2-тапсырма. Жақшаны ашыңыз.
Қазақстан (много национальный) егеменді, (независимое государство). Қазақстанда 130 (живут представители нации). Қазақстан Республикасы (расположен центр Евразии). Еліміздің (крупные реки) Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл. Қазақстан климат (резко континентальный).
3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
Сообщество, обширные, представитель, низменность, полезные ископаемые, речная сеть, резко континентальный, суверинитет, независимый, природа Казахстана, бескрайние степи.
4-тапсырма.Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
Қазақстан қандай мемлекет ? Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі ? Қазақстан климаты қандай ? Қазақстан Республикасы қай жерде орналасқан ? Қазақстанның халқынның саны қанша ? Қазақстан жерін алғашқы адамдар қашан мекендеген ? Қазақстанның жер беті қандай ? Қазақстанда қандай ірі өзендер бар ? Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады ? 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан үшін қандай күн ?
5-тапсырма. Орыс тіліне аударып, ауыспалы келер шақта сөйлем кұрыңыз.
Еуразияның орталығында, егеменді, тәуелсіз мемлекет, еркін адамдар елі, таңғаларлық жер, халық өкілдері, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар, мемлекеттік тіл - қазақ тілі, мемлекеттік рәміздер, ұлттық валюта, шұғыл континентті, ойпат, мұз басқан биік таулар, алтын әріптермен жазылды, Каспий теңізі.
6-тапсырма.Сөйлем құрыңыз.
Страна свободных людей.
находится в центре Евразии.
Қазақстан суверенное государство.
удивительно красивая земля.
многонациональное государство.
на просторах есть несметные богатства.Это редкие
Қазақстанның животные и растения.
Государственные символы – герб, флаг, гимн.
Валюта – тенге.
Есть реки Иртыш, Тобол, Сырдарья, Амударья,
Қазақстанда Тобол, и бескрайние степи. Есть красивые города.
Государственный язык – казахский язык.
тапсырма.Сұрақтарға жауап бере отырып, шағын мәтін құрастырыңыз.
1. Сіз қай мемлекетте тұрасыз ? Астанасы қай қала ?
2. Қазақстан қандай мемлекет ?
3. Халқының саны қанша ?
4. Қазақстан қай жерде орналасқан ?
5. Қазақстанның климаты қандай ?
6. Қазақстан жері қандай пайдалы кендерге бай ?
7. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі ?
8. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл ?
9. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім, қашан сайланды ?
8-тапсырма.Қазақ тіліне аударыңыз.
Мы из Казакстана Костанай находится в северной части Казахстана. В городе Рудном добывают железную руду. В северной части Казахстана выращивают хлеб (астық), овощи. Климат в Казахстане резко континентальный. На севере очень холодно, а на юге очень жарко. День независимости Казахстана 16 декабря. Независимое государство - счастливое государство. Я гражданин Казахстана.
2-тақырып. Қазақстан - әлемдік кеңістікте.
Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан- әлемдік кеңістікте
Бүгінде Қазақстан әлемдік кеңістікке мықты енген ел, оның егемендігін әлемнің 120 елі танып отыр.
Бұл ел негізгі халықаралық жүйе құрушы барлық ұйымдарға БҰҰ-ға, ЕҚЫҰ-ға, Ислам Конференциясы ұйымына, НАТО Ынтымақтастық Кеңесіне, Дүниежүзілік Банкке, Халықаралық валюта қорына, Еуропаның Қайта құру және Даму Банкіне, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына және басқа да халықаралық құрылымдарға мүше болды.
Дүниежүзілік қоғамдастық мүшелерінің көпшілігімен дипломатиялық қатынастар орнатты және өзара тиімді ынтымақтастық қалыптастырды. Қазақстанда тіркелген 50-ден астам шет ел елшіліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Қазақстанның елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары 40 елде құрылған.
Қазақстан жаһандық бастамаларды, ең алдымен ядролық қарусыздандыру және жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау жөніндегі бастамашы әрі тілекші болып табылады.
Қазақстанның сыртқы саясаты Батыс пен Шығыс арасындағы жан-жақты байланыстарды дамытуға, интеграциялық процестерді тереңдетуге бағытталған.
Еуразиялық мемлекет болғандықтан, ол Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқарады.
Тәуелсіздік алған жылдарынан бастап Қазақстан барлық көрші мемлекеттермен тұрақты тату көршілік және достық қарым-қатынастар жүйесін орнатты.
Қазақстан салиқалы сыртқы саясат ұстай отырып, әлемдік аренада бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы дәйекті жұмысы үшін тану мен құрметтеуге лайықты мемлекет ретінде өз іргесін бекіте білді. Әлемдік кездесулер:
Энтони Чарльз Линтон Блэр, Ұлыбританияның премьер-министрі (2002 жылғы 2 желтоқсан) : « Саясат саласында біз Қазақстанмен аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық, демократияландыру және адам құқығы, есірткілерді жасырын тасымалдаумен күрес мәселелері бойынша сындарлы саясат жүргізіп келеміз.
Ұлыбритания Қазақстан үшін маңызды әрі ұзақ мерзімді серіктес болғысы келеді. »
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті (2003 жылғы 3 шілде): «Қазақстан интеграциялық мәселелер бойынша алғашқы орындардың біріне ие болады және ТМД және Еуразиялық достақтық шеңберінде осы процестердің қозғаушы күші болып есептеледі»
3. Ху Цзиньтао, ҚХР төрағасы (2003 жылғы 2 маусым):. Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел ғана емес, сонымен қоса экономикалық негізі берік ең жақсы көршіміз. Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып қазақ тіліне аударыңыздар.
2- жаттығу. Орысшадан қазақшаға аударыңыздар:
мировое пространство, ООН, согласие и сотрудничество, хорошие начинания, оружие, внешная и внутренная политика, решить, проводить политику, взгляды политиков, есть возможность, укреплять взаимоотношения, политическая стабильность, транспорт, транспортировать, внешний рынок, природные ресурсы, проект, программа.
3 - жаттығу. Көп нүктенің орнына жіктік жалғауларын жазыңыз.
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
I. Мен Қазақстаннан ----
тұтынушы ----
инвестор -----
|
I. Біз Қазақстаннан ----
тұтынушы ----
инвестор
|
II.Сен Қазақстаннан ----
тұтынушы ----
инвестор
|
II.Сендер Қазақстаннан ----
тұтынушы ----
инвестор -----
|
Сіз Қазақстаннан ----
тұтынушы ----
инвестор -----
|
Сіздер Қазақстаннан ----
тұтынушы ----
инвестор -----
|
III. Ол Қазақстаннан ----
тұтынушы ----
инвестор -----
|
III. Олар Қазақстаннан ----
тұтынушы ----
инвестор -----
|
4- жаттығу. Берілген сөздерді тәуелдеңіз.
Стратегиялық міндет, Қазақстанның байлықтары, Қазақстан экономикасы, тауарлардың түрі, Қазақстанның түсті металдары, машина жасау саласы, басты тұтынушылар.
5 - жаттығу. Сөйлемдерді үш райға қойып жазыңыз.
Қалау рай
|
Шартты рай
|
Бұйрық рай
|
Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына
қосыл -----------.
|
Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына
қосыл -------------.
|
Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына
қосыл ----------.
|
Көліктік қызмет
көрсет ------------.
|
Көліктік қызмет
көрсет --------------.
|
Көліктік қызмет
көрсет -----------.
|
Құрылыс материалдарын жаса ------------.
|
Құрылыс материалдарын жаса ------------------ .
|
Құрылыс материалдарын жаса --------------.
|
Шетелден импорттық тауарлар әкел ---------.
|
Шетелден импорттық тауарлар әкел --------- .
|
Шетелден импорттық тауарлар әкел -------------.
|
6 - жаттығу. Етістіктерді үш шаққа қойыңыз.
Осы шақ
|
Келер шақ
|
Өткен шақ
|
Біз экономиканы дамытып жатырмыз (дамытамыз)
|
|
|
|
|
Олар ауылшаруашылық машиналар жасады (жасаған,жасайтын)
|
|
Инновациялық экономика құрмақпыз(құрармыз,құрамыз)
|
|
Өз мысалыңызды жазыңыз
|
Өз мысалыңызды жазыңыз
|
Өз мысалыңызды жазыңыз
|
|
|
|
7. Мәтінді оқып шет елдермен кездесулердің кластерін жасаңыз.
8. Рөлге бөлініп әр елдің өкілі болып сұхбат құрастырыңыз.
3-тақырып Адам және табиғат егіз. Қазақстанның экологиясы. Қазақстанның
табиғи саябақтары мен қорықтары.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары
Сабақтың мақсаты:
1) мәтінге қатысты жаңа сөздер үйрету арқылы сөздік қорын байыту, тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, қарым-қатынас тілін кеңейту, грамматиканы коммуникативті қолданыста пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
2) студенттердің ой-өрісін кеңейту арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін
дамыту;
3) студенттерді табиғат байлықтарын сақтауға және оларды қорғауға тәрбиелеп,
сүйіспеншілігін арттыру.
Жаңа сөздер
Қорық-заповедник
Қорғау-охранять
Зерттеу-исследовать
Еңгізілген-занесены
Құрылған-основан
Орналасқан-расположен
Пайда болды – появились
Киелі орындар – святые места
Мәтінді оқып аударыңыз.Қазақстанның қорықтары.
Табиғатты қорғаудың ең жоғарғы әдісі – қорықтарды ұйымдастыру. Қорық жерінің табиғаты қатаң қорғалып, адам араласуынсыз табиғи сақталуға жағдай жасалады. Елімізде табиғат байлығы: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап сақтайтын қорықтар көп. Қазақстанда 9 қорық бар. Қазақстанның қорықтары
Науырзым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Ақсу-Жабағылы, қорықтар бар. Қорықтарды мақсаты табиғатты қорғау және зерттеу. Қазақстанның қорықтарындағы аң-құстар еліміздің «Қызыл кітабында» енгізілген.
1.Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы құрылған, Батыс Тянь-Шаньның солтүстігінде орналасқан.
2.Алматы қорығы – 1931 жылы ұйымдастырылған. Ол Алматыдан 25 шақырым жерде, Алатаудың ортақ бөлігінде орналасқан.
3.Барсакелмес қорығы 1939жылы ашылған.Ол Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Барсакелмес қорығының мақсаты ежелгі жануарлардың түрін сақтау,қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу. 4. Қорғалжың қорығы – Астана қаласынан 180 шақырым жерде ораналасқан. 1958 жылы ашылған.
4. Наурызым қорығы –. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Бұл қорық 1930 жылы құрылған.Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр.. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, кездеседі. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап берәіңіз
1.Қазақстанда неше қорық бар?
2.Қазақстан қорықтарын атап беріңіз?
3.Қорықтардың мақсаты қандай?
4.Қазақстанның қорықтардағы аң-құстар қандай кітапқа енгізілген?
5.Ақсу-Жабағылы қорығы нешінші жылы құрылған, қай жерінде орналасқан?
6.Қандай қорық 1939жылы ашылған?
7.Барсакелмес қорығының мақсаты.....?
8.Біздің облысымызда қандай қорық бар?
9.Науырзым қорығы қашан құрылған?
1.Тапсырма
Сөйлемдерді орын тәртібі арқылы қойыңыз?
1.Тауларда,өзен,көл жағасында, Қазақстанда ,орман,тоғай арасында, кең
жазық далада ӛседі, ӛсімдіктер.
2.Биіктігі 1см-ге әрең жетіп,екіншісі ұзын, Кейбір,үлкен болады,
өсімдіктердің.
3.Түрлерін, итмұрын, қара қарақат, өсімдіктердің,орманды.
4.Өсімдіктерді, азық түлік, дәрі-дәрмек ретінде пайдаланған, адамдар
тұрмыста, түсті бояу,ыдыс.
2 тапсырма. Сөйлемге керекті сөзді қойыңыздар.
1.Барсакелмес қорығы --------- жылы ашылды.
2.Ақсу-Жабағалы қорығы Батыс Тянь-Шаньның Солтүстігінде -----------
----- .
3.Алматы қорығы 1935 жылы ------------- жерінде орналасқан.
4.Науырзым қорығының ашылған мақсаты ----------------- .
5.-------------- 1968 жылы Астана қаласынан 140км жерде орналасқан.
Керекті сөздер:1939ж,орналасқан, Алматы облысы, Табиғи кешендерді
қорғау, зерттеу, Қорғалжын қорығы.
3. Бекіту тапсырмалары. Сұрақтар қою арқылы тақырыпты бекіту
1. Маңқыстау облысында орналасқан қорық (Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық (Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құралған қорық аты (Ақсу-Жабағылы)
4. Қазақстанның Қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктер қандай заңдылықпен енгізілген?
5. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық (Қорғалжын)
6. Наурызым қорығы қай облыста орналасқан? (Қостанай)
7. «Қызыл кітап» поэмасының авторы? (Қ.Мырза Әли)
8. Қылқанды тайга орманы орналасқан қорық (Батыс Алтай)
9. Қазақстаннның Қызыл кітабы қай жылы шықты? (1978)
4-тақырып. Менің мамандығым Университет – білім ордасы. Мен таңдаған мамандық.
Тапсырма. Берілген мәтінді әңгімелеуге дағдыланыңыз.
Мамандық
Өмірде мамандық түрлері өте көп. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміз барлық салада жан-жақты өсу үстінде, соған орай, жаңа маман иелері пайда болуда. Мысалы, мұғалім, экономист, есепші, заңгер, инженер, агроном, қаржыгер, дәрігер тағы басқа... Соңғы жылдары экономика саласында: менеджер, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеденші; ауыл шаруашылық саласында: кәсіпкер, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші, биотехнолог; сонымен қатар іс жүргізуші, саудагер, бағдарламашы, аудармашы, бизнесмен тағы басқа...
Әр маман өзінің білімін іс-тәжірибеде көрсетеді. Жан-жақты, білікті, тәжірибелі маман болу – ол көп жылдар еңбек өтілімінің жемісі.
Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі болу үшін, алдымен жоғары оқу орнына түсу керек. Мысалы, мұғалім, болу үшін, пединститутта оқу керек, дәрігер болу үшін, мединститутта оқу керек, ал, заңгер, инженер, биолог, қаржыгер, агроном болу үшін университетте оқу керек. Сатушы, бақташы, сауыншы, үй жинаушы, еден жуушы, аула сыпырушы, күтуші сияқты мамандық иелеріне оқудың қажеті жоқ. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді және шет тілді жақсы білетін сәулетші, экономист, кеденші, ұщқыш, мұнайшы, бағдарламашы мамандықтары жоғары сатылы және оларға сұраныс көп. Жақсы маман болу үшін, біріншіден жақсы оқу керек және өз мамандығыңды терең меңгеріп, тәжірибе жинақтау керек.
1-тапсырма.Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
Өмірде қандай мамандық түрлері бар? Соңғы жылдары қандай мамандық түрлері пайда болды? Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Қандай мамандық иелері оқуды қажет етпейді? Қазіргі кезде қандай мамандық иелері жоғары сатылы және қандай мамандыққа сұраныс көп? Жақсы маман болу үшін, не істеу керек?
2 - тапсырма. Көп нүктенің орнына жіктік жалғау жалғап , сөздерге көңіл бөліңіз.
Мен саясаткер... . Мен бағдарламашы... . Сіз дипломт... . Сіз бастык..... . Сіздер тыңдаушылар.... . Олар - хатшылар... . Ол - әкім ... . Сендер қғзметкерлер.... . Біз инженерлер..... . Сендер есепшілер.... .
Сіз мамандық атауын білесіз бе?
Хатшы - секретарь
Багдарламашы - программист
Есепші - бухгалтер
Аудармашы - переводчик
Сәулетші - архитектор
Тілші - корреспондент
Ұшкыш - летчик
Тергеуші - следователь
Әртіс - артист
Кәсіпкер - предприниматель
3 - тапсырма Мамандық атауларын қолданып, Сіз кімсіз? сұрағына жауап беріңіз.
Үлгіі: Сіз кімсіз? Мен заңгермін.
Үлгі Сіз заңгерсіз бе? -Жоқ, мен заңгер емеспін, мен эконмиспін.
4-тапсырма. Берілген сұхбатты толықтыра отырып, сұхбаттан монолог құрастырыңыз.
Менің болашақ мамандығым
-Қазіргі кезде қандай мамандықтарға сұраныс көп?
-...................................................................................................................................
-Сіздің болашақ мамандығыңыз кім?
-....................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңыз қай салаға жатады?
-...................................................................................................................................
-Сіз осы мамандықты неге таңдадыңыз?
-....................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңыздың қандай ерекшелігі бар?
-....................................................................................................................................
-Сіз осы мамандықта неше жыл оқисыз?
-...................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңызды жақсы меңгеру үшін, қай пәнді жақсы білу керек?
-..................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңызбен мемелекеттік мекемеде және тағы қайда жұмыс істеуге болады?
-...................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңызға қандай тілдерді жетік білу керек?
-....................................................................................................................................
-Білікті, білімді маман болу үшін не істеу керек?
-....................................................................................................................................
-Сізге өз мамандығыңыз ұнай ма?, неге?
-...................................................................................................................................
5-тапсырма. Аударыңыз.
Я учитель ............................... Ты учитель ..............................................
Я инженер .................................... Ты инженер ..............................................
Я студент ..................................... Ты студент ..............................................
Я преподаватель ........................... Ты преподаватель ........................................
Вы учитель ........................................ Он учитель .....................................................
Вы инженер ......................................... Он инженер ..................................................
Вы студент .......................................... Он студент ...................................................
Вы преподаватель ................................... Он преподаватель ....................................
1-тапсырма. Берілген мәтінді аударып әңгімелеңіз.
Университет – білім ордасы.
Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқимын. Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің іргетасы 1939 жылы қаланды. Сол кезде университет «Мұғалімдер институты» деп аталған. Ең алғаш математика, физика, тарих, география факультеттері ашылған. Оқу ордасы университет мәртебесін 1993 жылы алған. Ахмет Байтұрсынов есімі 1996 жылы берілді. Университет мәртебесін алғаннан кейінгі бірінші ректор белгілі Академик Зұлқарнай Алдамжар болған.
Жыл сайын Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Ресей мен алыс шетелдердің қатысуымен шамамен 5 халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Әр жылда университет оқытушылары екі-үш докторлық және жиырмаға жуық кандидаттық диссертация қорғайды.
Университетте 7 факультет бар, 9000-ға жуық студент оқиды. Университетте сабақ кредиттік жүйемен, бекітілген сабақ кестесі бойынша 50 минуттан өткізіледі. Университетте 37 кафедра бар, 160-тан астам ғылыми атақтары мен дәрежелері бар оқытушылар, 40 ғылым докторлары мен профессорлар дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді. Университет 35-тен астам мамандық дайындайды. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – Қазақстанның солтүстігіндегі алдыңғы қатарлы, аймақтық университеттерінің бірі.
2-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
Сіз қайда оқисыз? Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің іргетасы қашан қаланды? Сол кезде университет қалай аталған? Ең алғаш қандай факультеттер ашылған? Оқу ордасы университет мәртебесін қай жылы алған? Ахмет Байтұрсынов есімі қай жылы берілді? Университет мәртебесін алғаннан кейінгі бірінші ректор кім болған? Университетте неше факультет бар және қанша студент оқиды?
Университетте сабақ қандай оқу жүйесі бойынша өткізіледі? Университетте неше кафедра бар және кімдер дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді? Университет қанша мамандық дайындайды Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан бойынша қандай орын алады?
3-тапсырма. Берілген сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.
Наш университет – один из ведущих университетов Казахстана. 2000 году нашему университету присоединили сельскохозяственный институт. С 2004 года студентов стали обучать по системе кредитных технологии. Многие преподаватели, кандидаты, профессора является выпусниками этого заведения. Возле нашего университета находится парк, французкий культурный центр, медицинский колледж, областной и городской акимат.
5-тақырып. Қазақстандағы білім беру жүйесі
Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі тың серпіліс.
Кредиттік оқыту жүйесі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы білім беру жүйесі.
Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық училище, арнаулы орта және жоғары орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (магистратура, докторантура), әр түрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары.
Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4 сынып), толық емес орта (5-9 сынып) және толық орта (10-11 сынып).
Бірінші және екінші сатылы білім міндетті.Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады.Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер.
Ал жоғары білім беру жүйесінде 100 шақты мемлекеттік және мемлекеттік емес орны тіркелген.
2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
Мектепке дейінгі тәрбие басты екі міндеттен тұрады: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын күрт өсіру, тәрбие жұмысын жаңа мазмұнмен толықтыру.
Барлық балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен толық қамтамасыз ету міндеттері Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасында анықталған.
Қазіргі уақытта контингенті 481 мың бала болатын 6960 мектепке дейінгі ұйымдар (2483 балабақша, 4477 мини-центр) жұмыс істейді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 41,6%-ды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 55%-ды құрайды.
Сонымен қатар мини-центрлер мен мектепалды сыныптардың педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы әзірленді.
Магистратура мен докторантура бағдарламалары бәрінен бұрын жас зерттеуші – ғалымдар мен ЖОО-лардың оқытушыларын даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл тұстағы негізгі бағдар – Назарбаев Университетінің базасында құрылып жатқан жоғары оқу орнының жаңа моделі.
Қазақстандық орта білім беру жүйесін жетілдіру үшін үлкен әдістемелік үлгі ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» атауға болады.
Осы шаралардың барлығы Елбасының «Сапалы білім Қазақстанды индустрияландыру мен инновациялық дамытудың негізі болуы тиіс» деген міндетін орындауға бағытталған. Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып қазақ тіліне аударыңыздар.
2. Сөздікпен жұмыс
қамтамасыз ету- обеспечить
біліктілігін арттыру – повышение квалификации
бәсекеге қабілетсіздігі – не конкурентноспособный
сапасын арттыру- повысить качество
жетілдіру – усовершенствовать
тұжырымдама – концепция
заңды негіз – юридическая база
мемлекеттік қолдау – государственная поддержка
жоғары білікті мамандар – кадры высшей квалификации
жалпыға міндетті қалыптарын белгілейді – устанавливает общеобразовательные
стандарты образования
3. Мәтінге сұрақтар қойыңыздар.
4. Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы пікір алысыңыздар.
5. «Оқуға кештік жоқ», «Білім -қуат», «Өмір бойы үйрен» деген мақалдар бойынша сөйлесіңіздер.
6-тақырып. Қоғам және жастар.
Қоғамның басты байлығы – дарынды жастар.
Қазақстанның жарқын болашағы - білімді ұрпағында.
тапсырма. Мәтінді оқып мазмұнын айтуға дағдыланыңыз.
Қоғамның басты байлығы – дарынды жастар
Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дөстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді.
Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар. Олардың күшін біріктіріп, қайратты топқа айналдырып отырған «Жас Отан» ұйымы екені де белгілі. Бұл ұйым күні бүгінде біздің жастарымыздың отаншылдық, ұлтжандылық, жауапты азаматтық ұстанымын арттыруда өзіндік міндетін атқарып келеді. «
Елбасымыздың «Болашақ» бағдарламасы талай талантты жастарымызға Кембридж, Оксфорд сияқты дүниежүзiлiк бiлiм ордаларының есiгiн ашуға жағдай жасады. Білімді де дарынды жастарымыз әлемнің түкпір-түкпірінде білімдерін шыңдауда.
Достарыңызбен бөлісу: |