|
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігіМемлекеттің халық денсаулығы және демографиялық қауіпсіздігі
|
бет | 4/36 | Дата | 20.11.2023 | өлшемі | 140,76 Kb. | | #44375 |
| annotation211488Мемлекеттің халық денсаулығы және демографиялық қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму Стратегиясында басты мақсат мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіруі айқындалған. Осы стратегияны іске асырудағы ұзақ мерзімді жеті басымдықтың бірі ретінде мемлекет "әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік" деп айқындады, онда Денсаулық сақтау халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуде мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін беретін және өз денсаулығын сақтау мен нығайту үшін азаматтардың жеке жауапкершілігін қолдайтын маңызды сала болып табылады. "Қазақстан 2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" даму стратегиясын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі – СЖ-2025) бекітілді, оның басты мақсаты адамдардың әл - ауқатын экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі-ЭЫДҰ) елдерінің деңгейіне арттыруға алып келетін экономиканың сапалы және орнықты көтерілуіне қол жеткізу болып айқындалған. Бұл ретте экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс әсерін барынша азайтуға негізделуге тиіс. СЖ-2025 сәйкес халық денсаулығын қорғау саласындағы орта мерзімді мақсаттарды іске асыру денсаулық сақтауды жеткіліксіз қаржыландыру проблемасын, саланы қаржыландырудағы өңіраралық айырмашылықты, қала мен ауыл арасындағы кадрмен қамтамасыз етудегі айырмашылықты төмендетуге және өңірлердегі өмір сүру сапасының басқа да біркелкі емес проблемаларын шешуге бағытталған. Қазақстан Республикасы (бұдан әрі-ҚР) азаматтарының жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін "қолжетімді және сапалы денсаулық сақтауды мынадай бағыттар бойынша дамыту" міндеті айқындалды: ауруларды ерте сатыда алдын алуға және басқаруға қайта бағдарлау; негізгі созылмалы және инфекциялық ауруларды басқару; МӘМС енгізу; Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру; АМСК пен бәсекелес ортаны дамыту; Медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымды жаңғырту; медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру; дәрілік саясатты жетілдіру. ҚР Үкіметі БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын 2025 жылға дейінгі Стратегияны іске асыруда негізгі бағыт етіп алды.
"БҰҰ ОДМ сәйкестігі, сондай-ақ Мемлекет тыныс-тіршілігінің барлық салаларында озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын енгізу Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы прогресін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді"деп белгіленді. БҰҰ – ның үшінші ОДМ - "жақсы денсаулық және амандық". Қазақстан БҰҰ – ның Орнықты дамудың негізгі элементі-бұл салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдар үшін әл-ауқатқа жәрдемдесу деген анықтамасын қолдайды. Әлем елдері 2030 жылға дейін қол жеткізуге ұмтылатын үшінші ОДМ шеңберіндегі мақсаттардың бірі – бұл денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту. Әлемде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі – МӘМС) енгізу жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізудің маңызды драйвері болып табылады. 2020 жылы осы мемлекеттік бағдарламаны іске қосу және сонымен бір мезгілде МӘМС енгізуді бастай отырып, Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жаңа дәуірін – МӘМС - ке қатысу мәртебесіне қарамастан, мемлекеттің базалық медициналық қызметтерге кепілдік беруін, МӘМС шеңберінде сақтандырылған азаматтар үшін медиициналық қызметтер спектрін және ерікті медициналық сақтандырудың (бұдан әрі-ЕМС) бәсекелі нарығын қамтитын қаржыландыру көздерінің үш деңгейлі жүйесін бастайды. Осы маңызды кезеңде мемлекеттік бағдарлама пациенттің мүддесі үшін стейкхолдерлер арасында тиімді өзара қарым-қатынасты қалыптастыруды және нығайтуды қамтамасыз етуге тиіс. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары: бала тууды ынталандыру және отбасын нығайту; көші-қон процестерін оңтайландыру; мемлекеттік демографиялық саясат іс-шараларын іске асырудың ғылыми негізделген алғышарттарын жасау, сондай-ақ халықтың ұрпақты болу денсаулығын жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау үшін денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру; салауатты өмір салтын қалыптастыру және мекендеу ортасының қолайсыз факторларының әсерін жою жөніндегі іс-шаралар есебінен сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету; медициналық-ұйымдастырушылық, технологиялық және инновациялық іс-шараларды енгізу нәтижесінде аурулардың негізгі сыныптары бойынша халықтың өлім-жітімін төмендету болып табылады.
Халықтың ұрпақты болу денсаулығын жақсарту және ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
- бедеулік деңгейін төмендету;
- отбасын жоспарлау және медициналық-генетикалық консультация беру қызметін жетілдіру;
- туа біткен даму ақауларын уақтылы диагностикалауды қамтамасыз ету;
- әйелдер мен балаларға жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- жүкті әйелдерге, әйелдерге босану кезінде және одан кейін, балаларға медициналық көмек көрсету сапасын арттыру;
- барлық деңгейдегі перинаталдық орталықтарды қажетті жабдықтармен жабдықтау;
- перинаталдық және нәресте өлімін төмендету.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|