Күштің таралу коэффиценті тік тісті берілістер үшін =1, ал қисық тісті берілістер үшін олардың дәлдік дәрежесіне байланысты график немесе кесте бойынша анықталады.
ТІСТЕРДІҢ ІСТЕН ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Тісті берілістер көбінесе тістің бұзылуынан істен шығады. Ал тістің бұзылуы бірнешеге бөлінеді.
Тістің сынуы. Тістің сынуы өте қауіпті. Себебі тіс сынғанда, оның сынған бөлшектері ілінісу аралығына және подшипниктерге еніп, оларды тез істен шығарады. Тістер көбінесе түбінен сынады, себебі сол қимада, біріншіден, иілу моменті көп болса, екіншіден, кернеу шоғырлануы пайда болады.
Тістің негізінен сынуына мына жағдайлар себепші болады:
а) Тісті дөңгелектерді жасау кезінде және жинағанда кеткен қателіктерден және күш кернеуінің бір жерге шоғырлануы;
б) Тістердің тозуынан олардың көлденең қимасының беріктігі азайып, динамикалық күштердің артуына байланысты сынады.
Айналу кезінде тісті дөңгелектерді жұмысқа қосқанда сыну қаупі болмауы үшін оларды иілуге есептеу керек.
Тісті берілістер белгілі қораптың ішінде орналасып майланатын болса, онда жабық тісті беріліс деп атаймыз. Ашық тісті беріліс деп, қорабы жоқ, жақсы майланбайтын тісті берілісті айтамыз.
Тістер әлсіреген кезде олардың сыртқы қабаты үгіледі. Бұл жағдайда ең алдымен тістің бетінде өте кішкентай жарықшақ пайда болып, одан кейін ол жерге май кіріп оның үлкеюіне себепші болады.
Тістің үгілуі белгілі бір жағдайда ғана тоқтауы мүмкін. Бұл жағдай көбінесе дөңгелектер жұмсақ материалдан жасалғанда байқалады, себебі жұмсақ материалдан жасалған дөңгелектің тістері жұмыс істеу кезінде белгілі бір уақыт өткеннен кейін бір-бірімен жақсы жанасатын болады.
Егер дөңгелек қатты материалдан жасалған болса, тістің сынған бөлшектері оның одан әрі бұзылуына әкеп соғады, бұл кезде үгілу одан әрі қарай жалғаса беру мүмкін.
Абразивтік тозу. Тістердің абразивтік тозуы деп, ілініске қатты басқа кішкене бөлшектер түсіп, одан тістердің қажалып тозуын айтады. Бұл ластанған жерде жұмыс істейтін ашық және жабық тісті берілістердің істен шығуына себепші болады. Көбінесе кен-тау, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында пайдаланылатын механизмдерде кездеседі.
Жанасу кернеуі әртүрлі болатындықтан профилінің тозуы да әрқилы келеді.
Бірақ жұмыс кезінде қисықтық радиусының өзгеруі тозуды бір қалыпқа келтіреді. Тозған тістер үшкірленіп, динамикалық күштерді және пайдасыз дыбыстарды көбейтеді. Бұл тісті әлсіретіп, оның сынуына әкеліп соғады.
Тістесу. Тістерге көп күш түскенде, өте жоғары жылдамдықпен айналғанда, дөңгелектердің материалдары бірдей болғанда және олар шынықтырылмағанда тістесу жиі кездеседі. Бірақ жоғары температурада әртүрлі материалдан жасалған және шынықтырылған дөңгелектердің де тістесуі мүмкін.
Тістесуді есептеу үшін дөңгелектердің түйіскен жеріндегі температураны анықтап, оны дөңгелектер материалына байланысты олардың тістесу температурасымен салыстыру қажет. Дөңгелектер тістеспеуі үшін тістердің модулі үлкейтіп, сонымен қатар оларды шынықтырып әзірлеу, дәлдік дәрежесін жоғарылатып, арнаулы май қолдану керек.
ТІСТІ ДӨҢГЕЛЕКТІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ, ОЛАРДЫ ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗДЫРЫП ӨҢДЕУ
Тісті дөңгелектердің материалдарының иілуге беріктігі және сыртқы бетінің қаттылығы жоғары болуы қажет. Сондықтан тісті дөңгелектер болаттан жасалса, онда оларды қыздырып өңдеу қажет. Болаттан жасалған тісті дөңгелектермен қатар техникада шойын мен пластмассадан жасалатын тісті дөңгелектер де қолданылады.
Болаттар өздерінің қаттылығына байланысты екі топқа бөлінеді:
а) Қаттылығы НВ350, жақсартылған және қалыпты қыздырудан өткен болаттар;
б) Қаттылығы жоғары, шынықтырылған, цементтелген немесе азотталған болаттар.
Шынықтыру тісті дөңгелектер үшін екі түрде жүргізіледі. Барлық көлемі бойынша шынықтыру, олар құрамында көміртегі 0,35...0,5% шамасында болатын 40, 45, 40 ХН маркалы және т.б. болаттар үшін мөлшері аз тісті дөңгелектерде жүргізіледі. Мұнда қаттылығы 45...55 HRC-ге дейін көтеріледі, бірақ тіс бетінің тазалығы нашарлап, олар морттық қасиетке ие болады. Ал жиілікті токпен шынықтыруда, қаттылығы 48...54 HRC-ге дейін жетеді және мөлшері кіші тісті дөңгелектерге қолдануға болады. Мұнда тіс бетінің бедерлері көп бұзылмайды, сонда да дәлдік дәрежесін 8-ден асыру қиын. Мөлшері үлкен дөңгелектерді ацетилен жалынымен қыздырады.
Ц Шынықтырудан кейін тістердің бет-бедерлері бұзылып, ажарлап өңдеуді қажет етеді, сондықтан бұл әдіс қымбатқа түседі. Осы әдіспен 15, 20, 20Х МСА маркалы және т.б. болаттар өңделеді. Көміртегімен қанықтыру қалыңдығы 1, 5...2 мм-ден аспау қажет, шамамен бұл тіс қалыңдығының 0,1...0,15 бөлігіндей. Мұнды иілу және беттік беріктігі жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |