Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,45 Mb.
бет2/5
Дата14.11.2017
өлшемі5,45 Mb.
#454
1   2   3   4   5




  1. Негізгі әдебиеттер:

  1. Профессиональная этика социальной Ярская-Смирнова Е.Р. М.: ТЦ «СФЕРА», 2003.Теория и практика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. Под.ред.В.М.Сафроновой. М., 1992

  2. Социальная работа: теория и технологии. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная. Астана,2005

  3. Технология социальной работы. Под.ред. И.Г.Зайнышева. М.,2002

  4. Технология социальной работы. Под.ред. А.А.Чернецкой Ростов-на Дону, 2006

  5. Козлов А.А. Социальная работа за рубежом. Состояние, тенденции, перспективы. М., 1998.

  6. Чербинский С.И. Социальная работа и социальные программы в США. М., 1992.

  7. Социальная работа в схемах. Уч.пособие. М.,2006

  8. Практикум социальной работы. В.А.Козлов, т.Б.Иванова. Ростов-на Дону, 2001

  9. Социальная работа. Курсовые, рефераты. О.П.Демушкина, 2004

  10. Трудотерапия как метод реабилитации инвалидов. М., 1998

  11. Кожамкулова Л.Г. Социальная работа города: принципы и направления. – Алматы, 2003

  12. Козлов А.А., Иванов Г.Б. Практикум социального работника. –М., 1993

  13. Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. М., 2003

  14. Агафонов А.Н., Егоров В.В., Менлибаев К.Н., Нурмагамбетов С.В. Основа теорий социальной работы. Караганда, 2002

  15. Технология социальной работы / Под.ред. И.Г.Зайнышева. М., 2000

  16. Технология социальной работы: Учебник Под.ред. Е.И.Холостовой. М., 2001

  17. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, Г.Г.Черная. Занятость населения и ее регулирование. Караганда 2008г.

  18. Мардахаева Л.В. Методика и технология социального педагога. М., 2002

  19. Баймуканова М.Т. Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Карағанды: 2006ж.


II. Қосымша әдебиеттер:

  1. Энциклопедия социальной работы. М., 1994

  2. Социальная работа. Журнал

  3. Социальная педагогика. Журнал

  4. Словарь-справочник по социальной работе / под.ред. Е.И.Холостовой. М., 1997

  5. Трудотерапия как метод реабилитации инвалидов. М., 1998

  6. Социальная работа. Социальные услуги. Журнал

  7. Қазақстан Республикасында 2006-2016ж.арналған гендерлік теңдік стратегиясы. 29.11.2005ж.

  8. Справочник социального работника. Приложения к журналу «Социальная работа – Социальные услуги


7.Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар жоспары


Тапсырма беру аптасының нөмірі

Сабақ тақырыбы

СӨЖ

тапсырмасы



Ұсынылатын әдебиет

ОБСӨЖ-дегі бақылау түрі

Тапсыру мерзімі аптасының

нөмірі


№ оқу құрал

Беті, § және тарау

1

2

3

4

5

6

7

1

Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетке бағыты

ауызша


I.8

§1

5-16 бет


Ағымды

1 апта

2

Әлеуметтік жұмыс маманы кәсіби қызмет субъектісі ретінде

сөзжұмбақ



I.7

§5 

120-132 бет



Ағымды

2 апта

3

Отбасымен әлеуметтік жұмыс

слайд


I.2

§2

22-32 бет



Ағымды

3 апта

4

Әйелдермен әлеуметтік жұмыс

реферат


I.9

§3

84-95 бет



Ағымды

4 апта

5

Геронтология ұғымы, және қартаю түрлері мен кезеңдері

ауызша


I.6

§2

5-12 бет


Ағымды

5 апта

6

Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс

кесте


I.4

§3

65-84 бет



Ағымды

6 апта

7

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен әлеуметтік жұмыс

тест


I.11

§ 2

56-69 бет



Ағымды

7 апта

8

Жастармен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ


II.1

§8 

223-225 бет



Ағымды

8 апта

9

Маскүнемдер, нашақорлар және жезөкшелермен әлеуметтік жұмыс

ауызша


II.1

§6 

118-145 бет



Ағымды

9 апта

10

Мигранттармен әлеуметтік жұмыс

слайд


I.1

§2 16-23 бет

Ағымды

10 апта

11

Қаңғыбастармен әлеуметтік жұмыс

СӨЖ


I.2

§3 69-75 бет

Ағымды

11 апта

12

Жетім, қараусыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс

реферат


I.5

§4 

132-148 бет



Ағымды

12 апта

13

Бас бостандығынан айырылған тұлғалармен әлеуметтік жұмыс

баяндама


I.7

§3

21-29 бет



Ағымды

13 апта

14

Әлеуметтік жұмыстағы қазіргі тенденциялар мен инновациялар

ауызша


I.9

§6 

132-151 бет



Ағымды

14 апта

15

Әлеуметтік жұмыс әдістерінің классификациясы

ауызша


I.1

§1

4-9 бет


Ағымды

15 апта




  1. Баға бойынша ақпарат

бақылау түрлері:

Ағымдық бақылау-сабаққа қатысу, лекцияның толықтығы, практикалық сабаққа жауап беру және ОБСӨЖ тапсырмасын уақытында орындау;

Аралық бақылау – тест

Қорытынды бақылау – тест және билет тапсырмасы.

Бақылау әдістері: сұрақ, жазба жұмыстары, тестер, баяндама және реферат қорғау.

9. Бағаны қою саясаты

Үлгерімді ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүреді және дәрісханалық және дәрісханадан тыс білімдерін бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылауды бағалау (жіберу рейтингін бағалау) дәрісханалық сабақтағы ағымдық бақылау мен аралық бақылаудың (дәрісханадан тыс) бағаларынан құралады. Үлгерімді ағымдық бағалауда студенттің оқу жетістігі 100-ұпайлық шкаламен бағаланады, әр орындалған (сабақтағы жауабы, үй тапсырмасын тапсыруы, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), аралық бақылау) және ағымдық бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алған барлық бағаларының АИС «Platonus» орта арифметикалық қосындысымен есептеледі. Аралық бақылау ағымдық бақылаудың бір бөлігі болып табылады. Аралық бақылаудың мақсаты – білім алушының пәннің бір бөлігі, оқудың белгілі бір кезеңінде өтілген тараулар (тақырыптар) бойынша жетістіктерін тексеру.

Пән бойынша қорытынды баға ағымдық бақылау мен қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағаларын қамтиды. Студенттің оқу пәннің бағдарламасын меңгерудегі ағымдық үлгерімі қорытынды бағаның 60% құрайды. Қорытынды бақылаудың бағасы оқу пәнінің қорытынды бағасының 40% құрайды.

Емтихан АИС ЖОО «Platonus» жүйесінде тестілеу түрінде өтеді. Қорытынды бақылаудың бағасы аралық бақылаудың 60% және емтиханның 40% құралады және төмендегідей есептеледі:



ҚБ = 0,6 ЖР + 0,4 Е
Бағалау ережелері

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Ұпайлардың цифрлық баламасы

%

көрсеткіші



ұпай

бағалау

ECTS


Өте жақсы

А

4

95-100

95-100

А

(өте жақсы)



А-

3,67

90-94

90-94

жақсы

В+

3,33

85-89

85-89

В

(өте жақсы)



В

3,0

80-84

80-84

В-

2,67

75-79

75-79

С

(жақсы)


қанағаттанарлық

С+

2,33

70-74

70-74

С

2,0

65-69

65-69

D

(қанағаттанарлық)



С-

1,67

60-64

60-64

D+

1,33

55-59

55-59

Е

(орташа)


D

1,0

50-54

50-5

қанағаттанғысыз

F

0

0-49

0-49

F(FХ) (қанағаттанғысыз)

10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты



  • Сабаққа қатысу – міндетті түрде дәріс және тәжірибелік сабаққа қатысу.

  • Сабаққа қатысу ережелері - дірістік сабақта міндетті түрде дәріс жазу, дәрістің түгелдігі, СӨЖ тапсырмаларына белсенділік және шығармашылық нәтижелер көрсету, сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде себепсіз сұранбау, ұялы телефонды дыбыссыз қалыпта ұстау.

  • Сабақта өзін-өзі дұрыс ұстау керек.


Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс пәні бойынша дәрістер
Дәріс №1 Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетке бағыты

 

Қазақстан республикасындағы  мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мемлекетіндегі әлеуметтік жағдайды экономикалардың  көтерілуіне көп үлестерін қосады.  Әкімшілік мемлекеттік органдардың ішінде ең басты органы болып саналады. Әкімшілік ұлттық салттармен дәстүрлеріне нұсқан келтірудің шараларын қолданып отыруға тиіс. Әкімшілік мемлекеттік білім беру,  денсаулық сақтау, мәдени мекемелерін басқаруда, олардың базаларының нығайтылуына қол жеткізуге, азаматтарды еңбекке орналастыру мәселелерін шешуге, мүгедектерді, жұмыссыздарды, зейнеткерлерді, әл ауқаты төмен отбасыларды әлеуметтік жағынан қорғау, халықтын ұлттық дәстүрлері мен салттарының дамуына көмектесуге тиісті мекеме.



Әкімшілікте экономикалық салада белгілі өкілеттер беріледі. Ол әлеуметтік мәдени қызмет атқаратын объектілер.              (мектеп, ауруханалар) құрылысы туралы қамқорлық жасауға кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызуға , тұрғын үйлердің дұрыс бөлінуіне және т.б. жұмыстарды атқару тиіс. Әкімшілік 3 –ке бөлінеді: отбасылық, қалалық, аудандық.

Әлеуметтік медициналық орталықтар.

Әлеуметтік медициналық орталықтар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып келеді. Бүгінгі таңда ел басымыз денсаулық саласына медициналық мекемелер салып, оған көп көңіл бөліп қаржы бөлініп, жұмсалуда. Оның әрбір айғағы Оңт. Қазақстан орталығына қан зерттеу медициналық мекемесінің салынуы, оған шетелден апараттар алғызылып және балаларға, екі қабатты әйелдерге тегін дәрі дәрмектін берілуі қарастырылып жатыр.



Білім жүйесіндегі орталықтар.

Мемлекетімізде әлемдік қоғамның да өркениеті дамуының ірге тасының негізі, сапалы білім беруге тиісті. Орта білімге жататындар: мектеп, интернат, арнайы мектептер жатады. Білім беру жүйесімен мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.Мемлекетіміздің тағы бір органы ол, жұмыспен қамту органы. Қазіргі кезде жұмыста жалақы 11455т. құрайды.



Әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер.

Әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер отбасы мен балаларға жәрдемдесетін мекеменің қызмет негізі:

1.          Адамдардың мәселелерін зерттейді және олардың қажеттілігін анықтайды.

2.          Ұйымдастыру жоспарлау әлеуметтік ортадан әртүрлі қызметі жоспарлы түрде ұйымдастыру.

3.          Басқару мемлекеттік органдармен байланыс жасап, клиент мәселелерін шешу жұмыстарының нәтижесін бағалау.

Әлеуметтік қызметтің бірнеше түрі бар:

1. Жедел жәрдем көрсету(адамда психикалық өзгерістер пайда болғанда, қиын жағдайда адам   өз- өзінің өмірін қиюға барғанда ) бұл қызметті сенім телефоны, психологиялық жәрдем көрсету орталықтар атқарады.

2. Ұзаққа созылатын жәрдем мақсаты жедел жәрдем көрсеткен адамды позитивті түрде қалыптасқанша жәрдемдесу, клиенттің ішкі қозғаушы күштерін ояту өз күштеріне сенім арту. Әлеуметтік көмектің 2 түрі бар: 1. Тікелей; 2. жанама;

Тікелей көмек- адамның құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған және оның өмір жағдайын жақсарту үшін жағымсыз психикалық жағдайды азайту.

Жанама көмек – тұлғаға отбасыларға мүшелер әріптестер жолдастары арқылы атқарылады. Отбасы мен  балаларға әлеуметтік көмек көрсететін орталықтардың мақсаты жәрдемдесу мемлекет жағынан, әлеуметтік  институт ретінде отбасының даму мен бекітуін бақылау. Әлеуметтік экономикалық жағдайды жақсарту, балалар мен отбасылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру міндеттері: нақты бір балалардың отбасының әлеуметтік жағымсыз себебін анықтау; жеке азаматтар мен отбасының мәселелерін шешу; қараусыз жасөспірімдердің құқығын алдын ала қорғау; әлеуметтік патронаж ұйымдастыру; әлеуметтік психолгиялық, әлеуметтік педагогикалық, әлеуметтік медициналық, құқықтық жәрдемдердің түрлерін белгілеу.

Объектілері: толық, толық емес,көп балалы, материалдық жағдайы төмен отбасы; ішімдікке, нашақорлыққа салынғандар; жасөспірімдер; жетім балалар; ересек адамдар, екі қабатты әйилдер, жас аналар, жалғыз басты аналар; балалар үйі мен интернаттардың тәрбиеленушілер. Қарттар мен әлеуметтік жұмыста бірнеше фориалар мен әдістер қолданылады. Бұған үйдегі және жедел әлеуметтік көмек, адресті әлеуметтік көмек жатады. бұл жүйеде әр түрлі орталықтар жұмыс істейді, әсіресе, халыққа қызмет ету орталықтары, стационарлық бөлімдер және қарт адамдарға арналған үйлер жұмыс істейді. Қарттарға арналған осындай бөлімдер көп болса, қоғамды дамыған деп тануға болады. Әлеуметтік жұмыскерлер қарттардың денсаулығына жандар ашу керек, оларды таңертенгілік жаттығуға шақыруы тиіс. Қартаю мен оған байланысты аурулар тұрақты медициналық күтуі, үйдегі күтуді қажет етеді.

Қарттарға қызмет көрсету орталықтарға күндізгі болу центрі, үйдегі көмек, жедел түрде көмек көрсету, қарттардың адресті қорғауы жатады. Балалармен отбасына реабилитация мен адаптация жөніндегі жұмыстар бірталай нәтижеге әкелді. Сонымен қоса қазіргі заманда мүмкіндіктері шектеулі балалар мен отбасына әлеуметтік қамсыздандыру, бірнеше модельдері қызмет етеді. Мемлекеттік қолдау және қаржыландыру бойынша оларды келесідей классификациялауға болады:

1.     Мемлекеттік әлеуметтік қызметтер

2.     Аралас қызметтер

3.     Коммерциялық қызметтер – олар қайырымдылық, діни немесе қайырымдылық фонд қолдауымен жұмыс.

Балалар мен отбасына көрсететін әлеуметтік көмектің негізгі түрлері келесідей жіктеледі:

1.     Әлеуметтік тұрмыстық қызмет және материалдық көмек көрсету -  жедел материялдық және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық және басқа қажеттері бар отбасына, ауру адамдары бар, мүгедек балалары бар, қимыл –қозғалыстары иөмен адамдары бар отбасына қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

2.     Әлеуметтік – құқықтық қызмет:

         Клиенттің құқығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізу;

Халықты құқықтық жағынан сауатын ашуғ көмектесу;

Балалардың қызығушылықтарын және олардың құқығын қорғау;

3.     Әлеуметтік реабилитациялық қызмет: психолого медициналық педагогикалық зерттеулер жүргізуге көмектесу.

4.     Педагогикалық қызмет:

Баланың қызығушылықтарын қорғауда педагогикалық көмек корсету;

Ата –аналар мен балаларға консультативті көмек көрсету;

Баланың мәдени бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға көмектесу, мүгедек балалардың ата аналарына оқу және ойын іс - әрекетін үйретуге көмектесу.

5.     Әлеуметтік медициналық қызмет:

балаларды медициналық наркологиялық, свтационар мекемелеріне орналастыру;

мүгедек балаларға  қызмет көрсету бойынша ата – анаға кеңес беру.

Отбасы, отбасын құру, жыныстық қарым –қатынас орнату, мүгедек балаларға қажетті құрал – жабдықтар алып беруге көмектесу.

Халықты әлеуметтік қорғаудағы әлеуметтік құқықтық формалардың ұйымдасуы

Әлеуметтік тұрғындарды қамту жүйесінің қағидалары қызмет түрлері әлеуметтік қызмет әрекеті арқылы жүзеге асырылады. әлеуметтік қызмет бұл тұрғындарға әлеуметтік әрекет қызметтін негізі болып саналады.

Бұл қызметті мемлекеттік  мемлекеттік емес жүйедегі мекемелер атқарады. әлеуметтік қызмет 2 бағытта өткізіледі:

1.     Әлеуметтік қорғау.

2.     Әлеуметтік жәрдем.

Іс әрекеттін негізі клиенттін жеке басты қажеттілігін еске алу және оған көмек көрсету.

Әлеуметтік жәрдем қағидаларға негізделу керек және клиент өз белсенділігін көрсетуі тиісті. Басқа әдістерді қодану үшін психолгиялық, моральдық заңды келісім шарт, әлеуметтік жәрдем механизмдерін қолдану керек.

Әлеуметтік қызмет жүйесіне мемлекеттік мемлекеттік емес, региондық қызмет орындары кіреді. Мемлекеттік әлеуметтік қызмет орындары. Әлеуметтік медициналық мекемелер, интернаттар, приюттер, қарттар үйі, балалар үйлері және т.б.

Мемлекеттік емес жәрдем түрлері: қызыл крест, діни орталықтар, қоғамдық ұйымдар, жеке меншік оқу орындары, әртүрлі фондтар, қай ырымдылық орындары, медициналық орталықтар.

Саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы, олардың ортақ жетістіктері, саяси жүйені одан әрі жаңарту және демократияны дамыту, жөніндегі жүйелі көп бағытты жұмысқа көшу.

Бұл бағдарлама мемлекеттік саяси және қоғамдық институттарды реформалауға бірінғай әрбір жұмыс тұрғындарының келуін көздеу.

Әлеуметтік қорғаудың  қандай да болмасын көрсетілетін көмегінің бірі адамның өмірі мен денсаулығын негізге алу.

Жағдайы нашар азаматтарға құрған негізгі қиыншылық. Ол жалғыздық пен рухани бөлінуі. Кедейшілік жағдайына қоғам назарынан тыс қалу әлде қайда ауыр қабылданып, жағдайы нашар адамның жүке ауруымен ауруына, тіпті өз - өзіне қол жұмсауына соғады. Мұндай жағдайлар экономикасы нпшпр елдердердің өзінде әлі күнге дейін орын алуда, мысалы, Дания мемлекетінде басқа елдерге қарағанда ең басты мәселе- өмір сапасы негіге алынса да, 100 мыңға жуық тұрғындардың жыл сайын өз- өзіне қол жұмсау әрекетіне 28 – ге жуық, ал ресей мемлекеті 2-ші орында тұр.



Әлеуметтік – медициналық жәрдем бере отыра кеңесші, ұйымдастырушы, зейнеткерлердің, жұмысшылардың, сырқат, жалғыз көп балалы, жетім, кемтар адамдардың әлеуметтік медициналық қорғау менеджерлері болып табылады, сонымен қатар нашақорлық пен ішімдікке тәуелді немесе кризистік жағдайларға тап болған. Экономикалық, әлеуметтік және медициналық жәрдемнен тыс қалған адамдарға да көмек көрсетеді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 


  1. Е.И. Холостова. Теория социальной работы.- М,2001

  2. «Социальная работа» под. Ред. В.И. Курбатова р-н-д 2003 стр- 72-79

  3. Холостова Е.И., Дементьева Н. Ф. Социальная реабилитация: Учебное пособие – М., 2002


Дәріс №2 Отбасымен әлеуметтік жұмыс

 

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы.



Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған ер мен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ. 

Отбасының түрлері:

Туыстық құрылым бойынша отбасы бойынша бөлінеді:

1.Нуклеарлық отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп);

2.Кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйелінің туысы туралы);

nЖұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады:

1.Эгалитарлы – тең құқылыққа негізделген;

2.Авторитарлы – басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды.

Балалар саны бойынша:


  • 1.көп балалы;

  • 2.балалар саны орташа;

  • 3.аз балалы;

  • 4.баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.

nҮй міндеттерін бөлу сипаты бойынша:

1.- дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады);

2.- Ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады)

nБос уақытты өткізу сипаты бойынша:

1.Ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриясына бағдар алған)

2.Жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған)



Неке-отбасы құқықтарын қорғауды азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша - сот, ал осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк

органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдар осы Заңның тиiстi баптарында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, азаматтар өздерiне тиесiлi неке-отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды,

оның iшiнде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша қолданады.



Ерлi-зайыптылардың отбасындағы теңдiгi:

Ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең мiндеттер атқарады.

2. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсiп түрiн, тұрғылықты жердi таңдауда ерiктi. 

3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға бiлiм беру мәселелерi мен отбасы өмiрiнiң басқа да мәселелерiн ерлi-зайыптылар бiрлесiп шешедi. 

4. Ерлi-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негiзiнде құруға, отбасының игiлiгi мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсiп-жетiлуiне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға мiндеттi. 
Баланың құқықтары:


  • Әрбiр баланың мүмкiн болғанынша отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқылы;

  • өзiнiң ата-анасын бiлуге құқылы;

  • олардың қамқорлығына құқылы;

  • өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, олармен бiрге тұруға құқығы бар; 

  • Баланың ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқылы;

  • Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқылы.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 


  1. Е.И. Холостова. Теория социальной работы.- М,2001

  2. «Социальная работа» под. Ред. В.И. Курбатова р-н-д 2003 стр- 72-79


Дәріс №3 Әйелдерді әлеуметтік қорғау

  

1.     Әйелдердің әлеуметтік проблемасын шешу



2.     Әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту

3.     Әйелдердің зорлықтан қорғау мәселесі

 

1 Әйелдер  кәсіпкерлігін  дамытуда  проблемалар  бар.  Кезінде  талантты  әйелдер  әлемде  теңсіздік  дәрежеде  қолдау,  қорғауға  ие болып,  яғни  еркектен  гөрі  әйелге  деген  гумандық,  ұтымдылық басым болды.



«Гендерлік саясат» деген түсінік бұрындары көп айтыла бермеуші еді. Уақыт өтіп, қазіргі кезде көп талқыға түсіп жүрген тартыстар мен пікір алмасулардың біріне айналды. Ол да болса демократиялық жаңарудың бір көрінісі болар. ”Гендерлік саясат” деп айқай салып, биліктегі нәзікжандылардың үлесін арттырамыз дегенімізден ұтарымыз жоқ сыңайлы. Неге? Себебі, біздің елімізде гендерлік саясатқа қарағанда гендерлік мәселелер күрделеніп тұр (әйелдің қасиетінің төмендеуі немесе төмендетілуі, т.б.). Гендерлік саясат туралы БАҚ-тарда айтылып та, жазылып та жүр. Яғни, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелер соңғы 4-5 жылда күн тәртібінен түскен емес. Әрине, демократиялық,  азаматтық қоғам құрып, соның барлық талабына жауап беру үшін біздің еліміз де аянып жатқан жоқ. Соның айғағындай, биыл Елбасымыз "Гендерлік теңдікке қол жеткізудің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы" Жарлығын шығарды. Бұл да айналып келгенде сол ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестірудің ұзақ мерзімге арналған жоспары.

 Гендерлік  саясаттың  ең  түпкі мақсаты-ерлер мен әйелдердің белсенділігін,  мүмкіндіктерін тең дәрежеде көрсету. Ұлттың  әл-ауқаты  мен  қуат-жігерін  тек  аса  айрықша  мүдделі  әрі  батыл  басым  құштарлықпен  жедел  түрде,  тең  дәрежеде  еселеп, күшейтпейінше,  шын мәнінде, азат  та  дербес,  демократиялық  мемлекет  болу, елдікті  жөнге  түсіру  мүлде  мүмкін  емес. Олай  болса,  қара  қылды  қақ  жарар  ұлт  үшін  шын  адал  туған,  нағыз  әділ  тұлғаға  лайық  көсем әйелдер ел  ісін  жүзеге  асырар  кезеңі  әлдеқашан жетті. Көптеген жылдар бойы әйел қауымы ел билеу ісінен шет қалып келген. Қазіргі кезде бүкіл әлем әиел жағдайына көп көңіл бөле бастаған яғни әйел қауымы көптеген салаға ат салыса бастады.

2. 2000  жылғы  қыркүйекте  өткен  Мыңжылдық  самитінде  әлемнің  көптеген елдерінің  лидерлері   Біріккен  Ұлтттар  Ұйымының «Мыңжылдық» декларациясын  қабылдады, оның  сегіз  мақсатының  бірі  әйелдік  теңдікті   қолдау  болып  айқындалған. Бұл  мәселеге  БҰҰ  Бас  ассамблеясының «Әйелдер  2000 жыл: әйелдер  мен  ерлер  арасындағы  теңдік»,  «ХХІ ғасырдағы  даму  және  әлем» атты арнайы  сессиясы өтті. Осы  сессияға  қатысушы  үкіметтерге  әйелдердің  өмірдің  барлық  салалары  мен  барлық  деңгейіне  тең  қол  жеткізуін және  толық  ауқымды  қатысуын  қамтамасыз  ету  жөнінде  шаралар  қабылдауды  ұсынды. Қазақстан  Республикасындағы  гендерлік  саясат  тұжырымдамасы  Қазақстандағы  гендерлік  саясаттың  міндеттері   әйелдер мен  ерлердің  биік  құрылымындарында  теңдестірілген  қатысуына  қол  жеткізу,  экономикалық  тәуелсіздіктің  барлық  тең  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ету, өз  бизнесін  дамыту, қызмет бабында  ілгерілеу,  отбасында  құқықтар мен міндеттерді  тең  жүзеге асыру  үшін жағдайлар  жасау, жыныстық белгісі  бойынша зорлықтан  еркін болу  жатқызылады. Қазақстан  Республикасындағы гендерлік саясат Тұжырымдамасы  халықтың әлеуметтік–экономикалық  жағдайы  тұрақтануының  және  ел экономикасының орнықты  дамуының  қазіргі кезеңіне, сондай-ақ  ұзақ  мерзімді  перспективаға (2030 жылға  дейін)  есептелген.

Кеңес Қазақстан Республикасындағы әйелдер жағдайын жақсартудың мемлекеттік  саясатының  тұжырымдамасын  әзірледі. Қазақстан  Республикасының  Президентінің   2002  жылы 19 қыркүйектегі  № 947 Жарлығы мен  Әйелдер  құқықтары жөніндегі  өкіл  лауазымы енгізілді, онда  гендерлік  мәселелер бойынша маман  қызмет істейді. Гендерлік  қатынастарды айшықты  бейнелеу үшін  елімізде «Қазақстанның  әйелдері  мен  ерлері» атты  жыл  сайынға  арнайы  статистикалық  жинақ  шығарылады. Ерлер мен әйелдер арасындағы терең тұңғиық гендерлік саясат түсінісушілікпен, әділдікпен  шешіліп,  әйелдер  мен  ерлердің көзқарасы бірдей  есепке  алынғанда  ғана, алтын  көпірмен  жалғасқанда  ғана өз  шешімін  табады. Біз  демократиялық  мемлекет, демократиялық  қоғам  құрамыз  десек, гендерлік  теңдікті «біржақты  ерлер  үшін  емес, әйелдер  мәселесін қатар  жүргізу арқылы өркениетті  елдер  қатарына  қарқынды  қадаммен қосыла  аламыз», деп  білеміз.

3. Әйелдерді  зорлықтан  қорғау  мәселелеріне  айрықша  көңіл  бөлінеді. Қазақстан  Республикасы  Ішкі  Істер Министрлігінің жүйесінде әйелдерге  қатысты зорлық  көріністеріне қарсы  күрес  жөнінде  арнайы  бөлімшелер  жұмыс  істейді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жығы 12 наурыздағы  № 346  қаулысымен әйелдерге қатысты зорлық проблемаларымен айналысатын  мемлекеттік  органдардың, ұйымдар  мен  қоғамдық  бірлестіктердің  өзара  іс- қимылын  ұйымдастыру  ережесі  бекітілді. Заңсыз  кетуге  және  кейіннен  жыныстық  немесе  өзге  пайдаланушылық  мақсатындағы  заңсыз   көші–қонға  қарсы  күрес  мәселелеріне  қатысты 2003  жылы  Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданды. Әйелдер  мен  балаларға  қатысты  зорлық  пен  трафикке  қарсы  күрес  жөніндн  ақпараттық   нәсихат  науқаны  жүргізіледі. Зорлықтың  ең  алдымен  денсаулыққа  зиян келтіруі  немесе  денені  зақымдауға байланысты  физикалық  зорлықпен  немесе  сексуалдық  сипаттағы  зорлықпен  байланыстырылады. Қазақстанның  өзіндегі  жағдайға  келсек, халқымыздың  көп  бөлігі  әйелдерге  тұрмыстық  зорлық  көрсету  проблемасы  бар  деп  есептейді. Мұнымен  әйелдердің  78,6 % және  еркектердің 64,3 % келісіп  отыр. Ұрып - соғу  және  сексуалдық  зорлықтың  ең  көп танылатын  түрі  болып  саналады. Араққа  салынудан  гөрі, әйелдерді  есірткі  қабылдауға  тарту  зорлық  көрсету  болып  саналады. Тұрмыстық  зорлықтың  жағымсыз  салдары  ретінде  көбіне  әйелдің  психикалық  жай  күйінің және  денсаулығының нашарлауы, сондай-ақ  бала  туу  қабілетінен  айырылуы айтылады. Жиырма  жасқа  дейінгі  жастар  дене  зорлығы  мен  өмірлік  қажеті  бар  заттарды  сатып  алу  үшін  керек  ақша  бермеу  сияқты  экономикалық  зорлықтан  басқаларға  қарағанда  көбірек  зардап  шегуде.  Зорлық  шағын  қалаларда  және  ауылдық  жерлерде  кеңірек  тараған және  де шағын  қалаларда   экономикалық  зорлықтан  басқаларға  қарағанда  жиірек  кездеседі. Елді  мекендерде  әйелдердің үкіметтік  емес  ұйымдарында белсенділік  танытпай отырғаны да  бұған  ықпалын тигізуде. Зардап  шеккен  әйелдердің 40% -дан  астамы  зорлық  құрбандарына көмек  көрсететін  дағдарыс  орталықтары  мен сенім телефондарының бар екендігін білмейтіні анықталды. Зорлық  қай  елде  жасалмасын, әйелдердің  өмірі  мен  тағдырына елеулі нұқсан келтіреді, сондықтан нәсілдік, мәдени,  экономикалық ерекшеліктердің  шегінен  шығатын бұл қиянат адамзаттың алдында  тұрған  өзекті мәселелердің  бірі.

«Халықаралық  рақымшылық» ұйымының бас хатшысы Айрин Кан «Әйелдерге  қатысты  зорлықты тоқтатайық!» деген  бүкіләлемдік  шараның ашылу  рәсімінде «Әйелдерге  қатысты  зорлық-зәбір- қоғамның, әлемдегі әрбір  елдің ағзасындағы  жегі  құрт  сияқты  зұлымдық»,- деп  атап  кеткен  болатын.  Өркениетті  болғысы  келетін  әр  елдің  үкіметі  әйелдердің  әлеуметтік  қорғалуын қамтамасыз  етуге, сол  арқылы  білім, сана –сезім деңгейін жоғарылатып, заңнама  жағынан тиісті қадам  жасап, осы  дертті  жеңуі  тиіс. Сонымен бірге, елімізде шын мәніндегі  гендерлік теңдікке  қол  жеткізу  үшін әлі  де  көп  жұмыстарды атқару  міндеті  тұр. Әйелдер  мен  балаларға қатысты   зорлық, отбасы  мен  тұрмыстағы зорлық  салдарына баға  беру  проблемалары бойынша  арнайы ғылыми зерттеулер жүргізілуі тиіс. Әйелдерге  зорлықтан қорғауға  арналған құқықтарын  іске  асырудың тұрақты мониторингін  жүргізу  көзделуде. Бұл  ретте  халықтың  мынадай  әлеуметтік  осал  топтарына: босқындарға, тұрғылықты  мекен  жайлары  жоқ  адамдарға, мүмкіндіктері  шектелген  адамдарға  ерекше  көңіл  бөлінеді. Полицейлерді, соттар  мен  прокурорларды, медициналық  және  әлеуметтік  қызметкерлерді, педагогтарды  зорлықтың құрбандарына  қажетті  жеке  қауіпсіздігі, балаларға  қамқорлық  және экономикалық  қолдауды  қамтамасыз  ету  жағдайларында  тиімді іс –қимылдарға  үнемі  кәсіби  оқыту  ұсынылады. Қазақстан  Республикасының  Ішкі  істер  министрлігі  жүйесінің  білім  беру  мекемелерінің, университеттердің  заң  және  психология  факультеттерінің  оқу  бағдарламаларына  әйелдер  мен  балаларға  қатысты  зорлық  проблемалары  бойынша  тереңдетілген  мамандандырылған  курстар  енгізу  қарастырылып  отыр. Дағдарыс  орталықтары, сенім  телефондары, зорлық  құрбандарына  арналған  баспаналармен паналау  желілерін  кеңейту  көзделуде. 2010 жылға  қарай  мұндай  орталықтары  барлық  қалалар  мен  аудандар  орталықтарында  құру  жоспарланып  отыр. Ішкі  істер  министрлігі  бөлімшелерінің, әлеуметтік  қызметкер  мен  үкіметтік  емес  ұйымдардың  күшімен  отбасында  зорлық  жасаған  адамдармен  алдын-ала  жұмыс  жүргізу  көзделуде. Мемлекеттік  органдардың, халықаралық   және  үкіметтік  емес  ұйымдардың  тұрмыстық  зорлық  жасауға  қарсы  күрес  мәселелері  бойынша  іс-қимылдарының  өзара  әрекет  етуі  мен  үйлестіруді  күшейту  жөнінде  шаралар  қолдану  ұйғарылып  отыр. Тұрмыстық  зорлық  жасаудың  алдын  алу  және  жолын кесу  туралы  заң  жобасымен  әрі  қарай  жұмыс  істеу  көзделіп  отыр. Тұрақты  ақпараттың, әсіресе, шағын  қалалар  мен  ауылдық  жерлерде  әйелдерге  қатысты  зорлықтың  алдын  алу  жөніндегі  науқандарды  жүргізу  көзделіп  отыр.

Еркектер  мен  әйелдердің  тең  құқықтылығы  мен бірдей мүмкіндіктері  дегеніміз-қоғамдағы  гендерлік  теңдікті  білдіреді. Әрине, еркектер мен  әйелдердің  табиғаттағы  ерекшелігі барын  ешкім де  жоққа  шығармайды, ал ақыл-ой және  рухани  дамуға  келсек, Аллаһ  тағала  кемелдену, құдайға  жақындауға, қоғамды  көркейту ұлағатты  қызметтерде  еркектерге  де, әйелдерге де бірдей  құқықтар, мүмкіндіктер  сыйлайды.

 

 Пайдаланылған  әдебиеттер:



1.Невская .А. «Әйел  және  саясат», -Дамский  мир, № 8, 2003.

2.Нелидов С.Н. «Қазақстан әйелдері жағдайындағы гендерлік  ахуал». Қазақстан  әйелдері  мен  ерлері. Гендерлік  статистика –Алматы, 2003.

3.Юридические   консультации,.Гендерная политика Конвенция о статусе замужней женщины  – 2007год №10172-179 стр

4.Варданян  Е. «Саясаттың  әйелдермен қатынасы»-Саясат-Policy, № 11, 2003.

5.Молдағали  Матқанұлы «Гендерлік  саясат  нені көздейді?», Қазақ әдебиеті, 2007

6.Алдамжарова С. «Әйелдерге  зорлық  көрсету-ақтауға  болмайтын  зұлымдық»-Заң, №3, 2004.



Дәріс №4 Қарттармен әлеуметтік жұмыс

 

Қарт адамдар –жасы келген, өздеріне ғана тән өмір тәжірибесі мен салты бар ұрпақ. Қарт адамдар өзіне әрқашан ықылас пен қамқорлық тілейтін елеулі әлеуметтік топтардың бірі. Жасы 60-тан асқандардың бәріне қоғам тапарынан да,қамқорлық қажет. Ал,біздің елімізде соңғы жылдары ғана қалыптасып келе жатқан әлеуметтік қызметкер үшін қарттарға деген қамқорлық кәсіби міндет болып табылады.



БҰҰ есебі бойынша 1950ж . 60 жастан асқан 214 млн. адам болса, келесі жылы олардың саны 500 млн-ға, оның ішінде қарт адамның саны дүние жүзілік денсаулық ұйымының жіктеуі бойынша 60- 74 жас аралығында қарттар, 70-80 жастағы кәрі, 90-нан асқан ұзақ өмір сүрушілер.Қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының шешімімен оларға бағынышты мекемелерін немесе алдын ала жасалған шарт бойынша басқа да шарттар мен мекемелер арқылы жүргізіледі. Қариялардың әлеуметтік мәселесіне қатысты және олардың тұмыстық жағдайы тұрмыстағы мәселелер: ардагерлер кеңесінің мәжілісінде қаралады.

Жергілікті зейнеткерлердің тұрмыстық жағдаймен танысып, үнемі біліп отырады. Бұл жұмыс жергілікті қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерімен, әкімшіліктерімен, түрлі мекемелерінің басшыларымен бірлесіп отырып атқарылады. Қазіргі уақытта қарияларға әлеуметтік қызметті жергілікті әкімшіліктер жұмыспен қамту орталықтары көмектеседі. Ақмола облысында қарияларға «Қызыл крест» ұйымы, қарттар үйі комитетінің жұмыстарын атқару үшін өз үлестерін қосады. Мысалы: қартар үйлеріндегі қызметкерлер қарттарға психологиялық, рухани – мәдени, адамгершілік қызметтер атқарады. Көп жерлерде зейнеткерлер үшін тегін қызметкөрсететін: шаштараз, асхана, монша,  ашылған. Әрбір зейнеткерлердің қалй өмір сүріп жатқанын толық білу үшін барлық ардагерлер ұйымының кеңестерінде тұрақты комиссиялары құрылып, халықты әлеметтік қорғау үнемі байланыс жасалады. Қарт және кәрі адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары тікелей бағытталғандықтан кепілдік және жан – жақтылық қатынас тұрмысының икемді принципі негізделген.

Мұндай әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі-зат күйінде тіршілікке қажет заттар: азық – түлік, тегін тамақтандыру, тегін түн ету;матриалдық жағынан: мұқтаждығына қарай жәрдемақы, өмірдегі оқысжағдайларға ұшырап қалғандарғажәрдем ақы төлеу, протез, ортопедия бұйымдарын сатып алу үшін жәрдемақы төлеу.

Халықты әлеуметтік қорғау органдары протез жасаушылардың есебін жүргізіп және қарияларды кезекк қояды және тәжірибелі эксперимент кәсіпорындар мен протез жасау, жөндеу шеберхана мен аймақтағы протез, орталық қажет ететіндер үшін келісім жүргізіп реттейді.

Зейнетақы  төлемдерінің мөлшері арттырылған кезде зейнеткерлікке шығу кезеңі ескеріледі. Ынтымақтастықты жүйеден төленетін зейнетақы мөлшірі тұтыну барының өсуі және зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңнамада белгіленген төлемдер байланыста шектеулер ескеріле отырып, өсірілетін болады. Қарттармен мүгедектерге арналған интернат үйлерін ұстау сияқты институционалдық дәстүрлі нысандар мен қатар белгілі азаматтар әлеуметтік қонақ үйлер аз қамтылған адамдар үшін асханалар ашу және т.б. атаулы түрлерін дамыту көздерінде. Әлеуметтік институттар арқылы заттай көмек түрінде жәрдем беру, оны жинақталатын ауыстырмайтын немесе қайта сатпайтын жерлерде қолданылатын болады. 1994 – 1995 жылы әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің кейбір концепциялық негіздерін қолдана бастайды.Дегенмен ғылыми деңгейін айтуға әлі ерте. 1994 жылы 1 сәуірден бастап республикада бұрын қолданыста болған механизмінің орнына жекелеген әлеуметтік жеңілдік еңгізді

Соңғы 50 жыл ішінде әлемдік масштабта халықтың қартаю процессі сондай тез және жүйелі дамуда, және оның мәнің ескермеу, қандай да елдің әлеуметтік саясатына кері әсер ететімен байланысты болады. Қазіргі уақытта қарт және кәрі адамдар мәні бойынша халықтың үшінші категориясы болып  саналады, бұл маңызды экономикалық, әлеуметтік, медециналық мәселелерді тудырды, осы мәселелердің бар болатынын бұрын- сонды адамдардың ойына да кіріп- шықпапты. Бірінші кезекте қарт адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызметті кеңейту қажеттілігі туындады, оларға медециналық қызмет көрсету, шарт құрып, оларды іске асыруға қаражат бөлу. 40 жылдардың аяғында көптеген индустриалды дамыған елдердің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде айтарлықтай мәселелер туды. Олар бұл мәселе алдында дайын болмады, ал бұл мәселелер шұғыл шешімді талап етті. Бірақ бірінші орынды халықың қартаюының экономикалық мәселелері шықты, олар жеке академиялық дисциплинаның – әлеуметтік геронтологияның пайда болуына әсер етті – АҚШ, Жапония, Англия, Канада және Батыс Еуропа елдерінде ғылым мен практикалық жұмыс үшін арнайы дайындалды.

Елдегі демографиялық қатқыл саясат бала санының көбеюін тежеп қана қоймай, үйдегі күтім жағдайына да біраз залалын тигізіп жатыр. Отағасы әйелі мен баласын қоспағанда ата-әжесі, әке-шешесі мен ата-енесін асырауға тура келеді. Бұл дегеніңіз, адамның қызмтеттік мансаппен (карьера) айналысуына немесе еңбек жолында жоғарылау сияқты жеке басының ісімен шұғылдануға және де баланы түрлі қажеттіліктермен, біліммен қамтамасыз етуге ешқандай мүмкіндік жоқ деген сөз. Осындай елдегі бірқатар қиындықтарды біліп отырған басшылық өткен жылы ауылдық жерлерде «кәріліктен сақтандырудың кепілді базасы» деп аталатын сақтандырудың жаңа жүйесін құрды.

Егер еліміздің тәуелсіздік ғұмырын адам жасымен өлшейтін болсақ, онда Қазақстан қазір жасы жиырмаға да жетпеген бозбала шағын басынан өткеріп жатқан кезі болар еді. Ал Қытай алпысты алқымдаған қариямен тең. Егер айдаһарлы ел мен барыс бейнелі біздің елдегі қарт адамдарды түгендейтін болсақ, онда алпысқа толған алып елдің жасы 60-тан асқан тұрғындары 2008 жылдың аяғында 169 миллионға жетіп жығылып, жалпы халықтың 12.79%-ын құраса, қытайлық мамандардың есебі бойынша ол сан былтырдан бері және әр жыл сайын орта есеппен 8 млн.ға көбейіп, 2014 жылға қарай бұл көрсеткіш 200 миллионның айналасын тұрақтайтын болады. Біздегі қарттардың қазіргі таңдағы 2,4 миллиондық санымен салыстырғанда алып елдің артында тұрмыз дегенімізбен, олардың әлеуметтік жағдайына келгенде қытаймен үзеңгілесіп қаламыз. Ал БҰҰ-ның Демографиялық комиссиясының талаптарына сай таразыға түсетін болсақ, онда біз елдегі ата-әжелеріміздің 7.7%-дық көрсеткішімен «демографиялық қартайған» елдер санатына Қытаймен бірге кіреді екенбіз. Бұл, БҰҰ-ның «2050 жылға қарай адамзат тарихында алғаш рет жасы 16-ға жетпеген жас балалардан гөрі 60-тан асқан қарттардын саны едәуір көп болады» деген болжамының бір дәлеліндей. Әлем халықтарының жас ерекшеліктері бойынша Қытай XXI-ші ғасырдағы ең «кәрі мемлекеті» болады деген болжам бұрыннан айтылып келеді.

Адамның жасына байланысты физикалық мүмкіндіктерінің шектеулі бүкіл өмір барысындағы жинақталған кәсіби нышандар, білім, тәжірибе, шеберліктермен өтеледі. Қарт адамдар өздерінің жастарына байланысты пайда болған өзгерістеріне қарай келесі топтарға бөлінеді.

-         өз ішінде қартаюдың белгілерін бекітіп, өзінің тілектері мен қызығушылықтарына қарамай, оқшаулануға, жалғыз қалуға талпынады;

-         өз белсенділігін көрсетуге талпынып, барлық істерді жастармен тең орындап, жаңа істерге кірісіп, өзіне үлкен жүк артады;

-         жас кезінде атқара алмаған істердің орнын толтыруға талпынады;

-         өмірлік маңызды проблемаларды шешуден бас тартып өзінің қарттығының дәрежесін көтеріп жібереді;

-         жас ұрпақты, қоршаған өмірдегі барлық жаңа өзгерістерді сын көзқараспен қаблдап, үнемі ашулы көңіл-күйде болады;

-         өткен өмір сәтсіз көрініп, олар өмірде барлығына қол жеткізбегендігі және болашақта оларды ештеме күтпейтіндігі жайлы ойланып қиналады.

Қартаю кезі қалай басталатыны әр адамды толғандырады.Әрқайсысы бұған әртүрлі қарайды,біреулері жағымды жақпен,біреулері жағымсыз.Жастар мен қарт адамдар арасында байланыс жақсы болуы тиіс.Өмір жолы ашық әрі белсенді болған адамдар кәріліккедеген көзқарасы бірқалыпты,яғни денсаулықтың нашарлауы және түрлі аурулардың пайда болуы.Қарт адамдартұрақты және өмірге деген құлшынысыболмаса,бұл процессбейімделуге қарсы болып келеді.

Қарт және кәрі адамдарға әлеуметтік көмеккөрсету жұмыстары тікелей бағытталғандықтан,кепілдік,жан жақтылық және қызмет түрлерінің икемділік принциптеріне негізделген.

Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастыққа қосылудың эканомикалық,әлеуметтік саяси және рухани бағыттарын түбірлі реформалар арқылы жүзеге асыруда.Қарт адам-қоғамның ақылды,негізгі маңызды мүшесі болып саналады,үйде отырған қарттар бала тәрбиелеумен, үй жинастырумен, ас әзірлеумен, немерелерін тәрбиелеумен айналысады. Көптеген үйде отырған қарттар бала тәрбиелеп, таңғы ас әзірлеп, мектепке баратын немерелерін киіндіріп, кешке қайтарда алып кетеді, дүкенге барып керек жарақтарын сатып алып, немерелеріне кешкісін ертегі айтвп оларды рухани тазалыққа баулап тәрбиелейді.

Кәрілікке байланысты адам ағзасында байқалатын физиологиялық процестер көп ғалымдардың пікірлері бойынша біріншілік ауру болып есептелінбейді, бірақ организмнің қызмет ету мүмкіншілігінің шектелуіне әкеліп соқтырады, оның әр түрлі залалды әдеттерге  төзімділігін төмендетеді.

Қазақстанда қартаюда егде адамдардың өмір сүру деңгейін сипаттайтын экономикалық жағдайлар, соның ішінде медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар маңызды рөл атқарады.

Республикада қарттарға және егде адамдарға әлеуметтік көмектер көрсетілуде Қазақстан Республикасы Президенті өзінің 2010 жылғы жолдауында зейнеткерлерге 2010 жылы 25%-ға, ал 2011-2012 жылдары 30 % -ға зейнетақыны өсіруді ұсынды. Қазіргі кезде мемлекетте бұл заңнама жүзеге асылылуда. Бұл жұмыста қарт және егде адамдарға әлеуметтік көмектің түрлері, әдістері және зерттеу технологиялары толық зерттеліп ашылды.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Социальная работа с пожилыми людьми: Настольная книга специалиста по специальной работе.-М.1996

  2. Технологии социальной работы / Под ред. Холостовой Е.И-М., 2001

  3. Холостова Е.И. Социальная работа. Учебное пособие .-2004.

  4. Закон РК “О пенсионном обеспечении”.

  5. Старость: Популярный справочник / Под ред. Л.И. Петровской.-М.,1996

  6. Топчий Л.В Организация социального обслуживания населения.-М., 2000

  7. Пожилые: Словарь – справочник по социальной работе.-М., 1997

  8. “Социальная герантология” – автор Р.С. Яцемирская, И.Г. Беленькая

  9. Закон РК “О специальном государственном пособии в Республике Казахстан”

  10. Храпылина Л.П Основы реабилитаций инвалидов.-М., 1996



Дәріс №5 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс

 

Қазіргі қоғамымыздағы өте өзекті  мәселелердің бірі – мүгедектерді әлеуметтік қолдау және оңалту мәселесі болып отыр, өйткені мүгедектік тек бір ғана адамның немесе топтың мәселесі емес, ол бүкіл қоғамның мәселесі. Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесінің көкейкестілігі оның ауқымына байланысты. БҰҰсарапшыларының деректері бойынша мүгедектердің жалпы әлемдік саны 600,00 млн. адамды немесе халықтың 10% құрайды. Олардың ішінде 385 млн. еңбекке қабілетті жастағы адамдар болып табылады. Соңғы жылдардың ішінде әлемде мүгедектерге қатысты саясатты қалыптастырудың, әртүрлі елдер үкіметтерінің осы әлеуметтік қорғансыз топтың мәселесін шешу тәсілдерін әзірлеуге қолдау көрсетудің тұрақты үрдістері мен тетіктері қалыптасты. Мүгедек тұлғалардың әлеуметтік мәселелерін шешіп, жағдайын жақсарту Қазақстан Республикасының президентінің жыл сайынғы жолдауында көрсетіліп, әлеуметтік саясаттың басымдықты бағыттарының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» заңының қабылдануына байланысты: «Мүгедек адам қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға құқылы. Тең құқықтық, діндік, психологиялық, сенсорлық, мәдени, құқықтық және басқа кедергілерге байланысты шектеулі мүмкіндіктерді теңестіретін әлеуметтік сала қызметтері қамтамасыз етілуі тиіс» делінген. Яғни мүгедек адам - басқа адамдар сияқты қоғамның бір мүшесі, бірақ бұл санаттағы тұлғалар мемлекет тарапынан да, жеке қоғам тарапынан да ерекше көмекке мұқтаж.



Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету және халықты толыққанды әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында «Ақмола облысының мүгедектерін оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» және «Ақмола облысының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданған болатын. Бұл бағдарламалар мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетудің және олардың өмір сүру сапасын жақсартудың, аға ұрпақтың өмірін жақсарту, кедейшілік деңгейін азайту, еңбек рыногының тұрақты қызметін қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін азайту, тұрмысы төмен азаматтардың әлеуметтік қорғалуын нығайту бойынша міндеттерін айқындап берді. Аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету қашан да мемлекет стратегиясының  маңызды мәселесі болмақ. Облыста жалпы әлеуметтік төлемақы алушылардың саны 132491 адам. Зейнетақы алушылардың саны 97820, оның 1681-і ұлы отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, 10972 – тыл еңбеккерлері, 53904 – арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар, 20032 – мүгедектігі бойынша зейнетақы алушылар.

Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған республикалық бағдарламасына сәйкес:



  • мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз етуге 313,8 млн. теңге;

  • санаторлық-курорттық ем ұсынуға – 1098, 3 млн. теңге;

  • протездік-ортопедиялық көмек пен бұйымға – 1480, 6 млн. теңге;

  • тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге – 268, 4 млн. теңге;

  • сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге – 677, 8 млн. теңге көзделген.

Мүгедектерді оңалту – ағза функциялары бұзылғандық денсаулығы нашарларған тұрмыс тіршілегіндегі шектеулерді жоюға немесе барынша толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шара. Мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейімделуіне қол жеткізу оңалту мақсаты болып табылады. Мүгедектерді оңалту - медициналық оңалтуды, кәсіби оңалтуды, әлеуметтік оңалтуды қамтиды.

Мүгедектерді материалдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда түрлі негіздер бойынша (зейнетақы, жәрдемақы, денсаулығына келтірілген залалды өндіру есебінен төлемдер) ақша төлемдерін қамтиды.1998 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы бойынша және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) еселенуіне сәйкес айқындалады, ал оларды көбейту оны индекстеу есебінен жүргізіледі. Жалпы аурулар бойынша мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 2004 жылы І топтағы мүгедектер үшін – 7720 теңгені; ІІ топтағылар үшін – 5882 теңгені, ІІІ топтағылар үшін – 3309 теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылар көбейтілді І топтағы мүгедектерге – 3 АЕК (2895теңгеге); ІІ топтағы мүгедектерге – 2,5 АЕК (2412, 5 теңгеге), ІІІ топтағы мүгедектерге – 2 АЕК (1930 теңгеге). Соның нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге немесе 50 % өсті. Бір мезгілде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 15 АЕК-ке дейін өсіп, 30 мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық қолдау көрсетілді.Мүгедек қарттар жергілікті атқарушы органдардың шешімімен белгіленетін жеңілдіктерді пайдалана алады.Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-көрініс іс-шараларына кіру үшін, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін спорт кешендеріне кіруге, арнайы спорт құрал-жабдықтарын беруге жағдай жасауға тиіс. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер бюджет қаражатының есебінен санаулы қызмет көрсетулерді пайдаланады, ал үшінші топтағы мүгедектер көрсетілген қызмет құнының 50 пайызын төлеумен шектеледі.

Әлеуметтік жағынан осал, физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дербес үй сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан олар үшін тығырықтан шығар жол - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу болып табылады. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 14-бабына сәйкес мүгедектердің тұрғын үйге құқығы бар.

Мүгедектерге санаторийлік-курорттық емдеу ұсыну ережесі «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген. Санаторийлік-курорттық емдеу мүгедек адамдардың денсаулығын қолдау тәсілдерінің бірі болып табылады. Санаторийлік-курорттық емдеу көрсетілген аурулар мен денсаулықтың бұзылуы тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 886 бұйрығымен бекітілген. Мүгедек адам, не олардың жазбаша келісімімен басқа адам санаторийлік-курорттық ем алу үшін ауданның (қаланың) уәкілетті органына өтініш береді. Республиканың әрбір облыстық әкімдігі жекелеген санаттағы азаматтарға санаторийлік-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекітеді. Ереже жергілікті маңызы бар профилакторияларда тегін санаторийлік-курорттық емдеуден өту үшін жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді ұсыну тәртібі мен шарттарын регламенттейді. Мүгедек адамдардың санатрийлік-курорттық емдерінің тиімділігі жалпы емделушілер тобындағы ұқсас көрсеткіштерден ерекшеленбейді – 90 % астамы санаторийден тәуір болып шығады.

Нормативтік-құқықтық базаны жетілдірумен қатар еліміздің протездік-ортопедиялық индустриясы дамып келе жатыр. Мүгедектер техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етіледі.

