Ќазаќстан Республикасыныњ бiлiм жєне ѓылым министрлiгi


Қосылыстар. Олардың түрлері



жүктеу 16,7 Mb.
бет130/148
Дата14.05.2018
өлшемі16,7 Mb.
#13255
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   148
15.Қосылыстар. Олардың түрлері.

Машинаның бөлшектері мен тораптары бірімен-бірі әр түрлі тәсілмен қосылады. Сол тәсілдердің барлығын ажырамайтын қосылыс деп екі түрге бөлуге болады.Ажырамайтын қосылыс деп бөлшектерді бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп біржола қосуды айтады.Оған үш түрлі қосылыс жатады: бөлшектерді пісіру немесе дәнекерлеу арқылы қосу, заклепка – тойтарма шегемен қосу және бөлшектерді бірімен-бірін нығыздап жылжымайтындай етіп қосу. Ажырамалы қосылыстар арқылы қосылған бөлшекті тез арада бөлшектеп қайта жинауға болады, олар бірімен-бірі бұрандалы бөлшектер немесе саны мен штифтер, шпонкалар арқылы қосылады.



Болшектерді пісіріп қосу. Пісіріп қосу деп, дене молекулаларының қосылыс күштеріне негізделген, бөлшектердің аздаған аумағын қыздырып, пластикалық күйге жеткізіп, белгілі күшпен қысып немесе балқытып қосатын ажырамайтын қосылысты айтады.

Машина бөлшектерін пісіріп өте берік қосылыстардың бірі болып табылады, олардың беріктігі белгілі жағдайда біртұтас бөлшектердің беріктігінен кем түспейді. Сондықтан қазіргі машина жасау өндірісінде пісіріп қосу кеңінен қолданылады.

Бөлшектерді пісіріп қосудың заклепкалы қосуға қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Атап айтқанда:

1) Заклепкалы қосылыстарды пісіріп қосумен алмастырғанда металдар 15-20 % үнемделеді;

2) Пісіріп қосу заклепкалы қосылыстарға қарағанда берік келеді, себебі заклепка қондырылатын арнаулы тесіктер қосу денелерінің қима ауданын кемітеді;

3) Пісіруге керекті жабдықтардың бағасы мен тісіру технологиясы арзан және де оларды автоматтандыруға болады.

Қазіргі кезде осы артықшылықтарына байланысты пісіріп қосу заклепкалы қосылыстарды толық ауыстырып келеді. Мысалы, көпірлер, құрылыс конструкциялары, жүк көтергіш крандардың металл конструкциясы түгел пісіріп арқылы құралады.

Пісіріп қосудың аздаған кемшіліктері де бар. Мысалы, қыздыру арқылы қосқанда бөлшектер қимасында аздаған күш кернеуі пайда болады, оның үстіне пісіріп қосу заклепкаға қарағанда айнымалы күштерді нашарлау қабылдайды.

Бірақ, қазіргі уақытта пісіріп қосудың жаңа әдістері, атап айтқанда, диффузия құбылысын пайдаланып пісіру, электрон сәулесімен пісіру, үйкеліспен пісіру немесе инертті газдың бүркемесімен пісіру әдістері кеңінен пайдаланылып келеді. Сонымен қатар, осы жаңа әдістер арқасында легирленген болаттардың және түсті металдар қорытпаларының беріктігін кемітпей, пісірумен қосуға болады. Сондай-ақ қазіргі кезде осы әдістермен өте жіңішке (d=0,1 мм) сым темірлерден бастап қалындығы бір-екі метрге жететін қорап бөлшектерін да пісіру арқылы қосуға болады

Пісіріп қосудың түрлері.Технологияға байланысты пісіріп қосуды екі түрге бөлуге болады.

1. Бөлшектердің шамалы ауданын қыздыру арқылы балқытып қосу. Оған электр доғасымен, электр шлакпен, электрон сәулесімен, газбен, флюс қабатының астында автоматты, аргонды доғымен пісіру және т.б. жатады. Бұлардың ішінде электр доғасымен пісіру бірнеше әдістермен орындалады: а) қолмен пісіру; б) флюс қабатының астында автоматты пісіру.

Пісіру жұмысының көлемі аз болса, қолмен пісіру әдісі қолданылады. Бұл әдіспен қалындығы 12...40 мм-ге дейінгі бөлшектерді қосуға болады.

Сонымен қатар жұқа металдар мен түсті металдар қорытпаларын қосу үшін қорғаныш газ бүркемесімен пісіру әдісі де кеңінен тараған. Мысалы, аргонды доғалы және көмір қышқыл газының бүркемесінде пісіру.

Ал қалындығы 2...60 мм-ге дейінгі сапасы жоғары болаттар мен түсті металдардың қорытпасынан жасалған бөлшектерді пісіру үшін автоматты пісіру әдісі қолданылады.

Егер жапсарлар қысқа болса, онда жартылай автоматты пісіру әдісін қолдануға болады. Электр доғасымен пісірілген жапсар бірнеше аймақтан тұрады және жапсарлардың жалпы беріктігі осы аймақтарға таза орындалуы мен беріктік қасиеттеріне байланысты.

Электр шлакпен пісіру. Бұл әдіс те, электр доғасымен пісіру әдісісияқты жылудың көмегімен орындалады. Бірақ мұнда токтың шлак ваннасы арқылы өткен кезде бөлінетін жылу алынады. Электр шлакпен пісіру көбінесе қалындығы 1...2 м-ге жуық бөлшектерді қосу үшін қолданылады, айталық үлкен станок корпустары және т.б.

Газбен пісіру. Газбен пісіру деп, жанғыш газдың оттегінде жануынан пайда болған жылумен пісіруді айтады. Газбен пісірілген жапсардың сапасы электр доғасымен пісірілген жапсардың сапасынан кем. Сондықтан бұл әдіс түсті металдардан, шойыннан жасалған жұқа бөлшектерді пісіріп қосқанда және жөндеу жұмыстарында ғана қолданылады.

2. Пісіріп қосу технологиясының екінші бір түрі – металдарды пластикалық күйге жеткізіп, қосылатын бөлшектерді күшпен қосу арқылы пісіру. Бұған тоғыстырып пісіру, нүктелі және роликті пісіру әдістері жатады.

Бөлшектерді вакуумда түйістіріп, диффузия құбылысын пайдаланып пісіруге болады. Бұл әдіспен металдар ғана емес, графит пен керамикалық материалдар да пісіріледі. Сонымен қатар, пісірумен қосу бөлшектердің өзара орналасуына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: түйістіріп қосу, айқастырып қосу, бастырмалы қосу және перпендикуляр қосу.


Пісіріп қосудың конструкциясы және оның беріктігін есептеу.Түйістіріп қосудың орындалуы қарапайым және сенімді болып келеді. Ол қосылатын бөлшектердің қалындығына байланысты бірнеше жолмен жүзеге асырылады.

Егер қолмен пісірілетін бөлшектердің қалындығы 5...8 мм-ге дейін және автоматты пісірілетін бөлшектердің қалындығы 15 мм-ге дейін болса, жиектерін өңдеудің қажеті жоқ болады. Ал қалың бөлшектерді пісіріп қосу үшін олардың жиектерін өңдеген жөн.

Егер жапсар бір жақ бетте ғана болса, бөлшектердің жиегін «V» түрлі етіп, ал жапсар бөлшектердің екі жағынан да жасалса, олардың жиектерін «Х» түрлі етіп өндеу қажет. Бұл әдіспен қалындығы 40 мм-ге дейінгі бөлшектерді пісіріп қосуға болады. Түйістіріп қосылған жапсарлар сызбаға С3, С4, С15, С11, С23, С20, С22 деп белгіленді. Іс жүзінде түйістіріп пісірілген қосылыс жапсар аймағындағы қауіпті қиманың беріктігін табу арқылы есептеледі.

Егер қосылыс созылуға және иілуге жұмыс істесе, онда пайда болатын кернеулердің шамасы, яғни созылу және иілу кернеулері былай анықталады.





мұндағы b және S – қосылыстағы бөлшектердің ені мен қалыңдығы; ` - пісіру қосылыстарындағы мүмкіндік кернеуі. Бұл мүмкіндік кернеудің негізгі материал үшін берілген мүмкіндік кернеуге қатынасын қосылыстың беріктік коэффициенті деп атайды

Кейде қосылыстың беріктігін күшейту үшін қисық жапсарлар қолданылады. Бұл жағдайда қосылыстың беріктігі негізгі материалдың беріктігіне тең деп алынып, формула арқылы есептеледі.


жүктеу 16,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   148




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау