Резеңкенің сапасының көрсеткіштері
Зауытта резеңке бұйымдарын физикалық-механикалық көрсеткіштерін яғни тауартанулық талдауын жүргізеді. Ол үшін сапасын анықтайды: беріктігін, созылуын, үзілу беріктігін.
Созылу көрсеткішін анықтау – ол үшін резеңке лентаны созып тұрып, ұзындығын өлшейміз және созылу нәтижесінде үзіліп кетеді, сол үзілген кездегі резеңке лентаның ұзындығын өлшейміз. Одан соң үзілгенге дейінгі және үзіліп кеткеннен кейінгі ұзындығын өлшеп пайыздық қатынасын шығарып, көрсеткіш бойынша анықтаймыз.
Үзілу беріктігі – 1 см аралығындағы салмақты анықтаймыз. Ол үшін жүк іледі де, қанша кг жүк көтереді, яғни лента үзіліп кеткенше саламыз, лента үзілгенде салмақты анықтаймыз.
Резеңкенің созылуының қалдық көрсеткіші – ол алғашқы кездегі ұзындықпен үзілген кездегі ұзындықтың ара-қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |