Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Кіріспе Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) –



жүктеу 5,45 Mb.
бет5/5
Дата14.11.2017
өлшемі5,45 Mb.
#454
1   2   3   4   5

Кіріспе
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – кредиттік жүйедегі оқытудың бір формасы. Ол дәрісханада өтеді. СОӨЖ екі функцияны атқарады:

  1. Кеңес беру функциясы:

  • Оқу жұмыс жоспарына енетін пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындауға педагогикалық мақсатта көмек көрсету. Оқу материалын меңгеруде студентке жұмыс әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу материалын бекіту тапсырмаларын орындау мүмкіндігі бар.

  • Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, студенттер алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді.

  • Студенттің өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.

  1. Бақылау функциясы:

  • Студенттердің білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта студент бағдарлама бойынша бақылау жұмыстарын, СӨЖ тапсырмаларын тапсырады.

  • Неғұрлым жоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.

Кейбір студенттер, әсіресе 1-курстағылар өздігінен білім алуға әлі дайын болмайды. Біреулері көмек сұрамайды, екіншілері өздерінің оқудағы кемшілігінің себебін білмейді, үшіншілері өздерінің жұмыстағы кемшіліктерін көрмейді. Тек оқытушының басшылығымен, оқытушымен бірлесіп қана туындаған қиындықтан шығатын жолды табуға болады.

СОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын студенттер үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті студенттердің оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де СОӨЖ жүргізіледі.

СОӨЖ жүргізудің формалары әр түрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше студенттер сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының студенттермен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда студенттердің оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері - СОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. СОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн.

СОӨЖ әр сабағына қажетті көрнекі құралдар дайындалады (кейстер, рольдік ойындар, тестілер, кроссвордтар, т.б.). Олар кезінде лекцияда көрсетуге мүмкін болмаған материалдар және кейбір сұрақтарды кеңітіп тереңдетеді, ұсынылған жағдаяттарды талдауға, қойылған міндеттерді шешуге, шешім қабылдауға көмектеседі.

     Оқытушыда СОӨЖ тиімді өткізуге қажетті әдістемелік материалдар, әдебиеттер жеткілікті болуы керек.   

СОӨЖ оқу-тақырыптық жоспары




ОБСӨЖ тақырыптары

ОБСӨЖ сағат саны

Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме (негізгі, қосымша)

Басқа дереккөздер(сайттар, электр. оқулықтары)

1

2

3

4

5

1

Тұрғындардың түрлі категорияларына көрсетілетін қызметтің дамуы

2

Павленок П.Д. Введение в социальную работу..Курс лекций – М.,1998


www.yandex.kz

2

Әлеуметтік қызметтің түрлері

2

Семьяведения уч. пособия под ред. Шенелева

http://stud.kz/

3

Отбасына көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлері


2

Зуйкова Е.М. , Ерусланова Е.И. Феминология. –М., 2001

www.Google.kz

4

Әйелдер бірлестігінің негізгі қызметтері

2

Альперович В.Л

Геронтология.

Старость: социо

культурный портрет – М., 1998




www.Google.kz

5

Геронтология ғылымының даму принциптері

2

Альперович В.Л

Геронтология.

Старость: социо

культурный портрет – М., 1998




http://stud.kz/

6

Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету

2

Хропылина П.П. Основы реабилитации инвалидов. Уч.- метод. пос.-М., 1996


www.yandex.ru

7

Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби түсініктері мүгедектермен жұмыс жасау негізінде

2

Хропылина П.П. Основы реабилитации инвалидов. Уч.- метод. пос.-М., 1996

Молодежь и общество на рубеже веков. // ред.

И.М.Ильинской-М.. 1999


www.yandex.kz

8

Жастар саясатының атқаратын ролі

2

Е.И. Холостова. Теория социальной работы.- М,2001

www.Google.kz

9

Жастар арасында нашақорлықпен күресу

2

Е.И. Холостова. Теория социальной работы.- М,2001

www.yandex.ru

10

Мектепте әлеуметтік жұмыстың негізгі қызметі

2

Павленок П.Д. Введение в социаль-ную работу..Курс лекций – М.,1998

www.rambler.ru

11

Көші-қон полициясының қызметі және мигранттарға көрсетілетін көмектер

2

А.Н.Агафонов, К.Н. Меңлібаев Жастармен жүргізілетін әлнеуметтік жұмыс.,- Астана,2005.

http://stud.kz/

12

Девиантты мінез-құлықтың әртүрлі формаларына талдау жасау

2

Брутман В. Причины

Социальногосиротст

// Социальная

работа.1994 №2



www.Google.kz

13

Жетім балалармен жұмыс атқаруда әлеуметтік қызметкердің атқарар орны

2

Е.И.Холостов Теория социальной работы.- М,2001

www.yandex. ru

14

Пенитенциарлық жүйедегі негізгі қызметтер

2

Е.И. Холостова. Теория социальной работы.- М,2001

www.Google. ru

15

ҚР заңдарының әлеуметтік салада жүзеге асуын талқылау

2

ҚР Конституциясы

А., 1995


www.yandex.kz

15

Барлығы

30








ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар
Тақырып 1. Тұрғындардың түрлі категорияларына көрсетілетін қызметтің дамуы

