Пісіріп қосудың беріктігі және мүмкіндік кернеу.Пісіріп қосудың беріктігі негізгі материалдың сапасына және оның пісірілу қабілеттілігіне, пісіру технологиясының жетілдірілуіне, әсер етуші күштерге (бірқалыпты немесе айнымалы) байланысты болады.
Құрамында көміртегі аз болаттардың пісірілу қабілеттілігі, көміртекті болаттар мен түсті материалдардың қорытпаларынан жасалған бөлшектерден жоғары келеді.
Пісіріп қосылған қосылыстардың беріктігін флюс қабаты астындағы автоматты пісіру, бүркеніш газ ортасында пісіру және қосылысты пісірілгеннен кейін жылумен өңдеу арқылы арттыруға болады. Ал мүмкіндік кернеу мөлшері тәжірибе жүзінде жапсардың сапасы мен түсетін күштің түріне және электродқа байланысты табылады.Қазіргі машина жасау өндірісінде қолданылатын мүмкіндік кернеудің шамасы берілген.Легирленген болаттардан жасалған бөлшектерге статикалық күштер әсер еткенде және көміртегі аз болаттан жасалған бөлшектер үшін берілген мүмкіндік кернеулер көрсетілген. Керілісті қосылыс.Жанасу беті цилиндрлі (жұмыр) болып келген екі бөлшекті бір-бірімен қосымша элементтердің (болт, шпонка, шлиц т.б.) көмегінсіз-ақ қосуға болады. Ол үшін бөлшектер керіліс туғызатындай етіп жасалады да, жинау кезінде бір-біріне престеліп қосылады. Ал керіліс дегеніміз тесік пен білік диаметрлерінің теріс таңбалы айырмашылығы, яғни керілісті қосылыс деп бөлшектерді бір-біріне сығымдап қосуды айтады. Сонда жанасу беттерінде меншікті қысым мен үйкеліс күші пайда болады.Осы үйкеліс күшін пайдаланып, қосылыс айналу моментімен қатар осьтік күш те бере алады. Инженерлік практикада мұндай қосылыстарды престі қосылыс деп атайды. Престеп қосу үш әдіспен орындалады: салқын престеу, втулканы қыздырып немесе білікті суытып және жеңіл престеп қосу. Престеу, ажырату күші және бөлшектер бетінде пайда болатын деформация керіліс шамасына тікелей байланысты.
Пресстеу – бөлшектерді қосудың ең қарапайым және кең таралған түрі, бірақ бұл әдістің бір кемшілігі – бөлшектердің бетіндегі бедерлер қиылып, күш біркелкі тарамайды.Бұл кемшіліктерді втулканы қыздырып немесе білікті суытып жинау арқылы жоюға болады. Қыздырып жинау әдісінің кемшілігі, қыздыру кезінде металдың құрылысы өзгеруі мүмкін, сондықтан соңғы уақытта суытып жинау әдісі кеңінен қолданылып келеді. Оңай жиналуды қамтамасыз ететін білікті суытуға немесе втулканы қажетті температураға қыздыру мына формуламен есептеледі: мұндағы d – қодырғы диаметрі, мм; - ең үлкен керіліс, - қажетті саңылау, (қозғалмалы қондырудың минимал саңылауына тең); - сызықтық ұлғаю коэффициенті (болат пен шойын үшін 10·10-6 оС-1).
Достарыңызбен бөлісу: |