3. Орман және жылу.Ағаш өсімдіктерінің өсіп-дамуына жылудың белгілі саны керек, яғни жылу құбылымы (режим), ол температураның көлемге (ауа, топырақ, су беті) жайылуы және оның әрқашан өзгеруі. Жағымды температурасыз дәндер өнбейді. Бірақта жер шарында өсімдіктер өсіп-дамуға жылу әртүрлі және өзгерісті керек. Ауа мен топырақтағы температура әрқашан өзгеріп тұрады. Ол тек жыл ішінде емес, тәулік және сағат шеңберінде өзгеріп тұрады.
Өсімдіктердің жылуға талабы әртүрлі және құбылмалы, жылу жағдайларына қойылатындай. Сондықтан жылу жағадайлары фактор ретінде орманның өсіуне әсер етеді. Ағаштар мен бұталар нольден жоғары температурада өсіп – дамиды. Ағаш өсімдіктерінің тамырлары топырақ температурасы 5º жоғарыда дамиды, фотосинтез 0-40 ... 50 º жүреді, ал жағдайлы температура 30 ... 35ºС. Дәннің өнуі, гүлдеу және тісу әр тұқымда өз қолайлы температурасында жүреді. Ал суық ауа – райы гүлдеуді, жемістің пісуін, кейде өнімнің болмауына келтіреді.
Жылу басқа климаттық әсерлермен және әсіресе жапырақпен тығыз байланысты. Күннің шуақтық күші – ағаштар мен бұталарға негізгі жылуды әкеледі. Орманның жарықтануы, өзгеруі жылу құбылымына келтіреді. Жаздың өзінде, бұлтты күні күн сәулесі топырақ бетіне аз түседі, сондықтан суыту байқалады. Жылу жауын-шамшынмен байланысты. өсіп-даму кезіндегі жауаынның көп болуы температураның төмендеуіне келтіреді. Ормандағы ағаштардың діңдеріде, бөрікбасыларыда, фотосинтез үдірісі, транспирация жылу бөледі.
Жылуға талаптануымен барлық ағаштар негізгі екі топтарға бөлінеді: жылу сүйгіш және салқынға төзімді, олар ұзақ уақыт төмен оңтайлы температураларға төзімділік көрсетеді (+1... +10 ºС). Сонымен қатар аязға төзімді ағаштар бар. Олар салқынға да төзімді.
Ағаштың сыртқы пішінімен жылуға қатынасын білуге болады. Қабықтануы, түктенуі, бүршігінің қабықтануы ағаштың аязбен суыққа төзімділігін көрсетеді. Жылу сүйгіштерге емен, грек жаңғағы, қараған т.б., ал салқынға төзімділерге қайың, қандағаш, бал қарағай, қарағай жатады.
Ағаш өсімдіктерінің өсуі мен дамуына, өте төмен және жоғары, температуралар әсер етеді. Көктемгі кеш және күзгі ерте үсіктер болады. Олар күндізгі жылылыққа қарамай ауада әлде топырақ бетінде түнде болады және жас ағаштарға көп зиян әкеледі. Өйткені негізгі өркен зақымдалады сосын көп тармақтанып сүрек сапасын төмендетеді.
Үсіктердің тағы екі түрі бар: адвекативті – арқтикадан келетін суық ауаның әсерімен болады; радиациялық – ол топырақтан жылу шыққанда түн салқын болады. Адвекативті үсік зиянды және ұзақ болады. Үсікке өте сезімтал – емен, шамшат, шаған, ал төзімділер – бал қарағай, қайың, қарағай, қандағаш, көктерек, шетен.
Ағаштардың өте төмен температуралармен зақымдану кездеседі, олар аяз тудырған жарықтар деп аталады. Олар қыста ауа температурасы күрт төмендегенде болады. Жарықтарда зиянды жәндіктер, саңырауқұлақтар спорлары орнығады, сондықтан сүрек сапасы төмендейді. Қар аз түсіп, аяз - 40º С төмен және ұзақ болса шыршаның қылқандары қызарып түсіп қалады, сосын ағаш өледі.
Орман өзі ауа мен топырақтың температурасына әсер етеді (мысалдар келтіру керек).
4.Орман және жел. Жел, ауаның жер бетінде қыймылдауы, ол атмосфера қысымының біркелкі болмауымен байланысты, бұл экологиялық ықпал, сондықтан орман тіршілігіне көп әсер етеді. Ол әсер пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін және желдің жылдамдығымен байланысты. Желдің пайдалы мағнасы, көптеген шаруашылықта бағалы ағаш тұқымдастар (қарағай, шырша, емен, қайың, бал қарағай т.б.) желдің көмегімен тозаңданады. Оның көмегімен қылқан жапырақтылар және жапырақтылар ағаштарының дәндері жәйіледі. Қарағай, шырша, бал қарағай дәндерінің қанатшалары бар, онымен ұшу жеңілдейді.
Жәйлі жылымдағы бар жел транспирацияны реттейді (5...8 м (с), яғни ағаштар және бұталар ылғалды жәйлі физиологиялық буландырады. Ол, фотосинтезді белсендетеді, өйткені атмосфералық буландырады. Жел суық ауаны жылымен араластыра отырып топырақта үсікті болдырмайды.
Өте қатты жел 14 .. . 20 м/с жылдамдығымен, ал 20...25 м/с дауыл, қатты дауыл (30 м/с жоғары) орманға кері әсер етеді, ол орман шаруашылығын шығындандырады. Ол желдер жел сұлатпаға, онда ағаш діңі сынады, келтіреді.
Желдің тек бір жақтан соққнынан ағаштарда бір қырлы бөрікбасы қалыптасады, діңі қыйсық болады, олар сүректің техникалық сапаларын төмендетеді. Қысқы уақытта желдің әсерімен ағаштар шимай –шатақ болады, ол қайыңдар шырша және қарағайлармен өссе жиі болады. Сол себептен қылқандар шапқан уақытында сұлатпаға және құламаға соқтырады.
Желдің кері әсерін азайту үшін орман шаруашылығы тәсілдерін қолдану керек. Шырша өсінділерінде орта және жоғары жиілік сақтау керек. Желге төзімді және желде сұламайтын ағаштарды қолдансақ желге төзімділік жоғарылайды. Тағы бір шара, күту және санитарлық кесулерді қолдану.
Орман желге көп әсер етеді. Ол, ағаштар бітімінің биіктігіне, толықтығына, жиілігіне, жасына және құрамына қарай болады.
5.Ауа және орман. Ауа газдардың табиғи араласы, атмосфера құрамындағы, негізінде азот (78 %) және өттегінен (21 %) тұрады. Тағы аргон (1 % шамасында), көмір қышқылы (0,03 %), инерттік газдар (неон, криптон т.б.) бар. Ауада шаң, түтін, өндіріс газдары, су, бектерийлер, вирустар және т.б. болуы мүмкін.
Ауалық азот микроағзалар тіршілігінің әсерімен жер бетінен бөлінеді және ағаш пен бұта өсімдіктерімен аз қолданылады. Ол жауын-шашын болғанда өсімдіктермен, ауадан түйін бактерийлермен қортылады. Топырақтағы азоттың, мағнасы зор, өйткені ағаштармен бұталардың негізгі көректік заты және белок молекуласына кіреді. Оттегі орманның тыныстануына керек, яғни органикалық заттар тотығын көмір қышқылы мен су айналады және энергия бөлінеді. Тірі ағзалар тыныстанғанда өттегін жұтып көмір қышқылын бөледі. Сонымен қатар фотосинтез үдірісінде өсімдіктер өттегін бөледі. Ол белоктар, майлар және углеводтар құрамына кіреді, яғни орынды тіршілік жасайды. Кейбір орман өсімдіктерінің өттегін өндіруі мынадай: - 4 ... 11 т (жылына, шыршалар – 5 ... 13, емендер – 6 ... 14).