  1. Халықтың әртүрлі категорияларына көрсетілетін қызметтер

  2. Категорияларды талқылау

Тақырып 2. Әлеуметтік қызметтің түрлері

  1. Әлеуметтік қызметтің түсінігі

  2. Көмектің түрлері

Тақырып 3. Отбасына көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлері

  1. Отбасының түрлері және функциялары

  2. Отбасына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің негізі

Тақырып 4. Әйелдер бірлестігінің негізгі қызметтері

  1. Әйелдерді әлеуметтік қорғау

  2. Әйелдермен жұмыс атқаратын мекемелер

Тақырып 5. Геронтология ғылымының даму принциптері

  1. Геронтология ғылымының даму тарихы

  2. Геронтология ғылымының қоғамдағы алар орны

Тақырып 6. Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету

  1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту

  2. Жұмыссыздықтың түрлері

Тақырып 7. Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби түсініктері мүгедектермен жұмыс жасау негізінде

  1. Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың міндеттері

  2. Мүгедектермен әлеуметтік қызметтің кәсіби негіздері

Тақырып 8. Жастар саясатының атқаратын ролі

  1. Жастар саясатының міндеттері

  2. Жастар саясатының негізгі қызметтері

Тақырып 9. Жастар арасында нашақорлықпен күресу

  1. Жастар арасында нашақорлықты алдын-алумен күресу

  2. Жасөспірімдердің арсында нашақорлықты алдын-алу

Тақырып 10. Мектепте әлеуметтік жұмыстың негізгі қызметі

  1. Мектептегі әлеуметтік жұмыс

  2. Мектептегі әлеуметтік қызметтің негіздері

Тақырып 11. Көші-қон полициясының қызметі және мигранттарға көрсетілетін көмектер

  1. Мигранттармен әлеуметтік жұмыстың мақсаты

  2. Мигранттардың құжаттарын рәсімдеудің қызметтері

Тақырып 12. Девиантты мінез-құлықтың әртүрлі формаларына талдау жасау

  1. Девиантты мінез-құлықтың түрлері және түсінігі

  2. Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік жұмыс

Тақырып 13. Жетім балалармен жұмыс атқаруда әлеуметтік қызметкердің атқарар орны

  1. Жетім балалардың қоғамда алалатын орны

  2. Жетім балалармен әлеуметтік қызметтің негіздері

Тақырып 14. Пенитенциарлық жүйедегі негізгі қызметтер

  1. Пенитенциарлық жүйенің атқаратын орны

  2. Бас бостандығыныан айрылған адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізу

Тақырып 15. ҚР заңдарының әлеуметтік салада жүзеге асуын талқылау

  1. ҚР конституциясын талдау

  2. ҚР заңдарына толығымен талқылау жүргізу




  1. Негізгі әдебиеттер:

  1. Профессиональная этика социальной Ярская-Смирнова Е.Р. М.: ТЦ «СФЕРА», 2003.Теория и практика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. Под.ред.В.М.Сафроновой. М., 1992

  2. Социальная работа: теория и технологии. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная. Астана,2005

  3. Технология социальной работы. Под.ред. И.Г.Зайнышева. М.,2002

  4. Технология социальной работы. Под.ред. А.А.Чернецкой Ростов-на Дону, 2006

  5. Козлов А.А. Социальная работа за рубежом. Состояние, тенденции, перспективы. М., 1998.

  6. Чербинский С.И. Социальная работа и социальные программы в США. М., 1992.

  7. Социальная работа в схемах. Уч.пособие. М.,2006

  8. Практикум социальной работы. В.А.Козлов, т.Б.Иванова. Ростов-на Дону, 2001

  9. Социальная работа. Курсовые, рефераты. О.П.Демушкина, 2004

  10. Трудотерапия как метод реабилитации инвалидов. М., 1998

  11. Кожамкулова Л.Г. Социальная работа города: принципы и направления. – Алматы, 2003

  12. Козлов А.А., Иванов Г.Б. Практикум социального работника. –М., 1993

  13. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. М., 2003

  14. Агафонов А.Н., Егоров В.В., Менлибаев К.Н., Нурмагамбетов С.В. Основа теорий социальной работы. Караганда, 2002

  15. Технология социальной работы: Учебник Под.ред. Е.И.Холостовой. М., 2001

  16. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, Г.Г.Черная. Занятость населения и ее регулирование. Караганда 2008г.

  17. Мардахаева Л.В. Методика и технология социального педагога. М., 2002

  18. Баймуканова М.Т. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Карағанды: 2006ж.


II. Қосымша әдебиеттер:

  1. Энциклопедия социальной работы. М., 1994

  2. Словарь-справочник по социальной работе / под.ред. Е.И.Холостовой. М., 1997

  3. Трудотерапия как метод реабилитации инвалидов. М., 1998

  4. Қазақстан Республикасында 2006-2016ж.арналған гендерлік теңдік стратегиясы. 29.11.2005ж.

  5. Справочник социального работника. Приложения к журналу «Социальная работа – Социальные услуги

   Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей  бөлінуін қарастырады


Бағалау баламасы



Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Ұпайлардың цифрлық баламасы

%

көрсеткіші



ұпай

бағалау

ECTS


Өте жақсы

А

4

95-100

95-100

А

(өте жақсы)



А-

3,67

90-94

90-94

жақсы

В+

3,33

85-89

85-89

В

(өте жақсы)



В

3,0

80-84

80-84

В-

2,67

75-79

75-79

С

(жақсы)


қанағаттанарлық

С+

2,33

70-74

70-74

С

2,0

65-69

65-69

D

(қанағаттанарлық)



С-

1,67

60-64

60-64

D+

1,33

55-59

55-59

Е

(орташа)


D

1,0

50-54

50-5

қанағаттанғысыз

F

0

0-49

0-49

F(FХ) (қанағаттанғысыз)

Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті



«_____»

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Кайникенова Гульмира Какимовна

5В090500 Әлеуметтік жұмыс

студенттері үшін Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс

пәні бойынша СӨЖ сабақтарға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқыту түрі: күндізгі

Көкшетау 2014 ж.


Әдістемелік нұсқаулар Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және СӨЖ сабақтарға арналған талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.



Кіріспе
Қазақстанның заманауи талаптарға сай кредиттік оқу жүйесіне өтуі, мамандарды дайындаудың жаңа түріне көшті. Кредиттік технология оқытудың дербестігін, студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) мәні жоғары сапада болуын талап етеді. СӨЖ ұйымдастырудың негізі студенттердің дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстарын тұтас, үздіксіз жүйесіне айналдыруды көздейді.
Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс пәнінен жүргізілетін СӨЖ негізгі міндеттері:


  1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

  2. Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалықтармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Студенттерді негізгі әлеуметтік іскерліктермен қаруландыру.

  4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен әлеуметтік бағытта ойлауын дамыту.

  5. Басқарудың нақты технологияларын тиімді қолдану сферасында болашақ әлеуметтік қызметкерлерде практикалық іскерлік жиынтығын қалыптастыру.

СӨЖ дайындалғанда әр студент:

  • ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;

  • реферат, баяндама дайындауға;

  • практикалық тапсырманы орындауға;

  • өз пікірін қорғауға;

  • тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтауға міндетті.

Студенттердің өзіндік жұмыстары қамтиды:

- реферат, кейс, кроссворд, проблемалық міндеттерді шешу, т,б, үй тапсырмаларын орындауды көздейді (Үй тапсырмаларын студент кітапханада, т,б, орындарда орындайды).



- оқытушының тапсырмаларды орындау жайлы кеңес пен ұсыныстары. Бұл жерде семестр бойы жүйелілікті сақтау керек. СӨЖ тиімділігі оның әдістемелік қамтылуына байланысты. Ең алдымен, оқулықтар мен оқу құралдары, оқытушылар құрастырған әдістемелік нұсқаулар, Интернет ресурстары, оқу залының мүмкіндігі, т.б. құралдар.

Тапсырмаларды орындағанда оқулықтармен қатар сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, т.б. құралдарды пайдаланып, соңында көрсету керек.




Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары
Тақырып №1. Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетке бағыты

СӨЖ тапсырмалары

1.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жұмыстың даму кезеңдері.

2.Әлеуметтік қызметтің негізгі бағыттары

Әдебиеттер


  1. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. М., 2003

  2. Агафонов А.Н., Егоров В.В., Менлибаев К.Н., Нурмагамбетов С.В. Основа теорий социальной работы. Караганда, 2002

  3. Технология социальной работы / Под.ред. И.Г.Зайнышева. М., 2000


Тақырып №2. Әлеуметтік жұмыс маманы кәсіби қызмет субъектісі ретінде

СӨЖ тапсырмалары

1.Әлеуметтік жұмыс маманы кәсіби әлеуметтік қажеттілігі.

2.Әлеуметтік жұмыстағы этикалық принциптеріне сипаттама беріңіз

3.Кәсіби моральдық функцияға сипаттама беріңіз



Әдебиеттер

  1. Козлов А.А. Социальная работа за рубежом. Состояние, тенденции, перспективы. М., 1998.

  2. Чербинский С.И. Социальная работа и социальные программы в США. М., 1992.

  3. Социальная работа в схемах. Уч.пособие. М.,2006

  4. Практикум социальной работы. В.А.Козлов, т.Б.Иванова. Ростов-на Дону, 2001


Тақырып №3. Отбасымен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

1. Отбасы ұғымы, отбасы мен неке айырмашылығы

2. Отбасы функциялары

3. Неке және отбасы туралы ҚР Заңы

4. Отбасындағы зорлық-зомбылық түрлері

5. Отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын-алу жолдары



Әдебиеттер

  1. Баймуканова М.Т. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Карағанды: 2006ж.