2007 жылы республикалық бюджеттен облыстардың, Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді протездеуге және протездік-ортопедиялық бұйымдармен, тифло-сурдоқұралдармен, сурдокөмекпен қамтамасыз етуге 734 миллион теңге мөлшерінде ресми трансферттер берілді.



Соңғы үш жылда жұмысқа орналасқан мүгедектердің жалпы саны 9128 адамды құрады, ал Қазақстандағы барлық санаттағы мүгедектер саны 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 413, 6 мың адамды немесе халықтың шамамен 3 % құрайды. Бұл орайда екінші топтағы мүгедектер арасында жұмысқа орналасу 0, 7 %-дан 3,7 %, үшінші топтағылар – 8,9 %-дан 16, 1 % шегінде. Кейбір көрсеткіштердің өскеніне қарамастан, жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің жалпы санынан шамалы бөлігін құрайды. Қазақстанда мүгедектерді жұмыспен қамту көптеген басқа елдердегідей едәуір кедергілерге ұшырап отырады. Олардың ішінен бастысы – еңбек нарығындағы мүегедектердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.  Жұмыс берушілердің мүгедектерге арнайы жасалған еңбек жағдайы мен төлемақыларды ұсынуы экономикалық жағынан тиімсіз. Республикада 33 Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнында және 18 Қазақ саңыраулар қоғамында төрт мыңға жуық мүгедек жұмыспен қамтылған. Осы кәсіпорындардағы қызметтің негізгі түрі тігін бұйымдарын тігу, трикотаж, картонад, электротехникалық, пластмасса бұйымдарын өндіру, жиһаз жасау, полиграфиялық қызмет көрсетулерді ұсыну және жөндеу-құрылыс жұмыстары мен т.б. болып табылады. Мамандандырылған цехтар мен кәсіпорындардың жұмыс істеуіндегі проблемалардың бірі қазіргі кезде инвестициялық қаражаттың жетіспеушілігі болып табылады. Ол жеке сектордағы бәсекелестерден едәуір артта қалып қоюға әкеледі. Егде жастағы мүгедектердің жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша олардың құқықтарын іске асыруға кедергі келтіретін мынадай мәселелерді бөліп көрсетуге болады:

  1. Әлеуметтік кешендер мен тұрғын үйлердің мүгедектердің мұқтаждығына бейімделмеуі және жабдықталмауы.

  2. Әлеуметтік бейімделудің төмен деңгейі.

  3. Мүгедектерге оңалтуға арналған жекелеген мамандандырылған медициналық орталықтардың жоқтығы.

  4. Дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық препараттардың қымбаттығы.

  5. Мәнісі бойынша жұмыс істемейтін мүгедектерді еңбекке орналастыру мен жұмыспен қамту туралы заңнама нормалары.

  6. Мұқтаж мүгедек қарттар үшін арнайы әлеуметтік тұрғын үйдің жоқтығы.

  7. Мүгедек қарттардың санаторийлік-курорттық ем алу мүмкіндігінің шектелуі.

  8. Ақпараттық ортаға қол жетімділіктің жеткіліксіздігі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің қарамағында 10 медициналық-әлеуметтік мекеме бар. Олар: Макинск, Малотимофеевка, Щучинск, Көкшетау, Первомайка, Купчановка, Атбасар, Бұланды, Державинка, Шортанды аумақтарында орналасқан. Қазақстан Республикасының «Халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау» министрлігінің есебі бойынша қазіргі мүгедектердің саны елімізде 388 мың немесе халықтың 3,5% құрайды. Бірақ бұл мәлімет жылдан –жылға өзгеруде. Өйткені мүгедек тұлғаларға ақыл-есі кем немесе психикалық ауытқушылықтары бар балалардың санының қосылуына байланысты бүкіл халықтың 10-12% алуы мүмкін. Көбінесе балалар арасында мүгедектіктің пайда болуына келесі факторлар әсер етеді:

-         биологиялық-баланың ата-анасының сақталған, туа пайда болған немесе тұқым қуалайтын ауытқуларының болуы;

-         медициналық-ұйымдастырушылық-аурудың немесе ауытқудың кеш байқалуы, оның мүгедектікке дейінгі кезеңі және оңалтудың басталуы;

-         әлеуметтік-орталық-отбасының әлеуметтік жағдайсыздығы және қарым-қатынастардың шиеленісуі;

Мүгедек жасөспірімдердің психологиялық консультациясының жалпы бейнесінің негізгі тұғыры мыналар:

- мүгедек жасөспірімдердің жыныстық мінездемесі;

- кемшілік мінездемесі, консультацияның формасы мен тәсілдері;

- жасөспірімдердің жеке тұлғалық және психологиялық дамуының жас ерекшелік заңнамасы;

- жасөспірімнің дамуындағы бұрыс өзгеріс;

- жалпы өмірлік, әлеуметтік ортаның мінездемесі;

     - психологиялық және жеке тұлғалық даму мінездемесінің психологиялық және жеке тұлғаның денсаулық моделіне қарай шешілуі.

Консультация кезінде психолог немесе әлеуметтік қызметкер тепе-теңдік,клиентке деген эмпатияның қарым-қатынасын сақтау керек. Мүгедек жасөспірім жұмысты аяқтаған соң, маман нәтижені қадағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолданады:

        консультация процесі кезінде қадағалау;

        нақты жағдай аяқталған соң қадағалау;

        барлық консультациялық жұмыстардың қорытындысын қадағалау;

        нәтижені қадағалауда мерзімін ұзарту.

Мүгедектердің өзекті мәселелерін, материалдық игіліктерін, сұраныстарын, мұқтаждықтарын және қажеттіліктерін шектемей әрі қарай адамдардың күрделі табиғатына өмір сүруін өзіндік мәнін құрайтын  болашағына қажетті қажеттіліктерді  қарастырып Қазақстан Республикасының  мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңын ескере отырып  оларға қол үшін беру керек. Мүгедектердің қоғамдағы бірлестіктерінің  үйлестіру кеңесінің ұйымында  мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мүдделерін қорғайтын және қолдайтын мәселелерді қарастырып, орталық және жергілікті атқарушы органдарға мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қоғауды қамтамасыз етіп оларды оңалту қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер:



  1. 2006-2008 жылдардағы мүгедектерді оңалту және қайта қалпына келтіру бағдарламасы

  2. Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуір №39-3 заңы

  3. Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 Қаулысы

  4. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126-1 Заңы

  5. Е.И. Холостова Теория социальной работы. М., 2001



Дәріс №6 Жастармен әлеуметтік жұмыс

 

Жастар – қоғам дамуының  маңызды бөлігіне жатады. Ел Президентінің Қазақстан халқына  Жолдауында  белгілегендей «Біздің басты оң игіліктеріміздің  ішінде – халқымыздың  санасы туралы. Біз ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі  жоғары білім өресі биік халқымыз бар, соның  ішінде  болашағы мол – жастар. Осы қолымыздағы осындай  баға жетпес  капиталды Жан-жақты дамытуға  және оның  дамуы үшін  барған сайын жаңа әрі неғұрлым  өркениетті  жағдай туғузуға тиіспіз. Жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары



Жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;

ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша 17-29 жас аралығындағылар жастар болып есептеледі.

Жастар – бұл қоғамда болып жатқан өзгерістерге, сонымен қатар ересектер өміріне бейімделіп жатқан,  әлеуметтік ересектіктің қалыптасу кезеңін бастан кешіріп жүрген әлеуметтік-демографиялық топ.

Жастар - қоғамда ерекше жасерекшелік  спецификасы бар, қоғамның белгілі функциясын атқаратын, өздеріне тән спецификалық қызығушылықтары мен құндылықтары бар әлеуметтік-демографиялық топ. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы  2004 жыл 7 шілдедегі Заңының 1 тарау 1  бабына  сәйкес, жастар деп  Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі  азаматтары саналады.

Жастардың әлеуметтік жағдайы мен оларды қорғау туралы айтпас бұрын, бұл топтың жас ерекшелік шегін анықтап алуымыз қажет. Алайда, жастық шақ тек қана өмірлік циклдың кезеңі емес, жастық шақ – қызметтің әртүрлі негізгі түрлерімен байланысты адамның әлеуметтік статусы болып табылады. Қазыргі кезде ғалымдар жастарды қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде қарастыра отырып, олардың әлеуметтік жағдайын қоғамның  әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму, әлеуметтену ерекшелігімен тығыз байланыстырады. Экономикалық дағдарыс кезеңінде жастар көбінесе халықтың осал тобына қосылады. Расында, экономикалық өсім құлдырағанда, жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып  сезеді. Сонымен бірге, экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда, әсіресе жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды.

Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты Заңының мақсаты  жастардың рухани, мәдени,  кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау,  бүкіл қоғам үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу болып табылса, міндеттерінің біріне жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады. Мемлекеттік жастар саясаты қоғам ресурстарының  стратегиялық дамуының  маңызды бағыты ретінде қаралады. Жастар халықтың қоғамның белсенді бөлігіне жатады, және болашақта маңызды потенциалы бар,  сондықтан мемлекеттің қалыптасуында  жастардың орны мен рөлін бағаламауға жол бермеу керек. Жастар өте белсенді, білімді, физикалық және кәсіби дайын, мобильді, ғылыми-техникалық  прцесті жылдам меңгеретін, нарық экономикасының талаптарына,  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  тез  бейімделе алатын топ. Алайда қазіргі  кезеңде жастар мүмкіншіліктеріне қарамастан сай  келмейтін орынды  алады. Нарықтық экономикаға көшу мәселені ушықтырып, жастарды еңбек нарығынан шығарып тастап, жұмыссыздар қатарына  қосты. Жастар нарықтық қатынастарда жаппай  қысқартуға жақын болғандықтан, қазіргі уақытта  жастар арасындағы  жұмыссыздық деңгейінің  пайызы өте жоғары. Сондықтан  еңбек нарығындағы  жастарға аса назар аударып, жас жұмыссыздардың негізгі ерекшеліктеріне назар аудару қажет.

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына» жастардың еңбек және жұмыспен қамту  саласына  кепілдік беру, сонымен қоса жастар жүзеге  асыратын кәсіпкерлік  қызметті қолдау жатыр. Құрылымдық экономикада еңбек пен жұмысбастылыққа құқық беретін, экономикалық  дербестікті  қамтамасыз ететін арнайы шаралар қажет: еңбекпен қамту  қызметін ұйымдастыру, жастар еңбегін қолдануда  қызығушылықты жоғарылату үшін кәсіпорын мен  мекемелерге  салықтық жәрдемақыларды қолдануға  мүмкіншілік беру, кадрларды қайта даярлау жүйесін жасау.

Мемлекеттік жастар саясаты – бұл мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға  бағытталған әлеуметтік-экономикалық,  саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.

Мемлекеттік саясат – жастардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру және дербес өмірге жетістікпен енуге бағытталған басқару органының  атқарушы және заңдылық қызметінің спецификалық бағыты. Мемлекеттік жастар саясаты – мемлекеттің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің  жалпы мәселесі болып табылады.

Мемлекеттік жастар саясатының  принциптері:



  • мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда  тұлға құқықтарының,  қоғамдық қызығушылықтардың және мемлекеттің бірігуі;

  • жастарға арналған бағдарламалар мен саясаттың қалыптасуында  жастарды қатысуға тарту;

  • жас азаматтардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;

  • жас адамға рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен  дене тәрбиесін дамыту, жұмысқа орналасу  үшін минималды мемлекеттік  кепілдеме беру.

Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты:

  • жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және физикалық дамуына ықпал ету;

  • жасерекшелік шегі бойныша жастарды дискриминациялауға жол бермеу;

  • қоғамның мәдени, саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне жастардың  толық қатысуына жағдай жасау;

  • қоғамның және жастардың өздерінің қызығушылық потенциалын  инновациялық жүзеге асыру.

Жастарға арналған әлеуметтік қызмет орындары  мемлекеттік бюджет тарапынан және ҚР-ның басқа да  тыйым салынбаған заңдылықтарымен қаржыланады.

Жастар ерекше спецификалық әлеуметтік топ ретінде өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер қазіргі әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға жастардың  бейімделе алмауымен сипатталады: әлеуметтік және кәсіби орнықпау, жұмысқа орналаспау,  тұрғын үй мәселелері. Алдын алу шараларына қарамастан жасөспірімдер арасындағы қылмыс, нашақорлық, таксикомания, алкоголизм, жезөкшелік сияқты  девиациялар көбеюде.  Осындай моральдік  деградация  себептерінің түбінде әлеуметтік аз қамтылған, бос уақытты ұйымдастыра алмау, лайықты жұмыс орнына орналаспау,  маскүнемдік,  ата-аналардың қаталдығы,  шағын кіріс,  әлеуметтік және адамгершілік  құндылықтарды  жоғалту жатыр.  Осыған қарап әрбір жас адамды құқықтық және экономикалық қамтамасыз етуге кепіл беретін әлеуметтік қорғау жүйесінде көптеген сұрақтар туындайды. Сондықтан әлеуметтік қорғау жүйесінде жастарды құқықтық және экономикалық қамтамасыз етуге кепіл беретін көптеген сұрақтар туындауда. Жастарға, жас отбасыларға,  жастар ісімен айналысатын ұйымдар мен қоғамдық институттарға,  кедейшілік шегінен  төмен тұратын азаматтарға мақсатты қолдау  көрсету қажет.

Әлеуметтануда «жастар» деп жасерекшелік қасиеттеріне сай   қызмет түрлері қалыптасатын қоғамдастық  топтар жиынтығы. Тар мағынада «жастар» - бұл қоғамның әлеуметтік құрылымында  жеке функциялары, спецификалық қызығушылықтары мен құндылықтары бар жасерекшелік негізіне қарай  белгілі әлеуметтік орны қалыптасқан әлеуметтік-демографиялық топ.

Жастардың әлеуметтік жағдайы мен қорғау жолдары туралы айтпас бұрын, олардың жасерекшелік шегін анықтап алу қажет. Мысалы, Ежелгі Қытайда  жастарға 20 жасқа  дейінгі тұлғалар жатып, 30 дейінгілер неке қию кезеңіндегі жастар деп есептелген.

Жастардың қоғамда алатын орны біршама объективті және субьективті факторлармен анықталады: материалдық қамтамасыздандырылған деңгейі, кәсіби сферада өзін көрсете білу мүмкіншілігі, білім алу, карьера жасау, өзіндік азаматтық құқық пен әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыздандыру.

Жастар қоғамдық қатынаста, материалды өндірісте және рухани құндылықта маңызды орын алады. Жастардың қоғамдағы жағдай мен оған қатысу деңгейі қоғам мен мемлекеттің тікелей іс-әрекетіне байланысты. Яғни мемлекеттік жастар саясаты мен жастармен әлеуметтік  жұмыс туралы сөз қозғап отырмыз.

Жастардың әлеуметтік құқықтары:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiне;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк оқу орындарында тегiн негізгі орта, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;

3) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша жеңiлдiкті жағдайларда мемлекеттiк спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;

4) жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізiнде оқитындар үшін қалааралық темiр жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруге;

6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелерi бойынша консультациялар түрiнде әлеуметтiк қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлердi, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмаған адамдарға арналған арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлық, уытқұмарлық, маскүнемдiк дертiнен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулердi тұтынуға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек алуға;

8) бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен ай сайынғы мемлекеттiк стипендия алуға;

9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кәсiби бiлiм ақысын төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетiн сатып алуға жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге білім беру грантын алуға әлеуметтiк құқықтары бар;

10) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi.

Жастардың саяси құқықтары мен бостандықтары:

Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде көзделген барлық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады.

Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепiлдіктерi, олардың тұрғын үй проблемаларын шешуге жәрдемдесу

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты еңбек және жұмыспен қамту саласында:

1) жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту;

2) жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;

3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастырушылық жағынан қолдау;

4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жастардың еңбек бiрлестiктерiн құру және қызметiн ұйымдастыру, соның iшiнде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының жастарына:

1) жұмысқа орналасуға, кәсiби даярлануға, бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдемдесуге;

2) мемлекеттiк ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесi елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге;

3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткiзуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге кепiлдіктер берiледi.

3. Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтi мемлекеттік қолдау

1. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледi.

2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсiпкерлiк қызметiн әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөнiндегі шаралар жүйесiн белгілейдi.

3. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттiк қолдауды пайдаланатын тұлғаларға:

1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жастар;

2) жастар ұйымдастырған шаруа (фермер) қожалықтары;

3) қызметкерлерінің жалпы санының кемiнде жетпiс процентін өздерiнің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар жатады.

4. Жастардың кәсiпкерлік қызметін мемлекеттiк қолдау:

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарының оқу-өндiрiстік базасында жастардың кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жәрдемдесуi;

2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған топтарын кәсiпкерлік қызметке тарту;

3) жастарға кәсiпкерлiк қызмет негiздерiн оқыту, шарт негiзiнде оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;

4) жастар кәсіпкерлігін қолдаудың өңiрлік бағдарламаларын әзiрлеу;

5) белгілi бiр жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындауға келiсiмдер жасасу мақсатында мемлекеттiк органдардың осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.

5. Мемлекет жастардың өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердiң, бiлiм берудiң, денсаулық сақтаудың түрлi салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа әлеуметтiк қызмет көрсетуге жәрдемдесетiн кәсiпкерлердi көтермелейдi.

Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер

1. Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтiк қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.

2. Әлеуметтiк қызметтер жұмысының бағыттары:

1) психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтiк, заңдық көмектi жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мeн басқа да жастар өкiлдерiне консультациялар беру;

2) өздерінің тәни кемiстiктерiне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтiк көмек;

3) жас отбасыларына әлеуметтік көмек;

4) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;

5) мiнез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтiк көмек;

6) жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, маскүнемдiктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды әлеуметтiк қалпына келтiру (оңалту);

7) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, бiлiм беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткiзу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын iске асыру мүмкiндiгi туралы оларды хабардар ету;

8) жастардың тұрғылықты жерi бойынша бос уақытын мазмұнды өткiзуiн ұйымдастыру, соның ішiнде жасөспiрiмдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегi басқа да функциялар;

9) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.

3. Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшін көзделген мемлекеттiк бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.

4. Әлеуметтiк қызметтердiң жастарға арнап мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметi шеңберiнде көрсететiн әлеуметтiк қызмет көpceтулеpi тегiн ұсынылады.

  

Қолданылған әдебиеттер

 

1.     Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылдың 7 шілдедегі №518-11 Қазастан Республикасының Заңы 1)  I тарау, 1 бап, 2 тармақ; 2) I тарау, 3 бап, 1-2 тармақтар



2.     Халықты жұмыспен қамту туралы  Қазақстан            Республикасының Заңы 2001 ж. 23 қаңтар №149-II  Заңы I тарау, I бап

3.     Социология молодежи. Учебник / отв.ред. В.Т.Лисовский Санкт-Петербург:Издательство С-Петербурского университета стр. 56-58

4.     Социальная работа с молодежью: Учебное пособие / Под.ред. д.п.н., проф. Н.Ф.Басова – М.:Издательско-торговая корпорация «Дашков и К.», 2007. – 8 стр.

 

Дәріс №7 Нашақорлармен әлеуметтік жұмыс

 


  1. Балалар мен жасөспірімдер арасында кездесетін жаман әдістер.

  2. Нашақорлықтың алғашқы профилактикасының проблемалары.

 

1. Бүгінгі күні нашақорлықтың жасөспірімдер мен балалар арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық туғызып отыр. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның соны кісі өлімі мен зорлық зомбылық жасауға соқтыруда. Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық есірткілерді қолдануға жаңа құрбандарды тарту есебінен өмір сүріп және дамып келеді.Сондықтан жастар арасында нашақорлық жедел дамып,ең нашақордың жасы 10-15 жас аралығындағы балалар.

Өзін өзі орнықтыру әуес көру, топқа үйірсектік ,жанұядан кетіп қалу, еліктеуге  ұмтылу, құрбылары ортасында қалыптасатын дәстүр мен нормалар жасөспірімдердің есірткі қолдануына едәуір септігін тигізкді. Қоғам мен әлеуметтік орта бұл процеске өз ықпалын тигізуі қажет. Жанұяда ата ана мен бала арасында өзара түсініспеушіліктің,немқұрайлықтың, ата аналар тарапынан бақылаудың төмендігі мұның бәрі есірткі бой ұрудың себептері.

Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшелігі ,атап айтқанда өзін өзі бағалау, құрбыларының ықпалына көну, психикалық ауру депрессиялық синдром, маникалды синдром және мән беру синдромының жетіспеушілігі есірткіні қолдануды ертеректен бастауға себеп  болады. Есірткіге бас ұру проблемасын көпшілік әртүрлі суреттейді. Жасөспірім ерекше әсерленгіш мінез құлқын өзгертуге ыңғайлы.Айналасындағылармен қарым қатынасы қиындау және қалыптан тыс әсерленгіш. Өз құрбыларымен қатынасы бір қалыпты емес, ата аналрымен арасында ұрыс керіс қызығушылығын сәлде болса кемітсе ,бірден қарсы шығады. Қоршаған орта мен араласатындардың әсері ерекше қатты, бұл кезде адамдар жақсы ға да, жаманға да кінәратшыл болып келеді. Жас адамдардың өмір туралы тәжірибесі аз,ырымсыздығы мен алаңғасырлығы олардың үлкендер алдындағы дағдысының пердесін жабады. Есірткіні алғаш  қабылдаудың түпкі себептерінің бірі өз құрбыларының арасында қалыптасқан қанағаттанғысыз жай. «Компанияда»құрметті орынға жайғасу мақсатында ол әр түрлі жолдарды іздестіреді және өз мәртебесін «шөптердің» көмегімен көтерудің жолын табады. Осы жастардың проблемасы ерекше жалғыздық,айналасындағылардың, ата аналарының мұғалімдердің,өз құрбыларының жасөспірімдерді түсінбеуі ,жауапсыз еліктеуі, өзінің бос уақытындұрыс өткізбеуі , өзіне сүйікті іс әрекет таба алмауы. Жасөспірімдік кезінде өз «табынушысын» жасап алу және бар ісінде соларға ұқсау тілегі басым болып болып келеді.Оқушылардың басым көпшілігі есірткі туралы ақпаратқа 10-12жас кезінде көңіл қоя бастайды.

Балалардың қараусыз қалуы кәмелетке толмаған балалардың бұзақылығына жол береді,оларды нашақорлар ортасында түсіреді. Жасөспірім онда аз уақыт ішінде есірткенің дәмін татып ,көз алдында нашақорларға айналады.

Есірткімен таныс болу,шегіп көруді ұсынатын құрбыларының тобында басталады. Ол канаплядан анаша,гашиш,марихуана және т.б зиянды заттардан жасалады. Бірінші жылы кездейсоқ ретпен жүреді айына немесе аптасына 1-2ұсына қалса тартынбайды.

«Шөпті» біртіндеп шегу тұрақты кәсіпке айналады,жасөспірім одан аздап ләззат ала бастайды.Ал «шөптің» болмай қалуы қанағаттанбаушылыққа көңіл хошының болмауына,тітіркенуге әкеліп соқтырады.

Нақты бір қалыптасқан топтарға бойы үйренген жасөспірім алғаш рет героиннің немесе апиындар қатарындағы басқа да есірткілердің дәмін татып көреді.

Деректерде «.......есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіізсіз қоғам бола алмайды» делінген.  Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек. Есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінің құрылуы жергілікті жерлерде осы бағытта жұмыс істейтіндерге қолдау болуда.

Соңғы жылдары есірткі тұгынушылары арасында мектеп оқушыларының көбейіп кеткеін білеміз. Мектеп  оқушыларының арасында сауалнама жүргізгенде  мынандай жауаптар алынады «Есірткі тұтынатындарға көзқарасын қалай?»-деген сауалға 10-11 сынып оқушыларының-44,8 пайызы  9 сынып оқушыларының -15,  4-5-6-сынып оқушыларының 4 пайызы «айыптамаймын,немқұрайлы» деп жауап береді. Ал «есірткі пайдаланып көрдің бе?» деген сауалға 8-9 сынып оқушыларының 3 пайызы «қолданып жүрмін» деп жауап берген. Сонымен олардың біразы»тартуыма күштеп мәжбүр етті деген «Міне,кешке жиналып ,есірткі тұтынатындар да осылар. Нашақорлардың арасынды қылмыс жасаушылар 20 пайыз өскен. Есірткі тұтынатын мектеп оқушыларының 69,3 пайызы есірткіні би кешінен аламын десе, мектептерде де анаша сататындар табылады екен. « Ауыл балалары мектеп оқушылары «инеге отырды гашиш,героин тартады» деп айту қиын .Себебі оларда ондай есірткі алуға мүмкіншіліктері де жағдайлары жоқ.

Біраз елдер оларға қатаң жазалау шарасын қолданады.

Есірткі бизнесіне тартылған адамдар соңғы кезде ауқатты отбасыларының балаларына көп көңіл бөлуде. Оларды өздеріне үйір етіп «инеге» отырғызады. Бұл жағдай түсінікті. Олар басқа балаларға қарағанда ақшаны көп төлеуге мүмкіндігі бар Басқалары көп ақшалы болмаған соң, алғашқыда өздерінің ата анасын, кейін өзгелерді тоңауды бастайды  кейін олар кішкене есірткі үшін адам тонауға  немесе өлтіруге баруға дайын болады.

Қыздар жезөкшелікке салынып не болмаса қарақшылардың күніне айналады. «Инеден секіргенше» инеге отырған оңай екені белгілі.Егер тіпті темекі шеккендер жаңа медициналық әдістеменің көмегімен темекіні тастай алмаса,онда нашақорлар туралы не айтуға болады.Біреудің көмегінсіз өздігінен есірткіні пайдалануды қойып кеткен адамдар  саусақпен санарлық қана,соның ішінде олар көп мерзім пайдаланбағандар.

Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы отбасында тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерінен басқа да қасиет қабілеттерінің дамитындығында. Отбасының балаға тигізетін әсері мектеп пен қоғамның әсерінен әлдеқайда күшті болады. Бұның өзі отбасыға ғана тән ерекшеліктерден туады,мәселен,отбасы мүшелерінің аз болуы өзара қарым қатынасты нығайтуға,эмоциялық байланыс орнатуға мүмкіндік туғызады және отбасы мүшелерінің өзара қарым қатынасы анағұрлым тұрақты да ұзақ болады. Жасөспірім отбасындағы ата анасының мінезіндегі көптеген қасиеттерін бойына сіңіріп өседі.

Жасөспірімдер мінез құлықтарының тәуелділігі ата аналарының мінез құлқының тәуелділіктерімен тікелей байланысты.

2. Нашақорлықтың алғашқы профилактикалық проблемалары.

Күннен күнге психоактивті заттардың зияндығына қарамастан оны қолданатын адамдардың саны артуда. Жасөспірімдер нашақорлығының  әлеуметтік келешегін үлкен сеніммен алдын ала болжауға болады.

Біріншіден, 12-18 жастағы нашақорлар бұл ар ождан принциптері бұзылған,адамгершілік қасиеттері төмен деңгейдегі адамдар. Сонымен қатар,есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Сөйтіп 10-20, жылдан кейін жасөспірім нашақорлар «әлеуметтік қауіп» тобын құрайды.

Екіншіден, нашақор балалардың көпшілігі өліп кетеді немесе дені сау келешек ұрпақ өсіре алмайды,яғни СПИД,гепатит,бедеулік,ақыл ойдың дұрыс болмауы және т.с.с аурулар біздің қоғамның дамуына көп қауіп төндіреді.

Үшіншіден,мұндай жағдай қоғамның эканомикалық және саяси ахуалына өз әсерін тигізеді: білім және маман әлеуетінің төмендеуі,жұмыс күшінің азаюы мен есірткі бизнесінің шарықтауы эканомикалық дағдарысты одан әрі өсіреді де ,нәтижесінде тұрақтылық бұзылады.

Сонымен қатар,есірткі тек оны қолданатын адамға ғана зиян тигізіп қоймайды,сонымен қатар ,оның жақындарына,туыстарына  және жалпы қоғамдағы адамдарға көп қиындықтар туғызады.

Эканомикалық аспект. Есірткілерді заңсыз түрде айналысқа түсіру ақша айналымын бірнеше  есе арттырып,одан заңсыз түрде қырулар пайда келіп отырады. Мемлекеттер нашақорларды емдеу мақсатында көптеген жұмсайды,ол денсаулық саласының басқа өзекті мәселелерін  шешу үшін пайдалануға берілетін қаржы көлемінен алынады. Жеке наркологиялық және реабилитациялық орталықтарға нашақорды емдеу үшін жұмсалатын қаржы өте қомақты соманы құрайды,соның салдарынан халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді.

Демографиялық аспект. Заңсыз түрде есірткені жүйелі түрде қолданатындар қатарына көбіне ер балалар мен жасөспірімдер жатады. Ер және әйелдер арасындағы нашақорлар саны шамамен 10:1-ге қатынасын құрайды. Есірткіге тәуелділікті қалыптастыру сексуалды инстинкті басады да,жыныстық рольді іс әрекеттің бұзылысына әкеп соғады. Екінші жағынан нашақорлыққа байланысты шамадан тыс көп мөлшер мен бақытсыз жағдайдан туындаған әйел мен еркектер арасында сәйкессіздік қалыптасады. Осы құбылыстардың нәтижесінде,жақын уақыт арасында бала туылу көрсеткіштері төмендейді,ал жалғыз басты әйел адамдар  мен толық емес отбасылар саны артады.

Мемлекеттік деңгейде ешқандай ел нашақорлық және оның салдарымен күресуге бағытталған барлық іс әрекеттерін қаржыландырмайды. Мысалы,Германияда  арнайы наркологиялық медико әлеуметтік қызметтердің 80% қоғамдық ұйымдармен қаржыландырады. Олардың күшімен жеке медицина және әлеуметтік көмек тораптары құрылады. Тораптарға консультациялық пункттер,амбулаториялар ,станционарлар,жастар мен жасөспірімдер орталықтар, пана үйлері және т.с.с ұйымдар кіреді. Германияның бюджеті денсаулық сақтау  ұйымы негізінен тікелей медициналық көмекке  наркологиялық интоксикацияны шешу және күрделі жағдайларға арнайы наркологиялық емдеуге бағытталған. Ал Дания,Бельгия мен Норвегияда нашақорларға көмек көрсететін тарамдалған әлеуметтік реабилитациялық торабтар құрылған.Бұл мемлекеттерде ,әсіресе,кешкі уақытта дем алуға арналған,есірткілерге балама ұйымдарға ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай профилактикалық жұмыстарға бұрығы нашақорлар және жастар қатыстырылады,себебі жасөспірімдер жалпылама акциялар мен адамдарға сенбейді.

Нашақорлық және психоактивті заттарды қолданудың алдын алу мақсатында отандық және елдік  мамандар көбіне барлық іс шараларды мектеп жасындағы балаларға бағыттайды,себебі,осы жастағы есірткі  қолданатын балаларда әр түрлі аурулар жиі туындайды. Көбіне ол есірткі шегіп алған балалардың тазалық,яғни гигиена сақтамауынан және кездейсоқ жыныстық қарым қатынасқа түсуінен болатын аурулар. Көптеген мемлекттерде «қауіп тобының» балалары мен жасөспірімдеріне біршама  әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдар құрылған. Мысалы,жастар мен балалы әйелдерге –«қоғамдық жайлар»,жасөспірімдердің уақытша паналайтын дағдарысты ұйымдары,түнгі пана үйлер.

Шет елдерде жасалатын жұмыстардың жаңа бір формасы ол жұмыс орындарында көрсетілетін көмектер. Ол «қауіп тобына» кіретін,әрі кірмейтін кәмелетке толмаған жастарды нашақорлықтан сақтайды. Оған АҚШ көптеген оқу орындарында ашылған әлеуметтік консультанттар институттары, «жұмыс орындарында көмек» Европа бағдарламалары және т.с.с мысал бола алады. Дүниежүзілік практикада алғашқы профилактиканың төмендегідей негізгі модельдері қолданылады:

Білім берудің үздіксіздігі,міндеті мен жүйелілігінің болмауы.

Балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істейтін мамандардың қажетті деңгейде маманданбауы,ескірген жұмыс істеу әдістерін қолдануы. Әлеуметтік психологиялық көмектің болмауы.

Қоғаммен  және отбасымен қарым қатынастың болмауы. Балалар ,жастар мен жасөспірімдердің  бос уақытын ұйымдастыру  проблемалары.

Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қажетті деңгейде дамымауы,олардың мемлекеттік құрылымдармен тиімді қарым қатынасқа түсе алмауы.координацияның жоқтығы.

Ғылыми- әдістемелік көмекші құралдармен қамтамасыз етілудің нашарлығы.

Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету проблемалары.

Біз кез келген зиянды заттарды қолдану,әуестену және оның профилактикасы жайлы айтқан кезде,біз алдымен оқушыларға көбірек көңіл бөлеміз,себебі ,осы жастағы  балаларда психоактивті заттарға әуестік жоғары болады. Бірақ та,сонымен бірге профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырған кезде ересек адамдарға да көп көңіл бөлу керек,себебі олар өсіп келе жатқан жеткіншектер үшін жауапты. Профилактика проблемалары түгелдей тұтас күйінде қарастырылуы керек.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.     Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың,темекі шегудің  алдын алу жөніндегі  ата аналарға әдістемелік құрал. «Алматы Раритет». 2003.13 б



2.      Будущее без наркотиков  Информационно- публистический журнал Астана 2002

3.     Бугакова  З.М Ефименко Л.В Здоровье детей в наших руках.Алматы

4.     Валеология дене тәрбиесі спорт Республикалық әдістемелік педагогикалық журнал 2004

Дәріс №8 Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс

 

Жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар - жұмысы, табысы (кiрiсi) жоқ, лайықты жұмыс iздеп жүрген және оған кiрiсiп кетуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (қызмет). Ұзаққа созылған жұмыссыздық - 12 және одан да көп айға созылған жұмыссыздық.



Жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi. Табысы аз адамдар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар. Қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi. Жұмыспен нәтижелi қамтылу - тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтiк нәтиженi қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу. Рантье - негiзгi кiрiс көзi несиеге берiлген ақшадан немесе сатып алынған бағалы қағаздардан алатын проценттер болып табылатын тұлға.

Еңбек рыногы - экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар - өздерiн кiрiс әкелетiн жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды азаматтар. Еркiн таңдап алынған жұмыс - азаматтардың өздерiнiң еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы таңдап алған қызметi.

Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау - осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi. Еңбек делдалдығы - уәкiлеттi органның, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң жұмысқа орналастыру iсiнде халыққа көрсететiн жәрдемi. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
Нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы заңмен белгiленген адамдар топтары. Орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестiріп отыратын мемлекеттік орган. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн кез келген жеке және заңды тұлға.

Экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) - еңбекке жарамды жастағы адамдар (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар).Экономикалық тұрғыдан енжар халық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықты есепке алу үшiн белгiленген жасқа толмаған адамдарды да қоса алғанда, жұмыс күшi құрамына кiрмейтiн халық, жұмыс iстемейтiн және жұмыс iздемейтiн азаматтар, оның iшiнде: үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс iстемейтiн мүгедектер, жұмыс iстемейтiн зейнеткерлер, оқушылар мен студенттер, күндiз оқыту нысанындағы бөлiмдердiң тыңдаушылары мен курсанттары (магистратура мен аспирантураны қоса алғанда), рантье, сондай-ақ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi жалға беруден кiрiс алатын өзге де тұлғалар.

Жұмыссыздық түрлері

Жұмыссыздықтың мынадай түрлері бар:

1.                Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

2.                Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.

3.                Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде.

4.                Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

5.                Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.

Еңбек секторында негізгі міндеттері мыналар болды:

·        Жұмыссыздарды тіркеу, дайындау, қайта дайындау және жаңа мамандық алуға  көмектесу;

·        Жұмыс іздеушілер жайлы толық ақпарат жинау;

·        Тұрмыс тіршілігі төмен, аз қамтылған топтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, бәсекеге қабілетсіз адамдарды қамқорлыққа алу (әйелдер, жастар, жеткіншектер және мүгедектер);

·        Еңбекпен қамтамасыз ету жайлы арнайы бағдарлама, жобалар жасап  іске асыру;

Зейнетақы қорының жұмысын жетілдіру.

Жұмыспен қамтылу – азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін және оларға табыс немесе кіріс келтіретін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты қызметі.

Жұмыспен қамтудың тиімділігіне қол жеткізу жолындағы осы ұмтылыс еңбек саласында жинақталып қалған проблемаларды жеңуді, жұмыс күшінің кең ауқымда орын ауыстыруы және оларды тиімді пайдалану үшін мол қаражат құюды талап етеді.

Еңбек рыногындағы даму динамикасына келесі факторлар әсер етеді:

·        Демографиялық (тұрғындар саны, демографиялық құрылым, көлем жәе оралмандар саны);

·        Табиғи-климаттық (климат характрі, әр территориядағы жағдай);

·        Экономикалық (өндірістің құрылымы мен көлемі, макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің деңгейі, инвестициялық белсенділік деңгейі, инфляция деңгейі);

·        Әлеуметтік (өмір сүрудің сапасы мен деңгейі, өндіріс пен басқару, мемлекеттік кедергілер, араласу мен әлеуметтік процесс);

·        Кәсіпорындық (кәсіпорындағы еңбек ету деңгейі, өндіріс және басқару, еңбек биржасындағы ұйымның жұмысы);

·        Құқықтық (заңдар, ұйымның банкротқа ұшырауы, миграциялық тұрғындар, еңбек ету режимі мен демалыс).

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 


  1. Е.И. Холостова. Теория социальной работы.- М,2001

  2. «Социальная работа» под. Ред. В.И. Курбатова р-н-д 2003 стр- 72-79


Дәріс №9 Мигранттармен әлеуметтік жұмыс

 

1.     Көші – қон түсінігі  және  түрлері



2.     Қазақстандағы  көші – қон  процестерінің  тарихи  аспектілері (1917-1991)

3.     Миграция  түсінігіне теориялық - әдістемелік  сипаттама

 

Көші – қон ұғымының  қазіргі  ғылымда  бар  типологиясына  назар  аударылып,  шетелдік,  ресейлік  және  орталық  қоғамдық  ғылымдағы  түрлі  теориялық  ізденістерге  авторлық  талдау  жасалды.



Жалпы  Көші – қон  феноменін  зерттеу  ауқымын  үлкен  төрт  топқа  бөлуге  болады. Бұл  теориялық  ізденістердің  бірінші  тобына  Көші – қон процесі  халықтың  өзіндік  қозғалмалдығы  ретінде  қарастырылады,  оның  бір  елдің  ішінде  орын  ауыстыруы  салалық,  территориялық,  кәсіптік  және  әлеуметтік  қайта  орнығуына  байланысты  болады. 

Көші – қон  феномені  механикалық  кәсіптік  және  салалық  орын  ауыстыру   жиынтығы  ретінде  және  осыған  байланысты  индивиттердің  кеңістік  жағдайының  өзгеруінен  халықтың  бекітілген  аймақтық  құрылымдарының  пайда  болуымен  анықталады.

Зерттеулер  жүйесінің  соңғы  тобында  Көші – қон  процесі  кеңістігінің  кез – келген  орын  ауыстыру  үрдісі  ретінде  және  халықтың  тез  өзгеріп  отыратын  әлеуметтік -  экономикалық  жағдайларға  жаппай  бейімделуінің  бірден – бір  динамикалық   тәсілі  ретінде  сипатталады1.

Енді  осы  теориялық  ізденістерді  жекелеген  ғылыми  тұжырымдар  мен  көзқарастарға өз  тарапымыздан  талдау  жасап  көрейік.  Шын  мәнінде,  Көші – қон процесін  екі  және  одан  да  көп  елдер  арасындағы,  бір  елдің  ішіндегі  және  жергілікті  жердегі  халықтың  орнын  ауыстыру  ретінде  қарастыруға  болады.  Бірақ,  бұл  жағдай «орын  ауыстыру»  негізгі  категория  бола  отырып,  жалпы көші – қон  процесіне  қатысты  анықтаушы  категория  болуы  мүмкін  емес.  Негізінде,  салалық,  территориялық,  кәсіптік  және  әлеуметтік қайта  орнығу  бір  қаланың  немесе  ауданның  ішінде,  сондай – ақ  мемлекет  ішіндегі  аймақтарда  жүруі  мүмкін. 

Екінші  топтағы  зерттеушілерді  қарастырсақ,  демографтар  арасында  өте  танымал  болған  көші – қон  процесін  халықтың  механикалық  орны  ауыстыру  деген  тұжырымғы  тән  боламыз. Біздіңше,  бұл  теориялық  ағым көші – қонпроцесінің  нақты  адамдардың  қөзқарастарына,  шешімдеріне  және  талаптарына  деген  өкілдерінің  пайымдауынша,  механикалық  орын  ауыстыру  тұтастай  мемлекет   бақылауында  болады  және  халықтың көшіп – қонуына  байланысты  шешімдерді  тек  қана  мемлекет  қабылдай  алады.

Үшінші  топқа  жататын  зерттеулердегі  көші – қон  процесіне  берілген  анықтама,  біздіңше,  осы  процеске  дәл  мағына  береді. Расында  да,  көші – қон  процесі  тек  халықтың  құрамын  ғана  емес,  сонымен  қатар 

оның  жекелеген  элементтерінің  арасындағы  қатынастарды  да  өзгертуге  қабілетті.  Нақ  осы  үшінші  ағым  көші – қон  процесіне  қатысты  ғылымға  алғаш  рет  «әлеуметті»  категориясын  ендіргені  тілгі  тиек  ету  керек  сияқты.  Бұл  категория көші – қон феноменінің  шынай  болып  жатқан  қоғамдық  процестер  жүйесінде  зерттеуге  мүмкіндік  береді.

Төртінші  топқа  енетін  еңбектердің  авторы  халықтың  кеңістіктегі  кез – келген  орын  ауыстыруын  көші – қон  процесі  ретінде  сипаттай  отырып,  көші – қон феноменінің  нақты  тарихи,  әлеуметтік – экономикалық,  саяси - әлеуметтік  астарын  қарастырмайды.  Мәселен,  С.И. Ожеговтың  көзқарасы  бойынша,  көші – қон  процесі  - бұл  халықтың  орын  ауыстыруы, (бір  елдің  ішінде,  немесе  басқа  елге  қоныс  аудару.

Әрине,  бұл  анықтаманы  әмбебап  ретінде  қабылдай  отырып,  онымен  келісуге  болар  еді.  Бірақ,  іс – жүзінде көші – қон  феноменнің  мазмұны  ана  ғұрлым  кең.  

Қазақстан  трихында  халықтың  жүріп  өткен  жолы  мен  тарихы  әр  түрлі  кезеңдердегі  оқиғаларды қамтиды. Солардың  бірі – кеңестік  замндағы  көші – қондық  үдерістер  және  оның  зерттелу  денгейі. Демек,  өткен  ғасырдағы  кеңестік  жүйе  басшылары  ұстанған  ұлт  саясатының  халықтардың  бір – бірімен  өзара  аралыс  құралас  күй  кешкен  тарихи  тағдыры  бүгінгі  күн  тұрғысынан  жаңаша  қарастырып,  зерттеу  мен  зерттелуді  қажет  етеді.  Өйткені  кеңестік  қызылимперия тұсында  тарихи – демография тұрғысынан  ұлттарды  зерттеуге  тиям  салған.  Сондай – ақ,  ол  заманда  әміршіл - әкімшіл  басшыларға  сын  айтқандар  мен  зерттеу  жұмысын  жүргізген  адамдар  болса,  олар  құғынғы  ұшыраған.  Сөйтсе  де  сол  тұста  өзінің  ашық  пікірін  білдіріп,  ұлт  мүддесін  қорғау  мақсатында  күрес  жүргізген  қазақ  зиялылары  да  болды.  Бірақ  тоталитарлық  тәртіп  басшылары  оларды  қуғындап ,  түрлі  айыптаулар  тағудың  нәтижесінде  кейбіреуін  өлімжазасына  кесуге  дейін  барды.  Одан  кейінгі  уақытта  қазақ  халқының  демографиялық  жағдайына  байланысты  басып  сын  айтып,  еңбектер  жазуға  ғалымдардың  жүрегі  дауламады.  Тек  тапсырыс,  нұсқау  арқылы   халық  санағы  мен  статистикаға  байланысты  жазылды  да,  онда  ары  терең  зерттеулерге  бара  қойған  жоқ. 

Өткен  кеңестік  заманда  тарих ғылымы  саласында  бірқатар  тарихнамалық  зерттеулер  тек  70 - жылдары  жарық  көре  бастады.  Ол кезеңде  жарық  көрген  еңбектері  мәселелерге  таптық,  партиялық  тұрғыдан  қарау,  марксистік – лениндік  методология негізінде  баға  беру,  қайғылы  да  қасіретті  оқиғалардан  айналып  өту  тәрізді  зерттеу тәсілдері  орын  алды.  Сол  себепті,  шынайы  тарихи  ұстанымдар  ауқымы  да  ғылыми  еңбектерге  сыни  талдау  жасаған  тарихнамалақ  туындыларды  жариялау  кеңестік  дәуірде  мүмкін  болмады. 

Кеңестер  Одағы  ыдырағанға  дейінгі  кезеңде  жарияланған  еңбектердің  көпшілігінде  қазақстан халқының  демографиялық  даму  ерекшеліктеріне  емес,  оның  әлеуметтік  мәселелеріне  көбірек  көңіл  бөлінген.  Мұның  себебін  Қазақстанның  тарихи  демографиясына  кеңестік  кезеңде  баса  назар  аудара  қоймаумен  де  байланыстыруға  болады.  Осыған  орай,  Н.Е.Бекмаханова «Вопросы  истории»  журналында  жазған  мақаласында:  «Қазақстанның  тарихи  демографиясы  жеткілікті  дәрежеде  зерттелмеуде.   Өлке  тұрғындарының  санын,  орналасуын,  ұлттық  құрамын  санақ  мәліметтері  бойынша  зерттеп,  аймақтардың  шаруашылығындағы  ерекшеліктерді  ашып  көрсетудің  қажеттілігі  айқын  сезіледі» -  деп  көрсеткен  еді.

Мұндай  пікір  Қазақстанда  ғана  кеңестік  дәуірде  тарихи – демографиялық  зерттеулер  жүргізу  артта  қалған  деген  ой  тұдырмаса  керек.  Жалпы  мұндай  жағдайдың  барлық  одақтас  республикадағы  тарих  ғыдымына  тән  құбылыс  болғанын  сол  тарихи  кезеңде – ақ   тарихшы  В.К.Яцунский  «О  некоторых  отстающих  ученых  нашей  исторической  науки»- деп  аталатын  мақаласында  атап  көрсеткен  болатын.

Қазақстан  халқының демографиялық  даму  мәселелерінің  зерттелу  денгейіне  арналған  алғашқы  еңбектердің  қатарына  Н.Е.Бекмахановтың  мақаласын  жатқызуға  болады.  Бірақ  бұл  мақала  төңкеріске  дейінгі 

Қазақстан  тұрғындарының  демографиялық  жағдайының  тарихнамасына  арналған  еді. 

Қазақстандық  тарихнамалық  зерттеулердің  қатары 1960-1970 жылдары  В.Ф.Шахматып, Г.Ф.Дахшлейгер, П.Г.Галузо, А.Н.Нұсіпов,  Б.Сүлейменов  секілді  ғалымдардың  іргелі  еңбектерімен  және  мақалаларымен  толыға  түсті.  Осы  тарихнамалық  еңбектерде  Қазақстан  халқының  ХХ ғасырдағы  әлеуметтік – демографиялық  даму  мәселелерінің  зерттелу  денгейі  арнайы  қарастырылмаса  да,  оған  қатысты  бірқатар  еңбектерге  талдау  жасалып,  пікірлер  білдірілді.  Кеңестік  дәуірде  ұжымдастыру,  шаруалар  мәселесіне  және  қалалардың  өткен  дәуірде  ұжымдастыру,  шаруалар  мәселесіне  және  қалалардың  өткен  дәуірлердегі  дамуына  арналған  тарихнамалық  зерттеулерде  де  әлеуметтік – демографиялық  үдерістердің  ғылыми  әдебиеттерде  көрініс  табуына  шамалы  болса  да  тоқталып  өтілді.  

Шынында  аталған  тарихнамалық  еңбектердің  авторлары  кеңестік  кезеңде  орныққан  ұстанымды,  теориялық қағидаларды  басшылыққа  алғандықтан,  әлеуметтік – демеографиялық  мәселелердің  зерттелуінде  пікірталас  тұдыратын  тұстарға  кеңестік  методологиялық  тұрғысынан  баға  берумен  шектелген. 

Көші – қондық  үдерістің  Қазақстан  халқының  ұлттық  құрамына  әсері  Е.Н. Гладышеваның  «О  взаимовлиянии  миграции и  национального  состава  населения (на  материялах  Казакстана)»  атты  мақаласында  талданған. 



Қазақстан  хылқының  кеңестік  заманындағы  демографиялық  даму  мәселелері  Я.Р. Винниковтың  «народы  Союза»  еңбегінде  көрініс  тапқан.  Автор  қазақ  халықының  санының  Кеңес  өкіметі  орнағаннан  бері  өсу  динемикасын  халық  санақтарының  материалдары  барынша  көрсетіп,  күштеп  ұжымдастыру  жылдарындағы  қазақ  халқының  шығынын  кеңестік  идеологияға  сай  бүркемелеп  қалауды  басты  назарда  ұстады.  Ол  1926  жылғы  халық  санағында  қазақстардың  саны  артық  көзсетілген,  санақ  кезінде  қазақтар  мен  шектес  орналасқан  жарлардегі  өзбектер,  қарғаздар,  қарақалпақтар  және  түркімендер  қазақтар  ретінде  есептеліп  кеткен  дей  отырып,  кеңес  өкіметінің  1931 – 1933  жылдардағы  күштеп  ұжымдастыру  саясаты  қазақ  халқының  демографиялық  апатқа  ұрындырғандығын  жасырып  қалды. Я.Р.Винниковтың  мұндай  қадамын  13  жылдан  кейін  демограф  М.Тәтімов  өз  тұжырымдарымен  былай  деп  баяндайды: «винников  келесі  болған  1939  жылға  Бүкілодақтық  халық  санағында  қазақтар  санының  1926  жылғы  халық  санағы  мен  салыстырғанда   азайып  кетуін  көршілес  өзбектер  мен  қырғыздар,   түркімендер  мен  қарақалпақтар санының  1926-1939  жылғы  санақаралық  кезеңде  өте  аз  өсуін  осы  туысқан  жақын  халықтардың  санын  дурыс  алмаудан  еді  деп  қате  түсіндірмектші  болған. Винников  осы  пікір  арқылы  өзінің 1926  жылғы  санақтың  метериялдарымен  таныс  еместігін  және   санақтың  негізінен  этно – статистикалық  бағытта  жүргенін  түсінбігіндігін  көрсетті.  Қазақ  халқының  осы  санақ - аралық кезеңде  үзақ  демографиялық  даму  тарихында   бұрын  болып  көрмеген  шығыны  мол  ең  қиын  белестен  өткенін  оның  білмеуі  де  ықтимал.  Егер  ол  шандықты  білсе,  автордың  әдейі  бұрмалауы  түсініксіз». Осылайша  М.Тәтімов  Я.Р. Винниковтың  жіберген  қәтелігін  сынай  отырып,  кеңестік  идеологияның  үстемдік  құрған  шағында  халқымыздың  1931 – 1933 жылдардағы  демографиялық  дамуындағы  көлеңкелі  тұстарын  алғаш  көрген  ғалым  болды.  Сонымен  қатар  ғалым  сол  тарихи  кезеңдегі  демографиялық  дамудағы  ерекшеліктердің  ашық  айтылу  керектігін  талап  ете  отырып:  «Қазақ  халқының демографиялық  дамуындағы    отызыншы  жылдарда    болған  қиыншылықтар нағыз  партиялық  тұрғыдан  демография  ғылымы  негізінде  ашық  айтылуы  керек.  Ол  өткенге  өкіну  емес,  ол  бүгінгі  жарқын  өмірімізді  толық  түсініп,  көрсету  үшін,  ертеңгі  жас  ұрпақтар  үшін  қажет», - деп  жазды. Қазақстандағы  көші-қон  үдерістері  жайында  зерттеу  еңбегін  жазған  авторлардың  бірі  Ә.Ғали еді.  Оның  зерттеу  жұмысында  20  жылдардың  екінші  жартысындағы  демографиялық    ахуал  баяндалған.  Автор  кеңестік  казақ  жерінен   кеткендерден  гөрі    келгендер  басым  екендігін  қарап,  олар  Украина,  Еділ  жағалауы,  Сібір,  Батыс,  РСФСР – дың  Орталық  аудандарынан  және  белорус,  Кавказ,  Орталық  Азия,  Қиыр  Шығыстан  қоныс  аударылыр  келгендер  дейді.  Сонымен  қатар  зерттеуші  көші – қон   қозғалысына  тартылғандардың  80%- ы  ауылды  жерлерге    қоныстанғандығын   атап  көрсеткен. Онда  Қазақстан  жерінде  еуропалық  бөліктен  келген  мигранттардың  Қостанайға  15 % - ы,  Ақмола  мен  Ақтөбеге  40%-ы  және  Семейге        24% -ы орналастырылған.  Мұндағы  мақсат  көшіріліп  келгендерді   табиғаты  сәйкес  келеді  деген  желеумен  қоныстандырған.  Ал  Оңтүстік  және  Жетісу  аймағына    қоныстандырылғандарға  табиғат  жағдайы  қолайлы  болғанымен,  жергілікті  жердің  халқы  таныс  емес  еді. 

Ә.Ғалидің  Қазақстан этно – демографиялық сипаттамасы  жайында  жарық  көрген   ғылыми  мақаласында  кеңестік  кезеңдегі  халықтың  құрамы  мен  ерекшеліктері,  сондай – ақ,  көпұлтты  мемлекеттің  ұлттық  құрамы  жөнінде   мұрағаттық  деректер  мен  санақ  материалдарына  негізделген  мәліметтер  келтірілген4.  Автордың  бұл  зерттеу  жұмысында  кеңестік  әміршіл- әкімшіл    жүйе  басшылары   жүргізген  өзгерістердің  салдарынан демографиялық  апатты  жағдайларға  дұшар  болған  қазақ  жұртымен  басқа  республикалардан  қоныс  аударып  келген  өзге  ұлт  өкілдерінің  ұлттық  құрамға  әкелген  өзгерістерін  атаған.  Демек,  ғалым  кеңестік дәуірдің  тұсында  қазақ  халқының  әлеуметтік – демографиялық  мәселелерін  батыл  қарастырғандығы  байқалды. 

Зерттеушінің  түрлі  тарихи  деректерге  сүйене  отырып  жазған  этнодемографиялық  зерттеу  мақаласында  тұрғылықты  халықтың  құрамы  мен  үлес  салмағы  да  қарастырудан  тыс  қалмаған.  Мәселен  қазақстар – 57,1%,  орыстар – 19,6%,  Украиндар – 13,2%,  белорустар – 0,39% -ды  құраса  Орта  Азиялық  ұлттардың  ішінде  үлес  салмағы  жағынан  3,38%-ды  құрған  өзбектер  басым  екендігін  айқындаған. Сондай – ақ  ол  кезде  қарақалпақтар  - 18,81%-ды  құраса  басқа  халықтар  ең  аз  мөлшерде  5% - ды,  Яғни,  Қазақстанның  сол  кездегі  жалпы  сандық  көрсеткіші  6502699  адамды  құрағандығы  белгілі  болған (1972  жылдың  1- қантарындағы  көрсеткіш бойынша).     

Ал  М.Тәтімовтың  жас  мемлекет Қазақстан  Республикасының  әрбір  белсенді,  әрі  дербес  демографиялық  саясаты  өзі  үшін  өмірі  мен  ұлттық  мүддемен  аймақтың  қажеттілікті  еш  уақытта  көзден  таса  етуге  тиіс  емес  екендігін  «Дербестігіміз - дефографияда» атты  еңбегіне  толығы  мен  тоқталып  кеткен.  Автор  сонғы  275  жалдардағы  шытырман  оқиғаларға  толы  тарихи  кезеңімізде  қазақ  халқы  өз  жерінде  тұрып  төменгідей  ғаламат  адам  шығындарын  басынан  өткеізген  екендігін  тізіп  берді:

1.    Аты шулы «Ақтабан шұбырындының» қасіретті жылдары қырғынға ұшырағандар (1723-1728) жылдар шамамен барлығы 1 млн. 100 мың адам, ұлттық тарихымыздағы алғашқы жауапкершілікті, яғни қырық жыл қырғыннан болған ең үлкен шығын, ал абсолюттік жалпы мөлшері жағынан «қызылтабан қырғыннан» кейінгі екінші ұлттық апат-трагедия.

2.   Өткендегі ұзаққа созылған жауынгершілікпен босқыншылық заманда ел- жұрты мен жер- суын қорғап, бостандығымыз үшін қан майданда құрбан болған ер азаматтарымыз (барлығы 250 мың адам, 1465 – 1915жылдары).

3.   Байқатпай келген отаршылықтан «сарытабан сүргіншілікке» ұшырап, бейтаныс келімсектердің  көрсеткен қысым кезінде үркіншілікпен өз елінен алыс жаққа біржола ауа көшіп кеткен қазақтар (саны 300 мың адам, 1695 – 1915 жылдары). Қазақ  диаспрасының әр елдерде алғаш пайда болуы бола бастады.

4.   Царизм  өктемдігіне қарсы 1916ж  ұлт – азаттық көтерілістің ұлы дүрбелеңіндегі тікелей және жанама түрде болған жан саны шығындары (150 мың адам, 1916 мен 1945 жылдардағы таталитаризм қамтыған «отыз жыл ойранның» басталуы);

5.    1917 жылғы ақпан мен қазан төңкерісі кезеңіндегі болған қақтығыстарда қаза тапқан жан саны 150 мың адам, қазақтың өзіне түсініксіз саяси тәлкекпен жат метрополиядағы басқалардың кесірінен алғаш рет өлім – жетімге ұшырауы.

6.    «Ақтар» мен «Қызылдар» болып азамат соғысында  және орсытардың жасанды тап қақтығыстары кесірінен пайда болған  шаруашылық күйреуінің тікелей және жанама өлім – жетім шығындары мен күйзелістен пайда болған ашаршылықта қырғынға алғаш ұшыраған бейкүнә алаш азаматтары (1918 – 1922 жылдары, ұзын саны 900 мың адам, көлемі жағынан үшінші тарихи алапат – ұлттық трагедиямыз);

7.   1928 жылы «ірі байларды» зұлматтықпен кәмпескелеу, яғни олардың мал – мүлкін кеңестердің зорлық тәркілеуі кезінде  жыраққа отбасымен жазықсыз жер аударғандар (15 мың адам);

8.   Зорлық пен жаппай ұжымдастыру және түгелімен отырықшыландыру жылдары зұлмат жасанды түрде пайда болған күшті ашаршылық және оның  салдары – ірі індеттен қырылып кеткен аяулы жылдар (Голощекиндік геноцит немесе «қызыл қырғын» құрбандары - барлық саны 2 млн. 300 мың адам, ХХ ғасырдағы басты ұлттық трагедиямыз, қазақ тарихындағы  ең үлкен қасіретті, ғаламат халық шығыны);

9.   1930 – 34 жылдары зобалаңмен ұжымдастыру және зорлықпен отырықшыландыру кезінде «асыра сілтеушілікпен» алыс жаққа біржола ауа көшіп, енді қайтіп Қазақстанға оралмандар (620 мың адам, «қызылтабан қуғыншылық» көргендер сыртқа қарай күшті миграциялық, яғни көші – қондық ағым, шеттегі қазақ ирредиенті мен диаспорасын – алыстағы шоғырын бірден екі – үш есе көбейткен демографиядағы келеңсіз жаңа жағдай);

10.   Сталиндік саяси зобалаң (репрессия) жылдарында (1927 – 39 ж.) тікелей атылғандар  - 25 мың және ұзақ мерзімге сотталып, ГУЛАГ түрмелерінде айдауда жүріп, жырақта өлгендер – 75 мың, барлығы 100 мың ер азамат жазықсыздан – жазықсыз опат болған;

11.  Ұлы Отан соғысының қан – қасап майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгер боздақтарымыз (1941 – 45 жылдар, 350 мың жас жігіттер);

12.  Екінші дүниежүзілік соғыста (1939-45 ж.) амалсыздан жау қолына тұтқында қалғандар, сөйтіп өз отбасына қайтіп орала алмағандар немесе айдауда жүріп ұрпақ өсіре алмай, отбасы қызығын көре алмағандар (150 мың аяулы ер азаматтар);

13.  Соғыстың ауыр жылдарында демографиялық депрессиядан пайда болған табиғи шығын мөлшері (туудың төмендеп, өлімнің артуынан, халқымыздың саны осылайша 100 мың адамға депопуляциялық жолымен тағы да кеми түскен). Сөйтіп соңғы екінші дүниежүзілік соғыстың барлық ғаламдық шығыны – онсыз да әбден әлсіреп, қатты қалжыраған сормаңдай халқымыздан 600 мың адамды (11+12+13 себептердің жиынтық саны) алып кетті;

14.  1979 – 1989 жылдардағы  ресми  жарияланбаған  және  біздерге  керексіз  Ауғанстан  соғысында   қаза  тапқан  қазақ жастары – 1 мың адам;

15.   Совет  Армиясының  қатарында  жүріп  әскери  жаттығуда  әр  жылдары  жазатайым  жасатайым  жағдайда  аяқ  асты  мерт  болып,  өліп  кеткен  жас  бозбала жігіттеріміз – 24 мың адам;

16.  қазақстан  жерінде  1949 жылдан  бастап  әр  түпкірлерде  жүргізілген  көптеген  ядролық  қару  сынақтары  кезінде  атом  радиациясынан  жаңа  құрбандары  - 25 мың адам  (қырғи  қабақ дүние жүзілік  үшінше  соғыстың тікелей шығындары);

17.   1986-1989 жылдары  колбиндік  партократ (ұлтшыл) жылдары  кері миграция ағымына  ұшырап,  оқу іздеп және жұмыс  істеп Республикамыздан  сырт кетіп  қалған  талапты  қайсар  жастарымыз.

Қорыта  айтқанда, соңы 530 жылдардың  ішіндегі  ұлттық  тарихымызды  ыдыратып, азып – тоздырудың,  соттап-айыптаудың  атып-асудың, соттап – айыптаудың салдарынан  жалпы саны 6 миллион 385 мың адамға  шығын  көрген. Бұл  қазақтың  өз  республикасындағы барлық  санының  шамамен 1989 санақтағы  санына  тең.

18.  «Бос жатқан  көшпенді  қазақ  жерлеріне» әскери  казактарды өктемдікпен  алғаш  рет  қоныстандыру (1690жылдардын  бастап, 200 мың  адам). Қазақстанның  Ресейдің  отарлау  шеңгеріне  алғашқы  рет  ілігуі.

19.  Патша  үкіметінің  отаршыл  және  жазалаушы - әскерлерін  салынып  жатқан  бекіністерге (Жайық  жағасында, «Горькая  линия» (Ащы  өзек), Ертіс  бойында,  Сыр  өзендерінде және  Алтай  мен  Тарбағатай және  Атырау етектерінде),  қазақ жерін  осылай қоршай  орналастыра  бастау(100 мың  адам), 1714  жылдан  бастап -1863 – 64 жылдары Түркістанның алынуы  және  ташкенттің  құлауымен  Қазақсатнның  отарлық  «шеңберге» сырттай  толық  қоршалу  тоқтап, 150 жылға созылған Ресейдің әскерй-отаршылдық комисиясы  ісін толық аяқтады;

20.   Орталық  ішкі  Ресейде  діни  құғын  көріп, қазақ жеріне өздері  көшіп  келген немесе  көшірілген  қашқандар  мен  келімсектер – кержақтар  мен  баптистер  және  староверлер (150 мың  адам,  1850 жылдан  бері  қарай), қазақтарды  шоқындыра  бастаудағы  сәтсіз  аяқталған  діни  көші-қон  науқанымен  бірге;

21.   Ресейдің  Еуропалық  бөліктерінен  қазақ  даласының  ең  шұрайлы  жерлеріне  орыс  мұжықтары – басыбайлы шаруаларын  жаппай ұйымдасқан  түрде, әкімшілік  күшпен  алып  келіп, «қара  шекпенділерін»  әдейі  қоныстандыру  (столыпиннің  жер реформасынан  бастап ХХ ғасырдың  басына  дейін  - млн. 150 мың адам), Қазақстанның  ең  жақсы  жерлерін  демографиялық  күшпен  алғаш  рет  жаппай  отарлай  бастауы;

22.  Тұңғыш  тоталитарлық  кәмкеске  -  кеңестік  тәркілеу  кезінде  зорлықшыл  большевиктер  жер  аударған  ауқатты  орыс  кулактары  (1918-1925 жылдар, 250 мың  адам) – алғашқы  әскери  «коммунизмде»  азаматтың  зобалаң;

23. Социолистік  индустрияландыру  жылдары  әдейі  құдаланып,  тобымен  жер  аударылған  саяси  «сезімсіздер» (1925-1940 жылдар  арасы  1 млн.  300мың адам), Қазақстандағы  «жаңаша» советтік  жолмен   аяусыз отарлаудың  қайта  басталуы;

24. Депортацияға  ұшырап,  екінші  дүние  жүзілік  соғыс  жылдары  әр  жерден  Қазақстанға  зорлықпен  көшірілген,  Москвалық  орталыққа  «сенімзіз»  болған  бейкүнә  батыс  пен  шығыс  халықтары (1939-1944 жылдары, 1млн,500 мың  адам),  Қазақстанды  осылайша  «халықтар  достығының  лабороториясына» айналдыра  бастауы;

25. Соғыс  кезіндегі «амалсыздан» эвакуацияланып, шығысқа  қарай  шегіне  көшірілгендер (1941-1943 жылдар, 350 мың адам), Қазақстан Ресейге мақтаулы  соғыс арсеналы;

26. Тың  және  тыңайған  қазақжерлерін  игеру  үшін «ұран  сала  аттанып  келгендер» (1945-1959  жылдары 1 млн. 450 мың  адам) – Қазақстандағы  ғаламат  тың  эпопиясы, метрополияның  өзі  бағыт  берген  демографиялық  жолмен  күшті  ұйымдасқан  миграциялық  экспонциясының  (көбіне сотталған  еркектер) соңы;

27. Жалпы  стихиялық  лекпен  өздігінен  келіп, қазақтың  жақсы  жерлеріне  кіріп  қоныстанушы  славян  келімсектер(1 млн. адам, 1968  жылға  дейін ,  яғни  Қазақстанға  қарай  миграция  сальдосы «қонымды»  болып  тұрғаша),  Республикамызға  метрополиядан «сәтті»  көшіп  келіп,  үстеме  қонушылардың  соңғы  легі;

28. «Әскери  жабық  құпия  жолдар »   тұрғындары  (1991- жылға  дейін 150 мың  адам),  Қазақстан  әлемдік  масштабындағы қырғи-қабақ  ядролық  соғыстың  сынақ  полигоны;

29. Одақтық  ведмство  аралық  өкіметтің  ұйғаруымен  көшіп  келгендер (1 млн. 100мың  адам,  1992  жылға  дейін  тиылмаған  меторполиялық  көші  қон), Республикамыз  бұрынғы  Кеңес  одағының  ауылшаруышылық  және  шикізат  базасы;

30. Вахталық  ағыммен  соңғы  үстеме  әскери  қоныстанушылар  (150 мың адам), 1990 жылға дейін  жүріп  жатқан  «середнее машиностроение»  деген  құпия – ведмстволық  үстемдіктің  ақырғы  зардаптары;

Қазақстан  жеріндегі  стратегиялық  маңызы  бар  аса  құнды  жер  асты  байлықтарын  игеру  үшін  салынған  жұмысшы  поселка – қалашық  тұрғындары (шамамен 100мың  адам, 1991 жылға  дейін  жиылмаған  көші-қон) – Республикамыз қымбыт  қазба  байлықтардың  қоймасы  ретінде  осылайша  тонылып жатты.

Қорыта  келгенде  шамамен 1690-1990  жылдар  арасында,   яғни  300 жыл  мерзім  ішінде  Қазақстанды  түпкілікті  отарлау  мақсатымен  әдейі  ұйымдастырылған  немесе  өз  бетімен  стихиялық  миграция  ағымымен  келген  көші-кон  мөлшері  - 8 млн. 900 мың  адам,  яғни  бүгінгі  күні  саны  енді  ғана  азая  бастаған  европа  тектес  Республика  тұрғындарының  ең  толысқан  1990  жылғы  санымен  теңдей  дерлік  ерікті-еріксіз  келімсектер  орныққан. 

Жоғарыда  қазақстан  тарихында  орын  алған  30  дан  астам  ірі  демографиялық  және  миграциялық  уақиғаларды  атап  өттік.  Солардың  27-сі  қазақ  жерін  меторполия  тұрғысынан  тікелей  отарлау  үшін  Ресей  жағынан  көрсетілген  демографиялық  қысым  екенін  байқау  қиың  емес. 

Мигранттардың  реинтеграциялық  құқықтық  аспектілері  обьективті   және  субьективті  жағдайларды  қозғайды:

1.  Қаржыландырудыңі  құқықтық  базасын  қамтамасыз  ету,  организациялар   әлеуметтік  қызметкерлер  штатын  дайындау,  мигранттарға   қажетті  инфраструктураны   қамтамасыз  ету;

2.  Бұл   адамдардың  құқықтық  намысын,   қиын  маргиналдық, дезинтеграциялық   жағдайларға  түсушілерді  қолдау  және  жаңа жерге  орналастыруға  талпынуы.

1)бейiмдеу қызметтерi - оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелерiне оралмандарды бейiмдеу және кiрiктiру орталығында көрсетiлетiн, құқықтық консультацияны, мемлекеттiк тiлдi және қалауы бойынша орыс тiлiн оқытуды, кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын қызметтер кешенi;

2) босқындар - саяси сенiмдерi, нәсiлдiк, дiни наным, азаматтық, ұлттық белгiлерi, белгiлi бiр әлеуметтiк топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болудың негiзделген қауiптерiне байланысты өзi азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр және осындай қауiптер салдарынан өз елiнiң қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтiн шетелдiктер немесе өзiнiң бұрынғы тұрғылықты елiнен тыс жерде тұрып жатқан, осы қауiптер салдарынан оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтiн азаматтығы жоқ адамдар;

3) еңбек көшi-қоны - жеке тұлғалардың еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет iшiнде уақытша қоныс ауыстыруы;

4) заңсыз көшiп келушiлер - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту тәртiбiн реттейтiн заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

5) көшi-қон - жеке тұлғалардың бiр мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет iшiнде тұрақты немесе уақытша, ерiктi немесе мәжбүрлi қоныс ауыстыруы;

6) көшiп келу - шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшiн келуi;

7) көшiп келушiлер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

8) көшiп кету - Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшiн кетуi;

9) көшiп кетушiлер - Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшiн көшiп кеткен азаматтары;

10) көшiп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептерiне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының iшiнде қоныс аударған адамдар;

11) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде оның шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

12) оралмандарды бейiмдеу және кiрiктiру орталығы - оралмандардың және олардың отбасылары мүшелерiнiң уақытша тұруына және оларға бейiмделу қызметтерiн көрсетуге арналған орын;

13) оралмандардың көшiп келу квотасы - Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн, осы Заңға сәйкес жеңiлдiктермен, өтемақылармен және бiржолғы жәрдемақылармен қамтамасыз етiлетiн оралмандар отбасыларының саны;

14) отбасымен көшiп келу - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзiнiң отбасы мүшелерiмен қосылу үшiн отбасы мүшесiнiң және мүшелерiнiң Қазақстан Республикасына келуi;

15) уақытша орналастыру орталығы - өздерiн оралмандар деп тану туралы өтiнiш берген адамдардың және олардың отбасылары мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болу орны;

16) ұжымдасып көшiп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару;

17) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өз құзыретi шегiнде көшi-қон процестерiн реттеудi және халықтың көшi-қоны саласындағы жұмысты үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

18) iшкi көшi-қон - жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының iшiнде тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық қоныс ауыстыруы.

  

Қолданылған әдебиеттер

 

1.  Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально - демографические процессы в Казахстане(1917-1980 г.г.) А.,  1991, 187-бет.



2.  Асылбеков А.Х. Рабочий класс Казахстана в 60-х — нач.  80-х годов.

3.  Казахстанская правда. 1988,  10-маусым.

4.  Белкин Е., Шереги Ф. Формирование населения в зоне БАМ. М., 1985, 41-бет.

5.  Белкин Е., Шереги Ф. Аталган еңбек.   А.,  56-бет.

6.  Козина  В.В.  Некоторые аспекты социально - демографияческого развития  Казахстана. Вестник НАН РК.  1993,№ 5, 78-бет.

7.  В разгаре этнополитические процессы в Казахстане. Заря. 1991 г., №11.

8.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Астана-2006.

Дәріс№10 Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс

 

Қоғамның өтпелі кезеңінде,қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда әлеуметтік процестердің динамикасы ассоцальдық және антисациалдық сипатындағы – зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалынатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезқкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзіне-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар ортасында кең таралған. Жастар арасындағы теріс қылық реакциясына талдау жасағанда ғылыми әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады: ассоциальдық, антисоциалдық, девиантты, деликвентті, аддективті мінез-құлықтар. Олардың ішіндегі ең кеңінен тараған жалпылама түсінік «девиантты мінез-құлық», себебі барлық әлеуметтік мінез-құлықты қалыпты және девиантты (лат.»- жалтару, ауытқу») деп екіге бөлуге болады. Девинтты міне-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс-әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларға не жататынын білуі керек. Әлеуметтік норма нақты қоғамды тарихи қалыптасқан адамдар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік ұйымдар мінез-құлқының, әректінің шегі, шарасы, ммкіндік аралығымен анықталады. әлеуметтік нормалар қоғамды мінез-құлық эталондарымен қамтамасыз етеді және топтар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды тұрақтандыру қызметін атқарады.



Нармадан ауытқу жағымды және негативті, жағымсыз болуы мүмкін. Соңғы түрі әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагог үшін кәсіби қызығушылық туғызатын объект болуы керек.

Негативті девиантты мінез-құлық мынадай трлерге бөлінеді: аморальды – қоғамда қабылданған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар, делинквентті (лат. – теріс қылық жасау, заң бұзушы) – қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстықтан басқа нормаларға қайшы келеді, және қылмыстық – қылмыстық заңдылықтар нормасы бұзылады.  

Девиантты мінез-құлық факторлары күрделі жүйені құрады, оның түрлерін әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады, мысалы, барлық асоциалдық нысандарға ортақ макросоциалдық және микросоциалдық және әрбір жеке «қауіпті топтарға» арналған арнаулы, ішкі, психологиялық, сыртқы, орташа және т.б. Оның үстіне осы  факторлардың бір-бірімен өзара байланысты, өзара әркеттестікке екенін ескерген жөн.

Қазіргі уақытта кең таралған бәріне ортақ макросоциалдық мінез-құлықтың себебі қоғамның әлеуметтік қатынастарындағы өзгерістер, ол «маргинализация» түсінігімен байланысты, яғни оның тұрақсыздыы, «аралықтығы», «өтпелілігі». Жалпы экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздық, бұрынғы өмір салтының бұзылуы,үйреншікті құндылықтар, жүйесінен бас тарту әлеуметтік девиацияға әкеп соғады.

Қазақстандағы жасы кәмелетке жетпеген құқық бұзушылардың әлеуметік портреті мынаны  көрсетті, олардың 60,6 % өмірден өз орындарын тауып, қалыпты өмір сүруге қажетілердің болғанын қалайды екен, бірақ 38,2% респонденттер бұл молшылыққа қылмыстық жол арқылы жеткісі келеді екен.(6).

Девиантты мінез-құлықтың күшеюінің маңызды факторларының біріне құқықтық негилизм, заңға, құқық қорғау орындарына және оның өкілдеріне селқос қарау жатады.

Білім жүйесінің жастардың құқықтық және адамгершілік тәрбиесінің азаюы, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы құқықтық «вакуумға» әкеліп соққан заң шығару ісіндегі «тоқтаулар», құқық қорғау органдарының жұмысының тиімсіздігі – осының барлығы жастарда өздерінің өмірлік проблемаларын заңды «айналып», соның ішінде қылмыстық жолмен шешуге мүмкіндік алуының қалыптасуына әкеліп соқты.

Екінші модель мыналардан көрінеді:

1.     Эскапизм формасынан, шындықтан, жүзеге асыруға болатынынан бас тарту, соның ішінде ерікті маргинализация, қоғамнан жекелей және топпен бөліну ( қаңғыбастық, бомжизм және т.б.). әдетте мұндай ерікті «ерекшелік» көптеген мәдениетке қарсы құбылыстарда конформизмге қарсы келу түрінде пайда болады (хиппи мен соғанұқсастары).

2.     Ашық қарсылық түріндегі деликвенттілік немесе қылмыстық девиацся формасынан.

Бірінші модель тұрақты қоғамда пайда болса, екінші модель өтпелі қоғамда пайда болды.

Әлеуметтік жұмыс тәжірибесі үшін жастар ортасында девиацияның пайда болуына әсер ететін микросоциалдық факторлрды білу де маңызды. Микросоциалдық факторларға әдетте жасөспірімдер мен жастардың үш негізгі өмірлік әрекетінің салаларын жатқызады:  отбасы, мектеп және құрдастарының референттік тобы, оларға белгілі бір жас келгенде әскер қатары, жұмыс орны қосылады.

Отбасы тәрбиесі салаларында қолайсыз факторларға гиперопека және гипоопека деген сияқты тәрбие стильдері жатуы мүмкін, олардың біріншісі тәрбиеленуге деген аса қатты, шектен тыс назар аудару, зейін қою болса, екіншісіне керісінше оның жетіспеушілігі жатады. Отбасында екі түрлі делинквенттіліктің қалыптасуы мүмкін: агрессивті – қорғанушылық және оппозициялық. Біріншісі отбасындағы эмоционалдық келеңсіздік жағдайында қалыптасса, екіншісі – тәрбиедегі «отбасы кумирі» түрінде қалыптасады.

Делинквенттіліктің агрессивті-қорғану түріне мінез-құлқы ерекше қиын , агрессивті жастар жатады: олдар төбелескіш, өшпенді, дау-жанжалды, көне қоюы қиын, тәртіп бұзушы, дөрекі бұзықтықтарға, ерте маскүнемдікке бейім болып келеді. Мұндай типті делинквенттілік араз, дау – жанжал жиі болып тұратын отбасында қалыптасады. Үнемі жүйкесінің ширығып тұруы, отбасындағы үлкендердің қорлауынан қорғану агрессивті-қорғану қалпын қалыптастырады. « Барлығына қарсы жалғыз өзі» айқындамасы, өзін-өзі қорғау үшін үнемі дайын жүру отбасынан шет жерде де сақталады да, ол кейін адамдармен байланысқа түсулеріне бөгет жасап, осы мінез-құлқының кесірінен үнемі дау-жанжалға ұшырап жүруіне әкеп соғады.

Девиантты іс әрекеттің қалыптасу себептері:


  • жанұяда берекенің болмауы;

  • түсінбеушіліктер мен ата-ананың қамқорлығы;

  • тәрбие берудегі кемшіліктер;

  • қоғамдық міндеттер мен күйзелістерді жеңе алмау;

  • өмірлік дағдының болмауы, айналасындағы адамдармен, құрбылармен жиі тіл табыса алмау;

  • сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, критикалық ойды дамыта алмау;

  • психоактивті заттарды тез қолға түсіре алу;

  • агрессиялық жарнаманың болуы;

  • мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

  • балалар мен жасөспірімдердің  бос уақытының  проблемалары.

Отбасынан басқа микросоциалдық факторға жататын мектеп пен құрбылар тобына келетін болсақ, қысқаша айтқанда,мектеп тегі тәрбие жұмыстарының кемістігі, оқушылардың девиантты мінез-құлықтарын тереңдететін немесе тудыратын дидактогенияның (мұғалімнің, тәрбиешінің қателіктері негізінде оқушының психикасы мен мінез-құлықтарының өзгеруі) ушығуға әкеп соғады, ол мұғалімнің психологиялық сауаттылығының жетіспеушілігі мен жеке проблемаларды шешудегі кемістіктер нәтижесінде болады; құрдастарының референттік тобының теріс әсеріне әдетте бос уақытты өткізудегі ерекшелік, уақытты еш мағынасыз өткізуі және  басқалары да жатады. Идевиантты жасөспірімдер ықшамдаудан ішінде тұйық, басқа топтардан ерекше топ құрады. Бұл жасөспірімдер мен жастардың тұйықтығы өз орталарында олардың жеке бастарында анти қоғадық жағдайлардың, соның ішінде қылмыстық жағдайлардың бекітілуіне қолайлы жағдай жасайды. Осы топта қылмыстық немесе қылмысқа жақын жүретін «беделдің» пайда болып, зінің мінез-құлық нормалары туралы түсінігін негізуге тырысады да, жағдайды ушықтыра түседі.

Девиантты мінез-құлықтың негізгі факторларын сөз еткенде жеке дара деңгейде девиацияның шығу тегі туралы айта кеткен жөн. Бұл деңгейде девианттық мінез-құлықтың жалпы себебіне жеке тұлғаның объективтік қасиеттерінің (оның қабілеттері, нышандары, сондай-ақ әлеуметтендіру нәтижесінде алған қасиеттері) қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ұстанған айқындама талаптарына сәйкес келмеудің мнәтижесінде пайда болатын «әлеуметтік жағдайсыздық» жатады. Осындағы айқындама өзінің объективтік мүмкіндіктерінен «төмен» болуы мүмкін (жас жұмыссыздар, еріксіз саткшы және т.б.), жеке тұлға қоғамның ресми құрылымдарынан сыртта қалуы мүмкін( қаңғыбас, панасыз, бамж және т.б.) . әлеуметтік жағдайсыздықты адам сезінбеуі мүмкін, егер  сезіне қалса, онда психологиялық қанағаттанбаушылық пайда болады. Материалдық топтардың девианттылықтың жоғары деңгейде болуы осы себептерге байланысты түсіндірілетін шығар.

Жеке дара деңгейде көрінетін девиациялық мінез-құлықтар факторлының ішіне ішікі пситхологиялық фактоларды жатқызуға болады:


  • беделге, өзін құрметтеуге қажеттілік (кейбір мәліметтерге қарағанда, көмелетке толмаған қылмыскерлердің арасында осы қажеттіліктер 12-13 жасында-ақ дамығаны байқалған, және заңды бұзбайтын құрдастарына қарағанда оларда күштірек дамығаны байқалады);

  • тәуекелге бару қажеттілігі;

  • жасанды қажеттіліктердің болуы ( алкоголбге, есірткіге);

  • эмоцианалды тұрақсыздық;

  • агрессивті;

  • акцентуациялық мінез-құлықтың болуы («қауіпті топтарға» гипертимді,истероидті,шизоидты,эмациалды – лабильді акцентуацияларды жатқызуға болады);

  • психикалық дамудағы тежелу, ауытқу;

  • өз-өзіне адекватсыз баға беру және т.б.

Жастар арасындағы негізгі макросоциалдық, микросоциалдық және жеке факторларды қарасиыруды аяқтап отырып,олардың біріге отырыпкүрделі жүйе құрайтынын, әр түрлі бір – бірімен байланысты және өзара негізделген элементтер әр қилы  деңгейде жеке тұлғаның жеке қасиеттеріне, өмірлік жағдайына және девианттық мінез-құлық көрсету нысандарына қарай әсер ететінін тағы да айта кетейікте.

Девиантты мінез-құлық проблемаларын нақты нысандар деңгейінде қарастырмас бұрын жоғарыда аталған негізгі факторларға қосымша ерекше факторларының да бар екенін айта кеткен жөн. Девианттық мінез-құлықтың нақты насандар деңгейіндегі ерекше факторлары бір-бірімен өзара әрекеттеседі, өйткені шығу тектері ортақ бола отырып, девианттық мінез-құлықтың әр түрлі нысандары белгілі бір жағдайларда өзара байланысты. Зерттеушілердің айтуынша, шартты түрде тұрақты коррнляция бар екен, ол тура және кері болады, бұл зорлау немесе қасақана жасалған қылмыс арасында, маскүнемділік пен нашақорлық арасында, әйелдер қылмысы және жезөкшелік арасында байқалады. әлеуметтік патология формаларының индукциясы байқалады, ол бір теріс құбылыстың екіншісінен басым тұруынан көрінеді (маскүнемдену – бұзақылық пен кейьір зорлау арқылы жасалған қылмыстар, нашақорлық – қасақана жасалған қылмыстар және т.б.). Себеп пен салдар түрінде емес, қоғмдық құбылыстардың бір әлеуметтік себебі болып табылатын әлеуметтік патолтгияның әртүрлі формалары бір-бірімен сәйкес келеді,бір-бірін күшейте түседі.

Барлық осы жағдайларды девианттық мінез-құлықты жастардың нақты санаттарымен – қараусыздармен, маскүнемдермен, нашақорлармен, жезөкшелермен, құқық бұзушылармен және т.б. әлеуметтік жұмыс ұйымдастыруда ескерген дұрыс. 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Я. Н. Гилинский Социология девиантного поведения как специальная сациологическая теория \\ Социологические исследования. – 1991 - № 4 – 74 б

2.     Жаманбалаев Ш.Е. Методологические аспекты социологического исследования девиантного поведения подростков \\ вестн. КазГУ. Сер. психол.и социол. – 2001. №2 – 105 -106 б.

3.     Мухаммеджанова А. Человеческий капитал как приоритетный фактор реформирования эканамики \\ Саясат. – 2002. - № 3-4 – 61б


Дәріс №11 Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс

 

Жетімдік – біздің қоғамымыздың алдында тұрған шұғыл мәселелердің бірі. Жетімдік мәселелерінің кең таралуы қазіргі таңда көптеген елдерге тән мәселе болып келеді. Бүкіл елдерде мұндай балаларды түрліше атайды: «қабыл алмаған балалар», «қазыналық бөбек», «тастау үшін туылғандар» және тағы басқа. «Жетім» ұғымының анықтамасына келетін болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие термин. (Қосымша. Сурет l) Әлеуметтік жұмыста және сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарында «табиғи жетім» және «әлеуметтік жетім» деген екі ұғым қолданысқа енген. Табиғи жетімдерге әр түрлі себептермен әкесі не шешесі қайтыс болуы салдарынан, олардың бірінің қамқорлығынан айырылған балалар жатады. Бұдан басқа, тағы да сол табиғи себептермен әкесі мен шешесінен бірдей айырылған балаларды «тұл жетім» деп те атайды. Әкесі не шешесі тастап кеткен немесе заң жолымен ата ана құқығынан ажыратылғаннан қараусыз қалған баланы, мемлекет қамқорлығына алынған баланы «әлеуметтік жетім» дейді. Әлеуметтік жетімдер – бұл өзінің туған, биологиялық ата – анасы бар, бірақ белгілі бір себептермен  өз баласының тәрбиесімен айналыспайтын, баласына қамқорлық жасай алмаған ата – аналардың балалары. Оларды былайша топтастыруға болады:



    • Әкесі – шешесі қайтыс болған;

    • Ата – аналық құқығынан ажыратылған;

    • Әкесі, не шешесі (кейде екуі бірдей) хабарсыз жоғалып кеткен;

    • Ата – анасы еңбекке жарамсыз болғандықтан бағып – қағуға шамасы келмейтін;

    • Әкесі не шешесі абақтыға жабылған;

    • Балаларын бағудан бас тартқан;

    • Ата – анасы жазасын өтеу және түзету колонияларындағы;

    • Перзентханаға не сәбилер үйіне уақытша қалдырған балаларын алмай кеткен.

Кез – келген мемлекетте және кез – келген қоғамда белгілі бір себептермен ата – ансының қамқорлығынсыз қалған балалар болған және қазір де бар. Мұндай жағдайда жетім балалар кәмелетке толғанша қамқорлықты мемлекет не бір ұйым өз мойнына алады. Бұлардан басқа денсаулығы нашар, әр түрлі созылмалы немесе тұқым қуалайтын ауруханаларға ұшыраған балаларды кәмелетке жеткенше бағу, оның жеке құқығын қорғау, мүлкін сақтау жұмыстарымен шұғылдануды «қамқорлыққа алу» деп атайды. Ал баланың материалдық қал – жағдайын, оқу мен тәртібін, жүріс – тұрысын кәмелетке толғанша қарау «бақылауға алу» деп аталады. Заң бойынша орнатылған ережеге байланысты қамқорлық l4 жасқа толғанша, ал бақылауға алу 14 жастан 18 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, жоғарыда көрсетілген себептермен ата – анасының қамқорлығы мен бақылауынан тыс қалған балалардың барлығын да «жетім» деген бір сөзбен белгілеуге болады. өйткені табиғи ма, жоқ алде әлеуметтік себептерден бе, бәрі бір ата – анасының қамқорлығынан айырылғандықтан осындай санатқа жатқызылады.

Жоғарыда көрсетілген жетімдік түрлерінің жалпы себептерін мынадай үш топта қарастыруға болады:

Қазіргі кездегі жетімдіктің негізгі себебі:

1.     Шешесінің жаңа туған нәрестені перзентханаға немесе басқа жерлерге,

мысалы, біреудің есігінің алдына, көшеге өз ықтиярымен тастап кетуі. Мұндай жағдайда ол құқық қорғау мекемелері тарапынан тізімге алынады, үш ай мерзімінде баланы ата – анасы қайтарып алуына болады. Осындай сәбилерді бөбектер үйіне тапсыруымен бірге кез келген басқа бір отбасы бағып алуына мүмкіндік бар.

2.     Ата – анасы маскүнем, нашақор, еңбекке жарамсыз, баланы бағу

мүмкіндігі болмаса, баланың мүддесін қорғау мақсатында, оның тәрбиесіне және денсаулығына нұқсан келтірмеу үшін ата – анасын заң негізінде құқығынан айыру және баланы мемлекеттік мекемелерге тапсыру қарастырылған.

3.     Табиғат апаттары: су тасқыны, жер сілкіну, сел көшкіні т.б.

жағдайларда ата – анасынан еріксіз айырылғандар. Сонымен қатар, мұндай жағдайда балалар түрлі техногенді қауіп – қатерлердің салдарынан да жетімдікке ұшырауы мүмкін. Онда балалар мемлекет қарауына алынады немесе жақын ағайын, туысқандарының бақылауы мен қамқорлығына беріледі.

Мемлекет пен арнайы қоғамдық ұйымдардың мақсаты – баланың құқығын қорғау және оқыту, тәрбиелеу секілді әлеуметтендіру шаралары арқылы қатарға қосу. Мүмкін болған жағдайда осындай шараларды отбасында жүзеге асыруға көмектесу. Әлеуметтік педагогтың іс – әрекеті баланың отбасында ондай жағдай жасау мүскіндігі болмаса, балаға лайықты отбасын іздеп, тауып, асырап алуына мүмкіндік туғызу.

Жетім балалар әлеуметтік жұмыстың негізгі объектісі ретінде көмекті қажет  ететін демографиялық топ болып табылады. Қазіргі таңда жетім балаларға мемлекет тарапынан көптеген көмек түрлері көрсетіледі. Жетім балаларға көрсетілетін көмектің негізгі түрлері келесідей:

Медициналық көмек:

·       Тегін медикаменттермен қамтамасыз ету (мүгедектерді, l жасқа дейінгі балаларды, қамқорсыз қалған балаларды);

·       l жасқа дейінгі балаларды сүтті тамақтармен қамтамасыз ету;

·       тегін санаториялық типтегі емдеу – сауықтыру орындарына жолдама беру;

·       барлық категориядағы балалараға міндетті тегін диспансерлік көмек;

·       микроэлементті дефицит балаларға көмек.



Психологиялық көмек:

·       барлық категориядағы балаларға психо-педогогикалық және медико-әлеуметтік орталықтарда көмек көрсету;

·       балалармен жасөспірімдердің психикасының дамуына көмектесетін психология сабақтарын өткізу, психологиялық тренингтер жүргізу.

Педогогикалық көмек:

·       білім мекемелерінде міндетті тегін оқыту;

·       мектепке децінгі мекемелерге тегін орналастыру;

·       тегін қосымша білім алу мекемелеріне бару;

·       арнайы бағдарлама бойынша балалар және жасөспірімдермен мұғалімнің білім толықтыру жұмыстарын жүргізу.

Әлеуметтік – педагогикалық көмек:

·       жетім балалардың құқықтарын қорғау мақсатында мамандардан мұғалімдер мен ата – аналармен аралық қарым – қатынасын орнату;

·       көрсетілген категориядағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру;

·       балалар үйіндегі балалар мен жасөспірімдердің үй тапсырмасын орындауына көмек көрсету;

·       отбасында туындайтын мәселелерді шешу мүмкіндіктеріне бейімдеу.

Әлеуметтік көмек:

·     балалармен мен көпбалалы отбасылар үшін ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жазғы демалу – сауықтыру орындарын ұйымдастыру;

·     кәмелет жасқа толмаған ата – аналар үшін материалдық көмек көрсету;

·     қиын жағдайда қалған отбасыларға материалдық көмек көрсету.



Құқықтық көмек:

·       балаларды әр түрлі типтегі отбасыларға орналастыру;

·       көрсетілген категориядағы құқықты бұзған балалар мен жасөспірімдерге тегін қорғаушы тауып беру және заң тұрғысында тегін кеңес беру;

·       балаларды мемлекеттік мекемелерге: балалар үйіне, мектеп – интернатқа, әлеуметтік еңбекке бейімдеу орталықтарына, осы сияқты мемлеккеттік емес мекемелерге ұйымдастыру.

Әлеуметтік қызметкер қамқорсыз қалған балалармен жұмыс барысында кеңес берушілік, ағартушылық, ұйымдастырушылық, сақтандырушылық, түзетушілік және тағы басқа қызметтер атқарады. Мұның бәрі оның белсенділік деңгейін анықтайды. Әлеуметтік қызметкердің басқа да аспектілерінен тұратын қызметі бар екені анық, олар: құқықтық, педагогтық, технологиялық және тағы басқа.

Көмек көрсетушіге деген әлеуметтік қызметкердің психологиялық көзқарасы және де ұстанымдарының жүзеге асырылуы әлеуметтік жұмыста жеңілдету үдерістерін қамтамасыз етеді.   

Жетім балаларға күнделікті өмірде қоршаған ортамен қарым – қатынасында әсер ететін қажеттіліктері:

1)    Тәрбиеші;

2)    Қоғам (қоршаған орта);

3)    Педагог;

4)    Психолог;

5)    Достары;

6)    Қарым – қатынас;

7)    Үйдегі ара қатынас.

Қазақстанда жетім балалардың шынайы суретін анықтау қиын. Соңғы жылдары Қазақстанда ата – ана қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуі байқалуда.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Халитов І. Р. Әлеуметтік педагогика: оқу құралы. – Алматы: «Білім»          баспасы, 2007. – 200 бет.

  2. Зубайраева З. А. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары: автореферат.– Түркістан: «ТУРАН» баспасы, 2008.

  3. Мудрик А. В. «Введение в социальную педагогику». М., l997.

  4. Халитова І. Р. Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері. Алматы, 2006.

  5. Саттыбаева А. «Қамқорсыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс» // Мектептегі сныптан тыс жұмыстар. – 2008. – №3.54 – 58б.

  6. Бөрібек Ж. «Жетім» // Бастауыш білім – 2008. – №1. – 23 – 24б.

  7. Аязбаева М. «Жетім балаларды қолдаудың психологиялық – педагогикалық мәселелері» // Қазақстан мектебі – 2008. №1. – 54 – 57б.

  8. Жусанбаева Г. «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» // Қазақстан мектебі. – 2007. №2. – 7 – 8б. 

 

Дәріс №12 Бас бостандығынан айырылған адамдармен әлеуметтік жұмыс

 

1.   Пенитенциарлық жүйе туралы түсінік



2.   Пенитенциарлық    жүйедегі    әлеуметтік    қызметкердің    негізгі мақсаты

3.   Бас   бостандығынан   айырылған  адамдармен  әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі

   


Пенитенциарлық жүйе ( лат. роеnitentia - өкініш ) - бас бостандығынан айырылған жеке адамдардың, сот жазасын өтеуді ұйымдастырушы мекемелердің нормативтік жүйесі. Бүл жүйеде, сотталғандарға әр түрлі мүмкіншіліктер қосылған: жалғыз қалмау, шартты түрдегі жазадан босату (шартты түрде мерзіміне дейін босату). Осының барлығы тарихи салт – дәстүрге, қоғамның әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктеріне, мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты.

Ресейдің ІІМ - нің қылмыстық атқарушы ( пенитенциарлық ) жүйесі -құқықпен қамтамасыз ету және сотталғандардың құқылы қызығушылығына ерекше назар аударды. Пенитенциарлық ғылымының тарихи дамуы өзіне әр алуан жаза теорияларын қосты. Ол Телион ( лат. talio - қылмыстың теңдігі ) деп аталып, көптеген мыңжылдықтарға созылды. Бұл - айыпкерді қамауға алу т.б. істерді атқарды. Телион заңына қарсы ежелгі грек философы Пратогор ат салысты. Ал Аристотель қылмыскерді тәрбиелейтін, түзететін жаза болмаған жағдайда, жаза түрін күшейту керектігін айтты.

Пенитенциарлық мекемелерде әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің үлкен бөлімінің бір түрі болып саналады. Оған шартты сотталғандармен жұмыс және оларға әлеуметтік, психологиялық,ұжымдық көмек көрсетеді. Және де абақтыда отырғандармен, босатылғандармен жұмысты, жанұясымен

жүргізілетін  әлеуметтік  жұмыстарды  жатқызуға  болады.  Бұл  әлеуметтік жұмыстарды әлеуметтік қызметкер атқарады.

Жұмыс    барысындағы    әлеуметтік    қызметкердің    атқаратын    негізгі міндеттері:

•    жаңадан түскен қылмыскерді қабылдау және олардың ісін қарап шығу;

•    бас бостандығынан айырылу себебін анықтау;

•    сотталғандардың классификациясын қарап шығу;

•    сотталғандарға әлеуметтік психологиялық көмек көрсету;

•    бостандыққа қайта оралуына көмектесу.

Сонымен қатар әлеуметтік қызметкердің тағы бір міндеті:

•    сотталған адамдардың отбасымен жұмыс жүргізу;

•    отбасы мүшелерімен кездесуге психологиялық көмек көрсету.

Пенитенциарлық жүйедегі әлеуметтік қызметкердің негізгі мақсаты - бас бостандығынан айырылғандарға көмек берумен аяқталады.

•    өзінің қылмыстық іс жасағанын талдау;

•    абақты мәселесіне байланысты мінез - құлықты түзету;

•    басқа өмір жағдайына мінез - құлықты үйрету;

•    қаржылық және әкімшілік сұрақтарды шешу;

Бас бостандығынан айырылған адамдар үшін әлеуметтік жұмыс басқа қызмет саласына қарағанда ерекше орын алады. Еңбекпен түзету кодексінің VI бөлімінде сотталғандарды түзетуде және тәрбиелеуде бес негізгі бағыт ерекшеленеді:

1.   Жаза  өтеудің  режимі   -  қүқығы  шектеулі   адамдарға  жасалатын қосымша қызмет жүйесі.

2.   Жалпы еңбек - сотталғандардың құқықтық міндеті.

3.   Тәрбие жұмыстары - бүл қызметке мәдени тәрбие, ішкі жан дүние тәрбиесі, сонымен қатар тәрбиелеу шаралары жатады.

4.   Кәсіптік дайындық.

5. Жедел қызмет - істелген қылмысты және қылмысқа дайындықты ашуға бағытталады.

Бұл бағыттардың әрбірі өзіне әлеуметтік жұмыстың құрамын кіргізеді. Бірақ та әлеуметтік жұмысты жеке қызметке бағытталған түрінде қарастыруға болады. Әлеуметтік жұмыс пенитенциарлық жүйенің дамуына ықпал етеді. Келесі кестеде бұл бағыттардың негізгі шарттары көрсетілген.

Бас бостандығьшан айырылған жеткіншектермен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі:

Қазіргі уақытта дүние жүзінде төтенше жағдайлар көптеп туындауда. Бұл жағдайлар белгілі жастағы жеткіншектердің қылмысы. 1997 жылы Мәскеуде «Көшедегі балалар» атты программасы тәрбие істерін жүргізеді. Мұнда кәмелетке толмаған балалармен және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыстар жүргізеді. Бүл жұмыста әлеуметтік қызметкердің міндеті мынадай:

•    кәмелетке толмағандарды қайта тәрбиелеу барысында заңды сақтау;

•    қайта тәрбиелеуге қатысушы кәмелетке толмаған жастарды қорғау;

•    сотта жеке ісін қарау;

•    соттың қажеттілігін орындау;

Пенитенциарлық мекемелер жүйесінде әлеуметтік қызметкердің кұқық қорғау қызметі Қазақстанда енді өз жүйесіне келіп, қалыптасуда. Соңғы жылдары түзеу мекемелеріндегі жағдай халықаралық талаптарға сай жаңғыртылып, жасақталып келеді. Соған сай мұндағы ішкі жағдай да, жазасын өтеушілер мен тәрбиелеушілер арасындағы қарым - қатынас та жаңаша жолға қойылған. Бостандықтан шеттетілген жандар үшін түзеу мекемелерінің ішінен мешіт, шіркеулердің салынуы, арнайы жұмыс орындарының ұйымдастырылуы, мамандануларына жағдай жасалуы сол игі бастамалардың бірі. Жақында ҚАЖ комитетінің ұсынысымен жазасын өтеушілерді медициналық тексеруден өткізу қолға алынған болатын. Аталған республикалық акцияның негізгі мақсаты - пенитенциарлық жүйені одан әрі ізгілендіру және сотталғандарды ұстау жағдайын халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр. Республикалық акцияның шеңберінде 42192 сотталған ер - азаматты терапевт, кардиолог, невропотолог, окулист, эндокринолог, лор, стомотолог, онколог, хирург жэне психиатор мамандар бақылап, өз қорытындыларын жасады.

Халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуді жолға қойған мекемелерде тамақтандыру мәселесі қалыпты жағдайда екен. Тіпті қазір әр түзеу мекемесінде арнайы жаттығу аландары, моншаның жұмыс істейтіндігі белгілі. Тек өздеріне жасалған жағдайды сотталушылар дұрыс пайдалана алса болғаны.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Волков Ю.Г, Мостовая И.В Социология .-М.: Гпрдарика 1998.

2.     Зотов В.Б Управление административной территорией в городе .-М.: луч, 1995.

3.     Менеджмент  в сфере услуг ; Учебник / Под.ред в.Ф Уколова .-М.: луч ,1995

4.     Павленко П.Д Краткий словарь по социологии . М.:ИНФРА – М 2001

5.     Социология Учебник/ Под .ред П.Д Павленок .- 2-е изд. Пере, раб и доп – М Издательско-книготорговый центр «Маркетинг» , 2002.


Дәріс №13 Ауыл тұрғындарымен әлеуметтік жұмыс

 


  1. Елді мекен- адам қоғамдасуының  тұрақты ортасы ретінде

  2. Қала мен село- әлеуметтік-территориялық негізгі бірлік

  3.    Қазіргі Қазақстандағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік көкейтесті   мәселелері

 

   1. Қай кезде болмасын, адам, қоғам өмірі белгілі бір уақыт пен кеңістікте ұйымдастырылады. Адамдардың әлеуметтік өмірінің кеңістік түрінде ұйымдастырылуы жалпы қоғам  құрылымының, ондағы әлеуметтік байланыстар мен процестерді анықтаудың негізгі болып саналады.

Адамдардың бірігіп, бір жерде, белгілі бір аймақта өмір сүруі, іс-әрекет, жұмыс істеуі, т.б. осы территорияның (яғни, елді мекеннің) табиғи –экономикалық ресурстарын, жай-жағдайларын толық, терең пайдаланудағы тұрақты байланыс-қатынастарының ерекшеліктерінің жиынтығын адамдардың әлеуметтік-территориялық (елді мекен) брлгі деп атайды.

Әлеуметтік – территориялық бірлік адамдардың тұрақты құрылымының басты шарты. Екінші жағынан, бұл бірлік адамдардың кеңістік жағдайындағы өмірі мен шаруашылық ынғайының, әлеуметтік-экономикалық тілек-талабының, тарихы мен мәдениетінің қосылу тұтастығы мен ынтымақтастығын білдіреді. Географиялық тұрғыдан алғанда, елді-мекен, яғни территория, халықтың тұрғын үйлер салынған жерге шоғырлануы, тұрақтану ортасы. Адамдардың осындай шоғырланып бірлік құруы әлеуметтік-экономикалық, өндірістік күштердің даму дәрежесіне байланысты қалыптасады. Елді мекен халықтың ұлттық мәдениеті  мен салт дәстүрлерінде бейнеленеді. Оның орналасуына және қалыптасуына табиғи орта зор әсерің тигізеді. Табиғаттың бір бөлігі ретінде «территория» ұғымының белгілі бір кеңістікпен шектелуімен байланысты географиялық ұғымға да жақындығы бар.

Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда адамдардың әлеуметтік – территориялық бірлігі олардың басқа бірліктерінен ерекшк айармашылықтары бар. Олар:

1. Біршама дербес кеңістікте оқшаулануы;

2. Әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ( яғни ішкі байланыстардың сыртқы байланыстардан ықпал ету артықшылығы ) бүтіндігі және іштей мазмұндылығы;

3. Ел- жұрттың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуде сол территорияның табиғи ресурстіқ және әлуетті шаруашылығының жектіліктілігі.

Сондықтан, территориялық әлеуметтік – экономикалық  ұйымдастыру түрі оған бүтіндік, біршама дербестік әкеледі, оны әлеуметтендіру экономикаға жаңа қасиет, сипат береді.

Сонымен, әлеуметтік- территориялық ұғым белгілі бір елді мекендегі, аймақтағы адам бірлігін әлеуметтік –экономикалық тұрғыдан бейнелеп сипаттайды, қоғамның іштей әлеуметтік құрылымын анықтайды. Адамдардың кеңістегі бірлігі алуан түрлі болады. Олар:

1. Қоныстану (орналасу) құрлымы жағынан қала, село, агломерация, т.с.с. деп бөлінеді

2. Қоғамның территориялық -әкімшілік құрылымы жағынан облыс, өлке, т.б. деп бөлінеді

3. Өндірістік – экономикалық құрылымы- экономикалық аудан өңдіріс,  көлік тораптары, территориялық- өндіріс  кешені, еркін экономикалық аймақ ( аудандар, аймақтар), т.б. жатады.

         Бұл бірліктер бір бірімен тығыз байланыста болып, өзара ықпалдастықтың негізінде дамиды.

          Қоғамдағы алуан түрлі территориялық бірліктер өз алдына кішігірім жүйе, субъект ретінде қаралып, зерттеледі. Олар өзара іс-әрекет нәтижесінде өздерінің  өмір тіршіліктерлерін, мәдениетін , білім, ғылым, тұрмыс –салт ерешелігін, т.б. онан әрі дамытып, жетілдіріп отырады. Сөйтіп олар осы теритторияның басқарушы субъектісі болып саналады.

   2. Жоғарыда көрсетілгендей, негізгі - әлеуметтік – территориялық  бірліктерге қала, ауыл- село, аймақ және оларда орналасқан халықтар жатады. Екінші жағынан, қаланың   ауыл – селоның  тұрғындары  ауданның ,  облыстың  аймақтық - әкімшіліктерін құрайды. Сөйтіп олар өздерінің әлеуметтік – экономикалық даму ерекшеліктерін қалыптастырады.

Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып ( концентрация ) орналыстыру түрі, қаладағы адамдар  ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен айналаспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек  және өндірістен тыс іс – қызметтерімен айналасады. Қала адамдары әлеуметтік және мамандық жағынан әр түрлі болады және өздерінің ерекше қалалық өмір салты болады. Қаланың көптеген түрлері болады,  олардың негізіңде  әкімшілік  атқару  қызметі жатыр. Ал,  бұл ікімшілдік атқару қызметі сауда және өндіріспен, мәдениетпен, ғылыммен және демалыс, дінмен тығыз байланысты.

Қалалардың даму, өсу процесін, қала өмір салтының жетілуін урбанизация деп атайды.

Кейінгі деректерге қарағанда КСРО тұсында қалалар қарқынды өскен. Мысалы, Ресейде қалалар 80%, Украина мен Белоруссияда -70%, ал, Қазақстанда-60% өскен.

КСРО тұсында қалалардың күрт қаулап өсуінің көптеген себептер бар. Басты себебі, орыс тілді халықтардың миграциясына, яғни көшіп-қонуына байланысты. Ал, мұның өзі жаңадан іске қосылған өндіріс ошақтарының және құрлыс мекемелерінің жұмыстарын жандандырады.

     Қалаларды жан-жақты зерттеу ХХ ғасырдың 60-жылдары ғана басталды. Мұның өзі қалалардың тез дамуымен байланысты болды. Осы уақытта объективтік қажеттілікпен қалаларды әлеуметтік тұрғыдан зерттейтін арнаулы теория пайда болды. Ол қала әлеуметтануы   деп аталды. Қала әлеуметтануы қалалардың шығу, пайда болу заңдылықтарын, белгілі бір жүйе ретінде олардың атқаратын қызметін, қоғам дамуында алатын орнын, дамуын, әлеуметтік кеңістіктегі қоғамның ұйымы, адам бірлігінің тарихы тұрақты бірлігі ретінде зерттейтін болды. Қала әлеуметтануы қалаларды әлеуметтік-территориялық бірлік боп қалыптасуына әлеуметтік –демографиялық, әлеуметтік-кәсіби құрылымына, әсіресе, ондағы әлеуметтік институттардың (ұйым, мекемелердің) қызметінің ерекшелігіне, қалалық өмір салтына, қала мәдениетіне, қаладағы адамдардың бір-бірімен қарым –қатынас  жасау салаларына аса үлкен назар аударады. Қала әлеуметтануы бұлармен ғана шектеліп қалмайды. Оның қамтылмаған басқа да мәселелері бар, олар: қала әлеуметтану теориясын жетілдіріп зерттеу, урбанизацияның әлеуметтік заңдылықтарын ашу, әлеуметтік инфрақұрылымның даму жүйесінің көрсеткіштері талдау, т.б.

Ауыл-село –бұл қаламен салыстырғанда адамдардың әлеуметтік-тұрғыдан батыраңқы орналасқан бірлігінің формасы. Мұнда адам тек қана ауыл шаруашылығына тән еңбегімен айналысады. Қаламен салыстырғанда ауыл-селода жұмыс түрлері, іс-қызметтер бірыңғай болады. Әлеуметтік және кәсіпкерлік іс –қызметтер бірыңғай болады. Әлеуметтік және кәсіпкерлік іс  пен еңбек біржақты болады, ауыл-селоның өзіне тән тұрмыс-салты (психологиясы)бар. Қала тұрғындарымен салыстырғанда тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты біршама төмен, әсіресе, қазіргі нарықтық  қатынастар  кезінде  тіпті төмендеп кетті. Осылардың салджарынан  ауыл-село тұрғындары азаюда. Бұлардың  көбі көнкөріс қанымен  қалаларға барып қоныстануда.

Ауыл-село адамдарының әлеуметтік –территориялық бірлігін, оның шығу, пайда болуын, атқаратын қызметін, басқа бірліктерімен байланысын, қатынасын, дамуын зерттейтін жалпы әлеуметтанудың  арнаулы теориясын ауыл-село әлеуметтануы деп атайды.

Ауыл-селоны зерттеу патшалық Ресей тұсында да болды, бірақ, жан-жақты терең зерттеулер тек ХХ ғасырдың  50-60 жылдарынан басталады. Мұндағы негізгі мәселелер: ауыл-селодағы әлеуметтік –экономикалық өзгерістер, ауыл село тұрғындарының миграциясының әлеуметтік мәселелері, оның топтық құрылымы, ондағы әлеуметтік жағдайлардың  уақытты ұтымды ұйымдастыруы, ерекшеліктері, халықтың әлеуметтік демографиялық өсуі т.б.

    Бәрімізге белгілі, қала мен ауыл-село арасында жер мен көктей айырмашылықтар бар. Қаланы айтқанда, біз алдымен халықтың ең көп шоғырланып жиналған мекенді еске аламыз, көп қабатты үйлер, үзіліссіз ағыл-тегіл жүріп  жатқан көлік пен адамдарды елестетеміз. Ал, ауыл-селоны тілге тиек еткенде, керісінше, адамдардың аз тобын, бір қабатты үйлер, олардың әр қайсысының жанында баубақша, мал қораларын көз алдымызға әкелеміз. Ең басты  айырмашылық адам санына  байланысты болса, ал, мұның өзі өз кезегінде- адамдардың әлеуметтік-территориялық бірлігінің ұйымдасуына және адамдардың жеке іс әрекетіне, қызметіне, табиғи байлықтарды, ресурстарды игеруге байланысты халықтың ебек түріне қарай бөлек әрекет етуі қажеттілігінен туындайды. Ал, қалада шикізатты өндейтін  өндіріс, кәсіби ұйымдар болғандықтан және өндірістен тыс еңбек, жұмыс түрлері көп болғандықтан адамдардың  алуан түрі шоғырланады. Қала  адамдарды территория ресурстарына тікелей байлап қоймайтындықтан, адамдарды жан-жақты шоғырландырады.

Адамдардың әлеуметтік-территориялық бірлігі тек қана қала мен ауыл-селода деп түсінуге болмайды. Бұлардың арасында агломерация деген адамдардың территориялық бірлігі бар. Сонымен, адамдар бірлігінің негізгі территориялық бес орналасу түрі бар.

    1. Тікелей ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін елді мекен;

    2. Азын –аулақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірмейтін елді мекен;

    3. Аграрлы –индустриалды елді мекен;

    4. Ірі өнеркәсіптік (индустриалды) елді мекен;

    5. Қала

    Бұдан біз урбанизациялық (яғни, қалаларддың өсуі, қалалық әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің кең жайылуы) процестердің өсу дәрежесін байқаймыз. Олар мына фактілерден көрінеді:

    1. Ауыл шаруашылығының рөлі төмендеп, өндіріс алдыға шығады;

    2. Елді мекендерде халық тығызданып, үй-құрлыс процесі артады (көп қабатты құрылыстар көбейеді);

    3. Тұрмыс қажетін өтейтін мекемелердің шоғырлануы және мамандануы күшейеді;

    4. Еңбек, жұмыс орындары көбейеді, осының салдарынан жұмысшылардың нақтылы мамандық түрлері көбейіп, кәсібилік күшейе түседі;

    5  Қоғам дамыған сайын адамдардың білім дәрежесі, кәсіби шеберлігі жетіле түседі. Осыдан барып адамдардың  тұрмыс салты, олардың  бағалық, құндылық жүйесі өзгереді.

Сөйтіп белгілі бір елді мекен қала жағдайына, деңгейіне жету үшін оның белгілі бір дәрежеде  халық санының көп болуы және ауыл шаруашылық өндірмейтін функциясы  (яғни, орны мен қызметі ) болуы қажет.

Қандай да бір елді мекеннің өзіне тән белгілі бір функциясы  болады. Мысалы, бір ауыл шаруашылық тұрғысынан  қарағанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін орталық болуы мүмкін, ал, осы ауданның халық тұрғысынан  алғанда өмір сүру орталығы болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылғының негізгі функциясы, ол ауыл шаруашылық өнімдерін шығару  және оларды сирек болса да аздап өндеу.

Ауыл-селолық жерлерде өз шаруашылығы, оны дайындау, өз территориясында аң-балық аулау,т.б. қаланың элементтеріне жататын кәсіпорындарының негізгі салалары  болуы мүмкін. Әрине, бұл ауыл –селоны қаланың деңгей –дәрежесіне аздық етеді. Бұл шағын кәсіпорындарға құрылыс  материалдарын  дайындайтын тас карьерлері, бидайды ұнға айналдыратын диірмендер, ұсақ сүт-май  зауыттары, т.б. жатады.

Ауыл –село рекреациялық қызмет атқарады. Бұл ерекше халық шаруашылық саласы –мұнда қала адамдары  санаторийда, демалыс  үйлерінде, балалар жазғы демалыс лагерлерінде демалады. Демалысқа келген қала адамдарына село тұрғындары тұрмыстық қызмет көрсетеді.  Қала тұрғындары бұл мекемелер арқылы өздерінің денсаулығын, әл-қуаттарын күшейтеді.

Ауыл-село тұрғындары табиғатты қорғау қызметтерінде атқарады. Бұл қызметтің мазмұны саябақ қорын қорғау сияқты, т.б. әрекеттерден көрінеді.

Ауыл- село тұрғындары экологиялық қызмет атқарады. Өзінің территориясында табиғатты қорғау, ондағы тепе-теңдікті сақтауды бақылауға алады.

Ауыл-селоның тағы бір маңызды атқаратын қызметі –ауыл село тұрғындарының қалаларға көшіп, қоныстануы. Сөйтіп ондағы өндіріс орындарында жұмыс істеуі. Мұнсыз қала өндіріс орындары дамымаған болар еді.

Қала тұрғындарының қызметін 2 негізгі салаға бөлуге болады: 1) Қала құрушы; 2) қалалық тұрмыстық қызмет көрсетуші (градообслуживающие).

Қала құрушы факторларға өндіріс, көлік, байланыс, басқару, ғылым, медицина, санотория-курорттық істер, т.б жатады. Әлеуметтану тұрғысынан бұл жүйе қаланың қоғамға не беретінін бейнелейді. Мұнда жұмыс орнының саны, түрі, кадрлардың мамандығы, т.б. ескеріледі., яғни адамның қызмет етуінің әлеуметтік жақтары әр уақытта естен шығарылмайды.

Қаланың тұрмыстың қызметі жұмыс орнының жиынтығы арқылы адамдарға тұрмыстық қызмет көрсетеді.  Бұған көлік-транспорт, балалар мекемелері, мектеп, денсаулық сақтау, сауда, тұрмыстық қызмет мекемелерінің, мәдени мекемелердің, коммунальдық шаруашылық қызметтері жатады. Басқаша әлеуметтік тілмен айтқанда, бұл қоғамның қалаға беретін игілігі, бағалық-құндылықтары.

Қаланың  бұл негізгі екі қызметінің бөлінуі шартты  жағдайға байланысты болады. Өйткені, қаладағы жоғары оқу орындары, емхана , театр,  сауда орындары, т.б.  тек  қана осы қала тұрғындарына қызмет көрсетеді. Қала құрушы және қалалық трмыстық қызмет көрсетуші факторлардың жиынтығы, екінші жағынан, қаланың экономикалық және  мекеме мен ұйымдардың техникалық даму тұрғысынан  еңбек орындарының құрылымын бейнелейді.

Енді қала мен селоның өзара байланысын тоқталайық.

Ауыл селоның негізгі атқаратын қызметі- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру болса, оны өндейтін, тұтынатын жасау үшін ауыл-селода өндірілген ағаштың қатты бөлігін  (древисинаны) пайдаланады. Ауыл-селода коммуникация байланыстары тәртіппен жұмыс істейді.  Барлық байланыс тораптары мен жүйелері (орталық жүргізу, хабарлау, реттеу, т.б.) қалада , олар елді мекндердің арасындағы байланыс қатынастарды қамтамасыз етіп, реттеп отырады.

Қала ауыл-селодан келген қоныстанушыларға (яғни , мигранттарға) жұмыс орнымен, пәтер -үймен  қамтамасыз етіп отырады. Жоғары оқу орындарында ауыл-селоға жоғары маман кадрлар дайындайды.

Қала мен ауыл-село арасында мұндай қатынастар өте көп. Осы көптеген байланыстарды жіпке тізіп жатпай –ақ жалғыз ауыз сөздің қауызына сыйдырып айтқанда, оның мәні былай: қала тарихы ұзақ уақыт ішінде ауыл-селоның көптеген  мүмкіншіліктерін, әсіресе, алуан түрлі  ресурстарын пайдаланып келді. Осыған орай ауыл-селоның  экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани  қатынастарын біршама жоғары деңгейге көтерді. Бірақ, бұлардың арасындағы өзара көмек тең жағдайда, үйлесімді болмады, яғни теңсіздік пайда болды. Сөйтіп ақыр аяғында ауыл-село тұрғындарының мұң-мұқтажы, талап-тілегі қалтарыста қалды.

Мигранттардың үлкен топтары қалаларға ағылды. Себебі, қаладағы тұрмыс деңгейі жоғары болды. Атап айтқанда, еңбек  ақының біршама жоғары деңгейі, пәтер үйлердің толық жабдықталуы, жаңа мамандықты іріктеу, оны ауыстыру , материалдық және мәдени құндылықтарға  жолдың ашықтылығы, т.б. Қаланың тұрмыс деңгейінің жоғары болуы, т.б. сияқты факторлар да ауыл-селоның күйренуіне  түрлі ерекше топтарға бөлуге болады. Олардың өлшемдері мыналар: мамандық құрылымы, білім дәрежесі, материалдық қамтамасыз етілуі, физикалық дайындығы, әлеуметтік жауапкершілігі, белсенділігі, жасы, отбасы, жағдайы заңға, саясатқа қатынасуы, т.б.

 3.Ауыл –селоның әлеуметтік көкейтесті мәселелеріне олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін,  мүдделерін қамтамасыз ететін, қанағаттандыратын мәселелер жатады. Олар, ең алдымен, қала мен ауыл-село тұрғындарының әлеуметтік –материалдық тұрмысын ұдайы жақсарту, олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін орындау, жұмыспен қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты жою, жалақыны көбейтіп,  оны уақытында беріп отыру, жұмыс жағдайын жақсарту, еңбеккерлердің бос уақытын, демалысын дұрыс ұйымдастыру,  жасөспірімдерге лайықты тәрбие беру, білікті, сапалы маман  кадрларды дайындау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет  көрсету, зейнеткерлерге ұдайы жақсартып отыру, т.б.

Қазақстан өкіметінің 2002-2005 – жылдарда ауыл-селоны дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, бүгінгі таңда еліміздің ауыл-селоларына қайта құру процестері жүргізілуі қажет. Осы мерзімдердің ішінде Қазақстанның әрбір аймағында машина-технологиялық станцияларды, ақпараттық –маркетингтік  жүйелерді салу, өндірілген өнімді өткізу жүйесін ұйымдастыру, малдың  генофондаларын сақтау, олардың тұқымын асылдандыру және пайдалану, несиелік жолдастық ұйымдар құру, ауыл шаруашылығына инвистиция тартуды ынталандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің ішкі нарығын қорғау, ауыл-селода тұрмыс қызметің көрсететін және оны қамтамасыз ететін инфрақұрылымды көлік, көлік жолдарын қайта құру және пайдалану, энергия мен жабдықтау, жаппай елді мекендерге телефон, газ жүргізу, су мен жабдықтау, тұрғын –үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік – мәдени мекемелермен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау, білім жүйесін, бұқаралық мәдениетті, дене шынықтыру спортты дамыту, шағын бизнесті және кәсіпкерлікті  дамыту, т.б. мәселелерді орындау көзделген. Бұларды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіншіліктерді, ресурстарды (запастағы ақша-қаржыларын, материалдық құралдарды, әртүрлі бағалық-құндылықтарды, табыс көздерін көбейтіп, шығын көздерін азайту, еңбекке жарамды, оған қабілетті бар адамдарды еңбекке жұмылдыру, т.б.) халық шаруашылығына толық жұмылдыру, оларды ұқыпты, тиімді пайдалану қажет.

Қазіргі уақытта қала мен ауыл –селоны жүйе ретінде қайта құру экономикалық бәсекелестік дамудың негізі болып саналады. Осыған сәйкес басқарудың тиімді жүйесінің  қажетті құрамды бөлігі-оны дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

Қандай да бір міндеттер, қызмет бағыттары басым екендігін түсіну бір басқа, сөйтсе де оларға сай келетін ұйымдық құрылымдарды көрсету өте маңызды. Тек осындай жағдайда ғана жүйе өміршең болыпе табылады және оны ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік туады

Осыған орай экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері әр уақытта бір бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Ал, бұл қоғамның ең басты өндіргіш күші – адаммен, оның жұмысымен тығыз байланысты және бұл күрделі де шетін мәселе адам арқылы шешіледі, яғни оның жұмысы мен жағдайы арқылы анықталады.

Бір жағынан, адам өндірістің объектісі болуымен қатар, екінші жағынан, өндірістің субъектісі (яғни, оны қорғаушы, жүргузуші, белсенді өзгертушісі, оны ұйымдастырушы, қайта құрушы). Адам өндірістің объектісі ретінде оның мақсаты болғандықтан оның өз еркі болмайды, сондықтан өндіріс адамның, жалпы қоғамның жан-жақты дамуына материалдық игілікті өндірудің алғы шарттарын жағдайын жасайды. Басқаша айтқанда әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді, сөйтіп өндіріс өзінің алға қойған мақсатын іске асырады.

Адам өндірістің субъетісі бола отырып, өндірістің шарттары мен жағдайларын өзінің ыңғайына қарай жасап оларды өндіпістің шарттарымен, жағдайларымен сәйкестіндіреді, оған белсенді әсер етеді, оның тиімділігін арттырады. Екінші жағынан, өндірістің тиімділігін субъектінің, (яғни, еңбеккердің) әлеуметтік дамуының әр уақытта жоғары жағдайда болуын тілейді,  қоғам мүшелерінің жан жақты үйлесімді дамуын қажеи етеді. Осыған орай олардың арасында да үйлесімді қарым –қатынастар болуы керек, өйткені еңбекшеге, қызметкерге әр уақытта дұрыс жағдай, жақсы тұрмыс, көңіл-күй жасалмаса, ешқандай өндіріс тиімді дамымайды. Бұлардың нақтылы көрінісі адамдарды еңбек, жұмыс процесінде оған қатынастарынан, олардың ондағы тәртібінен, белсенділігі мен жауапкершілігінен т.б. сезіледі. Еңбекерлердің, қызметкерлердің өмір сүру жағдайы төмен болған сайын, адамдардың қанағаттану дәрежесі, яғни қанағат сезімі тіпті төмендейді. Мұны біз өндіріс ұжымдарының басқару, жұмыс деңгейінен байқаймыз. Осының басты көрінісі ретінде, олар әлеуметтік даму міндеттемелері мен жоспарды орындамайды, оларды жүзеге асыруға қайта кедергі жасайды. Міне,  осылардан адамның, әсіресе, еңбеккер мен қызметерлердің әлеуметтік дамуын деңгейнің төмендігі неге әкеліп соғатының көреміз.

   


Қолданылған әдебиеттер тізімі

 


  1. Е.И. Холостова. Теория социальной работы.- М,2001

  2. «Социальная работа» под. Ред. В.И. Курбатова р-н-д 2003 стр- 72-79

  

Дәріс №14 Әлеуметтік жұмыстың нормативтік базасы


  1. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін одан әрі дамыту, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктерін нығайту

  2. Қазақстан Республикасы сот жүйесінің дамуы

  3. Мемлекеттік дамудың халықаралық-құқықтық аспектілері

Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформа мемлекеттік бағдарламасын (1994 ж.) орындаудың басты нәтижесі қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген,адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттік институттардың жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995 ж.) болды. Конституциялық нормаларды дамыту үшін «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»,«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»«Республикалық референдум туралы»«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы және Қазақстанның ұлттық заңнамасының негізін құраған өзге де заң актілері қабылданды.



Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде жаңа конституциялық құқық түзілді, оған сәйкес біздің мемлекетіміз үшін неғүрлым қолайлы президенттік басқару нысаны берік орнықты. Мемлекеттік біртұтас биліктің үш тармаққа бөлінуі жүзеге асты. Тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент күннен-күнге жемісті жұмыс істеуде. Атқарушы билікті нығайту және жетілдіру жөнінде шаралар қолданылды. Біртұтас сот жүйесі құрылды, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.

Жеке меншік, азаматтық қоғам, еркін кәсіпкерлік қатынастарын реттейтін азаматтық құқық одан әрі дами түсті. Қылмыстық құқықта адамның табиғи, ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негізделген, . қорғалуға тиіс әлеуметтік қүндылықтардың түбегейлі жаңа сатысы айқындалды. Әлемдік қоғамдастықта орныққан принциптерге едэуір сәйкес келетін азаматтық іс жүргізу, қылмыстық-іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасы елеулі өзгерді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына сәйкес қылмыстық істер бойынша анықтау мен алдын ала тергеуді арнайы органдар жүргізеді әрі олар сот пен прокуратурадан бөлінген. Ішкі істер органдарын оларға тән емес функциялардан босату мақсатында өртке қарсы күрес қызметі бұлоргандардың құрылымынан шығарылды. Қылмыстық-құқықтық статистика жүргізу қызметі ішкі істер органдарынан өзіне беріле отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанынан Кұқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды. Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Қорғаныс министрлігінен, ішкі істер органдары мен кеден органдарынан тиісті сараптама бөлімшелерінің берілуі есебінен Қазақстан сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институтының базасында «Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы» құрылды.



Қазақстандық құқықтық жүйенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірін уақ реттеуден, құқық қорғау органдары қызметінің жазалау-қуғындау әдістерінен, сот ісін жүргізудегі айыптауға бейімдіктен және мемлекет пен жеке меншік иесінің өзара қарым-қатынастарындағы мемлекеттік мүдделер басымдығынан арылуы жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына сәйкес елдің құқықтық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама одан әрі дамытуды, атап айтқанда қолданыстағы заңдарды кезең-кезеңімен ' жетілдіруді, сондай-ақ қажет жағдайда қоғамды одан әрі демократияландыру талаптарына және оны әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттеріне сай келетін жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылдауды талап етеді.

Құқықтық реформаның қорытындыларын талқылау нәтижесінде қоғамда Конституцияның негізінде құқықтық жүйені қарышты дамыту қажеттігі туралы пікір үстемдік алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы қажетті құқықтық әлеуетті қамтиды, ол оның құқықтық нормаларында ғана емес, оның құқықтық идеялары мен принциптерінде де түжырымдалған. Конституцияның құқықтық идеялары Қазақстанда демократияльщ, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет институттарын нығайтуға бағытталған заңнамалық, ұйымдық және басқа шараларда жүзеге асуға тиіс.

Құқықтық мемлекеттің конституциялық идеялары заңнаманың құқық, эділеттілік, гуманизм идеяларын арқау ете түзілуінде, кұқықтық тәртіпті, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының материалдық, ұйымдық-құқықтық, саяси кепілдіктерін нығайтудың пәрменді құралдарының жасалуынан көрініс табуға тиіс. Сонымен қатар өзінің конституциялық міндеттерін қалтқысыз орындауға тиіс мемлекеттік қызметшілердің, өзге де азаматтардың жауапкершілігін арттыру керек. Әлеуметтік мемлекет конституциялық идеясын іске асырудың аса зор маңызы бар. Бұл жұмысты бірінші кезекте жеке адамның өзін-өзі танытуы мен экономикалық еркіндігіне қажетті жағдайлар жасауға, әлеуметтік өмірдің салаларын үйлестіруге патернализмге, қоғамның жікке жарылуына, түрлі әлеуметтік топтардың бір-біріне қарсы түруына жол бермей, қоғамның әлеуметтік жағынан шетін топтарына көмек көрсетуге тиіс мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Бұл орайда шынайы демократиямен түп-тамыры қосылмайтын «шексіз-шетсіз демократия» идеясын қабылдауға болмайтынын мойындаған жен. Ел халқының копүлттылығы, көпконфессиялылығы, Қазақстанның шекарасына жақын жерде діни экстремизмнің, терроризмнің бой көрсетуі жағдайында мемлекеттің зайырлы сипатын жете түсіну мен қорғаудың маңызы зор. Зайырлы мемлекеттің конституциялық идеялары мемлекеттік идеологияға діни ағымдардың ықпал етуіне, экстремистік діни идеялардың бой көтеруіне тосқауыл қоятындай, сонымен бірге діни бірлестіктердің конституциялық . тәртіп шегіндегі қызметін шектемейтіндей заң актілері мен өзге де іс-шараларда жүзеге асуы тиіс.

Конституциядағы қоғам мен мемлекет қызметінің түбегейлі принциптері туралы айтылғандарды ескере отырып, қоғамдық келісім мен саяси тұрлаулылықты қоғамдық та, мемлекеттік те институттар қамтамасыз етуге тиіс. Сөйтіп, түбегейлі конституциялық принцип - барша халықтың игілігіне арналған экономикалық даму, Конституцияда «меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс»  деп жарияланғандықтан, экономиканың мемлекеттік те, жеке секторларында да өмірге еніп, іске асуға тиіс.

Қазақстанның көпұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттің тәуелсіздігін бекітуде қазақстандық патриотизм принципінің маңызы зор. Оны нығайту үшін мемлекеттің, қоғамдық институттардың, отбасы мен мектептің бірлескен күш-жігері қажет.

Республика қызметінің түбегейлі конституциялық принципі ретінде мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу мемлекеттік институттардың, саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, бейүкіметтік ұйымдардың, халықтың түрлі әлеуметтік жіктері мен топтарының бірлескен күш-жігері негізінде де мүмкін болады.

Бұл орайда мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыру мен оған баға беру олардың жұмысының формалды-статистикалық көрсеткіштерімен шектелмеуі тиіс. Бірінші кезекте азаматтардың конституциялық кұқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижелері назарға алынуы тиіс.

Республика қызметінің Конституцияда аталған түбегейлі принциптері заңнамада белгілі бір дәрежеде бекіді. Бұл процесс ел ішінде де, Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарында да жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайдағы қажеттіктерге сәйкес тереңдеп, кеңейе түсуге тиіс.

Заңнаманы одан әрі жетілдіру процесінде Конституцияның үстемдігі және төменгі деңгейдегі актілер нормаларының жоғарғы деңгейдегі актілерге сәйкес түру принциптерін бұлжытпай ұстану қажет.

Қолданыстағы заңдар нормаларын мына шараларды:



  • құқықтық реттеудегі ақаулықтарды толықтыруды және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетуді;

  • заң жобаларына, соның ішінде олардың ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сай болуына, ғылыми сараптама жүргізу практикасын жалғастыруды және кеңейтуді;

  • заңнаманы бір ізге келтіру мақсатында онда қолданылатын терминдердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірыңғай тізбесін қалыптастыруды;

  • қабылданатын барлық заңдарды тиімді іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында оларды қаржылай қамтамасыз етудің жеткіліктілік принципін мүқият сақтауды;

  • қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға тікелей немесе жанама түрде жағдай туғызушы алғышарттарды анықтау мақсатында нормативтік құқықтық актілер жобаларына криминологиялық сараптама енгізуді;

  • заң жобалары қызметін жоспарлауды жақсарту мақсатында оны перспективалық (3 жылға) жоспарлау практикасын енгізуді іске асыру жолымен жетілдіру қажет.

Ұлттық заңнама ауқымын орта мерзімді перспективаға жүйелеу жөніндегі жұмысты жоспарлау, құқықтық реттеуді талап ететін қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргізу қажет. Мүндай алдын-ала талдау нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген және түрлі деңгейдегі реттеуді қажет ететін қоғамдық қатынастар саласын айқындауға мүмкіндік береді.

Заңнаманы жүйелеу оның барлық үш нысанын қолдану: инкорпорациялау, топтау және жинақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Кез келген қоғамда, әдеттегідей, түрлі индивидуумдар, әлеуметтік топтар, ұйымдар мүдделерінің қарама-қайшылығы болуы мүмкін. Осы орайда сүйемелдеу сияқты құбылысқа өркениетті, заңдық шеңбер беру қажет.

