3-тапсырма. Кесте бойынша «Танысу» сұхбатын құрыңыз.
Аты ?, Жасы ?, Қайдан ? Аты Ікәр. Жасы 18-де. Қарағандыдан.
Қайда (оқу)? Оқиды., ҚМУ-да
Қайда (тұру)? Қостанайда.
Ақылы (оқу)? Грант (оқу).
Оқу (қиын)? Аздап қиын.
Танысқаныма ...? Мен де .... .
Қоштасу. Келесі ... .
4-тапсырма.Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, "Танысу" сұхбатын құрастырып, жолдасыңызбен еркін сұхбаттасуға жаттығыңыз.
- Сіздің есіміңіз кім?
- Сіз қай жерде дүниеге келдіңіз?
- Сіз қай жылы тудыңыз?
- Сіздің жасыңыз нешеде?
- Сіз қайда оқисыз?
- Сіз қай факультетте оқисыз?
- Сіз нешінші курста оқисыз?
- Сіз қалалықсыз ба?
- Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
- Сіздің мекен-жайыңыз қаңдай?
- Сізбен танысқаныма қуаныштымын!
2-тақырып. Отбасы - шағын мемлекет.
Сөйлесім.
1-тапсырма. Сұхбатты рольге қойып, айтуға дағдыланыңыз.
ОТБАСЫ тақырыбына сұхбат
- Отбасы қандай мемлекет?
- Отбасы шағын мемлекет.
- Біздің тәуелсіз елімізде қандай адам отбасын құруға құқылы?
- Біздің тәуелсіз елімізде камелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы.
- Отбасы адам өмірінде қандай орын алады?
- Отбасы адам өмірінде маңызды орын алады.
-Әр адам өз отбасын қалай бағалап, құрметтеуге міндетті?
- Әр адам өз отбасын жоғары бағалап, құрметтеуге міндетті.
- Қазақ халқы отбасын, шаңырақты қалай бағалаған және артында қандай ұрпақ қалдыруға тырысқан?
- Қазақ халқы отбасын, шаңырақты жоғары бағалаған және артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.
- Сіз неше ағайындысыз және олар кімдер?
- Мен төрт ағайындымын.
- Сіздің қарындасыңыз (ағаңыз, ініңіз, сіңліңіз) бар ма?
- Менің екі апам және інім бар.
- Ата-анаңыз кім?, Олар қайда жұмыс істейді?
- Әкем - Өмірбек Асылұлы ауылшаруашылығында механизатор болып жұмыс істейді.
Анам - Жадыра Оралқызы емханада дәрігер болып жұмыс істейді.
- Ата-анаңыздың жасы нешеде?
- Әкем - Өмірбек Асылұлы 45 жаста. Анам - Жадыра Оралқызы 40 жаста.
- Сіз үйленгенсіз бе? (тұрмыстасыз ба?)
- Жоқ, мен үйленген жоқпын. (үйленбегенмін, тұрмыста емеспін, тұрмысқа шыққан жоқпын).
- Сіз отбасыңызбен қандай мерекелерді қарсы аласыз?
- Біз отбасымызбен Жаңа жыл, туған күн, наурыз мерекелерін бірге қарсы аламыз.
-Сіздің отбасыңызда нені дәстүрлі түрде орындап ұстанасыздар?
-Біздің отбасымызда дәстүрлі түрде отбасы мүшелерінің туған күндерін, Наурыз, Жаңа жыл мерекелерін бірге қарсы аламыз.
-Сіз отбасыңызды қалай бағалайсыз?
-Мен отбасымды жоғары бағалап, мақтаныш тұтамы
Жазылым.
●Кестені толтырыңыз.
|
Менің
|
Сенің
|
Сіздің
|
Оның
|
бала
|
|
|
|
|
аға
|
|
|
|
|
іні
|
|
|
|
|
әйел
|
|
|
|
|
қыз
|
|
|
|
|
күйеу
|
|
|
|
|
келін
|
|
|
|
|
бала
|
Біздің
|
Сендердің
|
Сіздердің
|
Олардың
|
аға
|
|
|
|
|
іні
|
|
|
|
|
әйел
|
|
|
|
|
қыз
|
|
|
|
|
күйеу
|
|
|
|
|
келін
|
|
|
|
|
бала
|
|
|
|
|
●Тәуелдік жалғаудың ерекшелігі:
Если слово оканчивается на п, к, қ, то после прибавления притяжательных окончаний глухие согласные переходят в звонкие б, г, ғ. (п – б, к – г, қ – ғ).
Мычалы:
І Менің мектеп + ім – мектебім І Біздің мектеп + іміз - мектебіміз
ІІ Сенің мектеп + ің - мектебің ІІ Сендердің мектеп + терің - мектептерің
Сіздің мектеп + іңіз - метебіңіз Сіздердің мектеп +теріңіз -мектептеріңіз
ІІІ Оның мектеп +і – мектебі ІІІ Олардың мектеп + тері - мектептері
|
Менің
|
Сенің
|
Сіздің
|
Оның
|
топ
|
|
|
|
|
жүзік
|
|
|
|
|
бастық
|
|
|
|
|
мысық
|
|
|
|
|
●Аударыңыз.
мой дом ...................................................
моя квартира (пәтер) ......................................................
мой ст. брат ...........................................................
ее сестра ..............................................................
его брат ................................................................
его отец ..................................................................
ваша дочь .................................................................
наш дом ....................................................................
наша семья ..............................................................
моя семья ..................................................................
твой сын .................................................................
твоя подруга (құрбы) ......................................
●Ауларыңыз.
дом моего отца ..........................................
работа моей сестры ............................................
день рождения сына .........................................
работа твоего отца ...........................................
семья Вашего друга ...........................................
Отбасы – шағын мемлекет
1. Мәтінді оқыңыздар, көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жалғаңыздар.
Отбасы - әр адамның алтын ұя...... «Отбасы – мемлекеттің кіші «моделі» деуге болады. Отбасында белгілі дәстүрлер болу керек. Бұл отбасы үшін өте маңызды. Менің ат.... . Отбасы.... үлкен. Ата-әже...., әке-шеше.... бар. Апам....ның аты – Баян. Бір қыз....., екі ұл... бар.
Біздің үй......дің салт-дәстүр... бойынша әр сенбі сайын кең дастархан басында отбасымыз бен туысқандарымыз жиналып әңгімелесеміз. Алыс-жақындағы туыстар....мен хабарласамын. Маған осындай басқосулар ұнайды, себебі мен туысқандарымның жағдайын біліп, өзіммен болған қызық оқиғаларды айтып беремін. Отбасы...да туған күн әрдайым тойланады.
Менің ой....ша, отбасының дәстүрлер... отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады.
Біз мықты отбасылық қарым-қатынастардың құндылығын бағалауымыз керек.
Сөздік:
1. Алтын ұясы – основа всему (фразеологизм), самое дорогое.
2. Өте маңызды – очень важно.
3. Салт-дәстүрі бойынша- согласно обычаю и традиции.
4. Кең дастархан басында – за большим столом.
5. Алыс-жақын туыстар – ближние – дальние родственники.
6. Басқосулар ұнайды – нравятся такие встречи.
7. Өзіммен болған оқиғалар – произошедшие со мной события.
8. Қарым-қатынастарды нығайтады – укрепляет взаимосвязь.
9. Мықты (күшті)- сильный.
10. Құндылығын бағалауымыз керек- должны ценить значимость...
Оқылым.
2. Сұрақтарға ІІІ жақтан жауап беріңіз.
а. Оның аты кім?
ә. Оның ата-анасы бар ма?
б. Олар әр сенбі сайын қайда жиналып тұрады?
в. Осындай басқосулар Мұхтарға неліктен ұнайды?
г. Ол қандай оқиғаларды айтып береді?
ғ. Отбасы дәстүрлері не істейді?
д. Ол нені бағалайды?
3. О Т Б А С Ы.
Лексика:
1. Өте тату – очень дружная.
Әкемнің жасы .... ( анамның жасы ... )
Отбасымыздың ең үлкені – самый старший в нашей семье
Жанұямыздың отағасы ( иесі) – глава семьи
Отбасымыз қонақжай – семья наша гостепреимная
Ата –анамыз бізге жақсы тәрбие берген – родители дали нам хорошее воспитание
«Тәртіпті болыңдар»,- дейді – говорят будьте воспитанными.
Қонақтарды қарсы алуды жақсы көреміз – любим встречать гостей
Ата – анамызды тыңдауды міндеттіміз – обязаны слушаться родителей
Сыйлы кісілер (адамдар ) – уважаемые люди
Өмірдің қиындығына төзу – терпеть трудностям в жизни
Бізді үйретеді – учат нас чему –либо
Тәртіпті болуға үйретеді – учат нас быть воспитанными
Отбасымыздың дәстүрлері – традиции нашей семьи
Дәстүрлі мерекелеріміз – наши традиционные праздники
Отбасылық дәстүрлері – семейные традиции
Кейбір кезде, (анда –санда) – иногда
Бос уақытта – в свободное время
Демалыс күндері – по выходным
Қонаққа баруды ( қонақты қарсы алуды) жақсы көру – любить ходить в гости (встречать гостей)
Лауазым (-ы) – его должность.
4тапсырма. мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дағдыланыңыз.
Менің отбасым туралы
Отбасы – шағын мемлекет. Біздің тәуелсіз елімізде кәмелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы. Отбасы – адам өмірінің ең негізгі бастауы. Әр адам өз отбасын құрметттеуге, жоғары бағалауға міндетті.
Қазіргі таңда отбасы құрушылардың саны қанша көп болса, ажырасушылардың саны одан да көп. Қазақ халқы шаңырақты, отбасын жоғары бағалап, артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.
Мен 1988 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданында тудым. Менің атым Дәулет. Біздің отбасымыз үлкен, отбасымызда бес адам бар. Олар : әкем, анам, апам, інім және мен. Отбасымыздың отағасы (иесі) және ең үлкені - әкем. Оның аты-жөні Ыбраев Қайрат Сапарұлы. Мамандығы – инженер, лауазымы- бас инженер. Қазіргі уақытта Қазақстан Темір жолында жұмыс істейді. Жасы қырық екіде. Әкемнің келбеті: қараторы, шашы қалын, көзі қара және үлкен, құс мұрын, кең иықты және денелі. Мінезі: аяулы, жомартты, қайырымды және қарапайым . Жұмыста ол өте беделді адам. Біз әкемізді өте сыйлап, құрметтейміз.
Менің анамның аты-жөні Ыбраева Салима Алтайқызы. Ол тәрбиеші, балабақшада еңбек етеді. . Шешемнің жасы отыз сегізде. Келбеті: дөңгелек жүзді, шашы боялған, қысқа , қой көзді, кірпіктері ұзын, қыр мұрын және ол ең сымбатты, аяулы ана. Оның жұмысы өзіне өте ұнайды.
Апам институттың бірінші курсында оқиды. Оның болашақ мамандығы – дәрігер. Раушан көп оқиды, керек кітаптарды кітапханадан алып, кейбір кезде тіпті кеш жатады
Менің інімнің аты Дәурен. Ол тоғызыншы сыныптың оқушысы. Болашақ мамандығын әлі білмейді. Мүмкін ол суретші болады, себебі сурет салғанды өте ұнатады. Ал, өзім биыл мектепті бітіргенмін. Қазір Әлеуметтік – техникалық университетінің бірінші курс студентімін. Менің болашақ мамандығым – инженер.
Ата- анамыз бізге үнемі «Тәртіпті болыңдар»,- дейді және бізге жақсы тәрбие берген адамдар. Сондықтан ата-анамызды тыңдауды міндеттіміз.
Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді. Сондықтан біздің үйімізге үнемі қонақтар көп келеді. Отбасымыз өте қонақжай және тату – тәтті тұрады !
5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Дәулет қай жерде туды ? 5. Апасы қайда оқиды ?
Отбасында неше адам бар ? 6. Інісі нешінші сыныптың оқушысы?
Әкесі туралы не айтасыз ? 7. Дәулеттің отбасы қандай?
Анасы кім ? 8. Отбасы нені өткізуді жақсы көреді?
тапсырма. Мәтінді Аударыңыз.
Моя семья.
Меня зовут Омаров Айдар Калиевич. У меня есть семья. Моя семья большая. У меня есть жена, два сына и дочь. У меня есть также бабушка и дедушка. Они старые люди. Моя жена - учительница.
Ее зовут Шолпан. Мой старший сын - студент.Он не женат, но у него есть невеста. А моя дочь
ученица. Ее зовут Жанат.
3-тақырып. Жас отбасы және дәстүр. Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық,
салт-дәстүрлер. Жас отбасының бюджеті.
Оқылым.
Жас отбасы және дәстүр.
Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық,
салт-дәстүрлер.
1-тапсырма: берілген сөз тіркестерін оқып, естеріңізге сақтаңыздар.
Лексика:
1.Қазақ халқында – у казахского народа.
2. Некеге қатысты- согласно браку.
3.Ежелден келе жатқан – с давних времен.
4. Әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері – обычаи и традиции.
5. Мемлекеттің іргетасы- основа государства.
6. Өз ұлын үйлендіруді- чтобы женить своего сына.
7. Әрқашан ойластырып жүреді – постоянно думают об этом.
8. Болашақ келінді- будущую сноху.
9. Бала кезінен іздестіре бастайды- начинают искать еще с детства.
10. Тіпті- даже.
11. Дүниеге келмей жатып- не родившийся (ребенок).
12. Атастыру рәсімі болады – проводится обряд помолвки.
13. Құда түсу – сватовство.
14. Атақты жерден іздестірген- искали из известных мест.
15. Құда түсу дәстүрі – традиция сватовства.
16. Арнайы рәсім – специальный обычай .
17. Іс-шаралар өткізіледі- проводятся мероприятия.
18. Қыз ұзату- проводы девушки замуж.
18. Келін түсіру- женитьба сына .
19. Беташар – открывание лица невесты.
20. Төсек-орын әкелу (қызыдың жасауын беру) - привезти приданное невесты .
21. Неке қию рәсімі- традиция бракосочетания.
22. Кит кигізіп, сыйлықтар жасайтын – делали друг-другу подарки.
23. Мал басынан тұратын – состояли из скота.
24. Зор маңызы бар – имело важное значение.
25. Жас кезінен әзірлене бастайды- начинают готовиться с детства.
26. Қазіргі кезде- в настоящее время.
27. Үйлену ниеттерін айтады – оповещают о намерении жениться.
28. Ата-аналары рұқсат етсе- если родители дадут разрешение.
29. Қыздың үйіне барып (барады) – едут в дом невесты.
30. Яғни – то есть.
31. Шешім жастардан шығады – решение принимают молодые.
32. Көп уақыт бір-бірін жақсы біледі – хорошо узнают друг-друга.
2-тапсырма: мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық, салт-дәстүрлер.
Қазақ халқында отбасы мен некеге қатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Отбасы – мемлекеттің іргетасы.
Ата-ана өз ұлын үйлендіруді әрқашан ойластырып жүреді. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайды. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып атастыру рәсімі болады. Құдаларды құрметті, атақты жерден іздестірген. Құда түсу салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілді.
Үйлену әдет-ғұрыптарына келесі іс-шаралар өткізіледі: құда түсу, келін түсіру, беташар, қыз ұзату, той жасау, төсек-орын әкелу, неке қию рәсімі.
Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізіп, сыйлықтар жасайтын.Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, маталар, мал басынан тұратын.
Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы бар. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайды. Қыздың жасауына ыдыс-аяқ, жиһаз, төсек, тұрмыстық техника, киім-кешек, мал басы және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде ең алдымен қыз бен жігіт танысып , көп уақыт бір-бірін жақсы біліп, содан соң әке-шешелеріне үйлену ниеттерін айтады. Содан соң ата-аналары рұқсат етсе, жігіттің туған- туыстары қыздың үйіне барып, құда түседі, кейін «Қыз ұзату» және «Үйлену» үлкен тойын жасайды.
3-тапсырма: берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
Қазақ халқында отбасы мен некеге қатысты нелер бар ?
Отбасы дегеніміз не ?
Болашақ келінді қай кезден бастап іздестіре бастайды ?
Бала дүниеге келмей жатып қандай рәсім болады ?
Құдаларды қайдан іздестірген ?
Үйлену кезінде қандай іс-шаралар өткізіледі ?
Үйлену кезінде құдалар бір-біріне не сыйлайды ?
Олар неден тұратын ?
Қыздың жасауына не кіреді ?
Жастардың ниеттері қандай ?
Ата-ана жастарға қандай той жасайды?
4-тапсырма: мәтін бойынша жіктік жалғауларында тұрған сөздерді табыңыз.
5-тапсырма: мәтін бойынша тәуелдік жалғауларында тұрған сөздерді табыңыз.
6- тапсырма: мәтіннен етістіктердің шақ категориясын анықтаңыз.
7- тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.
* Қазақ халқы... отбасы мен неке... қатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрып... ы мен салт-дәстүр... і бар.
* Отбасы – мемлекет... іргетасы.
* Болашақ келін... бала кезі... іздестіре бастайды.
* Тіпті балалар дүние ... келмей жатып атастыр... рәсімі болады.
* Құдаларды құрметті, атақты жер... іздестірген.
* Үйлену әдет-ғұрыптары... келесі іс-шаралар өткізіл...ді: құда түс..., келін түсір..., беташар, қыз ұзат..., той жаса..., төсек-орын әкел..., неке қи... рәсімі.
* Ол түрлі қымбат бағалы киімдер... , маталар, мал басы... тұратын.
* Қазақтар... дәстүрлі қоғамы... қыз... жасауын берудің де зор маңызы бар.
* Қазіргі кез... ең алдымен қыз ... жігіт таныс... , көп уақыт бір-бірін жақсы біл..., содан соң әке-шешелері... үйлену ниеттер..н айтады.
* Содан соң ата-аналары рұқсат ет..., жігіт... туған- туыстар... қыз... үйіне барып, құда түседі, кейін «Қыз ұзату» және «Үйлену» үлкен той...н жасайды.
8- тапсырма: сөлемдерді аяқтаңыз.
♦ Қазақ халқында отбасы мен некеге қатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері ... .
♦ Ата-ана өз ұлын үйлендіруді әрқашан ойластырып ... .
♦ Болашақ келінді бала кезінен іздестіре ... .
♦ Құдаларды құрметті, атақты жерден ... .
♦ Құда түсу салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім ... .
♦ Үйлену әдет-ғұрыптарына келесі іс-шаралар ... : құда түсу, келін түсіру, беташар, қыз ұзату, той жасау, төсек-орын әкелу, неке қию рәсімі.
♦ Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізіп, сыйлықтар ... .
♦ Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы ... .
♦ Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене ... .
♦ Қыздың жасауына ыдыс-аяқ, жиһаз, төсек, тұрмыстық техника, киім-кешек, мал басы және т.б. ... .
♦ Қазіргі кезде ең алдымен қыз бен жігіт танысып , көп уақыт бір-бірін жақсы біліп, содан соң әке-шешелеріне үйлену ниеттерін ... .
♦ Содан соң ата-аналары рұқсат етсе, жігіттің туған- туыстары қыздың үйіне барып, құда түседі, кейін «Қыз ұзату» және «Үйлену» үлкен тойын ... .
9-тапсырма: аудару жұмысын жасаңыз.
То есть-
Даже -
Обычаи и традиции -
У казахского народа -
Женитьба сына -
Проводы девушки замуж -
Решение принимают молодые -
Имело важное значение -
Сватовство -
Основа государства -
Открывание лица невесты -
С давних времен -
Традиция бракосочетания -
Проводятся мероприятия -
Проводится обряд помолвки -
Начинают готовиться с детства -
Едут в дом невесты -
Согласно браку -
Специальный обычай -
Чтобы женить своего сына -
В настоящее время -
Привести приданное невесты -
Будущую сноху -
Не родившийся ( ребенок) -
Искали из известных мест -
Оповещают о намерении жениться -
10-тапсырма:сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
1.Семья- основа государства.
2.У казахского народа есть свои обычаи и традиции.
3.Будущую сноху начинают искать еще с детства.
4.Сватов искали уважаемых и с известных мест.
5.По традиции проводился специальный обряд помолвки.
6.Во время свадьбы сваты дарили друг-другу подарки.
7.В приданное невесты входили: посуда, мебель,бытовая техника, одежда, скот и другое.
8.В настоящее время сначала парень и девушка знакомятся.
9.Если родители дадут разрешение.
10.Родственники жениха поехав домой к невесте, сватаются.
11.Затем проводят «Проводы невесты» и «Женитьбу жениха».
12.Еще дети не родились, проводится обряд помолвки.
Оқылым.
Мәтінді оқып, аударыңыз.
Жас отбасы бюджеті.
Жаңадан ортақ өмірді бастаған кезде көбіміз ақша жағын ойлағымыз келмейді. Дәл осы сәттен екі ересек адам өзінің ортақ шаруашылығын жүргізуі тиіс, екеуі шоттарды төлеп және ортақ мақсатқа ақшаны жинаулары керек. Алғашқы көзбен қарағанда оңай секілді. Ал шын мәнінде отбасылық қақтығыстардың көбісі ақшадан болып жатады. Ерлі-зайыптылардың біреуі ақша тауып жатса, ол көбінесе тиімді болады. Кім ақша табатын болса, сол ақшаны қайда жұмсайтынын шешеді. Ал екіншісі «жалданған есепші» ретінде болуы мүмкін. Оның міндеті бюджетті қадағалау, бірақ-та қандай да бір шешімдерді қабылдау жатпайды. Ал егер екеуі де жұмыс істеп ақша тауып жатса, онда жағдай күрделене түспек. Коммуналдық қызметтерге кім төлеуі керек? Кімнің ақшасына тұрмыстық техниканы сатып аламыз? Қалай «әділ» отбасы бюджетін құруға болады?
Сіз отбасы бюджетін жоспарлай аласыз ба?
Егер сіздің осы уақытқа дейін өз ақшаңызды, атап айтқанда, отбасы бюджетін бөлу жоспарыңыз болмаса, онда асығуыңыз керек. Кез келген жоспарды, оның ішінде қаржы жоспарын саяхатшының жол картасымен салыстыруға болады. Ондай картасы болмаса, адам адасады және көздеген жеріне тез жете алмайды. Сондықтан адам бір орында тұрып қалмай, алға ұмтылғысы келсе, жоспардың болуы – өмірлік қажет талап. Қаржы жоспарын жасау үшін әуелі ағымдағы қаржылық ахуалды талдау қажет. Ол үшін алдымен бір айдағы және бір жылдағы кіріс пен шығыс туралы есеп жасау керек. Одан кейін қолда бар активтер мен пассивтерге талдау жасалуы тиіс.
Жас отбасы бюджеті.
Мысалы екі адамнан тұратын, отбасылық бюджетті енді ғана бірлесіп жүргізе бастаған жас отбасының қаржы жоспарын қарастырайық. Сондай-ақ жас отбасында 200 000 теңге несие (кредит) бар десек, жас жұбайларда қосымша ақша жинау үшін қаржы мүлде қалмайды. Мұндай жағдайда бірінші кезекте барлық күшті берешекті жоюға салу қажет. Сондай-ақ отбасылық бюджетті қалыптастыруға арналған тәсілді өзгерту қажет. Егер қазіргі жағдайда оның пассиві көп болса және негізінен отбасының ағымдағы қажеттіліктерінен тұратын болса, болашақта бюджет кіріс әкелетін активтермен толықтырылуы тиіс.
Бюджетті қалыптастыру жолдары қандай? Бюджеті барынша шектелген жоғарыдағыдай отбасының шығыстарын қысқарту, әрине күрделі болады. Сондықтан негізгі күш несиені тезірек өтеуге аударылады. Несиеден құтылса, жас отбасына қаржылай қор жинау үшін “артық” ақша пайда болады. Екінші кеңес: отбасының тұрақты қорын қалыптастыру толық аяқталғанша қарызға ақша алмау және несиеге ірі тауарлар сатып алмау керек. Үшіншіден, отбасы шығын жұмсалатын жерде үнемдеу керек, бірақ ешқашан тұтынудан үнемдемеу қажет.
Кез келген компанияның жетістігі көбіне оның өз ресурстарын қалай жұмсайтынына қатысты болады. Отбасылық экономиканы кез келген кәсіпорынның экономикасымен салыстыруға болады. Қаржы жоспары неғұрлым айқын және жан-жақты болса, компания немесе жеке отбасы соғұрлым табысты болады. Сондықтан шығыстарыңыз бен кірістеріңізді нақты көре білсеңіз, өз ақша ағыныңызды инвестициялау мүмкіндігіңіз бойынша жоспар жасай аласыз. Осылайша сіз өз ақшаңызды тиімді басқара аласыз.
•Берілген сөздерді мәтіннен тауып, аударыңыз.
қаржы – қаражат -
еңбекақы - отбасының отағасы –
асыраушысы - жүктеледі –
ақшалай қаражат - сақтаудың негізі –
ерекше - дәулетті –
орташа - қарапайым -
жағдайы төмен - қаражат көлемі –
ауқымды - шектеулі –
үнемдеу - жоспарлау –
жұмсау - мақсатына жету -
көп балалы - туылған нәресте –
төлемақы - жәрдемақы –
шет мемлекет - мемлекет тарапынан –
қолдау көрсету - сәби –
есепшот - қарастырылмаған –
үлгі тұтамын -
•Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңіз.
Отбасы бюджеті
Отбасы бюджеті – отбасылық қаржы, отбасы қаражаты дегенді білдіреді. Отбасы бюджеті әке мен ананың, сонымен қатар отбасы мүшелерінің еңбекақысынан тұратын ақшалай қаражат. Әр адам отбасын құрғанда отбасы бюджетіне ерекше назар аударады. Себебі, отбасы бюджеті – отбасын құрудың және оны сақтаудың негізі деп айтуға болады.
Әке – отбасының отағасы, асыраушысы болғандықтан, ол кісіге отбасы бюджеті жүктеледі.
Отбасы бюджетіне байланысты отбасылар: дәулетті отбасы, орташа немесе қарапайым отбасы, жағдайы төмен отбасы болып қарстырылады. Мысалы, дәулетті отбасының отбасылық қаражатының көлемі үлкен, ауқымды болады, соған байланысты қаражат көп жұмсалады. Ал, қарапайым отбасы бюджетінде қаражат есеппен, шектеулі және үнеммен жұмсалады. Дегенмен, қай отбасы болмасын, өз отбасылық қаражатын үнеммен, есеппен, жоспармен жұмсай алса, сол отбасы өз көздеген мақсатына жетеді.
Біздің елімізде көп балалы және жаңа туылған нәрестеге отбасы бюджетіне қосымша төлемақы, жәрдемақы төленеді.
Кейбір шет мемлекеттерде отбасы бюджетіне мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Мысалы, сәби өмірге келген кезден бастап банкте есепшот ашылып, ол 18 жасқа толғанда беріледі. Бұл әр азаматтың өз бетінше отбасын құрып, ары қарай өмір сүруіне көмектеседі. Біздің елімізде ондай әлі қарастырылмаған.
Біздің отбасымызда отбасылық қаражатты көбінесе әкем табады. Анам да еңбек етеді. Екеуі бірге отбасылық бюджетті жоспарлап, үнемдеп жұмсайды. Мен ол кісілерді үлгі тұтамын, және өте бағалаймын.
1-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын (синонимін) мәтіннен табыңыз.
айлық жалақысынан тұратын ...................................................................
ерекше көңіл бөлу ...............................................................................
әр адам үйленерде ....................................................................................
жанұялық ақшаның мөлшері ......................................................................
ақша көп кетеді ............................................................................................
18 жасқа келгенде ..............................................................................................
2-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінннің көмегімен аяқтаңыз.
Отбасы бюджеті ............................................................................. еңбекақысынан тұратын ақшалай қаражат. Бұл ............................................................. өмір сүруіне көмектеседі. Біздің елімізде көп балалы және ...................................... отбасы бюджетіне қосымша .............................төленеді. Қарапайым отбасы бюджетінде қаражат ..................................................... жұмсалады. .................................... – отбасын құрудың және оны ..................................... айтуға болады.
3-тапсырма.Сөйлемдерді орын тәртібімен жазыңыз.
Отбасылық қаражатты көбінесе біздің әкем табады отбасымызда. Тұтамын, және өте бағалаймын кісілерді үлгі мен ол. Мемлекет кейбір шет мемлекеттерде тарапынан үлкен қолдау отбасы бюджетіне көрсетіледі. Өз отбасылық қаражатын жоспармен жұмсай алса, сол отбасы өз көздеген мақсатына жетеді қай отбасы болмасын, үнеммен, есеппен, жоспармен.
4-тарсырма. Сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз.
Сәби ............... кезден бастап банкте есепшот ашылып, ол 18 жасқа толғанда беріледі. Отбасы .......... байланысты отбасылар: ........ отбасы, орташа немесе қарапайым отбасы болады. Отбасы бюджеті – отбасылық ......., отбасы қаражаты ............ .
(ақша, ,бай,қаражатына,деп аталады, дүниеге келген)
5-тарсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерін тәуелдеңіз.
Еңбекақы, отбасылық бюджет, отбасылық қаражат.
6-тапсырма. Мәтіннің үшінші абзацына сұрақ қойыңыз.
4-тақырып. Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.
Оқылым.
1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
Төлеу қабілеттілігі, жылжымайтын мүлік, алғашқы төлеу жарнасы, алып-сатарлығын болдырмау, шаршы метр, жағымды жаңалық, сыйақы, заем, қоныстой, өзектілік, бәсекеге қабілетті
2-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
. Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.
Қазақстан экономикасын көтеру, сондай-ақ халықтың басым бөлiгiнiң өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысының өзектiлігіне себепшi болды. Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыру орта мерзiмдi перспективада тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты талап етедi.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) негізгi бағыттары тұрғын үйдiң құнын арзандату арқылы халықтың қалың жiгi үшін қолжетiмдi тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге несиелендіру мерзiмдерiн ұзарту, несиелендірудiң бастапқы жарнасы мен мөлшерлемелерін азайту болып табылады.
Синоним сөздер:
халықтың басым бөлiгi, халықтың қалың жiгi – халықтың көбі
Сұрақтар:
Тұрғын үй бағдарламасының өзектілігі неде болды?
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыруда тұрғын үй құрылысының маңызы қаншалықты?
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қай жылдарға арналған?
Тұрғын үй бағдарламасымен кімдер үй ала алады?
Жазылым.
3-тапсырма. Жақшаның ішіндегі жалғаулардың керегін таңдап жазыңыздар.
Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттары(-н, -ның, -на) бiрi болып танылды. Ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттер(-ге, -ін, -дiң) бiрi болып табылады. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдар(-на, -ға, -да) арналған мемлекеттік бағдарламасының мерзім(-ге, -і, -не) ұзартылды.
4-тапсырма.
1) Халық арасында тұрғын үй ипатекасына қатысты жиі кездесетін сөз орамдарымен танысыңыз. Бірнеше рет оқып, жаттығыңыз.
Ипотека
Шаршыметр
Несие
Пайыз
Банктің қызмет көрсету сыйақысы
Несиені қайтару мерзімі
Заем
Балалы жас отбасылар
2) Берілген сөздермен сөз тіркестерін, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
тапсырма Берілген сөздерді аударыңыз.
тұрғын үй - тұрғын үй мәселесі -
ең бір өзекті мәселе - сұраныс –
жылдан-жылға қарқынды өсуде - тұрғылықты жер –
үкіметтен жер алу - көп қабатты үй –
несиеге пәтер сатып алу - тұрғын үй құрылысы –
даму стратегиясы - негізгі бағыты -
маңызды міндеттері - болып табылады -
бағдарлама - тұрғын үйдің құнын арзандату –
қол жетімді - қамтамасыз ету –
тұрғын үйлерді несиелендіру - несиелендіру мерзімін ұзарту –
бастапқы жарнасы - халыққа тиімді –
сыртқы және ішкі келбеті - жаңа жоба –
безендірілу - тұрғын үйлер қатары –
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тұрғын үй.
Қазіргі таңда тұрғын үй мәселесі еліміздегі ең бір өзекті мәселенің бірі. Себебі, экономикамыздың дамуына байланысты, халқымыздың тұрғын үйге деген сұранысы жылдан-жылға қарқынды өсуде.
Баспана, шаңырақ үй, пәтер – әр отбасы үшін ең маңызы бар тұрғылықты жер. Сондықтан әр отбасы өз баспанасының болғанын қалайды. Кейбір отбасы үкіметтен жер алып, үйді өзі салады, ал, енді біреулері көп қабатты үйлерден несиеге пәтер сатып алады.
Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының ең негізгі бағыты және маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл - 2030 бағдарламасында:
-тұрғын үйдің құнын арзандату;
-қол жетімді тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету;
-тұрғын үйлерді несиелендіру;
-тұрғын үйлерді несиелендіру мерзімін ұзарту;
-несиелендірудің бастапқы жарнасы мен мөлшерлемелерін азайту сияқты халыққа тиімді жақтары қарастырылған.
Қазіргі кездегі тұрғын үйлердің сыртқы және ішкі келбеті жаңа жобамен, еуропалық стильмен безендіріліп, әдемі салынып жатыр. Тұрғын үйлер негізінен көп қабатты болып салынады. Қазіргі пәтерлердің бөлмелері оңаша, кең, жарық өте жайлы. Біздің қаламызда жыл сайын жаңа тұрғын үйлер қатары өсіп келеді. Бұл – біздің қаламыздың көркеюіне үлкен әсерін тигізеді.
тпсырма. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен табыңыз.
Жылдан-жылға қарқынды дамуда ..........................................................................
өз пәтерінің болғанын қалайды ............................................................................
тұрғын үй бағасы ..................................................................................................
маңызды мәселелер .............................................................................................
несиелендіру уақыты .........................................................................................
тапсыма. Жақшаны ашыңыз.
Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға (до) (стратегия развития) ең (основное направления) және маңызды міндеттерінің бірі (является). Қазіргі пәтерлердің бөлмелері (изолированные, просторные) жарық өте (удобные). (Некоторые семьи) үкіметтен жер алып, (сами строит дома), ал, енді біреулері (много этажных домах) несиеге пәтер (покупает).
5-тапсырма. Сөйлемді үлгі бойынша орындаңыз.
І Мен баспанамның болғанын қалаймын.
ІІ Сен .............................................................................
Сіз ...............................................................................
ІІІ Ол ................................................................................
Қазіргі кезде тұрғын үйді әртүрлі құрылыс фирмалары салады.
|
|
Қазақстанның халқы тұрғын үйге өте зәру.
|
|
Қазіргі кезде көптеген отбасы пәтер жалдап тұрады.
|
|
Қазіргі кезде пәтерлер жеке меншік және қазыналық болып бөлінеді.
|
|
18 жасқа толған әр қазақстан азаматы пәтер сатып ала алмайды.
|
|
Қазіргі кезде пәтерді тек несиеге ғана сатып аласыз.
|
|
Қазір жұмыс істеген адам ғана пәтер сатып алады.
|
|
Біздің елде пәтерге берілетін несие пайызы өте жоғары.
|
|
тапсырма. Берілген сөйлемдерге келісемін +, келіспеймін - , қарсымын < белгілерін қойып өз ойыңызды айтыңыз.
тапсырма. сөздерді жіктеп, сөйлемді кеңетіңіз.
І Мен сатып аламын .......................................................................................................
ІІ Сен сатып ала........ .....................................................................................................
Сіз сатып ала......... .......................................................................................................
ІІІ Ол сатып ала........ .......................................................................................................
тапсырма. сөйлемдерді толықтырыңыз.
Мен банктен ....................... алдым. Банк ............................ 15 пайыздан берді. Қазіргі таңда барлық банктер халықты ............................. жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Банк ........................... несиелерінің пайызы жоғары.
Керекті сөздер: (несиені, несиелендіру, несие, несиелерінің)
тапсырма. Құжаттың атауын тауып, сөйлемді толықтырыңыз.
Мемлекеттік Тұрғын үй бағдарламасы бойынша жеңілдікті тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
Нұсқа бойынша ----------- ;
Отбасы мүшелерін айқындайтын құжаттардың ------------- ;
Отбасы құрамы жайлы ------------ ;
Еңбек өтілі көрсетілген жұмыс істейтін жерінің ---------- , сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі өтілі қоса көрсетілуі тиіс;
Қызметтері;
Неке туралы куәліктің --------------- (мұндай құжат болса);
Жылжымайтын мүліктің бары немесе жоқтығы жайлы ------------ .
Керекті сөздер: анықтама, көшірмесі, анықтама, арыз, анықтамасы, көшірмесі.
Сөйлесім.
тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша сұхбаттасыңыздар.
Тұрғын үй бағдарламасы туралы не айтасыз?
Біздің қаламызда осы бағдарлама қалай жүріп жатыр?
Сіздіңше, несиені қайтару мерзімі қанша жыл болу керек?
Тұрғын үй бағдарламасы кімдер үшін тиімді?
Сұхбатқа жауап беруде мына сөздерді қолдана аласыз: меніңше (по-моему), соншалық (столько), онша (не очень), амалсыз (поневоле), шамасы (вероятно), алдымен (сначала), тиіс (следует), баяу, ақырын (медленно), ұзақ (долго),
5-тақырып. Мінез және келбет. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.
Адам сәні. Замандас келбеті.
Оқылым.
1-тапсырма. Берілген сұхбатты оқып, аударыңыз.
А)
-Сізге бүгін бір кісі келді. Аты- жөні есімде жоқ.
-Онда сыртқы түрін толық сипаттаңыз.
Ә)
- Ана ақ костюмді кісі кім, сіз білесіз бе?
- Ол бізге жаңадан келген жас маман. Бағдарламашы болып жұмыс істейді.
- Ана кісі кім?
- Қайсы?
- Ұзын бойлы, қара көзгілдірік киген.
- Ол Ғалия Омарқызы ғой.
Б)
- Ана бір жас жігіт кім?
- Қайсы? Ұзын аксары ма?
- Жоқ, кара торы.
- Білмеймін
Оқыңыз. Есте сақтаңыз!
Азаттьң көзі кандай? - Какие у Азата глаза?
Азаттың көзі кара. - У Азата глаза черные.
Қасым калың. - У меня густые брови.
Кірпігің ұзын. - У тебя длинные ресницы.
Маңдайыңыз ашық. - У вас открытый широкий лоб.
Ерні жұқа. - У нее тонкие губы.
Тістерің әдемі. - У тебя красивые зубы.
Кыр мұрынды жігіт. - Парень с прямым носом.
Олардың шашы ұзын. - У них длинные волосы.
Ажар қараторы(аксары) қыз. - Ажар брюнетка (блондинка).
Оның беті секпіл - У нее лицо в веснушках.
Қара(көк, көгілдір) көзді. - Черноглазая (синеглазая,
голубоглазая) девушка.
Ұзын сақалды адам. - Человек с длинной бородой
1. Бет(і) (лицо) қараторы - смуглый
ақсары - блондинка
ақкұба - светлоликая (ий)
дөңгелек жүзді - круглолицая (ый)
сопақ - продолговатая(ое)
маңдай - лоб
кең - широкий
2. Шаш(ы) волосы ұзын - длинный
қысқа - короткий
қалың - густой
сирек, селдір - редкий
сары - светлый
қара - черный
ақ - седой
боялған - крашенный
бұйра - кудрявый
тік - прямой
3. Көз(і)-глаза көкшіл - голубой
көк - синий
қой көзді - карие
қара - черный
үлкен көз- большие глаза
қысық көз - узкие глаза
4. Қас(ы)- брови қалың - густые
сирек - редкие
5. Кірпіктер(і)- ресницы ұзың - длинные
қысқа - короткие
сирек - редкие
қалың - густые
6. Мұрын (мұрны)- нос қыр мұрын - прямой нос
құс мұрын - орлинный
пұшық - курносый(ая)
7. Ерін (ерні)- губы жұқа - тонкие
томпақ - толстые
ІІ. Дене бітімі
Сымбатты – стройный (ая)
Денелі – крупного телосложения
Кең иықты - широкоплечий
Толық - полный, толстый
Арық - худой (ая)
Дене бітіміңіз әдемі - У вас красивая фигура
Оның тұлғасы сымбатты - У нее стройная фигура
Мұрат - кең иықты жігіт - Мурат – широкоплечий молодой человек
Балуан денелі адам - Человек атлетического телосложения
ІІІ. Бой(ы)
Ұзын бойлы – высокого роста
Орта бойлы – среднего роста
Аласа бойлы – маленького роста
Аласа бойлы еркек - мужчина маленького роста
Орта бойлы бикеш – девушка среднего роста
Ұзын бойлы кісі - человек высокого роста
ІҮ. Жасы
Ол он жеті жасар жігіт - 17 – летний парень
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, әңгімелеуге дағдыланыңыз.
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Замандас келбеті.
Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.
Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.
Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті экономикалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 16 студент оқиды. Оның 10-ы қыз, 6-ы ұл. Біз бәріміз құрдаспыз. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.
Мысалы Зәуре, Алтынай, Балнұр, Қарлығаш, Самалдың ұлты - қазақ, олар ұзын бойлы, шаштары қалың, ұзын, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар. Балнұрдың шашы бұйра ұзын. Зәуре, Қарлығаш, Самал аққұба, ал Алтынай мен Балнұр қараторы.
Ал, Оля мен Светаның ұлты – орыс, олар да ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған.
Оляның көзі үлкен, ал, Светаның көзі көкшіл кішкене. Альмираның ұлты – татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз.
Луиза мен Даянаның ұлты – әзірбайжан. Олар қараторы келген, ұзын бойлы, қастары қиылған, кірпіктері ұзын, шаштары қара, көрікті қыздар. Олар өз ана тілінде сөйлей алады. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.
Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Мысалы, Тимур мен Әділет мектепте бірге оқыған. Олар ұзын бойлы, қой көзді, аққұба келген, екеуінің де шаштары толқынды бұйра.
Андрей, Олег, Виктордың ұлты – орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді.
Ал, Романның ұлты – метес. Ол ұзын бойлы, қараторы, көздері үлкен әдемі, шашы қалың қысқа, сымбатты жігіт. Ол қазақ тілін жақсы біледі.
2-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
Адамның жан дүниесі қандай? Адамның өз тұлғасын қалыптастыратын не? Адам қандай болуы тиіс? Адамның сыртқы келбеті қандай болуы тиіс? Сіздің тобыңыздағы студенттердің келбеті қандай? Зәуре, Алтынай, Балнұр, Қарлығаш, Самалдың келбеттері қандай? Ұлты –татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз кім? Тобыңыздағы ұлдардың келбеті қандай? Олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді, олар кімдер?
Достарыңызбен бөлісу: |