  2. Хартия прав человека: Всеобщая Декларация прав человека. 1948

  3. Конвенция о ликвидации всех форм дискриминации в отношении женщин. 1979.

  4. Платформа действий.// IV Всемирная конференция по положению женщин. Пекин, 1995.Действия в интересах равенства, развития и мира. Национальный доклад к IV Всемирной Конференции по положению женщин. М., 1994.


Тақырып №4. Әйелдермен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

  1. Әйел түсінігіне анықтама беріңіз

  2. Әйелдермен жұмыста әлеуметтік қызметкердің ролін атаңыз

  3. ҚР гендрлік саясат тұжырымдамасы

Әдебиеттер

  1. Теория и практика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. Под редакцией В.М. Сафроновой . М., 1992

  2. Конвенция о ликвидации всех форм дискриминации в отношении женщин. 1979

  3. Технология социальной работы / Под.ред. И.Г.Зайнышева. М., 2000


Тақырып №5. Қарттармен әлеуметтік жұмыс.

СӨЖ тапсырмалары

1. Геронтология ұғымы

2. Қартаю түрлері мен кезеңдері

3. Қазақстандағы қарт адамдардың статистикасын жазып келіңіз



Әдебиеттер

  1. Козлов А.А., Иванов Г.Б. Практикум социального работника. –М., 1993

  2. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. М., 2003

  3. Словарь-справочник по социальной работе / под.ред. Е.И.Холостовой. М., 1997


Тақырып №6. Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

1. ҚР-ның еңбекпен қамту Заңы

2. ҚР-ның еңбек қауіпсіздігі туралы Заңы

3. Жұмыссыздық ұғымы, түрлері

4. Жас жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс түрлері («Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға» және т.б.)

Әдебиеттер


  1. Чербинский С.И. Социальная работа и социальные программы в США. М., 1992.

  2. Социальная работа в схемах. Уч.пособие. М.,2006

  3. Практикум социальной работы. В.А.Козлов, т.Б.Иванова. Ростов-на Дону, 2001

  4. Социальная работа. Курсовые, рефераты. О.П.Демушкина, 2004


Тақырып №7. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

1. Мүгедектердің ребилитациясындағы әлеуметтік қызметкердің рөлі

2. Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жүргізу

3. Мүмкіндігі шектеулі адмдарға төленетін жәрдемақы түрлері мен мөлшері



Әдебиеттер

  1. Трудотерапия как метод реабилитации инвалидов. М., 1998

  2. Кожамкулова Л.Г. Социальная работа города: принципы и направления. – Алматы, 2003

  3. Козлов А.А., Иванов Г.Б. Практикум социального работника. –М., 1993

  4. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. М., 2003


Тақырып №8. Жастармен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

  1. ҚР жастардың алатын оны мен статистикасы

  2. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс түрлері

  3. Жол картасы аясында жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары

  4. Жастардың жасерекшелік психологиясы

  5. Жастардың субмәдениеті

Әдебиеттер

  1. Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального педагога: учебное пособие. - М.: Изд. центр «Академия», 2002.- 160с.

  2. "Социальная работа с молодежью" для специальности 050905- "Социальная работа" / А. Н. Агафонов. - Караганда : КарГУ, 2005.

  3. Мудрик А.В. Социальная педагогика / Под ред. В.А. Сластенина.- М.: Изд. центр «Академия», 2002.-200с.


Тақырып №9. Маскүнемдер, нашақорлар және жезөкшелермен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

  1. Маскүнемдік әлеуметтік мәселе ретінде

  2. Нашақорлармен әлеуметтік жұмыс

  3. Жезөкшеліктің түрлері және олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу

Әдебиеттер

  1. Теория и практика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. Под редакцией В.М. Сафроновой . М., 1992

  2. "Социальная работа с молодежью" для специальности 050905- "Социальная работа" / А. Н. Агафонов. - Караганда : КарГУ, 2005.

  3. Козлов А.А., Иванов Г.Б. Практикум социального работника. –М., 1993


Тақырып №10. Мигранттармен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

  1. Мигрант пен эмигрант ұғымдары, айырмашылықтары

  2. ҚР-ның көші-қон туралы Заңы

  3. Егемендік алған жылдардан кейінгі елімізге келген мигранттадың статистикасы

  4. Монғолия, Қытай, Өзбекстан елдерінен келген минранттардың санын кесте түрінде толтырып келіңіз

Әдебиеттер

  1. Социальная работа» под. Ред. В.И. Курбатова р-н-д 2003

  2. Р.В.Овчарова Справочная книга социального педагога М. 2002

  3. Теория и практика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. Под редакцией В.М. Сафроновой . М., 1992

