12. Буынтықты берлістер оларды есептеу ерекшеліктері.
Өзара айқасатын біліктер арасында (әсіресе перпендикуляр айқасатын біліктер) қозғалысты беруге червякті берілістер қолданылады. Червякті берілістерінің қозғалысы винт жұптарының қозғалысына ұқсас. Винт қызметін червяк атқарады да, червяк дөңгелегі ұзын гайканы шеңбер бойымен игенде шыққан секторға ұқсайды. Сондықтан червякті берілісте тісті берілістің, сондай-ақ винтті берілістің қасиеттері бар. Доға пішінді етіп жасалған червяк дөңгелегінің тісі жана-су кернеуін азайтуға мүмкіндік береді.
Червякті берілістердің тісті берілістен артықшылықтары: а) беріліс саны-ның көптігі u = 8...80 (кейбір кинематикалық берілістерде u = 500-ге дейін жете-
ді); ә) бірқалыпты және дыбыссыз жұмыс істеуі; б) өздігікен тежеу қабілеттілігі, в) көлемі мен салмағының аздығы.
Сонымен қатар мынадай кемшіліктері болады; 1) Сырғанау үйкелісінің шамасы үлкен болғандықтан: а) пайдалы әсер коэффициенті төмен (u = 0,7...0,9); б) тез қызады, п. ә. коэффициентінің аздығынан қуаттың біршама белігі жылуға айналып кетеді; в) антифрикционды қымбат материалдар қолдануға мәжбүр етеді, олар да үйкеліс күшін азайту үшін керек;
2) жасау технологиясы күрделі және қымбат, себебі арнаулы станоктарды кажет етеді;
3) пайдалы әсер коэффициенті аз болғандықтан өте көп қуат беруге жарамайды (куаты не бары 50 кВт-тан аспайды).
ЧЕРВЯКТІ ЖҰПТЫҢ КИНЕМАТИКАСЫ МЕН ГЕОМЕТРИЯСЫ
Червякті беріліс кинематикасы тісті беріліс кинематикасынан өзгеше келеді. Біріншіден, беріліс санының шамасын диаметрлер қатынасы арқылы анықтауға болмайды. Екіңшіден, червяк пен дөңгелектерінің - шеқберлік жылдамдықтары әр түрлі жазықтықта бағытталғанына байланысты, олардың шамасы мен бағыты да әрқилы келеді. Сондықтан червякті берілістерде, әл-бетте сырғанау пайда болады.
Червякті жұптардың беріліс саны, червяк бір айналғанда, червяк дөңгелегінің ілінісетін тістер санына тең болады
(21.1)
мұндағы n2,z2— дөңгелектің айналым тістер саныс n1,z1—червяктің айналым және червякті бұранда сызығының кірме саны.
Беріліс саны әдетте 8-ден 80-ге дейін болады. Қазіргі кезде червякті берілістердің беріліс саны да стандартталған (МЕСТ 2144-76).
Сырғанау үйкелісінің кеп болуы салдарынан червякті берілістің қуаты 50 кВт-тан артпайды. Червяк винтінін, қадамы Рt ілініс қадамы деп аталады да, ал оның π-ге қатынасы ілініс модулі деп аталады
(21.2)
Червяк бұрандасы бір кірісті және көп кірісті болуы мүмкін, Ол z1 арқылы белгіленеді. Червякті берілістің негізгі өлшемдері стаңдартталған, МЕСТ 2144-76 (21.1-кесте).
Червяк бұрайдалы виңттерге ұқсас, сондықтан оларда бұранда сызығының кіру санына байланысты бір, екі және төрт кірмелі болып келеді. Кірме саны артқан сайын червякті берілістердің пайдалы әсер коэффициенті жоғарылайды.
Червяктің бұранда сызығының көтерілу бұрышы МЕСТ 2144-76
(21.4)
мұндағы S=Ptz1 —червяк жүрісі.
Достарыңызбен бөлісу: |