Ағаштар тіршілігіне көмір қышқыл газы (СО2) өте мағналы, ол адамлар, жануарлар және өсімдіктер тыныстанғанда, өсімдіктер және жануарлар қалдықтары шірігенде, бұзылғанда, жанғанда пайда болады. Жер атмосферасында жылына 20 млрд.т. көмір қышқылы газы және аэрозольдері қосылады. Көмір қышқылы газы фотосинтез жүргенде органикалық заттарды құрастыруға керек. Көміртегі ағаш өсімдіктерінің құрғақ заттарының 50 % құрастырады, яғни сүректің.
6.Орман және ылғал
Өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуге ылғал әсер етеді. Су тірі өсімдіктің құрамына кіріде, ол ағаш және бұта өсімдіктерінің тіршілігінде зор биологиялық роль атқарады. Оның тіршіліктік өсу орнында, жапырақтарда, шырынды жемістерінде 80...95 % дейін су болады.
Заттар ауысу, жасушалар бөлініп өсуі үдірістері, жасушаларда су, көп болса, қарқынды жүреді. Сусыз фотосинтез үрдісі де болмайды. Ұлпаның сусыздануы протоплазманың өлуіне келтіреді. Жасуша көректенуге керек заттардың ерітушісі су. Сумен бірге тамырдан жапырақтар және өсу нүктесіне минералдық заттар жеткізіледі. Ылғалсыз дәндер толмайды және өнбейді, яғни орман өзін-өзі толықтырмайды.
Су – Жер шарында өсімдіктердің өмір сүруімен таралуының зор эколоогиялық факторы, күн сәулесімен атмосфералық айналыммен, жер бетімен және жылу ауысуымен қатар. Жер биосферасында климат қалыптастырушы фактор. Орманда ылғалдың негізгі көзі жер астындағы сулар және атмосфералық жауын-шашын, олар сұйық (жаңбыр, қырау) және қатты (қар, бұршақ, боз қырау) болады. Орман өмірінде көп мағналы - жаңбыр, қар, бұршақ, қырау. Жаңбыр физиологиялық және сирек физикалық әсер етеді, өйткені ол өсіп – даму кезеңінде ылғалдың негізгі қамтушысы. Қырау – су парлары конденсат құрастырып шөп бетінде кішкентай тамшылар қалпында қалады. Қар топырақты көктемде суландырады, өсімдіктерді тоңып және үсуден сақтайды. Бұршақ 0,5 ... 2 см мұз қиыршықтары ретінде ағаштарды механикалық зақымдайды.
Ағаштар мен бұталар жауын-шашынды әртүрлі қабылдайды. Өсімдіктерге су керектігі негізінде ауаның температурасы мен ылғаллдылығына байланысты. Егер температура жоғары болып ылғалдылық төмен болса, онда су көп керек. Ағаш бітіміде, яғни құрамы, жасы және сумен қамтамасыз етілу мен метеорологиялық жағдайлары. Аралас орманнан таза қарағайлар суды аз жұмсайды. Ағаш бітімінің жасы үлкеюімен ылғал жұмсауы көбейеді. Құрғақ ыстық ауа – райында да осындай жағдай байқалады. Ағаш тұқымдастарын суға талап қоюына қарай ксерофиттерге, гигрофиттерге бөледі. Судың тапшылығына шыдайтындар – ксерофиттер, мысалы кәдімгі қарағай, су молшылықты талап ететін өсімдіктер – гигрофиттер, мысалы қара қандағаш.
Орман жауын – шашынның қанша және қандай жерде болатынына әсер етеді, өйткені ол өскен жерін суытуымен байланысты. Ормансыз жерде 10...15 % жауын – шашын аз болады. Құрғақ жердің су балансы Г.Н. Высоцкий усынған формуламен анықталады: N = A + F + V + T, бұл жерде N – түскен жауын-шашын мөлшері; А – жер бетінен ағатын (15 .... 35 %); V- ағаштар, шөптер, жер беттерінен буланатын (15 ... 50 %); F - өсімдіктер астынан ағатын (15 ... 35 %), T – транспирация (20... 40 %).
Аталған көрсеткіштердің барлығы көптеген жағдайлармен байланысты, мысалы,жер бетінің тегістігі, өсетін өсімдіктер құрамы мен қалыңдығы.