  4. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. М., 2003


Тақырып №11. Қаңғыбастармен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

  1. Қаңғыбастарға көрсетілетің көмектің түрлерін атаңыз

  2. Қаңғыбастармен жұмыста әлеуметтік қызметкердің атқаратын ролін атаңыз

  3. Қаңғыбастармен әлеуметтік жұмыс атқарғанда қолданылатын әдістерді сипаттаңыз

Әдебиеттер

  1. Теория и практика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. Под редакцией В.М. Сафроновой . М., 1992

  2. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. М., 2003


Тақырып №12. Жетім, қараусыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

1. Қараусыз қалған балалардың пайда болуына әсер ететін факторлар

2. Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс

3. Қаңғыбастардың пайда болуына әсер ететін факторлар



4. Қаңғыбастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс

Әдебиеттер

  1. Социальная работа: теория и технологии. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная. Астана,2005

  2. Технология социальной работы. Под.ред. И.Г.Зайнышева. М.,2002

  3. Технология социальной работы. Под.ред. А.А.Чернецкой Ростов-на Дону, 2006


Тақырып №13. Бас бостандығынан айырылған тұлғалармен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ тапсырмалары

  1. Жазасын өтеп шыққан адамдарға арналған уақытша реабилитациялық орталықтар

  2. Қазақстан Республикасындағы жазасын өтеп жатқан адамдардың статистикасы

  3. Бас бостандығынан айырылған тұлғаларды жұмыспен қамту

  4. Сотталғандарға әлеумттік-психологиялық көмек көрсету

  5. Жазасын өтеп шыққан адамдарға арналған уақытша реабилитациялық орталықтар

  6. Қазақстан Республикасындағы жазасын өтеп жатқан адамдардың статистикасы

Әдебиеттер

  1. «Социальная работа» под. Ред. В.И. Курбатова р-н-д, 2003

  2. Социальная работа в схемах. Уч.пособие. М.,2006

  3. Практикум социальной работы. В.А.Козлов, т.Б.Иванова. Ростов-на Дону, 2001

  4. Социальная работа. Курсовые, рефераты. О.П.Демушкина, 2004


Тақырып №14. Әлеуметтік жұмыстағы қазіргі тенденциялар мен инновациялар

СӨЖ тапсырмалары

  1. Әлеуметтік жұмыс технологияларының классификациясы

  2. Бір категорияны алып көмек көрсету технологиясын құру (мысал)

  3. Әдіс пен технологияның байланысын көрсету

Әдебиеттер

  1. Теория и практика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. Под редакцией В.М. Сафроновой . М., 1992

  2. «Социальная работа» под. Ред. В.И. Курбатова р-н-д, 2003

  3. Технология социальной работы. Под.ред. И.Г.Зайнышева. М.,2002

  4. Технология социальной работы. Под.ред. А.А.Чернецкой Ростов-на Дону, 2006

  5. Козлов А.А. Социальная работа за рубежом. Состояние, тенденции, перспективы. М., 1998.

  6. Практикум социальной работы. В.А.Козлов, т.Б.Иванова. Ростов-на Дону, 2001


Тақырып №15. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің классификациясы

СӨЖ тапсырмалары

  1. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің түрлері

  2. Бір категорияны алып кез – келген әдісті алып мысал келтіру

Әдебиеттер

  1. «Социальная работа» под. Ред. В.И. Курбатова р-н-д, 2003

  2. Агафонов А.Н., Егоров В.В., Менлибаев К.Н., Нурмагамбетов С.В. Основа теорий социальной работы. Караганда, 2002

  3. Технология социальной работы. Под.ред. И.Г.Зайнышева. М.,2002

  4. Технология социальной работы. Под.ред. А.А.Чернецкой Ростов-на Дону, 2006

  5. Козлов А.А. Социальная работа за рубежом. Состояние, тенденции, перспективы. М., 1998.



Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс пәні бойынша тест тапсырмалары
1. «Жасөспірімдік шақ» ұл балалар мен қыз балалардың жасы:

A)ұл 13-16, қыз 12-15

B)ұл 12-13, қыз 18-19

C)ұл 10-11, қыз 19-22

D)ұл 10-12, қыз 18-20

E)ұл 12-13, қыз 13-19

2. «Суицид» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді:

A) жанжалды шешу

B)психологиялық теріс бейімделу

C)қанағаттанбау

D) өзін-өзі өлтіру

E)өмірдің мәнін жоғалту

3. Суицидті мінез- құлыққа әсіресе екі жас топтары бейім болды, ол қандай топ?

A) бозбалалар

B)жеке адам

C) кәрі адамдар және жасөспірімдер

D)қиын балалар

E)есірткі қолданатын адамдар

4. Жастардың кіші мәдениеттілігінің ерекше белгісіне не жатады?

A) рухани

B)мәдениет

C) стильдер

D)бейне

E) субьектілер



5. 50% нашақорлар қанша жас аралығындағы жастар?

A) 12-14 жас

B) 18-35 жас

C)35-50 жас

D)18-60 жас

E) 16-28 жас

6. Отбасында екі түрлі деликвенттілік қалыптасады:

A) оппозициялық, аморальдық

B)оппозициялық, ауытқу

C)агрессивті, қорғанушы

D)жалтару, агрессивті

E) агрессивті, оппозициялық

7. Жастар арасындағы ең басты әлеуметтік міндет бар. Ол қандай міндет?

A) заңды түрде некеге отыру

B)есею сезімі

C)паспорт алу

D) мамандық таңдау

E) белсенді сайлауға қатысу

8. БҰҰ Бас ассамблеясы қай жылды халықаралық жастар жылы деп белгіледі?

A) 1986


B)1983

C) 1985


D)1999

E) 1990


9. Девиантты мінез-құлық неше түрге бөлуге болады?

A) 5


B) 2

C)3


D)бөлінбейді

E) төртке

10. Дене жетілуінің аяқталу кезеңі қандай шақ

A) ересектік шақ

B)жасөспірімдік шақ

C) бозбалалық шақ

D)жастық шақ

E) бойжеткендік

11. Соңғы он жылда кедейшілік деңгейі нешеге дейін қысқарды

A) 5


B)2

C)3


D) 4

E) 1


12. 2006 жылы мүгедектердің барлық топтарына, жолына байланысты жәрдемақы алуға әлеуметтік жәрдемақы неше теңгеге қосымша артты?

A) 5000


B)2000

C)3000


D)9000

E) 1000


13. Халықтың шығу тегін және алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттейді?

A) этика


B) антрпология

C)география

D)лингвистика

E) биология

14. «Бір отбасында бір баладан» деген ұранды ұстанған қандай мемлекет болған

A) Франция

B)Жапония

C)Сауд Аравия

D)Тайланд

E) Қытай

15. Қазақстанда салауатты өмір салтының проблемаларымен кімдер айналысады?

A) психологтар, поварлар, әлеуметтік қызметкер

B)әлеуметтік қызметкерлер, миллиционерлер

C)кондуктор, медиктер, күзетшілер

D) медиктер, педагогтар, психологтар

E) миллиционерлер, педагогтар, психологтар

16. Тұрмыстық маскүнемдіктен бастап, клиникамен аяқталатын ауру

A) сары ауру

B)нашақорлық

C)транквилизатор

D)қиын балалар

E) алкоголизм

17. «Адиктивті» ұғымын ағылшын тілінен аударғанда:

A) репрессивті саясат

B)физикалық тәуелділік

C) зиянды қылық

D)маскүнемдік

E) девиантты мінез-құлық

18. «Деликвентті» латын тілінен аударғанда:

A) әлеуметтік проблемалар

B)жалтару, ауытқу

C) теріс қылық жасау, заң бұзушы

D)әлеуметтік процесстер

E) девиантты мінез-құлық

19. «Маргиналдық» латын тілінен аударғанда:

A)жиекте, жол жағасында тұру

B)арессивті

C)десоциализация

D)болжамдар жасау

E) қаңғыбастар

20. Проблемалық мінез-құлық 2 түрге бөлінеді:

A) экстерналистік ауытқу

B)аморальды, ауытқу

C)жалтару, деликвентті

D)аморальды, агрессивті

E) экстерналистік, интерналистік

21. Жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың ең қауіпті нысандарының бірі:

A) венерологиялық

B)қаңғыбастар

C) нашақорлар

D)қиын балалар

E) болжамдық

22. «Девиантты» латынша аударғанда қалай аударылады?

A)жалтару, ауытқу

B)мінез-құлық

C)теріс қылық

D)әлеуметтік топ

E) тұрақтандыру

23. Жасөспірімдер мен бозбалалардың теріс мінез-құлқы неше түрге бөлеміз?

A) 4


B) 3

C)9


D)7

E) 5


24. Биологиялық фактор негізінде болатын патологиялық дертке нені жатқызамыз?

A) девиациялар

B)әлеуметтік орта

C)деликвенттілік

D) садаизм

E) нашақорлық

25. Девиация неше негізгі бағыттан тұрады?

A) 3


B)4

C)5


D)6

E) 2


26. Қарусыз қалған және қаңғыбас жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар неше кезеңге бөлінеді?

A) 4


B)2

C) 3


D)5

E) 6


27. Қаңғыбас, қараусыз қалған балалардың 15 жастағылар неше ер бала %-н құрайды?

A) 70%


B)50%

C)44%


D) 83%

E) 56%


28. Қай жылы қараусыз қалған балаларға көмектесетініне кішкентай үміт бар екені анықтады

A) 1999 жылы

B) 1996 жылы

C)2000 жылы

D)1990 жылы

E) 1995 жылы

29 ТМД елдерінде соның ішінде Қазақстанда қараусыз қалған балалардың әлеуметтік қызметкердің мақсаты не болады?

A)отбасылық байланасын қайта құру

B)білім беру

C)психологиялық көмек

D)алға мақсат

E) дұрыс жауабы жоқ

30. Девиантты мінез-құлық факторы нені құрайды?

A)күрделі жүйені

B)әлсіз жүйені

C)жүйені керек етпейді

D)көп жүйелі

E) дұрыс жауабы жоқ31. Девиантты мінез-құлықтың таралуына әсер ететін фактор:

A) тәрбие

B)моральдық

C)этикалық дағдарыс

D) моральдық-этикалық

E) мінез-құлық

32. Қазақстандағы жасы кәмелетке жетпеген құқық бұзушылардың қанша пайызы өз орындарын тауып өмір сүргісі келеді?

A) 0,5%

B)100%


C)20,5%

D)90,3%


E) 60,6%

33. Отбасы тәрбиесі саласындағы қолайсыз факторларға жататын:

A) балаға қарамау

B)тәрбие


C)баланы жақсы көру

D) гиперопека және гипоопека

E) қолайсыз жағдайда қалдыру

34. Барлық әлеуметтік мінез-құлықты қалай бөлуге болады?

A)қалыпты және девиантты

B)қалыпсыз

C)қалыпты

D)мінез-құлық мезгілсіз

E) дамушы

35. Реактивті негізделген әдетке не жатады?

A) тығылып қалу

B)үйде отыру

C) қашып кету

D)сөйлеспеу

E) тұйық болу

36. Ресейде әлеуметтік жұмыс туралы жупнал ең алғаш қай жылы шықты?

A) 1996 жылы

B) 1995 жылы

C)1998 жылы

D)1997 жылы

E) 1994 жылы

37. Латын тілінен потернализм:

A) сақтау

B)ана қамқорлығы

C)бала қамқорлығы

D)қамқорлық

E) әке қамқорлығы

38. Экстазы есірткінің қай түріне жатады?

A)синтетикалық таблетка

B)марихуана

C)мескалин

D)ақ ұнтақ

E) анаша

39. «Нашақорлық» деген сөзді қалай түсінесіз?

A) жастар ортасындғы девиантты мінез-құлықтың

B)есірткіге әуесті ету

C)жастарды нашар жолға түсіру

D) есірткілерді тарту процессін қолдану ең қауіпті нысандарының бірі

E) психоактивті заттарды қолдану

40. «Концентивті адекватталық» латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

A) туған

B) танымдық

C)шетке шығару

D)бөлік


E) тәуелділік

41. Қазақстан Республикасының 2001 жылы тіркелген мүгедектер саны.

A) 500 мың

B)400 мың

C)470 мың

D)350 мың

E) 370 мың

42. Қазақстан Республикасының заңына түзетулер қашан енгізді

A)2002 жылы 11 шілдеде

B)2004 жылы 11 шілдеде

C)2005 жылы 11 шілдеде

D)2003 жылы 11 шілдеде

E) 2000 жылы 11 шілдеде

43. Жұмыссыздық қалай қарастырылады

A) материалдық жағдайы жоғары тұлғалар үшін уақытша жұмыссыздық кезеңсіздігі

B)қоғамдық барлық субъектілерде әлеуметтік экономикалық мәселер

C)тұрғындардың белгілі бір бөлігінің жұмыс істеуге ықтияры болмауы

D) қоғамдық өндірісте еңбекке қабілетті тұрғындардың еңбекпен қамтылмауы

E) адамдардың жұмыспен қамтылмауы

44. Адамгершілік қасиетке жатпайды

A)өзімшілдік, мейірімсіздік

B)ізгілік, парасаттылық

C)әдептілік, арылық

D)қарапайымдылық, төзімділік

E) ізеттілік, мейірімділік

45. «Арал экологиялық апатынан зардап шеккендерге әлеумкттік қорғау» туралы заң қашан қабылданды

A) 1995 жылы

B)1993 жылы

C) 1992 жылы

D)1997 жылы

E) 1991 жылы

46. Жастар дегеніміз кім?

A)әлеуметтендіру статысынан өтетін оны менгеретін ал өскен шақта білім, кәсібін менгерген адамдар тобы

B)кез-келген қазіргі заманғы қоғамда үлкен және кіші дәрежеде дискремладциянған топ

C)жас ерекшеліктерінің жиынтығы

D)еңбекке жарамды адамдар тобы

E) әлеуметтік оргондардың ерекшелігіне, мінезінежәне құрлымына негізделген қоғамдық топ

47. Қазақстан Республикасының Үкіметінің №692 қаулысы бекітілді

A) 2006 жылы 12 желтоқсанда

B)2005 жылы 12 шілдеде

C)2004 жылы 12 қарашада

D) 2007 жылы 13 тамызда

E) 2002 жылы 13 шілдеде

48. Отбасы міндеті

A) адамзат тәрбилеу, патриот қалыптастыру

B)балалармен жасөспірімді қоғамға бейімдеу

C)жеке адамды қалыптастыру

D)адамның рухани дүниесін нығайту

E) қоғамдық отбасылық өмірге бейім дені сау, психалық болымды тұлға тағайындау

49. Әлеуметтік қызметтің мәні неде?

A)әлеуметтік көмек жасау

B)кеңес беру

C)жәрдемдесу

D)тәрбиелеу

E) әлеуметтік өзгерістерді жасауға бағытталған

50. Білімнің негізгі мақсаты?

A) тұрғындарды жұмыспен қамту

B) тұлғаның қабілетін дамытуынды C)адамгершілікке тәрбилеу

D)рухани дамыту

E) парасаттылықтың қажеттерін қанағаттандыру

51. Әйеладам қай жасында зейнетақы алады?

A)58


B)57

C)60


D)61

E) 59


52. Қоғамдық мекемеге жатпайтының белгіленіз

A) орта мектеп

B)ауырухана

C)интернат үйлері

D) қонақ үйлер E) приют

53. Ер адамдар зейнетақыны қай жасында алады

A) 60

B)59


C) 63

D)64


E) 65

54. Геронтология ғылымы нені зерттейді

A) жастар мәселесін

B) қоғамдағы қартаюды

C)зейнетақы төлеуді

D)қоғамдағы әлеуметтік мәселені

E) жұмыссыздық

55. Чилида әлеуметтік жұмыс қашан пайда болды

A) 1929 жылы

B)1926 жылы

C)1930 жылы

D)1931 жылы

E) 1925 жылы

56. Чилида әлеуметтік қызметкерлер федерадциясы қашан құрылды

A) 1960 жылы

B)1958 жылы

C) 1956 жылы

D)1965 жылы

E) 1970 жылы

57. Әлеуметтік жұмыс міндеті

A) демократияны қарастыру

B)әлеуметтік жұмыстың әдістері

C)ғылыми саланы қарастыру

D) әлеуметтік жұмысты қарастыру, теория және практика E) әлеуметтік тексерістер

58. Креактивті деген не

A)бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы

B)тұлға болмысын тану әрі оның беделін мойындау

C)ересектермен балалар арасындағы рухани қатынастар тендігін қалыптастыру

D)қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өз « Менін» танып, қастерлей білу

E) халықтың педагогика түрлері негізінде жүргізілетін тәрбиеге арқа сүйеу

59. Демократизм дегеніміз не

A) халықтың педагогика түрлері негізінде жүргізілетін тәрбиеге арқа сүйеу

B)бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы

C)тұлға болмысын тану әрі оның беделін мойындау

D)қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өз « Менін» танып, қастерлей білу

E) ересектермен балалар арасындағы рухани қатынастар тендігін қалыптастыру

60. Гуманизм дегеніміз не

A) ересектермен балалар арасындағы рухани қатынастар тендігін қалыптастыру

B)қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өз « Менін» танып, қастерлей білу

C) тұлға болмысын тану әрі оның беделін мойындау

D)бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы

E) халықтың педагогика түрлері негізінде жүргізілетін тәрбиеге арқа сүйеу



Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс пәні бойынша глоссарий
Жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;

Жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;

Мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi;

Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;

Жастар ұйымы - негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;

Жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - берiлген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк жастар саясатын үйлестiрудi және iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Тікелей көмек- адамның құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған және оның өмір жағдайын жақсарту үшін жағымсыз психикалық жағдайды азайту.

Жанама көмек – тұлғаға отбасыларға мүшелер әріптестер жолдастары арқылы атқарылады.

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы.

Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған ер мен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ.

Мүгедектерді оңалту – ағза функциялары бұзылғандық денсаулығы нашарларған тұрмыс тіршілегіндегі шектеулерді жоюға немесе барынша толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шара.

Жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;

Жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi;

Көшi-қон - жеке тұлғалардың бiр мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет iшiнде тұрақты немесе уақытша, ерiктi немесе мәжбүрлi қоныс ауыстыруы;

Жетімдік – біздің қоғамымыздың алдында тұрған шұғыл мәселелердің бірі. Жетімдік мәселелерінің кең таралуы қазіргі таңда көптеген елдерге тән мәселе болып келеді.

Пенитенциарлық жүйе ( лат. роеnitentia - өкініш ) - бас бостандығынан айырылған жеке адамдардың, сот жазасын өтеуді ұйымдастырушы мекемелердің нормативтік жүйесі.

Әлеуметтік мемлекет - кең көлемдегі әлеуметтік негізге сүйенетін және тұрғын елдің өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді көтеру мен тұрақтандыруға және т.б. бағыталған демократиялық мемлекет.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару - осы заңда және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет. 
Жергiлiктi атқарушы орган - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы органдар.

Кайникенова Гульмира Какимовна


ХАЛЫҚТЫҢ ТҮРЛІ САНАТТАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
Оқу-әдістемелік кешен

Редакционно-полиграфический отдел

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Подписано в печать 14.09.15 г. Объем 6,7 п.л. Тираж 20 экз.

Заказ №127

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

Отпечатано в типографии

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Наш адрес: Казахстан, Акмолинская обл., г. Кокшетау,

ул. Ақан-сері, 24 РПО КГУ им. Ш. Уалиханова



e-mail: www.kgu.kz




жүктеу 5,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау