Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



жүктеу 1,1 Mb.
бет1/5
Дата25.11.2017
өлшемі1,1 Mb.
#1925
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология – химия факультеті
Химия кафедрасы

ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР

Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Павлодар


удк 546. 172. 1 (07)

ББК 24. 7я7

В 93


С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесімен мақұлданған




Рецензент:

химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Тұрсынова А.Қ.

Құрастырған: Т. С. Байжұманова
В 93 Жоғары молеулалық қосылыстар: лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар/ құраст. Т. С. Байжұманова. – Павлодар, 2005. – 21 б.

"Жоғары молекулалық қосылыстар" пәні бойынша лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқауда жұмыстың бырысы, техникалық қауіпсіздік туралы ережелер, теориялық бөлім, тақырып бойынша бақылау сұрақтары және есептер берілген.

Әдістемелік нұсқау талаптарға (МЖМБС және т.б., типтік бағдарламаларға) сәйкес құрастырылған

удк 546. 172. 1 (07)

ББК 24. 7я7

© Байжұманова Т.С., 2006

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006

Кіріспе
«Жоғары молееулалық қосылыстар» пәнінен ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау 050606 – Химия және 510730 - Химия мамандықтарының студенттеріне арналған.

Әдістемелік нұсқауда химия зертханасында жұмыс жүргізу ережелері, қауіпсіздік шаралары, улы заттармен жұмыс істеудің шарттары, химиялық ыдыстар мен құралдарды дұрыс қолдануға ерекше көңіл бөлінген.

Бұл әдістемелік нұсқауларда әрбір жұмысқа қысқаша теориялық материал, жұмыстың мақсаты мен орындалу барысы, бақылау сұрақтары және есептер берілген.

Тәжірибе жұзінде алынған мәліметтер бойынша математикалық есептеулер жұргізіп, заңдылықтарды тұжырымдайды, құнды пікірлерді қорытындылайды. Лабораториялық эксперимент жүзінде студенттер теориялық білімдерін жетілдіріп, ой-өрістерін кеңейтеді.

Лабораториялық сабақтарда студенттер лабораториялық жұмыстар орындауға дағдыланып, жоғары молекулалық қосылыстар пәнінен арнаулы химиялық приборлармен жұмыс істеуді үйренеді. Бұл әдістемелік нұсқауда жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылатын жұмыстар іріктеліп алынған.

1 Химия лабораториядағы сақтық шаралар және жұмыс жасау ережелері

1.1 Алдын ала оқып, жұмыстың мазмұнымен толық танысу

керек


    1. Тәжірибеге қажетті ыдыстар, құрал-жабдықтар мен

реактивтерді дайындап алғаннан кейін жұмысты бастауға болады.

1.3 Жұмыс ретін және барысын нұсқау бойынша жүргізеді

1.4 Тәжірибе барысындағы өзгерістерді мұқият бақылап, жұмыс

орнын таза ұстау керек.

1.5 Тәжірибе нәтижесін арнайы жұмыс дәптеріне жазу керек.

1.6 Дәптерде күні, айы,тақырыбы, жұмыс барысы (сызбанұсқау

немесе құрал суреті), байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері, есептеулер және қорытындылар жазылады.
2 Химиялық реактивтер және оларды пайдалану ережесі
Зертханалық жұмыстарға қажетті реактивтер арнайы шкафтарда

сақталады. Тазалығы жағынан реактивтер: химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т) деп бөлінеді. Осыдан басқа реактивтер:спектральды таза (сп.т), ерекше таза (е.т), тазартылған (т) және техникалық (техн) болып бөлінеді. Реактивтерді пайдаланғанда олардың қасиеттерін білген жөн (оталғыштығы, улылығы, қопарылыс беретін қоспалар түзуі). Ерітінділерді және құрғақ тұздарды шыны ыдыстарда сақтайды, ол ыдыстарды шыны , резина немесе ағаш тығынмен жабады. Әрбір ыдыста реактивтің аты, сапасы (х.т,. а.ү.т. немесе т.б.) және концентрациясы көрсетіледі. Егер жазуы (этикеткасы) болмаса, ол реактивті пайдалануға болмайды.


3 Реактивтерді қолдану ережелері
3.1 Тәжірибе үшін реактивті мүмкіндігінше аз алу керек

3.2 Артық алынған реактивті ыдысына салуға немесе құюға

болмайды.


    1. Реактивті алғаннан кейін ыдысты тығынмен жауып орнына

қояды.

    1. Құрғақ реактивтерді темір немесе фарфор қасықшамен

немесе шпательмен алу керек.

    1. Егер реактивті пипеткамен алса, оны жуу керек.

    2. Улы және оталғыш заттармен аса сақтықпен жұмыс істеу

керек.

4 Химиялық лабораториядағы сақтық шаралар
4.1 Қауіпті заттармен тәжірибені өқытушының рұқсатымен

жүргізеді.



    1. Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін ¼-1/5

бойына дейін көтеріп, жұмыс біткенде жауып қою керек.

4.3 Тәжірибені кір ыдыста жасауға тиым салынады.

4.4 Аммиак, хлор, бром, иод, азот қышқылы, т.б. ұшқыш заттар

бөліне жүретін жұмыстарды тартпа шкафта жүргізу керек.

4.5 Қышқылдарды және сілтілерді бір ыдыстан екіншісіне

құюға зертхана қызметкерлеріне ғана рұқсат беріледі.



    1. Химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.

