3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылдың қаңтар айында «Қазақстан Республикасы Орман кодексін» қабылдады.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың бұзылуы салдарынан келтірілген залалды өтеудің жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 1186 қаулысы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 23 қаңтардағы Орман кодексінің 75-бабына және «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 86-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жеке және заңды тұлғалардың ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуінен және зақымдауынан орман шаруашылығына келтірілген залалды өтеудің мөлшері
2) жеке және заңды тұлғалардың өзге де құқық бұзушылықтары салдарынан орман шаруашылығына келтірілген залалды өтеуінің мөлшері
3) жеке және заңды тұлғалардың барлық санаттағы жерлерде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірген залалды өтеуінің мөлшері
4) Орман шаруашылығына келтірілген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залалды өтеудің ережесі бекітілсін.
2. Орман шаруашылығына келтірілген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залалды өтеуден алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің кірісіне есепке алынсын.
3. «Орман заңдарын бұзғаны және Қазақ ССР-інің Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинағаны немесе зақымдағаны үшін материалдық жауапкершілік туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 ақпандағы N 136 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 5, 58-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Орман кодексі
(2003 ж. 8 шілде N 477-ІІ)
11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүйесi
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, сондай-ақ осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары кiредi.
18-бап. Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы функциялары
Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — орман мекемесi):
1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды орындауға қатысады;
2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындайды;
3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды;
4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;
5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi;
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;
8) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзедi, мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
9) Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектiлер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдауды жүзеге асырады;
10) отырғызылатын материалды өсiру мен орман тұқымдарын дайындау, көгалдандыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге екпелердi өсiру, орман шаруашылығы саласында консультациялық және техникалық көмек көрсету, оқу практикасын жүргiзу жөнiндегi, оның iшiнде мемлекеттiк сатып алу конкурстарына қатысу арқылы жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызмет көрсетедi;
11) орманды күтiп-баптау мақсатында кесу мен санитарлық мақсатта кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асырады және осы ретте алынған өнiмдердi, оның iшiнде жергiлiктi халықтың қатысуымен олардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда ағаш кесудi жүргiзуге жауапты лауазымды адамға жазылған ағаш кесу билетi арқылы дайындалған сүректi өткiзедi.
19-бап. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау
1. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның iшiнде ормандарды күзету, қорғау мен молықтыру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық органдары:
1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы келеңсіз салдарды растайтын мемлекеттік орман қорын ғылыми зерттеулер мен мониторинг нәтижелері бойынша;
2) уәкілетті және аумақтық органдардың жұмыс жоспарына сәйкес жылына бір реттен аспайтындай етіп;
3) мемлекеттік орман қорындағы орман өрттері фактілері бойынша;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша;
5) жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын нұсқамаларда көрсетілген мерзімде бақылау мақсатында жүзеге асырады.
21-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жазбаша нұсқау беру;
2) мемлекеттiк орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер жүргiзу үшiн белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiктерiн көрсете отырып, ұйымдарға кедергiсiз кiру;
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұза отырып мемлекеттiк орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қою;
6) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, ал қажет болған жағдайларда құқық қорғау органдарына оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдар беру құқығы берiледi.
2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдары:
1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерістерін, орманның санитарлық жай-күйін, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шарттардың сақталуын және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртiбiн;
3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын;
4) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерiнiң басқа да түрлерiнен қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн;
5) сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiнiң, орман пайдаланудың өзге де ережелерiнiң сақталуын;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) кеспеағаш аймағын бөліп беру бойынша жұмыстарды тексеруді;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы режимдердiң сақталуын;
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарын аудандастыру ережелерiнiң сақталуын, орман тұқымдарын дайындауды, сақтауды, өңдеудi және олардың сапасын, питомник шаруашылығын жүргiзудi;
8) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң сақталуын;
9) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын;
10) Қазақстан Республикасының орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының өзге де талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
4. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нысанды киiм-кешекпен және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
69-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi (бұдан әрi мемлекеттiк орман күзетi) орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.
2. Мемлекеттiк орман күзетiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн:
1) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк орман қорын пайдалануды жүзеге асыруға рұқсат беретiн құжаттарын тексеру;
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде хаттамалар жасау;
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды тексерiп қарау, ал қажет болған кезде ұсталған адамдарды жеке қарап тексеру;
5) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың заңсыз қолға түсiрген орман ресурстары мен жануарлар дүниесi ресурстарын, оларды қолға түсiру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұлардың кейiннен кiмге тиесiлi болатыны туралы мәселенi шешу құқықтары;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар берiледi.
3. Мемлекеттiк орман күзеті мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде:
1) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және оның жолын кесуге;
2) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды мемлекеттiк органдарға және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге;
3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғаларға анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде жазбаша нұсқаулар беруге;
4) мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде, сондай-ақ орман өртi тiкелей қауiп тудырған жағдайда оған iргелес аумақтарда ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау мен сөндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
5) шаруашылық қызмет пен өзге де қызметтердi шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге мiндеттi.
6) 2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат eтiледi.
5. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нысанды киiм-кешекпен, қызметтiк қарумен және арнаулы қорғаныс құралдарымен, қызметтiк жер телiмiмен қамтамасыз етiледi.
6. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарының қол күшiн, арнаулы қорғаныс құралдарын және қызметтiк қаруды қолдануға құқығы бар.
7. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Мемлекеттiк орман күзетi туралы ережемен анықталады.
70-бап. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.
108-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды ағымдағы және перспективалық жоспарлау бағдарламалар, орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларына енгiзiледi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру осы Koдекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақстанда орманды қорғау шаралары қандай?
2. Қазақстанда Қызыл кітап қашан шықты?
3. Қызыл кітапқа енген ағаш түрлерін атаңыз
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Орман кодексі.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.
Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.
1996.-244 с.
Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.
Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.
Мелехов И.С. Лесоводство. – М.: 1989. – 153 с.
Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5 – М.Л.:1949. – 75 с.
Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.
Нестеров В.Г. Общее лесоводство. – М.: 1954. – 432 с.
Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.
Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1953. – 426 с.
Достарыңызбен бөлісу: |