Бақылау сұрақтары:
Орманның өсуіне климаттың маңызы қандай?
Күн радиациясының орманға әсері туралы не білесіз?
Ағаш түрлерінің жарыққа байланысты қандай топтары бар?
Орман тіршілігіндегі жылудың маңызы неде?
Желдің ағаштың тамыр жүйесіне және топырақтың ауа режимі әсері қандай?
Ағаш түрлерінің зиянды газдарға қатынасын атаңыз.
Тақырып 3. Биотикалық факторлардың орманға әсері
Мақсаты: биотикалық факторлармен танысып, олардың орманға тигізетін әсеріне сипаттама беру.
Жоспар:
Орман және макрофауна
Орман және мезофауна
Орман және микрофлора
Орман және макрофауна. Ормандарды мекендейтін хайуандар түрлерінің бірлестігі, орман фаунасын құрастырады. Макрофауна – жабайы жəне үй жануарлары, құстар, ірі насекомдар, жыландар, шаяндар жəне т.б.жатады. Орман хайуандарға қорек және баспана береді. Ол жерде олар ұялар салады, індер қазады, дәндер мен жемістерді, бұталарды, жапырақтарды, шөптерді, жәндіктерді және басқа хайуандарды жейді. Орман топтануы күрделене және түршелене келе азық көбейеді, баспана берік болып орман фаунасыда әр түрленеді. Күрделі фауналық кешендер қалыптасады, олар орманның әр түрлі бөлігіне орайластырылады: топыраққа, төсенішке, шөптерге, бұталарға, ағаштарға. Құстар мен аңдар бір – бірімен, өсімдіктермен, топырақпен, бедермен, климатпен тығыз қарым – қатынаста. Олар орманның құрамдық бөлігі. Мына құстар – тоқылдақ, қайшыауыз торғай, саңырау құр, қарабауыр, құр және сүт қоректілер – ақ тиін, алатышқан, бұлғын, аю орманның тұрғылықты мекендеушілері және оның сыртында өмір сүре алмайды. Орманда басқа да көптеген құстар мен аңдар бар, олар басқа алқаптарда таралған, бірақта ол жерге әрқашан келеді. Олар түлкі, қасқыр, ақкіс, көк қарға, сасықкөкек.
Орманды – далалы жердегі ормандарда болатындар сусар, борсық, орқоян құстардан – құтан, қаратаған, шәуқарға, қараторғай.
Орман фаунасының түрлік құрамына адам іс - әрекеті зор әсер етеді, ол орманды жалпы және талдап кесу, орман жерлерін жырту, құнды жануарлар мен құстарды жою. Ақ тиін, сусар және басқа жануарлар тегіс жоқ болып кетеді. Олардың орнына ашық жерлерді сүйетіндер келеді: бозторғай, қаратамақ торғай, бөдене, құр, көртышқандар, көптеген тышқандар.
Орман аймағының көптеген көлемін қаулап, фаунаның түрлік және сандық құрамын күрт өзгертетін, орман өрттері. Ол өртттер орманды, көптеген аңдар мен құстарды жойып жібереді, сондықтан орман өсімдіктері мен әсіресе жануарлар әлемі қалпына ұзақ уақыт келмейді.
Хайуанаттардың тиімді мағнасы көп салалы, ең маңыздысы дәндер мен жемістерді таратуда. Жануарлар оларды шәшіп өнуіне мүмкіндік береді. Аңдар мен құстардың ас қорытатын органдарынан өтіп өнгіштігін жоғарылатады және алыс жерлерге жайылады. Мысалы, барқылдық торғай жеміс өсімдіктерінің 30 түрінің дәндерін таратады. Тышқандар, ала тышқандар дәндер мен жемістердің қорларын жасағанда қалдықтары қолайлы жағдайларға түскенде өніп жаңа өсімдікке бастау береді. Сондықтан, өртенген, кесілген, зиянкестермен орман жойылған жерлерде орманды келтіруде құстар мен аңдардың мағнасы зор.
Көптеген жәндіктер орман ағаштары мен бұталары тозаңдануға әсер етеді. Жыртқыш және омыртқасыз жәндіктер, жәндіктер жегіш құстар, кейбір сүт қоректілер зиянды жәндіктерді жеп сандарын азайтады.
Жануарлар орманға белгілі зиян келтіреді, өйткені табиғи көбеюі дәндердің өнімділігі төмендеумен байланысты. Олар бағалы ағаш тұқымдарының дәндері мен жемістерін жейді. Дәндер мен жемістерді тышқандар мен сұртышқандар да белсенді жояды. Бір тышқан тәулігіне 1400 дәнге дейін жейді.
Сүт қоректілер қылқан және жапырақты жас өсімдіктерді қатты зақымдайды. Тышқандар және әсіресе сұртышқандар қардың астындағы жас ағаш өсімдіктерінің вегетативтік бөліктерімен қоректенеді. Олар өздігінен өсетін және жас өскіндерді 25% дейін жояды.Оларды сонымен қатар қояндар, бұландар, еліктер, бұғылар қабығын кеміріп және жұқа бұталарын тістеп зақым келтіреді.Әсіресе көп зақымдауларды бұландар жасайды.
Фауна шөп. Мүк және қына өсімдіктеріне, орман төсенішіне әсер етеді. Ормандық тұяқты аңдар мен кеміргіштер азық ретінде шөптерді, мүктерді, қыналарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді қолданады. Қарабауыр, құр, ақ құрлар көптеген жидектерді жиді. Сондықтан хайуандар жер бетіндегі өсімдіктердің түрлік құрамына әсер етеді.Көптеген орман құстары жәндік қоректі сондықтан орманның санитарлық жағдайын жақсартады. Зиянды жәндіктердің жұлдызқұрттары және құрттарымен азықтанатын мына құстар – көктеке, көкек, сары шымшық, сары торғайлар өте пайдалы.
Орман және мезофауна. Мезофауна – топырақ құрттары, моллюскалар, көпаяқтылар, əртүрлі насекомдар.
Жәндіктер орманның ажыратылмайтын бөлігі. Олар топырақтағы заттар айналымын жеделдетеді, топырақ қалыптасу процесіне белсенді қатысады, ағаштар мен бұталарды тозаңдатады, көптеген аңдар мен құстардың азығы болады, зияды жәндіктерді жояды ж.т.б. Сонымен қатар жәндіктер орман және ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, паразиттер және жануарлар мен адамдарға аурулар жұқтырады ж.т.б.
Орман аңдары мен құстары аңшылық шаруашылығының құнды объектісі болып есптеледі.
Орман және микрофлора. Микоризалар мен бактериалар өсімдіктің қоректенуінде маңызы зор. Микориза – ол жоғары (хлорофильділер) сатыдағылардың тамырлары мен топырақ саңырауқұлақтарының селбесіп тіршілік етуі. Саңырақұлақтар тамырдың үстіңгі қабатына (экотрофты), немесе тамырдың ішіне ( эндотрофты) еніп, өсімдік клеткаларынан өзінің денесінің құрылымына қажетті азотсыз заттарды алады. Ал тамыр саңырауқұлақтан өсімдіктің қорек көзі болып табылатын азотты қосылыстарды сіңіреді. Осындай қоректену типін микотрофты деп атайды, оларға емен, қарағай, бук, ясень,граб жатады.
Микроорганизмдердің (бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар) қатысуымен минералдану процесі жүреді, одан минералды тұздар түзіледі. Және де бос азоттың түзілуі яғни азот қышқылынан тұздардың қалпына келуінен болады. Бұл құбылысты денитрификация деп атайды.
Органикалық заттардың шіруіне ауа дұрыс жетіспесе, онда анаэробты бактериялар мен саңырауқұлақтардың көмегімен жүзеге асады.
Бақылау сұрақтары:
макрофаунаға қандай жануарлар түрі жатады?
макрофаунаның орман үшін маңыздылығы қандай?
мезофаунаны құрайтын жауарлар түрі?
микрофлораның орман үшін маңыздылығы қандай?
Тақырып 4 Антропогендік факторлардың орманға тигізетін әсері
Мақсаты: антропогендік факторлармен танысып, адамдардың іс -әрекетінен орманға тигізетін зиянын білу.
Жоспар:
Дүние жүзі орман алқаптарының азаюы
Орман өрттері
Қазақстандағы орман алқаптарына тигізетін антропогендік факторлар
Дүние жзіндегі ормандардың жалпы ауданы 4 млрд/га астам. Жалпы ормандардың ішінен таза ормандарды жеке бөледі. Оған орманды алаңқайлар,жолдар,шалғындықтар кірмейді. Таза ормандар шамамен 3 млрд/га алып жатыр. Бір адамға есептегенде жалпы орманды жерлер шамамен 0,8 га-дан келеді.
Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 32,2%-ға тең.
Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы орманды жойғаг. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75%- дан қазір 25-30%-ға дейін кеміген. Ормандарды аудандарының кему процесі қазір де жалғасуда. Бұл процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр.
Тропикалық ормандар 3-4 миллион тірі организмдер түрлерінің тіршілік ортасы. Мұнда белгілі өсімдіктердің 2/3 бөлігі өседі. Тропикалық ормандардың 33 пайызы Бразилия аумағында, 10 пайызы Заир мен Индонезия елдерінде еншісіне келеді.
Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде.
Орманды алқаптар көлемінің азаюы немесе ормансыздану деп орманда алқаптардың өсімдіктер жабыны жоқ жайылым, қала, бос жерлер сияқты жер бөліктеріне айналуу процесін айтады. Ормансызданудың негізгі себебі- жаңа ағаштар екпей, ормандарды қырқу. Одан басқа ормандағы өрттер, қатты дауыл жел, су басу сияқты антропогендік әсерден де жойылуы мүмкін.
Ормандардың азаюы жер шарының көптеген бөліктерінде өзекті мәселе болып табылады. Орманда алқаптардың жаппай қырқылуы биологиялық алуантүрліліктің азаюына, өнеркәсіптік пайдалану үшін ағаштардың қорына, тіршілік сапасына және фотосинтездің төмендеуінен парникті эффектіге алып келеді.
Қоғамның дамуы мен орман ресурсына түсетін қысымы да күшейе түсті. Ормандарды құрту тоқтамай тұр. Жыл сайын олардың көлемі 200 мың км2 кемуде. Әсіресе тропикалық ормандар.
Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетінде орман массивтерінің 40 пайызы жойылған. Жыл сайын дүниежүзінде 15-20 млн.гектар (Финляндия) тропикалық ормандар жойылуда. Соңғы он жылда ормандардың жойылу қарқыны 90пайызға өсіп, жылына 1,8 пайызды құрайды.
Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия, Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осылай жойыла берсе, 30-40 дылдан соң Жер бетінде мұндай омандар қалмайды.
Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстардың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттілігі үшін қырқыу.
2. Тағы бір алаңдататын жайт – ормандағы өрттер. Космонавтардың айтуынша, Амазония оромандарының үлкен көлемдері түтінмен көмкерілген. Өйткені платациялар үшін оларды көптеп өпрттейді. Кейбір айларда өрттер 8 мыңға дейін жетеді. Ормандардың үлкен аумақтарын өрттеу, бағалы ағаштар үшін, отын ретінде жағу үшін, жайылымдар және егіншілік мақсатта қырқу Амазонияда, Африканың бірқатар елдерінде, Оңтүстік – шығыс Азия елдерінде кең етек алып, үлкен масштабта жүруде.
Қазақстандағы орман алқаптарына тигізетін антропогендік факторлар
Қазақстан аумағының 3,2 пайызы ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше, еліміздің орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белең алды. Әсіресе, еліміздің орман қорының 40 пайызын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады. Ал сексеуілдің онсыз да экологиясы нашар, ылғалы аз, топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізге белгілі. 1992 жылы орман көшеттерін отығызу ісі 80,7 мың гектар болса, он жылдан соң 2002 жылы бұл көрсеткіш 8,9 мың гектарға дейін қысқарған.
Бақылау сұрақтары:
Дүние жүзі орман алқаптарының азаюының себептері
Орман өрттерінің келтіретін зияндылығы
Тақырып 5 Орманды қорғау шаралары
Мақсаты: орманды қорғаудағы іс-шараларымен оқып-үйреніп, Қазақстан Республикасының Орман кодексімен танысу.
Жоспар:
Қазақстанда орманды қорғау шаралары
Орманды қорғауда Қызыл кітаптың маңызы
Қазақстан Республикасының Орман кодексі
Қазақстанда орманды қорғау шаралары. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небары 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес. оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар қажет. ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсу үшін 100-150 жыл керек.
Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отырлуы керек, ағаш кесу әәрбір 80-100 жылда ғана қайталанып отырлуы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашта отай беру оның тез арада қалпына келуіне мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың 1/3 табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы керек. Орманды сақтауда оларды зиянды жәндіктерден қорғаудың маңызы зор. оның механикалық, химиялық, биологиялық жолдары бар.
Қазақстан орман шаруашылықтары жыл сайын 90 мың гектарға ағаштар отырғызады. онда табиғи өсімдіктердің бес мыңнан астам түрлері өседі, олардың ішінд дүние жүзінде кездеспейтін реликті өсімдіктері де бар. мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін аң үйеңкі тоғайы планетамыздың басқа түкпірлерінде кездеспейді. Сол сияқты сирек кездесетін реликті өсімдіктер түрлері Бетпақдала, Іле Алатауының бөктерінде бар.
Жердің ландшафтын сақтауда, жер эрозиясы болдырмауда, топырақтың құрылымын жақсартуда орман басты роль атқарады. Орманның көмегіме заттардың биологиялық айналысы сақталып отырады. Ормандардың фитомассасы жер шарының өсімдік массасының 82 процентін құрады.
Қазір дәлелденіп отырғандай, әрбір 10000км3 тайга өзендерге жыл ішінде 0,7-0,8 км3 су келуін қамтамасыз етеді.
Орманның өзі мемлекеттік қорықтар, су қорғайтын және ағаш өсетін ормандар болып бөлінеді. Соңғылардан ағаш дайындалады.
осыншама айтылған бағалы табиғат байлығы – орманды қорғау – еліміздің экономикасын нығайта берудің, экологияны жақсарта берудің басты шарты.
Ормандарға зор зиян келтіретіндер қатарына өрт жатады. Өртке басты себепші – адамдар, 90 пайздан астамы солардың кінәсінен болады.
Өртті болдырмау үшін халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолда бар құралдармен өртті сөндіру тәсілдерін үйрету керек. Әдетте өрттің кең тарауына жол бермес үшін, оның айналасынан ор, каналдар қазады.
Орманды қорғау және бақылау жұмысы орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитетіне міндеттелген.
Кодексте Қазақстандағы орман — тоғай, ағаш ресурстары мемлекет меншігі деп жарияланып, олардың тек пайдалануға берілетіні айтылған.
Ормандарды пайдалану түрлері мынадай:
ағаш дайындау;
ағаш түбірлерін қазып, артық бұтақтарды, тамырдан тараған жіңішке бұталарды кесу;
ағаш қалдықтарын (қабықтарды, қираған бұтақтарды, шіріген түбірлерді т.б.) жинау;
ормандағы шөпті шауып, мал жаю, бал араларын орналастыру;
ормандағы жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, емдік және техникалық – шикізатқа жарайтын өсімдіктерді жинау;
ғылыми зерттеу жүмыстарын жүргізу;
денсаулық сақтау және мәдениетті демалу қажеттеріне пайдалану;
аң аулау үшін пайдалану.
Ормандарды пайдалану ережесін бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылып, тигізген зиянның орнын толтыруға міндетті.
Орманды пайдалану Ережесі мынадай жағдайларда бұзылған болып саналады:
рұқсатсыз, өз бетімен ағаш кессе немесе орманды
бүлдірсе;
қалдық сулармен, химиялық эаттармен, өндіріс
қалдықтарымен орманды ластаса;
орман өсімдіктерін, көшеттерді, жас ағаштарды жұлса,
қиратса;
рұқсатсыз, өз бетімен мемлекеттік орман қорына
жататын жерлерде қүрылыстар салса, мал бақса, шөп шапса;
рұқсатсыз немесе билет сатып алмай жеміс, жидек,
жаңғақ, саңыраукұлақ т. б. терсе;
ормандағы белгілерді қиратса;
ормандағы пайдалы жануарлар дүниесін жойса.
Орман қорғау кодексі ағаш ресурстарын ұтымды пайдалануды, жыл сайын кесуге жататын ағаш мөлшерін анықтап, ағаш пайдалану ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.
Өсімдіктер дүниесін, орман мен тоғайларды қорғау істерін ұйымдастырып, жүзеге асырарда мына құжаттарды да кеңінен пайдаланған жөн. Ол мынау: Орман заңдарын бұзғаны және Қазакстан Қызыл Кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинағаны немесе зақымдағаны үшін материалдық жауапкершілік туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 ақпандағы N136 қаулысы. Онда орман заңдарының бұзылуы және республика Қызыл Кітабына енгізілген өсімдіктердің заңсыз жиналуы, дайындалуы, зақымдалуы немесе жойылып кетуі жолымен орман шаруашылығына келтірілген зиян үшін құнын өндіріп алудың мөлшерін есептеуге арналған 7 арнайы тапса және Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізіліп, олардың зақымдалғаны әрі жиналғаны үшін құнын өндіріп алудың жоғары мөлшері белгіленетін өсімдіктер түрлерінің тізбесі де берілген. Демек, бүл құжаттың бүкіл экология, табиғат қорғау ісіне ғана емес, біздің барлық күнделікті тіршілігіміз үшін маңызы өте-мөте зор. Сондықтан да барлық жерде бірдей қолданылуға тиіс, оның бізге деген ықпалы тікелей осыған байланысты.
Өсімдіктер дүниесін табиғаттағы жағдайда немесе ботаникалық бау-бақша, қорық, ұлттық парк ұйымдастырып қорғауға болады. Басқа жерлерді айтпағанда, қазір Антарктиданың кейбір аудандарында табиғатты қорғайтын қорықтар ашылды.
2. Өсімдіктер дүниесін қорғауға халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП) ұсынған «Қызыл кітаптың» маңызы үлкен.
МСОП 40-шы жылдардан бастап дүние жүзінде жойылу қауіпі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің есебін ала бастады. Бұл мәліметтер 4 томнан түратын «Мезгіл қызыл кітабы» деп аталатын еңбекте басылды. Жақын арада тағы 4 томы шығады. Сонымен қатар МСОП «Қара кітапты» шығарды, оған жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар түрлері кірген.
Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көріп, оған 286 түрлі сирек кездесетін және 20 түрлі жойылу қауіпі төнген өсімдіктер кірді.
Жойылу қауіпі төнген 20 өсімдік түрі мыналар: ауыспалы қау, кәдімгі семсершөп, жым астрагалы, дарабас криптокодон, түйе сіңір, түпті жуа, бор рияны, жетісу недзвецкиясы, дәрмене жусан, бетпақдала сылдыршөбі, кауфман иконниковиясы, гердер кахрисы, шымыр строгановиясы, берқара терегі, регель қызғалдағы, бүршікті феллориния, іле сасыры, сугеті сасыры, мыңжылқы усосыр қырық құлағы, алматы шиқылдағы.
«Қызыл кітап» — бұл мамандарға арналған ғылыми қүжат. Оған сүйеніп, жойылу қаупі төнген және сирек кездесетін өсімдік түрлерін қорғау шараларын, жаңадан арнаулы қорықтар, басқа да қорғауға жататын территорияларды белгілейді.
«Қызыл кітапқа» енген өздерінің сирек кездесетін және жойылу қауіпі төнген өсімдік түрлерін сол мемлекет қорғауға міндетті және жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: |