    2. Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанса, спирт

шамы тез өшірілуі, электр қондырғылары суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс, жанған сұйықты асбест, жай көрпемен жабады, жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.

    1. Киім жанса, көрпеге орап өшіру керек, еш уақытта қашуға

болмайды.

    1. Электр сымы жанса, тез электр тоғын өшіріп, мүмкін

әдіспен (құм, су, асбест көрпеcі) өртті өшіреді.

    1. Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары

бар ыдыстарды 1 м қашықтыққа қою керек.

    1. Оңай от алатын сұйықтарды (оос- бензин, спирт, эфир)

бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3м қашықтықта болу керек.

4.12 Концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық

заттармен жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер, қиқымдар, т.б.) жануы мүмкін.


    1. Электролиз кезінде барлық контакт жақсы оқшауланған

болуы керек.

4.14 Оталғыш немесе қопарылғыш заттардың қалдықтарын

раковинаға тастауға болмайды. Оларды арнайы ыдысқа жинап, этикеткасын жазып қояды.


    1. Газ шыққанын тексеру үшін сабын ерітіндісі

қолданылады.

    1. Бөлінетін газды сақтықпен, ауаны желпіп иіскеу керек.

    2. Реактивтерді құйғанда шашырындысы бетке, киімге

тимеу үшін ыдысты алысырақ ұстаү керек.

4.17 Сынауықты қыздырғанда аузын өзіңе немесе қасыңдағы

жолдастарыңа қаратуға болмайды.

№ 1 Лабораториялық жұмыс Гельдер және олардың қасиеттері


Жұмыстын мақсаты: жоғары молекулалық қосылыстардың ең негізгі қасиеттерінің бірімен таныстыру.
Теориялық бөлім. Еріткіште ісінген, тігілген полимерлерді полимер гельдері деп атайды. Полимер гельдері табиғи (көздің шыны тәрізді денесі) және синтетикалық полимер гельдер болып екіге бөлінеді. Гель құрамында еріткіш мөлшері 99% -ке дейін бола алады. Гель сұйықтықтан тұрса да, өз формасын қатты дене сияқты сақтай алады. Гель құрамына кіретін полимер тізбектері өзара бір-бірімен бір полимер торына тігілген. Полимер тізбектері арасындағы тігілу әлсіз байланыс арқылы байланысса, ондай гельдерді физикалық гельдер деп атайды, ал тұрақты ковалентті байланыс арқылы түзілген гельдерді химиялық гельдер деп атайды. Соңғы жылдары зерттеушілердің аса қызығушылығын 50 - ден 400 буынға бір тігілуі бар әлсіз тігілген гельдер танытуда. Мұндай гельдер өз массасын бірнеше рет көп еріткішті сіңіріп өз бойында сақтай алады. Бұндай полимер гельдері күшті адсорбциялық қасиеттер көрсетеді. Әлсіз тігілген гельдердің тағы бір қасиеті– ісінуге қарама-қарсы коллапс көрсету қасиеті. Зарядталған тізбек және қарсы ион түзу арқылы диссоциацияға қабілеттілік көрсететін ионогендік топтары бар гельдер осы әлсіз тігілген гельдердің 2 сапалық қасиетін көрсетеді (аса тез ісіну және коллапс).

Әлсіз тігілген гельдердің ісінуге қабілеттілігі гельдердің тізбектері арасындағы эффективті итеру күшіне байланысты. Бұл қасиет гель құрамындағы әрдайым қозғалыстағы кері иондардың Осмос қысымына байланысты болады. Осмос қысымына эффективті қарсы тұру қабілеттілігін көрсететін жеке гель тізбектері арасында тартылу күші пайда болып гельде коллапс пайда болады.



Гельдің тізбектері арасында сыртқы факторлардың әсерінен тартылу күшінің күшеюімен гельмен адсорбцияланған еріткіш күрт босап шыққанда гельде коллапс құбылысы байқалады.
Тәжірибе 1 Желатиндеуге қоршаған орта реакциясының әсері
Жұмыстың барысы: 5 пробиркаға 40-50 С-қа дейін қыздырылған желатин ерітіндісінің 2мл құямыз.Әр пробиркаға фосфатнитраты кестеде көрсетілген реет бойынша реакция мәні бар буферлі қоспаның 2 мл ерітіндісін қосамыз.Араластырған соң пробиркаларды.8-10Ссуытылған суға салады. Содан соң әр пробиркада ерітіндінің гельге айналған уақытын белгілейді.Бақылау 10-15 минут жүргізіледі де алынған шешімдерді кестеге жазамыз.
Кесте 1

Пробирка номері

1

2

3

4

5

Буферлі қоспаның рН

2,4

4,3

4,9

5,5

8,0

Гельдің пайда болу уақыты (мин)


















Тәжірибе 2 Желатиннің ісінуіне нейтралды тұздардың әсері
Жұмыстың барысы: 6 пробиркаға балауыз қарындашпен түбінен 1см алшақтықта белгі салады,белгіге дейін желатин ұнтағын салады.содан соң 5 пробиркаға тезірек 8мл 0,5н кестеде көрсетілгендей тұз ерітіндісін , ал 6-шы прбиркаға 8мл су құяды.40-60мин (желатин барыққан желатиннің бағана биіктігін) өлшеймізде алынған мәндерді кестеге еңгіземіз.
Кесте 2

Пробирка нөмірі

1

2

3

4

5

6

Тұздар













Желатинніңбағана биіктігінің ісінуден кейінгі көтерілуі





















жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау