Мұндағы: К – несие сомасы, теңге
t – жылдар (айлар) саны
Е проценттік ставка , %
Формулалар сызба шрифтімен 2,5 мм – ден кем емес биіктікте жазылуы тиіс. Егер барлық формулалар жұмыс мәтінінде болса, қосымшада келтірілген формулардан басқасы бөлім шегінде араб цифраларымен номерленеді, формула номері нүктемен бөлінген. Формула реттік номер мен бөлім номерінен тұрады. Мысалы: ….(3.1.) Номерді домалақ жақша ішінде формула жолының деңгейінде беттің оң жағына жазады. Формуланы алмаспайтындай номерлеуге болады.
Формуланы келесі жолға тасымалдау тек қана орындалып отырған операция белгісінде болады және белгі келесі жолдың басында қайталанып жазылады. Формуланы тасымалдағанда көбейту (х) белгісі қолданылады.
Мәтіндегі формула номеріне сілтеме домалақ жақшамен беріледі, мысалы: …………(2.1.) формуласындағы.
2.5. Библиогарфиялық сілтемелер.
Курстық жұмысы жазу барысында автор мәліметті немесе жеке нәтижелерін қайдан алғаны туралы ақпарат көздеріне библиографиялық сілтеме пайдалануына болады.
Библиографиялық сілтеме жазылған құжат туралы нақты тура мағұлматты қамтамасыз етеді, қажетті ақпаратты көрсетеді, құжатты іздестіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар оның мазмұны көлемі, мәтіндік тілі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Қайнар көздеріне сілтеме тік жақшамен жұмыс мәтінінде келтірілген цитатадан кейін көрсетіледі. Мысалы: …… М: Ф. Шеримова [12] және Н.А.Шеген [23] деп есептейді”.
Егер шығарманың белгілі бір бетіне сілтеме жасаласа, онда сілтеме келесідей үлгіде болады: “Меньшиков өзінің кітабында [20. – б. 29) ] былай деп жазды…”
Көп томдық басылымдардағы сілтемелер, сонымен қатар томның номерін көрсетеді көрсетеді. Мысалы: [18-Т1-б.75]
Егер тізім номерленбесе, онда сілтемеде библиографиялық сипаттаманың бастапқы сөздері қойылады: автордың аты, бөлімнің алғашқы сөздері және шығарылған жылы. Мысалы: [Ильясов К.К., Исахова П.Б.,2003], [Мемлекеттік бюджеттің шығындары].
Егер сілтеме сол автордың бір жылда шыққан әр түрлі шығармаларына берілсе, онда басылымға алфавит тәртібінде әріптер қосылады: [[Ильясов К.К., Исахова П.Б., 2003 а], [Ильясов К.К., Исахова П.Б., 2003 ә ]].
Жалпы құжатқа немесе оның бөлімдері мен қосымшаға сілтеме жасалады. Бөлімшелерге, тарауларға, кестелерге және суреттерге жасауға болмайды.
Мәтіндегі ақпарат көздеріне сілтеме жасағанда тік жақша ішіне алынған, әдебиеттер тізімі бойынша реттік сан келтіру қажет.
2.6. Ескерту.
Мәтінге және кестеге ескерту тек анықтама және түсініктеме мәліметтерге көрсетіледі. Егер ескерту біреу болса. Онда оны номерлемейді және “Ескерту” деген сөздеп кейін нүкте қойылады. Егер ескертулер бінешеу болса, онда “Ескерту” сөзінен кейін қос нүкте қойылады. Ескерту нүктемен және домалық жақшамен араб цифраларымен номерленеді, Мысалы: Ескерту:
1)
2)
Егер ескерту кестенің соңында болса, онда барлық жағынан сызықтармен жабылған болуы керек.
2.7. Суреттік мәліметтер.
Суреттік мәліметтердің негізгі түрлеріне мыналаржатады:сызу, техникалық сурет,сызба, диаграмма,график және кесте. Курстық жұмыстың мәтіндік форматында кестеден басқасының барлығы сурет ретінде болады.Мысалы:
1 сурет. «Негізгі өндірістік қорлардың құнының өсу динамикасы» Суреттерді барлық жұмыс барысында араб цифрларымен реттік номермен номерлеу керек.
Мәтіндік жұмыстағы сызба,график, диаграмммаларды көрсеткеннен кейін 1 жол қалдырумен немесе келесі бетте немесе қосымшада көрсетіледі. Барлық суреттерде сілтемелер болуы керек. Суретті мәтінге енгізген жағдайда, диаграмма немесе сызба салғанда да негізгі мәтіннен бір жол қалдыру керек, ал суреттің аты осы суреттің астына жазылады. Мысалы:
-
1кв 2кв 3кв 4кв
1 сурет. « Негізгі өндірістік қорлардың құнының өсу динамикасы.»
Егер кестенің графигіндегі сандық мәліметтер физикалық өлшемнің әртүрлі бірлігінде болса, онда әрбір графаның тақырыпшасында оларды жеке көрсетеді. Егер кестедегі барлық өлшемдер белгілі бір физикалық өлшемде көрсетілсе (мысалы: мың теңге),онда физикалық өлшемнің қысқартылған түрі кестенің үстіне жазылады. Кестеде өлшемдер белгілі бір физикалық өлшем бірлігіндегі графалар берілген кезде,егер басқа да физикалық өлшем бірлігінде көрсетілген ккөрсеткіштер кестенің үстіне жазылады,ал басқа физикалық өлшемдер туралы мағұлматтар сәйкес келетін графаның тақырыпшасына жазылады.
Жазу үлгісі:
1 кесте.
Маркасы бойынша құрал-жабдық сипаттамасы.
Көрсеткіш атауы
|
Типі үшін норма
|
Р-25
|
Р-75
|
Р-150
|
Р-300
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1) Максималды өтімділік мүмкіндігі дс кіші емес
|
25
|
75
|
150
|
300
|
2) Масса,кг,
артық емес
|
10
|
30
|
60
|
200
|
Достарыңызбен бөлісу: |