Бүгінде заң актілері мемлекеттік органдарға мазмұны заң шығарушының қалауына сай емес, ал кейде оған тікелей қайшы келетін заңға тәуелді актілер қабылдауға мүмкіндік беретін бланкеттік (сілтемелік) нормалардың көп мөлшерін қамтиды. Мемлекеттік органдардың норма түзушілік тәжірибесінде тар салалық, ведомстволық көзқарас жойылмаған, соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, адам құқықтарына, бостандықтарына және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделеріне қысым жасау орын алған. Әрі бұл жәйт заңдарды іс жүзінде заңға тәуелді актілермен алмастыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты заң актілерін әзірлеу процесі сілтемелік нормалар санын қатаң түрде азайтумен және заңдарды мүмкіндігінше тиімді нақтылаумен сипатталуға тиіс. Сонымен бірге қабылданған заңдардың толықтай іске асырылуын, соның ішінде қажет деген заңға тәуелді актілердің дер кезінде қабылдануын қамтамасыз ететін тетіктерді жетілдірген жөн.

Жергілікті норма түзушіліктің сапасын арттыру қажет болып отыр. Бұл орайда да жалпыға міндетті маңызға, ведомствоаралық сипатқа ие немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жергілікті мемлекеттік органдардың актілерін тіркеу міндеттілігі туралы заң нормаларын іске асыруға бағытталған қосымша шаралар қолға алынуы қажет.

Қазіргі кезде жоғары заңгерлік білім алуды қамтамасыз ететін оқу орындарының қатары өте көп. Алайда, бұл ұйымдарда мамандар даярлау сапасы ойдағыдай емес. Бұл шүғыл шешімін талап ететінпроблема. Сонымен қатар жемісті дамып келе жатқан отандық құқықтық ғылымға қолдау таныту жөніндегі шаралар қолға алынуы қажет.



Кұқықтық мемлекет құру және жоғарыда айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құқықтық саясатты өздерінің күнделікті қызметінде іске асыруы тиіс. Оның негізгі принциптері болып:

  • заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негізделген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтап, орнымен қолдану;

  • адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының ұлықтылық жағдайын білдіретін адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;

  • гуманизм, яғни адамның жеке тұлға ретіндегі жоғары қүндылығын, оның еркін дамуға және қабілетін көрсетуге деген құқықтарын тану, қоғамдық қатынастар сапасына баға берудің өлшемі ретіндегі жеке адам игілігінің орнығуы;

  • қазақстандықтардың өз Атамекенін жан-жақты қолдауы мен адалдығы және Отанына сүйіспеншілігі ретіндегі қазақстандық патриотизм толық дәрежеде орнығуға тиіс.

Бұл ретте құқықтық саясат күқық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын, базалық тетіктерін мемлекеттік түрғыда пайымдауды және құқық қолдану практикасы шараларын белгілі бір кезеңге орай жетілдіруді бейнелеуге тиіс, іске асырылуын 2010 жылға дейін аяқтау көзделіп отырған осы Түжырымдама да соған байланысты эзірленген.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, күқықтың үстемдігі, біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі және олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы келісе қызмет істеуі принциптеріне негізделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру бағытының заңнамада дәйекті түрде іске асырылуын қамтамасыз ету керек.

Бұл орайда адам құқықтарының басымдығын қоғам мен мемлекеттің мүдделерімен үйлесімді сәйкестендірген жөн.

Құқықтық жүйені бұл бағьггта дамыту, оны халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына, халықаралық стандарттарға дәйекті түрде сәйкес келтіру қажеттілігі Мыңжылдық басқосуында (2000 ж.) қабылданған БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында бекітілген. Декларация мемлекеттердің, әлемдік қоғамдастықтың «демократияны қолдау және құқықтық тәртіпті нығайту» үшін күш-жігер жүмсау қажеттігін ерекше атап көрсетеді.

Бұл тұрғыда Күқықтық саясат тұжырымдамасы тек құқықтық жүйе дамуының бағытын айқындап қоймай, сонымен бірге құқықтық саясаттың әлеуметтік-экономикалық және саяси салалардағы реформалармен үйлесімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Құқықтық даму мақсаттарының бірі саяси жүйені жетілдіру болып табылады. Халықтың саяси белсенділігінің заңдық нысандарының алуан түрлілігі мен мэдениетін шынайы қамтамасыз ету қажет. Үкімет туралы заңнама оның қызметінің тиімділігін және қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында жетілдіруді қажет етеді. Сайлау заңдарын, сайлау процесін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау іс-шараларын әділ де толық көрсетудегі рөлін нығайту және жауапкершілігін арттыру қажет.

Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында біртұтастық пен басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттік биліктің түрлі деңгейлері арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар туғызу мақсатқа сай болмақ.

Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын кезең-кезеңмен қалыптастыру азаматтық қоғам институттарын нығайтуға ықпал етпек. Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын (омбудсмен) құру қажеттілігі туындап отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары нарығын дамыту, оның экономикалық дербестігін, сондай-ақ оларға қоғамдық және мемлекеттік бақылау жасау тетігін қамтамасыз ету саласындағы заңдарды одан әрі жетілдіру қажет. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін заңдар жетілдіру талап етеді. Нарықтық экономикаға өту, мемлекеттің меншік иесі, монополист, елде шығарылатын онімнің негізгі ондірушісі және ұсынушысы ролінен бас тартуы азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар саласын сапалық түрғыдан кеңейтті.

Азаматтық құқық еңбек, отбасылық және өзге де қоғамдық қатынастарға барған сайын дендеп ене түсті. Мүның бәрі мемлекеттің құқықтық жүйесінің мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғайтын бұқаралық құқық пен жеке мүдделерге қызмет етіп, оны қорғауды қамтамасыз ететін жеке құқыққа ауқымды бөліну процесі аясында жүріп жатыр.

Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді байыпты үйлестірудің шүғыл қажеттілігі сақталып отыр. Бүдан келіп, заң шығарушының азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудегі негізгі міндеті мүндай құқықтық қатынастарға қатысушылардың барлығының мүдделерін қорғайтын нақты күқықтық тетігі бар еркін нарыққа барынша кең өріс ашу болмақ.

Осыған орай, бұлжымай орындалар болса, азаматтық заңдардың одан әрі дамуы жүзеге асуы тиіс азаматтық заңдар принциптері ерекше өзектілікке ие болады. Негізгі принциптер қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • мемлекеттің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің азаматтық құқық қатынастарына енерде өз азаматтық-құқықтық серіктестері алдында қандай да бір артықшылықтары немесе жеңілдіктері болмайтынын, ал кез келген ұйымдық нысандағы заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынастары субъектілері ретінде жеке тұлғаларға теңестірілетінін, және де шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғалар, Республика заңдарында белгіленген шегіністер болмаса, қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар секілді құқықтар мен міндеттерді, әрі нақ сол тәртіппен иемденетінін білдіретін азаматтық-күқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі;

  • ең алдымен, меншік иесінің өз мүлкін өзінің жеке ұйғарымы бойынша пайдалану мүмкіндігін тануды білдіретін меншікке қол сүқпаушылық бұл орайда меншік иесінің өз күқық өкілеттігін жүзеге асыруы өзге адамдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс;

  • кез келген тұлғаның өз қалауы бойынша және мәжбүрлеусіз шешім қабылдау - өзінің қандай да бір шартқа кіру-кірмеу өзі шартқа отыруды қалаған серіктесін таңдау және шарт талаптарын айқындау құқығы барлығын білдіретін азаматтық-құқықтық шарт жасасу еркіндігі;

  • әрекетке қабілетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өз мүлкіне иелік етуіне, пайда табуына, кірістерін жаратуына мемлекеттік органдар мен басқа да тұлғалардың ықпал етуіне жол берілмеуін білдіретін, мемлекеттің және үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы;

  • азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілері ретінде кәсіпкерлер мен түтынушыларды қорғау.

Жалпы алғанда, азаматтық заңдар меншікке қол сүқпаушылықты және тауар-ақша қатынастарына қатысушылар қызметінің еркіндігін қорғауы тиіс. Бұл үшін бірінші кезекте меншік құқығын, мүліктік және міндеттілік құқық институттарын одан әрі де дамыту, жеке адам мен қоғам мүдделерінің барынша үйлесуінің, құқықты оның әлеуметтік мақсатына сай пайдаланудың негізінде жеке-құқықтық қатынастардың заңнамалық базасын жетілдіру қажет.

Әскери құқық саласындағы нормативтік-құқықтық база одан әрі жетілдіруді талап етеді. Мемлекеттің тұтастай алғандағы қорғаныс жүйесін құрудың бірыңғай кешенді-құқықтық көзқарасын қамтамасыз ету қажеттілігі туып отыр.

Қарулы Күштерді қолдану, әскери басқару органдарының, әскери бөлімшелердің құқықтық мәртебесін нақты белгілеу, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау саласындағы заңнамалық ақтаңдақтарды толықтыру мәселелерін барынша дәлдікпен пысықтау қажеттілігі туып отыр.

3. Нарықтық қатынастардың одан әрі дамуы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік институтын енгізуді қажет етеді.

Азаматтық құқықты дамытудың басымдық бағыттарының бірі зияттық меншік объектілеріне құқықты реттейтін заңдарды одан әрі жетілдіру болуы тиіс. Ол авторлар мүдделерін, сол секілді Қазақстанның экономикалық, технологиялық және ақпараттық қауіпсіздігі мүдделерін сақтауға негізделуі тиіс. Ғылыми-техникалық жетістіктерді құруға және пайдалануға қатысты бірқатар заң және заңға тәуелді актілерді қабылдау қажет, олар өз кезегінде азаматтардың - санаткерлік меншік объектілеріне айрықша қүқы барлардың әрі осы объектілер иелерінің күқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шаралар кешенін практикада іске асыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс берушілердің өз жұмысшыларын міндетті медициналық сақтандыруын енгізу туралы мәселе шешімін талап етеді, бұл халыққа медициналық көмек көрсету көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді, сол секілді . әлеуметтік тэуекелдер түрлері мен төлемдер негіздері бойынша заңдарды кезеңдеп жүйелеу көзделуде.

Еңбек қабілетін жойған, асыраушысынан айрылған немесе жұмысын жоғалтқан жағдайда халықты қосымша әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру үшін құқықтық база құру қажет.

Нарықтық экономикада орын алған еңбек қатынастары нысандарының эр алуандылығы мен күрделілігі еңбек заңдарын одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Бұл орайда еңбек құқық қатынастарын реттеу қазақстандықтар мүдделерінің басымдығы түрғысында өрбуі тиіс. Мұнымен бірге Қазақстанда азаматтық қызмет институтын құру және дамыту үшін заңдық негіз құру қажеттілігі туып отыр. Әлеуметтік қарама-қайшылықтарды құқықтық әдістермен шешу тетігін құрудың, әлеуметтік шиеленістің саяси өріс алуын болдырмаудың маңызы зор. Мүнда кәсіптік одақтардың қызметі шешуші фактор болып табылады. Осыған байланысты олардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында кәсіподақтар туралы заңдар жетілдіруді талап етеді.

Мемлекеттік қызмет туралы заңдарға мемлекеттік қызметтің кәсібилігі мен түрақтылығын арттыруға, мансаптық өсуді ынталандыруға, ықпалды кадрлық резерв қалыптастыруға, кадрларды оқытудың жалпы мемлекеттік жүйесін құруға, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау шараларын күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізу қажеттілігі болып отыр.

Бұл орайда мемлекеттік қызмет туралы заңдарды жетілдіру процесінің басты бағыттарының бірі қызметтік баспалдақ бойынша өсудің мансаптық жүйесіне ауысу болмақ. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы күрестің құқықтық • тетіктерінің тиімділігін арттыру проблемасы үнемі назарда ұстауды талап етеді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін деп адамдарды негізсіз жауапқа тартуды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының шеңберін заңдық түрғыдан белгілеп алған жөн. Сол сияқты, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершіліктен жалтартуға жол бермеу мақсатында қолданыстағы заңдарға мүндай құқық бұзушылықтарды орау мерзімін үлғайту түрғысында тиісті өзгерістер енгізу маңызды болмақ.

Шетелдік азаматтар асырап алатын кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін заңмен реттеу, сондай-ақ мүгедектердің күқықтарын қорғау туралы заң қабылдау қажеттілігі туып отыр. Экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы заңдар экономиканы мемлекеттік реттеудің оңтайлы тетігін жасау және оның қызмет істеуіне қолайлы жағдайлар туғызу саласындағы қатынастарды реттеуге, нарықтық қатынастарға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін реттеуте тиіс.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі, соның ішінде жеке меншік иесінің инфрақұрылымдық дамыту, өнеркәсіптің бірқатар салаларын айта құру, табиғи монополиялар қызметіне оңтайлы тарифтер белгілеу, көптеген . эксперименттік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардағы іргелі ғылыми зерттеулерді жалпы мемлекеттік ауқымда қаржыландыру және ұйымдастыру мәселелерін шешуге мүдделі еместігінен туындайды. Бұл міндеттерді шешуді мемлекет инвестициялық, тарифтік, салық және сауда саясатын жүргізу арқылы өзіне алуға мәжбүр болып отыр.

Әлемдік тәжірибені зерделеу көптеген дамыған елдер орнықты даму сатысына экономиканың белгілі бір салаларындағы мемлекеттің белсенді рөлінің нәтижесінде қол жеткізгенін, оның мемлекеттік экономикалық реттеу жүйесі арқылы іске асырылғанын көрсетеді. Сондықтан экономиканың одан әрі дамуы рынокқа қатысушылар қызметін осыған барабар мемлекеттік реттеу арқылы, бірақ олардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген конституциялық құқығын сақтау және теріс пиғылды бәсекеге жол бермеу жағдайында жүзеге асырылуы тиіс. Және де бірінші кезекте шағын және орта бизнесте, сол секілді аграрлық секторда жұмыс істейтін отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауға бағытталуы тиіс. Сол секілді экономикалық қызметтің импорт алмастыру, өндірістің негізгі құралдарын жаңғырту, сонымен бірге инновациялық қызметті дамыту секілді бағыттарын үйлестіре дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер мен тетіктер әзірлеуді қарастыру керек. Уақытша қиындық көріп отырған, бірақ экономика үшін маңызды кәсіпорындардың немесе тіпті тұтас салалардың банкротқа үшырауына жол бермеуге бағытталуы тиіс "өнеркәсіптік саясат" дегенге ерекше назар аудару қажет. Өнеркәсіптік саясат міндеттеріне бэсекелестіктің өсуін қолдауды, оны ынталандыруды және кеден заңдарын одан әрі жетілдіру есебінен экспорттық және импорттық ағындарды реттеуді жатқызуға болады.

Мұнымен қатар ұлттық компаниялар дың, өкілетті органның және мемлекеттің жауапкершілік салаларын ажырата отырып, ұлттық компаниялар мәртебесін нақты белгілеген жөн. Қылмыстық саясат бірінші кезекте ауыр емес және бірінші рет орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарға, сол секілді халықтың әлеуметтік тұрғыдан элсіз топтарына - жүкті және жалғызілікті әйелдерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары барларға, кэмелетке толмағандарға, егде жастағы адамдарға қатысты ізгіліктілік бағытында дамуы тиіс. Сонымен қатар оны ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпты, қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген адамдарға, сондай-ақ қылмыс қайталап жасалған жағдайда қатайта түсу созсіз қажет.

Әрекет аясына азаматтардың едэуір болігі тартылатын және қоғамдағы түрақтылық, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғаудың беріктігіне сенімділік, елдегі құқық тәртібінің жай-күйі олардың қызметінің тиімділігіне байланысты болатын құқық қорғау органдарының заңнамалық базасын жетілдіруді жалғастыру керек.

Әр түрлі санаттағы адамдарды (қылмыскерлер; тергеуден, анықтаудан және соттан жасырынған, сот актілерін орындаудан, соның ішінде алимент толеуден жалтарған; хабарсыз кеткен адамдар; азаматтық істер бойынша жауапкерлер; өзге де іздеу салынған адамдар) іздестірумен және оған барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен байланысты заң нормаларын нақтылау қажеттігі туып отыр.

Қылмыстың алдын алу және оыы болдырмау, онымен күрестегі табандылық, жедел-іздестіру қызметін жетілдіру, нақты қалыптасқан оперативтік ахуалға тиісінше коңіл аудару, ақпараттық қамтамасыз ету мен талдау жұмысының деңгейін котеру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту басым бағыттар болуы тиіс.

Жергілікті де, сол сияқты республикалық та деңгейде күқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жүйесін құдық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың халықпен байланысын белсенді дамыта отырып құру қажет. Мектептер мен оқу орындарында құқықтық мэдениеттің өзекті проблемалары бойынша міндетті немесе факультативтік сабақтар енгізу керек.



Халықаралық қоғамдастықтың қазіргі басымдықтарын ескере отырып, нашақорлық пен есірткі бизнесінің, терроризмнің, этникалық және діни экстремизмнің, адамдарды, эсіресе эйелдер мен балаларды сатудың, компьютерлік қылмыстың, атыс қаруын және оның бөліктері мен оқ-дәрісін заңсыз жасау мен таратудың, сыбайлас жемқорлық сипатындағы, сондай-ақ ақшаны «тазарту»саласына қатысты халықаралық қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуге бағытталған нормаларды дер кезінде енгізуге ерекше назар аударылатын болады.

Республиканың Мемлекеттік шекарасын қорғауды одан әрі нығайтуды, стратегиялық маңызды объектілердің (жоғары қаупі бар кәсіпорындардың және коммуникациялардың) қауіпсіздігін, қару мен оқ-дәрілердің сақталуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік органдардың Қазақстан азаматтарының діни сана-сезімін радикалдандыруға жол бермеу, экстремистік идеяларға қарсы насихат жөніндегі жұмысты реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру терроризммен күрес жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігіне айналады. Этникалық және діни экстремизм идеялары бар материалдарға ғылыми және теологиялық сараптамаларды бір орталықтан жүргізу тетігін әзірлеу және енгізу қажет болады.

Қаржы-шаруашылық қызмет саласында теріс пайдаланушылыққа жол бермеу мақсатында мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызмет этикасы нормаларын сақтау жөніндеғі, сондай-ақ экономикалық қызмет саласындағы және мемлекеттік қызмет мүдделеріне кедергі болатын қылмыстарға қарсы іс-әрекет нысандары мен әдістерін оңтайландыру жөніндегі жұмысының нәтижелілігін арттыру негізгі міндеттер болып табылады. Қылмыстық-іс жүргізу заңдарын одан әрі жетілдіру қажет. Бұл орайда негізгі мақсат қылмыстық іс жүргізудің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған мынадай түбегейлі принциптерін нақты нормаларда одан әрі дэйекті іске асыру болып табылады:

  • кімнің де қылмыс жасаудағы кінәлілігі заңда көзделген тәртіппен дәлелденбейінше және заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленбейінше әркімнің кінәсіз болып есептелетінін тұжырымдайтын кінәсіздік презумпциясы; ешкімнің де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті еместігі; айыпталушының кінәлілігіне деген жойылмаған күдік оның пайдасы үшін қарастырылатындығы; айыптау үкімінің жорамалдарға негізделе алмайтындығы және сенімді дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен дәлелденуі тиіс екендігі;

  • тұтқындау мен қамауда ұстауға тек заңда көзделген жағдайларда және соттың немесе прокурордың санкциясымен ғана жол берілуге келіп саятын жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық, оны құрметтеушілік; ешкім де азаптау, күш қолдану басқа да қатыгез немесе адамгершілік ар-намысқа тиетін қарым-қатынасқа немесе жазаға үлнырамауға тиіс;

  • сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейтіндігін білдіретін тұрғын үй мен жеке өмірге қол сұқпаушылық тұрғын үйге кіруге, оны тексеру мен тінту жүргізуге тек заңда белгіленген жағдайларда ғана жол беріледі; эрбір адамның жеке салымдар мен жинақ ақшалар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф пен өзге де хат-хабарлама қүпиясына құқығы бар, бұл құқықты шектеуге тек заңмен белгіленген жағдайлармен және тәртіппен ғана жол беріледі;

  • судьяның сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуын және тек Конституция мен заңдарға ғана бағынатынын білдіретін судьялардың . тәуелсіздігі;

  • сот төрелігін жүргізу - соттың ерекше артықшылығы екендігін білдіретін сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыратындығы; адамды қылмыс жасауда кінәлі деп тану тек заңға қатаң сүйене отырып шығарылған соттың айыптау үкімінің негізінде ғана мүмкін;

  • сот ісін жүргізуді сотта іс қарауда айыптау функциясын қорғау функциясы мен істі шешу функциясынан бөлек болатындай етіп құратын тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтығы, сол секілді Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген, халықаралық құқықтық нормалармен және Республиканың қылмыстық-іс жүргізу заңымен танылған басқа да принциптер негізінде жүзеге асыру.

Қылмыстық сот ісін жүргізуді алқа заседательдерін қатыстыра отырып жүзеге асыру мүмкіндігін қарау қажет. Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында көзделген азаматтардың жеке бас бостандығы кепілдігін іске асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасау талап етіледі. Іс жүргізу заңдарын жетілдірудің өзекті бағыттарының бірі істі сотқа дейін дайындау кезеңінде де, сот сатыларында да рәсімдерді жеңілдету және жеделдету болып табылады. Осыған байланысты анықтау жүргізуді қолдану саласын кеңейту, сондай-ақ анықтау және алдын ала тергеу рәсімдерін жеңілдету мақсатқа сай болмақ. Қамауға алуға балама боларлық шараларды (кепілдік, үйде қамауда ұстау) қолданудың тетіктерін барынша егжей-тегжейлі реттеу қажет.

Анықтау және алдын ала тергеу рәсімдерін жеңілдету мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: қылмыстық жазаланатын ауыр емес және орташа ауыр іс-әрекет жасаған адамдардың жауапкершілігі туралы мәселені жедел қарау үшін қылмыстың жекелеген құрамдарын әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызу арқылы қылмыстық сипаттан арылту жөніндегі жұмысты жалғастыру; қылмыстық процестің тиімділігі мен жеделдігін арттыру үшін бұл тәртіпті ең алдымен дәлелдерді іздеп табуда, бекітуде және бағалауда аса күрделілік тудырмайтын істер бойыншажүргізіп, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау жүргізумен шектелетін істердің тізбесін кеңейту.

Қазақстанның таяу онжылдықтағы халықаралық шарттар құқықтық саясаты Қазақстанды интеграциялық процестерге тартуға, Қазақстан Республикасы үшін қолайлы және экономикалық пайдалы жағын ескере отырып, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты оңтайландыруға бағыт ұстануы тиіс. Бұлмақсатта халықаралық шарттар жасауға біршама үстамды көзқарас танытып, қатысқан жағдайда ел халқына нақты саяси және экономикалық пайда әкелетіндеріне ғана басымдық беру қажет. Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын қабылданған халықаралық міндеттемелер мен халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніидегі жұмысты жалғастыру керек.



Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар аясындағы шарт жасасу-құқықтық саясаты қарусыздану, экология, сауда, халықаралық терроризм, ұйымдасқан қылмыс, қылмыстық жолмен алынған табысты «тазарту», этносаралық қатынастар, адам құқығын қорғау, адамзаттың мэдени мүраларын сақтау және т.б. халықаралық проблемаларды шешуге бағытталады.

Халықаралық өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру мақсатында екі жақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек. Бұл жұмысты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау және арнаулы органдарымен және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Орталық Азия экономикалық қоғамдастығы мемлекеттерінің тиісті құрылымдарымен бірге жандандыра түскен жөн. Бұл түрғыдан келгенде қылмысқа қарсы күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық терроризммен және экстремизмнің өзге де көріністерімен күрес жөніндегі бағдарламасын, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің есірткіғіің заңсыз айналымына қарсы іс-әрекетмәселелеріне арналған озге де бірлескен қүжаттарын іске асырудың нақты тетігі жасалуы тиіс. БҰҰ-ның құқық қорғау саласындағы жобалары мен бағдарламаларына барынша ықпалды қатысу қажет. Қылмыстың барынша қауіпті түрлерімен күрестегі ынтымақтастық туралы, ақпараттық қауіпсіздікті озара қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық үлгі-шарттар жасау тәжірибесін жалғастыру керек.

Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға бағытталған шараларға барынша ықпал ету қажет. Халықаралық-құқықтық дамудың басым бағыттарының бірі қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істері, қылмыскерлерді үстап беру, жедел-іздестіру, ғылыми-техникалық және статистикалық ақпарат алмасу жөніндегі құқықтық көмек туралы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ іс-шаралар мен арнайы операциялар өткізуді, өзара тағылымдамалар мен мамандар оқытуды келісу туралы екі жақты халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу болып табылады.

Сонымен қатар қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек, қылмыстық ізге түсуді қабылдау (беру), қылмыстың аса қауіпті көріністерімен бірлесіп күресу мәселелері бойынша мемлекеттің ТМД, ЕурАзЭҚ пен ОАЭҚ және басқаларға қатысушы елдердің шеңберіндегі халықаралық шарттарға қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдау мақсатқа сай болмақ.

Шекара арқылы өтетін су ағындарын реттеу және пайдалану проблемасын шешу қажет. Мүның шешімі судың сапасын төмендетуге және оны тиімсіз пайдалануға қатаң шаралар белгілей отырып,суды ластауды болдырмау, шектеу және азайтудың құқықтық тетіктерін әзірлеу жөніндегі белсенді іс-әрекетті талап етеді.

Халықаралық жеке құқық саласында Қазақстанның құқықтық саясатының негізгі бағыттары: тауарларды сатып алу-сату, авторлық құқық, көлік, кредит-есеп қатынастары саласындағы материалдық-құқықтық және коллизиялық нормаларды орайластыру; интеграциялық процестерді құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру болуы тиіс.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған құқықтық саясаттың негізгі бастауы Республика Конституциясы болып табылатындығына байланысты оның әлеуетін мейлінше пайдалану қажет, ал құқықтық саясаттың қозғаушы күші орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың оны тікелей өмірге енгізу жөніндегі ұйымдық қызметі болып табылмақ. Құқықтық саясатты іске асыру үшін заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет.



Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат түжырымдамасында көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет күруға ықпал етеді.

Тұжырымдаманы іске асыру дәрежесі, тиімділігі құқықтық саясаттың, құқықтық нормалардың мазмұнын, қоғам мүшелері секілді мемлекеттік органдардың да, сонымен қатар олардың лауазымдытұлғаларының қаншалықты жете түсінуіне де, нормативтік құқықтық актілердің нүсқамаларын ықыласты және адал орындау дайындығына да байланысты.



Осы Тұжырымдаманың базасында Республиканың құқықтық саясатының түрлі бағыттары бойынша (сот жүйесін, құқық қорғау органдары қызметін, заңгерлік білімді жетілдіру жөнінде және т.б.) салалық бағдарламалар әзірленіп, қабылданатын болады.

Бұл ретте: барлық іс-шаралар мен бағдарламалардың жүйелілігі мен нәтижелілігі, олардың ізгі бағыттылығы; демократиялық құқықтық дамудың әлемдік тәжірибесінің Қазақстан жағдайына бейімделуі; республиканың дәйекті жан-жақты дамуы процесінде туындайтын болжамды әлеуметтік, экономикалық және саяси аспектілерге қатысты нормативтік құқықтық реттеу мен тиімді құқық қолданудың нақты шараларына түзету енгізу және іске асырудың ілгерілік сипаты принциптерін ұстану қажет.

 

 Н.4.02-02



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті




Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Кайникенова Гульмира Какимовна

5В090500 Әлеуметтік жұмыс

студенттері үшін Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс


пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған
жүктеу 5,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау