Негізгі әдебиеттер:
Л.П.Кузнецова Основные технологии социальной работы. М.:2002г.
Павленок П.Д. Технологии социальной работы. М:2004
Теория и практика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. Под.ред.В.М.Сафроновой. М., 1992
Социальная работа: теория и технологии. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная. Астана,2005
Технология социальной работы. Под.ред. И.Г.Зайнышева. М.,2002
Технология социальной работы. Под.ред. А.А.Чернецкой Ростов-на Дону, 2006
Социальная работа в схемах. Уч.пособие. М.,2006
Практикум социальной работы. В.А.Козлов, т.Б.Иванова. Ростов-на Дону, 2001
Социальная работа. Курсовые, рефераты. О.П.Демушкина. Ростов-на Дону, 2004
Трудотерапия как метод реабилитации инвалидов. М., 1998
Кожамкулова Л.Г. Социальная работа города: принципы и направления. – Алматы, 2003
Козлов А.А., Иванов Г.Б. Практикум социального работника. –М., 1993
Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. М., 2003
II. Қосымша әдебиеттер:
Энциклопедия социальной работы. М., 1994
Социальная работа. Журнал
Социальная педагогика. Журнал
Словарь-справочник по социальной работе / под.ред. Е.И.Холостовой. М., 1997
Трудотерапия как метод реабилитации инвалидов. М., 1998
Социальная работа. Социальные услуги. Журнал
7.Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар жоспары
Тапсырма аптасының нөмірі
|
Сабақ тақырыбы
|
СӨЖ
тапсырмасы
|
Ұсынылатын әдебиет
|
ОБСӨЖ-дегі бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі апта
нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология» түсінігі
|
ауызша
|
I.16
|
§2
18 б.
|
Ағымды
|
1-2 апта
|
2
|
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технология ерекшелігі
|
баяндама
|
I.16
|
§2
|
Ағымды
|
3 апта
|
3
|
Әлеуметтік жұмыс модельдерінің технологиялық ерекшеліктері
|
реферат
|
|
|
Ағымды
|
4-5 апта
|
4
|
Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы: өзіндік байланысы
|
слайд
|
I.1
|
§4
25 б.
|
Ағымды
|
6 апта
|
5
|
Әлеуметтік жұмыс әдістері, оның классификациясы
|
сөзжұмбақ
|
I.16
|
§2
14 б.
|
Ағымды
|
7 апта
|
6
|
Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері
|
ауызша
|
I.16
|
|
Ағымды
|
8 апта
|
7
|
Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық әдістер
|
тест
|
I.6
|
§5
85 б.
|
Ағымды
|
9-10 апта
|
8
|
Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістер
|
кесте
|
I.4
|
§4
45 б.
|
Ағымды
|
11 апта
|
9
|
Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық әдіс
|
СӨЖ
|
I.16
|
§2
18 б.
|
Ағымды
|
12 апта
|
10
|
Әлеуметтік-экономикалық әдістері
|
ауызша
|
I.18
|
§6
96 б.
|
Ағымды
|
13 апта
|
11
|
Әлеуметтік қалпына келтіру (реабилитация)
|
Курстық жұмыс
|
I.1
|
§2.
34 б.
|
Ағымды
|
14 апта
|
12
|
Әлеуметтік терапия және оны жүзеге асырудың әдістері
|
Курстық жұмыс
|
I.1
|
§2.
19 б.
|
Ағымды
|
15 апта
|
8.Бақылау түрлері:
Ағымдық бақылау-сабаққа қатысу, лекцияның толықтығы, практикалық сабаққа жауап беру және ОБСӨЖ тапсырмасын уақытында орындау;
Аралық бақылау – тест
Қорытынды бақылау – емтихан тест түрінде
Бақылау әдістері: сұрақ, жазба жұмыстары, тестер, баяндама жазу, реферат және курстық жұмыс қорғау.
9. Бағаны қою саясаты
Үлгерімді ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүреді және дәрісханалық және дәрісханадан тыс білімдерін бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылауды бағалау (жіберу рейтингін бағалау) дәрісханалық сабақтағы ағымдық бақылау мен аралық бақылаудың (дәрісханадан тыс) бағаларынан құралады. Үлгерімді ағымдық бағалауда студенттің оқу жетістігі 100-ұпайлық шкаламен бағаланады, әр орындалған (сабақтағы жауабы, үй тапсырмасын тапсыруы, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), аралық бақылау) және ағымдық бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алған барлық бағаларының АИС «Platonus» орта арифметикалық қосындысымен есептеледі. Аралық бақылау ағымдық бақылаудың бір бөлігі болып табылады. Аралық бақылаудың мақсаты – білім алушының пәннің бір бөлігі, оқудың белгілі бір кезеңінде өтілген тараулар (тақырыптар) бойынша жетістіктерін тексеру.
Пән бойынша қорытынды баға ағымдық бақылау мен қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағаларын қамтиды. Студенттің оқу пәннің бағдарламасын меңгерудегі ағымдық үлгерімі қорытынды бағаның 60% құрайды. Қорытынды бақылаудың бағасы оқу пәнінің қорытынды бағасының 40% құрайды.
Емтихан АИС ЖОО «Platonus» жүйесінде тестілеу түрінде өтеді. Қорытынды бақылаудың бағасы аралық бақылаудың 60% және емтиханның 40% құралады және төмендегідей есептеледі:
ҚБ = 0,6 ЖР + 0,4 Е
Бағалау баламасы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Ұпайлардың цифрлық баламасы
|
%
көрсеткіші
|
ұпай
|
ECTS
|
Өте жақсы
|
А
|
4
|
95-100
|
95-100
|
А
(өте жақсы)
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
90-94
|
жақсы
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
85-89
|
В
(өте жақсы)
|
В
|
3,0
|
80-84
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
75-79
|
С
(жақсы)
|
қанағаттанарлық
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
65-69
|
D
(қанағаттанарлық)
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
55-59
|
Е
(орташа)
|
D
|
1,0
|
50-54
|
50-5
|
қанағаттанғысыз
|
F
|
0
|
0-49
|
0-49
|
F(FХ) (қанағаттанғысыз)
|
10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
Сабақтарға қатысу – міндетті түрде дәріс және тәжірибелік сабаққа қатысу.
Сабақ барысындағы тәртіп ережелері
дәріс оқылу барысында міндетті түрде дәріс жазу;
дәрістің бар болуы;
СӨЖ тапсырмаларына белсенділік және шығармашылық нәтижелер көрсету; сабаққа кешікпеу;
сабақ үстінде себепсіз сұранбау;
ұялы телефонды дыбыссыз қалыпта ұстау;
сабақта өзін-өзі дұрыс ұстау тиіс.
Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен техналогиялары пәні бойынша дәрістер
Дәріс №1. Кіріспе. Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология» түсінігі
Жоспары
Әлеуметтік жұмыс технологияларының түсінігі даму тарихы
Әлеуметтік технологиялардың классификациясы
Технология — (гр. «техне», көркемөнер, шеберлік, «лойке» – ақылдылық, ішкі заңдылық, ізділік дегенді білдіреді) бір нәрсеге әсер етуде қолданылатын әдістер жиынтығы. Технология бұл объектінің сапалы түрде қызмет етуіне қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесі. Бұл түсінік өндіріс саласында қалыптасқан.
Өндіріс саласында технология деп - өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс аталады.
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады. Әлеуметтік технология термині жаңа термин. Ең алғаш «әлеуметтік технология» ұғымын 1976ж. Н.Стефанова «Общественные науки и социальная технология» атты еңбегінде қолданған. Әлеуметтік технология – бұл қоғамдық қатынастарға жетудің нақты тәсілі, оның мәні операциялық қызметтің жүзеге асырылуы болып табылады.
Әлеуметтік технологиялар ХХ ғасырдың басында дами бастады. «әлеуметтік технология» ұғымы ХХ ғасырдың 40 ж. бастап қолдана бастады. Бұл түсініңтің ең басты термині « технология», машиналар немесе механизммен байланысты емес, ол көлемді түрде әлеуметтік ортамен байланысты.
Ғылыми жоспарда әлеуметтік технология Ресейде бірнеше этаппен дамыды, әрбір этап өз дамуында әлеуметтік мәселелрді оптималды шешуге тырысты.
1 этап – 1900-1917жж. бұл этапта өнеркәсіптің дамуы, қалалық халықтың дамуымен ерекшеленеді.
2 этап – 20 жылдар мен 30 жылдар аралығы, ресейде қазан төңкерісінен кейін болды. Әлеуметтік технологияның теоретикалық қалыптасуын қалағандар: Қараев, Сорокин, Богданов.
Караев өз концепциясында қоғамның қалыптасуын технологиялық кесте түрінде көрсетті.
Сорокин әлеуметтік жағдайдың жақсаруында өз әдісін және реконструкциясын қолданды. Әлеуметтік технологияның ұйымдастырылуында 4 принципке сүйенген және ол осы күнге дейін қолданылып жүр.
Реформалар адам табиғатына ешқандай кедергі жасамау керек.
Нақты әлеуметтік шараларды ғылыми түрде тексергенде практикалық реформалаған кезде әрдайым алда болып жүзеге аксырылуы керек.
Әрбір қайта құрылған экспериментті басында кішігірім материалды түрде тестпен өткізу керек, егер жағымды нәтиже алынатын болса, масштабты реформаны кеңейтуге болады.
Реформалар өмірде құүқықтық және конституциялық жолмен іске асу керек.
3 этап. 30-60 жылдар Батыста әлеуметтік технологияны түзеуде олардың теориялық дәлелденуі, үздіксіз мінездемеге ие, 40 жылдардың басында әлеуметтік сөздікте әлеуметтік технологиялар ғылыми анқтамалар пайда болған. Біздің елде ол әлеуметтік жұмыс туралы ешқандай сөз болмаған. «әлеуметтік технологиялар» термині қолданылмаған. Бірақ бес жылдық жоспарларда әлеуметтік мәселелер туралы сөз болған, 60 жылдар әлеуметтік жұмыстар жүргізілген, бірақ олар басқа терминдермен белгіленген.
4 (қазіргі) этап – 70-80 жылдары (кейбір жерлерде 90 жылдардан кейін) келесі белгілермен белгіленеді.
70 жылдары әлеуметтік жоспарлау туралы көптеген ғылыми жұмыстар жарық көре бастады. Онда әлеуметтік мәселелер, оларды шешу жолдары, еңбектің тиімділігі, еңбектің шарттары, әлеуметтік құрылымдар, материалдық жағдай.
80 жылдары әлеуметтік жоспарлау жоспары қолданыла бастады, себебі әлеумсеттік жоспарлаумен ол кезде толып кеткен әлеуметтік мәселелерді шеше алмады.
Әлеуметтік технологияның классификациясы. Әлеуметтік жұмыстың технологияларын классификациялау әр түрлі негіздерге байланысты: түрлерге, қолдану аймағына, деңгейіне байланысты.
Қолдану аймағына байланысты әлеуметтік технологияларға негізделіне отырып бөлінеді, өндірістің экономикалық – аумақтық мәселелерін шешуге қоғамдық – саяси, мәдени және әлеуметтің күнделікті мәселесін шешу.
Дәріс №2. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технология ерекшелігі
Жоспары
Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технология түсінігі, мәні.
Әлеуметтік жұмыс компоненттеріндегі әлеуметтік технологиялар
Әлеуметтік технология – бұл танымдық қызмет нәтижелерін қалай және қандай ретпен спецификалық операция жүргізу қажеттігін зерттейтін ғылыми білім кеңістігі.
Тар мағынада «әлеуметтік технологияның» 2 түсініктемесі бар:
Біріншіден, әлеуметтік технология - бұл қандай да бір нәтиже алуға қажеттіліктің пайда болуы негізінде нақты бір әлеуметтік объектіге мақсатты бағытталған процесс. Осыдан әлеуметтік технологияларды бір сапқа тізілген нақты прагматика деп атауға болады. Яғни әлеуметтік технологиялардың мынадай сатылары бар: 1) мақсат; 2) құрал; 3) нәтиже. Мақсат, құралдың координация және субординациясы, модельдеу және жобалау, критерий және баға жүйесі, мағыналы ұсыныстар және сценарийлер, әлеуметтік ұйымдастыру.
Екіншіден, әлеуметтік технологиялар бұл - әлеуметтік объектіге мақсатты бағытталған процессті зерттейтін теория, яғни осындай әсер етуге қажетті тиімді әдістер мен тәсілдерді өңдеп жасайды. Бұларды жасау барысында әлеуметтік объект мағынасына мән бермейді. Әлеуметтік объектілер қатарына әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік әсер ету, әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым жатуы мүмкін.
Әлеуметтік объект әлеуметтік жүйенің бөлігі, және басқа әлеуметтік объектілермен тығыз байланысты болғандықтан, әлеуметтік объектінің кез-келген өзгерісі басқа әлеуметтік объектілердің өзгерісіне әкеліп соқтырады. Сондықтан әлеуметтік технология барлық мүмкін болатын өзгерістерді ескеріп отыруы керек.
Жоғарыдағы айтып кеткендерге орай әлеуметтік технологиялар базалық және бөліктік деп бөлінеді.
Базалық технологиялар әлеуметтік объектіні стратегиялық (ұзақ мерзімге) жобалау. Базалық технологиялардың мәні: 1) жеке және қоғамдық, индивидуалды гармонизация; 2) табиғаты жағынан гуманизм нышаны бар мақсатты әлеуметтік технологияларды қолдану; 3) әлеуметтік субьектінің шығармашылық жіне белсенділік мүмкіншіліктерінің дамуы.
Бөліктік формасы бұл әлеуметтік объектіге тактикалы-оперативті (қысқа мерзімді) әсер ету. Бұған әлеуметтік конструкция жасау, қарым – қатынас пен операцияны реттеу, әр түрлі деңгейде әлеуметтік өзара қарым-қатынасты оптимизациялау.
Бүгінгі күні әлеуметтік технология мәніне екі негізгі көзқарас қалыптасқан.
Біріншісі, Дж.Томастың көзқарасы. Оның ойынша әлеуметтік технологиялардың мәні әлеуметтік тәжірибенің әр түрлі бағытына әлеуметтік инновациялар енгізгенде көрінеді екен. Оның ойынша инновациялық әлеуметтік технологияларға әлеуметтік зерттеулер, зерттеу бағдарламаларын өңдеу, модельдерді жасау, әлеуметтік эксперимент, жаңа әдістемелерді құру. Инновацияға оны шынайы жасайтын арнайы құралдар енеді. Әлеуметтік технологияларды жүзеге асыру – бұл: 1) әлеуметтік шындық пен әлеуметтік объектіге қорытынды жасау; 2) объектінің өзгерісіне қарай әлеуметтік технологияларды өңдеу; 3) әлеуметтік технологияларды тарату (еңгізу); 4)объекті ге технологиялық әсер етуден болған өзгерісті зерттеу; 5) әлеуметтік технологиялардың әсер ету барысынан шыққан нәтижені бағалау.
Әлеуметтік технологияларды қолдану қандай да болмасын тәжірибені іске қоспас бұрын осы іс-әрекеттің алдын-ала моделі, макеті, жобасы және т.б. жүзеге асыруға мүмкін болатын нұсқасы құрылады. Әлеуметтік технология мүмкін болатын тәжірибелік іс-әрекеттерді реттеп жүйелейді. Әлеуметтік технологияның мәні – не істеу керектігінде емес, қандай ретпен жүзеге асыруына көңіл бөледі. Әлеуметтік технология бұдан басқа тәжірибелік іс-әрекетті жобалап және болжап қана қоймай, оның салдарын да болжап жобалай алуы қажет. Сонымен, Дж.Томастың көзқарасы бойынша, әлеуметтік технология әлеуметтік әр түрлі тәжірибелерге әлеуметтік инновацияларды еңгізу инструменті ретінде қажет.
Екінші көзқарасты Н.С.Данакин ұсынған. Оның ойынша, әлеуметтік технологиялардың болуы әлеуметтік нақтылықпен байлансты. Себебі әлеуметтік технологиялар әлеуметтік процесстердің жылжуына себебші болады. Яғни, егер әлеуметтік технологияларды операциялардың бір ізділігі ретінде қарастыратын болсақ, онда ол әлеуметтік процесс болып шығады. Осы көзқарас бойынша әлеуметтік технологиялардың мәні объективті және субъективті жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік процестің дамуын оптималды жобалау.
Қандай да болмасын мәселені шешу үшін әлеуметтік технологияға жоба құру қажеттігі туады, оның өзі бірнеше процестен тұрады:
процесстің қалыптасуы;
оны мақсатқа бағыттау;
оны оптимизациялау;
оның тұрақтылығын қамтамасыз ету;
өзін-өзі реттеу механизмін жасау;
даму үшін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз ету.
Әлеуметтік - бұл қоғамдық құбылыс болғандықтан, әлеуметтік технологияларды түрлі кеңістік нышандары бойынша бөледі:
қоғамды құқықтық қамтамасыз ету;
саяси әкімшілік-билікті реттеу;
қоғамның экономикалық қызмет етуі;
компьютерлік байланыс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын ақапаратпен қамтамасыз ету;
рухани-мәдени даму.
Жоғарыдағы классификация негізінде әлеуметтік жұмыстың технологиясы қоғамның барлық кеңістіктерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Тар мағынада әлеуметтік жұмыс – бұл мемлекет тарапынан кепілдеме беріліп аз қамтылған әлеуметтік көмекті қажет ететін халықтың әр түрлі категорияларына әлеуметтік көмек пен қолдауды кешенді жүзеге асыру бағыты.
Қазіргі кезде елімізде әлеуметтік жұмыс жүйесінің институционализациясы жүріп жатыр. Перспективасында әлеуметтік қызметкердің қызмет кеңістігіне тек әлеуметтік көмекті қажет ететіндер ғана емес, сонымен қатар түгел әлеуметтік кеңістік жатады. Осыған орай әлеуметтік жұмысқа 3 кампонент енеді:
әлеуметтікжұмыс оқу пән ретінде;
әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде;
әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрі ретінде.
1.Әлеуметтік жұмыстың технологиялары оқу пән ретінде.
Әлеуметтік жұмыс оқу пән ретінде, оның технолгиялары тек білім ретінде емес, сонымен қатар ақпараттық және оқыту спецификасымен ерешеленеді. Әлеуметтік жұмысқа қызметкерлерді дайындауда оқу процесі технологияларына мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар, оқу жоспарлары, оқыту формалары мен әдістері енеді. Бұл жағдайда технология ретінде оқу формаларына дәрістер, практикалық және лабораториялық сабақтар, курстық және дипломдық жұмыстар жатады. Кең тараған технологияларға инновациялық оқу формалары білімді рейтингтік бақылау жүйесі, тестік тексеру, коллоквиумдар жатады.
Оқу пән ретінде әлеуметтік жұмыстың жалпы және жеке технологиялары бар. Жалпы технологиялар жүйесіне кез-келген әр түрлі халық категорияларымен жұмыс істеу барысында қолданылатын технологиялар: диагностика, алдын-алу, адаптация, реабилитация, коррекция, кеңес беру және т.б. жатады.
Әлеуметтік жұмыстың жеке технологиялары қолдау мен көмекті қажет ететін нақты категориялар мен әлеуметтік страталарға қолданылады. Әлеуметтік жұмыстың жеке технологияларына: жұмыссыздармен, девиантты мінез-құлқы барлармен, мүгедектермен, қарттармен, жасөспірімдермен, жастармен, аз қамтылғандармен, қашқындармен, бомждарен, миграттармен әлеуметтік жұмыс жатады.
Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрі ретінде.
Кең мағынада әлеуметтік жұмыс технологиялары халықтың барлық топтарына бағытталып халықтың өмір сүру деңгейін, әлеуметтік көмекті қажет ететін ададар санын төмендетуді көздейді.
Тар кәсіби мағынада тактикалық ерекшелікке ие әлеуметтік жұмыс технологиялары жатады. Елімізде экономикалық толық қанды дамымағандығының салдарынан әлеуметтік жұмыстың стратегиялық технологиялары жоқ. Мемлекеттік билік қазіргі уақытта «өт сөндіруші» рөлінде жүр, яғни терең әлеуметтік көмекті қажетсінетін адамдарға көмек көрсетуде. Мысалы: адрестік көмек көрсету концепциясын жатқызуға болады. Әлеуметтік жұмыс ғылымы мамандарының басты мәселесі әлеуметтік жұмыс тәжірибесіне сұранысқа ие әлеуметтік технологияларды және инновациялық технологияларды еңгізу болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс технологиялары ғылым ретінде.
Әлеуметтік жұмыс технологияларының ғылым ретінде ерекшелігі қазіргі кезеңдегі әлеуметтік жұмыс технологияларының негізгі даму заңдылықтарын анықтап отыру. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыстың перспективасын, жаңа бағыттарын, және болашақтағы даму тенденциясын болжайды. Алынған нәтиже негізінде ғылыми анализ жасалып, солардың нәтижесінде әлеуметтік жұмыстың инновациялық технологиялары өңделеді.
Дәріс №3. Әлеуметтік жұмыс модельдерінің технологиялық ерекшеліктері
Жоспары
Жүйелік теория және оның әлеуметтік жұмыс тәжірибесіне тигізетін әсері
Өмір, шешуші, әлеуметтік-радикалды, марксистік модель
Әлеуметтік жұмыста жүйелік идеялар Берталанфидің жалпы әлеуметтік теория жүйесінен бастау алады. Жалпы жүйе деген ұғым алғаш рет биолигия ғылымында қолданылған. Сол кезде биология ғылымында барлық организмдер жүйешіктерден құралған жүйелер деген. Осы теориялар жүйесіне сәйкес, әлеуметтік жүйе нақты емес тұтастықты білдіріп, қарым-қатынас, адамдар тәртібі мен қоғамдастықтарынан тұратын нақты тұрақты формалар.
Жуйе теориясының негізінде әлеуметтік қызметкер клиентті қоршаған әсер етуші факторларды анықтайды. Осыған орай әлеуметтік қызметкер клиентпен қосыла отырып клиентке көмек көрсетудің әртүрлі жолдарын іздестіре бастайды.
Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтанушыларға теориялар жүйесі әлеуметтік тәртібінде ауытқушылық бар адамдармен күрес ретінде түрлі бағдарламаларды өңдеуге септігін тигізеді. Бұл бағдарламаларды қолдану барысында түрлі әлеуметтік мекемелердің қатысуы көзделеді. Теориялар жүйесі әртүрлі әлеуметтік факторлар мен әлеуметтік процесстер арасындағы әлеуметтік байланыстарды анықтайды, бірақ әлеуметтік қызметкерге сол себептерді шешу жолдарын , амалдарын және пайда болған қорытынды нәтижесін қадағалауын көрсетпейді.
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде әлеуметтік көмекті қамтамасыз ететін, клиентке әсер ететін теориялық тұжырымдамалар жүйесінің рөлін үлкен алқап ретінде елестетуге болады. Осы жүйелерден дискомфорт жағдайындағы клиенттің мәселесін шешуге араласатын, нақты факторларға негізделетін әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің модельдері пайда болады. Қазіргі кезде теориялар жүйесі әлеуметтік қамсыздандыру, мемлекеттік және аумақтық халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамаларын өңдеуде кең қолданылады.
Әлеуметтік жұмыстың шешуші моделі.
Әлеуметтік жұмыстың бұл моделі бсқа модельдерден ерекшеленіп спецификалық мінездемеге ие. Оның қалыптасу негізіне қоғамның жеке мүшесіне жағымсыз әсер ету факторын төмендету енеді. Бұл модель көбіне отбасымен жұмыс барысында қолданылады, себебі отбасы мүшелерінің бір біріне қолдау көрстеуі олардың әлеуметтік дамуын белсендендіру мүмкін.
Шешуші модель көмек сұрап келгендердің барлығына көмек көрсетуге бағытталған. Алайда көптеген потенциалды клиенттер әлеуметтік көмек көрсету қызметінен көмек сұрау ниетінен айырылған. Мысалы: әлеуметтік көмек көрсету қызметіне қандай да болмасын көмек сұрап келген адам қызметкерлер тарапынан өзінің сұранымына жағымсыз жауап алатын жағдайды жатқызуға болады. Адам өз мәселесін толық түсініп оны жан-жақты қарастыру керектігін, және оны қандай жолмен шешу керетігін анықтай алмаған жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиентіне айналады.
Қазіргі кезде әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиентіне нақты адам топтарын жатқызамыз(аз қамтылғандар, жалғызбастылар, қарттар және т.б.). кейбір топтарда стереотипті көзқарас қалыптасқан, яғни олар әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиенті болу бұл ұятты құбылыс деп санайды. Көптеген адамдар әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиенттеріне менсінбеушілікпен қарап, кемсітіп отырады.
Әлеуметтік жұмыстың шешуші стратегиясы әр түрлі категорияларға қолдау көрсетумен қатар, көмек сұрап келген клиенттерге де негативті қарым-қатынасты жақсартумен айналысады. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің шешуші моделінің негізгі мәселесіне клиенттерге пайда болған мәселелерді шешуге жеке өзіндік потенциалды бағалай білуді үйрету.
Осы мақсатпен клиент өз мәселелерін шешу үшін арнайы оқытылады және үйретіледі. Бұл жағдайда «серіктестік қарым-қатынас» технологиясы қолданылады. Бұл технологияның мақсаты алғаш клиентпен кездесу барысында оның негативті реакциясын жеңе білу болып табылады. Негативизм ерте бала шақтан бастау алатынын, және бала шақтағы теріс тәжірибемен байланысты екендігін ескеріп, негативизмнің пайда болуын анықтау керек ( отбасының кедей екендігіне, немесе ата-аналардың мүгедектігіне ұялу, қандай да бір этникалық топқа жату, әлсіз денсаулық, дамудың ақырын жүруі және т.б.). Осының бәрі клиенттің әлеуметік рөлдерді орындау тиімділігін төмендетеді. Негативті блоктарды анықтап, оларды жоя бастаған соң, мәселесін шешуге талпынған клиентке қолдау көрсету керек.
Әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы қарым-қатынас негізінде офицалды қызмет орындарына, өз күшіне деген сенімсіздік жойылу керек. Әсіресе клиентте мұндай сезім бірінші мүмкіндіктің іске аспай қалуынан пайда болуы мүмкін. Әлеуметтік қызметкер клиенттің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, мотивацияларын ескеріп отыруы тиіс. Бұл әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмыс барысында бірнеше функцияны атқаратынын білдіреді: консультант (клиентте өзін-өзі бағалау сезімін тудырады), оқытушы (өзі туралы ақпараттарды алуға көмектеседі), тәрбиелеуші (клиентте өзінің спецификалық мәселелерін шешуде әлеуметтік дағды қалыптасады). Әлеуметтік жұмыстың шешуші моделі отбасы, микрорайон, қоғамдастықта қолданылады.
Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік – радикалды моделі.
Әлеуметтік – радикалды модельдің негізіне қорғау және «билікке ие болу», «әлеуметтік адвокатура», деңгейдің жоғарылауы және әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің өзіндік сана сезімін дамытуды ұйымдастыру енеді. Клиентті қорғау
моделі адам құқықтарын қорғау қозғалысының бөлігі болып табылады (расизмге, қарсы ұлттық қысымшылық сонымен қатар, ұзақ уақытқа сотталған қылмыскерлер және т.б.жатады).
Қазіргі кезде әлеуметтік – радикалды моделге кірмейтін маңызды бөлік бар, ол: «өкілеттілікті бөлу беру». Бұл модель клиенттерге көмек көрсету психологиясын сипаттамайды. Клиентке дербестік бере отырып, оның өз өмірін жеке индивидуалды бағалауына мүмкіндік береді. Жеке жауапкершілікпен өзін өзі бақылауды жоғарлату мақсатындағы өкілеттілікті бөліп беру технологиясы әлеуметтік жұмыстың когнитевті және гуманисті әдістер.
Әлеуметтік жұмыстың бұл моделі клиенттің әлеуметтік және индивидуалды субъектівтілігін дамытуға бағытталған.
Әлеуметтік жұмыстың Марксистік моделі.
Әлеуметтік жұмыстың бұл моделдің негізіне қоғамдағы позитивті өзгерістерге бағыттылып және клиенттің сана сезімін жоғарлататын біріккен ұжымдық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметкердің, белгілі бір күшке ие іс әрекеті жатыр. Бірақ, бұл күштің бағыттары, бұл моделдің әр түрлі модификацияларында түрліше қарастырылады, мысалы, бір жағдайда әлеуметтік қызметкердің функциясы әлеуметтік қадағалау болса, басқасында әлеуметтік «стабилизатор», әлеуметтік «адвокат», әлеуметтік «дәрігер», әлеуметтік «педагог». Әлеуметтік жұмыстың Марксистік моделі құрылымдық деңгейде дамыды. Оның негізіне КСРО-ға тәуелді дәстүрлі мекемелер кұрды:денсаулық сақтау министерлігі, ішкі істер департаменті білім, комуналды шаруашылық және т.б. Әлеуметтік жұмыстың марксистік моделінің психоәлеуметтік деңгеймен толықтырылуы, қазіргі қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызады. Мысал ретінде, Швецияны алуға болады, онда әлеуметтік жұмыстың құрылымдық және психоәлеуметтік деңгейінің біріктірілуі 30 жыл бойы жүзеге асырылған. Клиенттерге әлеуметтік көмек көрсету әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасында психологияда, педагогикада, әлеуметтік жобалау технологияларына түрлі методикаларға сұраныс тудырды.
20 ғасырдың 60 жылдарынан бастап әлеуметтік жұмыс практикасының дамуы барысында, әлеуметтік терапияны тиімді қолданып, жетістікке жету үшін, клиент әсерді әлеуметтік қызметкерден ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамнан, отбасы, көрші, таныстардан алу керектігі көрсетілген.
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі экологиялық теорияның «Өмір моделі»
Әлеуметтік жұмыстың теориялық жүйесінде әр түрлі ғылымдардың объектісіне айналатын, пәнаралық ерекшелігі бар мәселелерді бөліп көрсетуге болады. Т.Парсонс әлеуметтік жүйе мен организм арасында белгілі бір шекара қою керектігін ұсынған. Яғни психологиялық және әлеуметтік сала бір-бірінен дербес болу керек деген. Егер де әлеуметтік кеңістікте мәселе туындайтын болса, психологиялық жүйе адамды қорғап қалады деген. Егер де осы жүйе бұзылатын жағдай болса, тұлғаның дезадаптациясына әкеліп соқтырады. Мұндай әлеуметтік-психологиялық мәселелерге статустың өзгеруі, жеке-тұлғалық кеңістіктің қайта құрылуыжатады (қашқындар, мигранттар және эмигранттар).
Әлеуметтік қызметкер клиентпен психоәлеуметтік жұмыс жүргізу барысында, қоғамдағы әсер ететінәлеуметтік факторларды және шарттарды, екінші жағынан – жаңа өмір ортасына тиімдіі бейімделу механизмдерін, үшінші жағынан – клиенттерде дербес түрде бейімделу дағдыларын қалыптастыруға үйрету қажет. Осылайша әлеуметтік қызметкер осы модельді қолдана отырып клиентке мәселені шешуге көмектеседі және өмір сүру кеңістігіне де әсер етеді.
Дәріс №4. Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы: өзіндік байланысы
Жоспары
«Технология», «әдіс» ұғымдары
Әлеуметтік жұмыс әдісі мен технологиясының байланысы
Технология — (гр. «техне», көркемөнер, шеберлік, «лойке» – ақылдылық, ішкі заңдылық, ізділік дегенді білдіреді) бір нәрсеге әсер етуде қолданылатын әдістер жиынтығы. Технология бұл объектінің сапалы түрде қызмет етуіне қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесі. Бұл түсінік өндіріс саласында қалыптасқан.
Өндіріс саласында технология деп - өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс аталады.
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады. Әлеуметтік технология термині жаңа термин. Ең алғаш «әлеуметтік технология» ұғымын 1976ж. Н.Стефанова «Общественные науки и социальная технология» атты еңбегінде қолданған. Әлеуметтік технология – бұл қоғамдық қатынастарға жетудің нақты тәсілі, оның мәні операциялық қызметтің жүзеге асырылуы болып табылады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің тұрл ері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
2. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары. Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге болінеді. Өндірістікке табиғи шикізаттарды (мұнай, ағаш, т.б.) оңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады.
Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға әлеуметтік жұмыстағы клиентпен жұмыс жүргізу технологияларын жатқызуға болады. Ол әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы - өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс-қимылдардық орындары алмастырылып, нәтиже төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктелген процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор рөл атқарады. Мысалы, әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмыс барысында одан кері байланыс алу керек , сонда ғана әлеуметтік тиімді нәтижеге жетуге болады. Яғни әлеуметтік қызметкер көмек көрсету мақсатында қолданған әдістерде клиент оң нәтиже көрсетуі тиіс.
Әдіс , метод (гр. methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады. Педагогика саласында әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады. Әлеуметтік жұмыста – әдіс- клиент мәселесін максималды шешу барысында, мақсатқа қысқа жол табуда қолданылатын амалдар жиынтығы деп түсіндіріледі.
Әлеуметтік әдіс - саяси шынайылықты зерттеудің анағұрлым іргелі әдістерінің бірі. Ол белгілі бір жалпы-әлеуметтік теорияға негізделуі керек: саяси шынайылықтың (қондырманың) қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан қатаң тәуелділігін анықтайтын қоғамдық дамудың марксистік тұжырымы; саяси дамуды көп факторлы процесс ретінде қарастыратын әртүрлі позитивтік мектептер; әртүрлі елдердегі саяси процестерді тұйықталған жүйе ретінде қарастыратын қоғамдық дамудың тарихи-мәдени түжырымдамасы. Әлеуметтік әдістің құндылығы оның саяси өзгерістердің себебін тереңнен іздеуге негізделген қайнар көзі ретінде адамдардың әлеуметтік жіктемелілігінен шығатын мүдделер алуандығы. Бұл әдіс негізгі әдістердің бірі ретінде саяси ғылымда да және саясаттанудың саласы ретінде өзіндік білім жүйесімен енді қалыптасып келе жатқан саяси әлеуметтануда да кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдістер
Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Бүкіл танымдық әдіс негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады.
Дәріс №5. Әлеуметтік жұмыс әдістері, оның классификациясы
Жоспары
Әлеуметтік жұмыс әдістері.
Әлеуметтік жұмыс әдістерінің классификациясы
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби әдістері әр түрлі болып келеді. Олар былай топтастырылады:
Әлеуметтік жұмыстың формасы мен бағыты (ұйымдық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-экологиялық)
Әлеуметтік жұмыс объектісі бойынша (жеке, топтық, жалпы)
Әлеуметтік жұмыс субьектісіне (жеке мамандықты қолданумен әлеуметтік әлеуметтік қоғам ұжымы, әлеуметтік жұмысты басқару органы.
Әлеуметтік жұмыс басқа объектілер бойынша да топтастырылады. Топтарға жеке әлеуметтік қызмет жатады. Бұл топтастыру әдістері бір жағынан жалпы ғылымдық жоспарда қолданылады, екінші жағынан әлеуметтік жұмыс әдістерін жасайды. Әлеуметтік жұмыста көптеген әлеуметтік әртүрлі әдістер бар: мәлімет жинау, оны өңдеу, эмпирикалық зерттеу, теоретикалық жобалау. Ал екінші жағынан клиенттің әлеуметтік мәселесін шешудегі әдістерді қолданады.
Әлеуметтік жұмыс әдістері:
Жеке жұмыс әдісі – тұлға жаңа өмір жағдайына бейімделу процесіне өзара әрекет ету арқылы субьективті көмек көрстетеді.
Әлеуметтік әдіс барысындағы әлеуметтік қызметкердің қызметі:
1) біріншілік байланысты құру және клиенттің әлеуметтік жағдайындағы қажеттіліктерді анықтау;
2) клиент мәселесін зерттеп талқылау;
3) әлеуметтік көмек қажеттілігін мотивациялау;
4) мәселені концептуализациялау;
5) шешімді зерттеп анықтау;
6) стратегиялық бағытты анықтау;
7) шешілген мәселені жүзеге асыру.
Топпен әлеуметтік жұмыс әдісі – топпен жұмыс істейді, топта әр қайсысымен жеке жұмыс жүргізіледі. Бұл жағдайда адамдардың әрекеттерін анықтайды, пайда болған қиындықтар мен мәселелерді тиімді шешілуіне ықпал етеді.
Қоғамдағы әлеуметтік жұмыс – әлеуметтік қоғам тұрақты жиынтыққа жатады, бұл адамның бірлескен өмір әрекеті. Әлеуметтік жұмыс қоғамда жеке топтың, ұжымның жалпы мәселесін анықтауда келесі принциптерге негізделеді:
әлеуметтік диагностикалық;
әлеуметтік болжау;
микроәлеуметтік ортада әлеуметтік жоспар құру;
әлеуметтік терапевтік;
қоғамдағы практикалық жұмыс.
Әлеуметтік жұмыс әдістерінің классификациясы:
Биографиялық әдіс – ол қоғамның өмірінің субьективті жақтарын зерттейді. Клиентпен жеке жұмыс істегенде әлеуметтік қызметкер оның құқығын есепке алуы тиіс. Биографиялық тәдістің әр түрлі формалары интервью, фотосурет, автобиография.
Ұйымдық әдіс – әлеуметтік жұмыстағы ұйымдық мәселелерді шешу. Оларға:
ұйымдық бөліну;
ұйымдық координация;
ұйымдық инструктор жатады.
Педагогикалық әдіс – адамға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрстеуге бағытталған. Бұл әдістің 3 негізгі топтары бар:
жеке тұлғаны иқалыптастыру әдісі (түсінік, пікір, сенім, баға);
ұйымдық танымдық әдісі, практикалық қызмет (тапсырма, жаттығу, арнайы тәрбиелеуші жағдаяттар құру);
индивидтің стимулды қызмет әдісі, негізінде тұлғаның дамуына, әлеуметтенуіне, қызмет етуіне бағытталған.
Әлеуметтік –психологиялық әдіс бұл кешенді әдістер бірнеше топқа бөлінеді:
психологиялық зерттеу әдістемесі:
Диагностикалық әдіс жеке тұлға ерекшелігінің психологиялық өзегерістерін зертеу.
Психологиялық генетикалық – адамдардың жеке психологиялық ерекшеліктерін генотип рөлі және қоғам арқылы қалыптастыру.
Лонгитюдті әдіс – тұлғаныі өмірлік циклындағы индивидуалды өзгерістері және жас ерекшелік дипазондарын анықтайды.
Өмір жолын зерттеу әдісі – адамда дүниеге келгеннен қаза болғанға дейінгі индивидуалды дамуын зерттеу.
Психологиялық әдіс – адам компонентінің психологиялық жоғарлауы жаңа ресурстарды қалыптастыру адамның алдында тұрған тапсырманы шешуге қиындықтар мен өмірлік кризисті жеңу.
Әлеуметтік-экономикалық әдіс – бұл әдіс-тәсілдер арқылы тұлғаның қызығушылығын және қажеттілігін қанағаттандыру (қаржы, жеңілдік, бір жолғы жәрдемақы, патронаж) әлеуметтік жұмыстағы экономикалық әдістерге:
А) статистикалық;
Б) математикалық;
В) тепе-теңдік;
Г) индекстік;
Д) динамикалық
Дәріс №6. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері
Жоспары
Басқару әдісінің ұғымы
Басқару әдістерінің классификациясы, принциптері
Басқару – бұл жүйелі, қоғамға арнайы ұйымнан ықпал, яғни оның мақсаты әлеуметтік іс- әрекет құрылымын өзгертіп, жаңарту. Қоғамның нақты және күрделі мәселелерін шешудегі түрлер мен әдістер арқылы ықпал етуге болады. Ықпалдың мақсаты – объектілер, субъектілер, құбылыстар мен әлеуметтік процестерді функционалдау. Осыған орай, біз ерікті немесе еріксіз түрде әлеуметтік процесстерді технологизациялауға тап боламыз, бұл дегеніміз:
өзара байланысқан процессті этаптарға, фазалар мен операцияларға бөлшектеп, шектеу.
Нақты нәтижеге жету үшін іс- әрекеттерді координация мен этаптарға бағыттау.
Технологияға қосылған процедуралар мен операцияларды бір мағыналы орындау.
«Әлеуметтік технологиялар» термині біздің отандың қоғамымызда жақында пайда болды, бірақ елде әлеуметтік технологиямен айналысқан жоқ деп те айтуға болмайды.Ол үшін әлеуметтік технология мен әлеуметтік басқарустадиясын салыстырайық:
Әлеуметтік технология:
Теологиялық негіздеу;
Технологиялық процедуралар;
Технологиялық құралдар;
әдістер мен критерийлер;
экономикалық- гуманитарлы қамсыдандыру;
ішкі енгізу этаптары.
Әлеуметтік басқару:
басқару мәселелерін қою;
керек ақпараттарды жинау;
шешім қабылдау;
қабылданған шешімнің орындаған ұйым;
бақылау.
Әлеуметтік технологияларды классификациялау әр түрлі негізге байланысты жүеге асырылады: деңгейге, түрлерге, қолдану аймағына байланысты және т.б. Ол әдістер мен білімді пайдалану арқылы, объектілерді (құбылыс, топ адамдар т.б.) дифференциациялау арқылы базаланады. Олардың әр біреуіне анық белгіленген ықпал жасауға болады. Оның мақсаты әрі қарай функционалдау мен дамытып жаңарту.
Басқару мамандары әр түрлі әлеуметтік технологияларды бөліп қарастырады:
Әлуметтік технология көлеміне байланысты қоғам мәселесін шешеді. Ол әлемдік даму тенденциясын олардың білімдері мен әдістерін шешуге бағытталған.
Инновационды әлеуметтік технология бұл қоғам өмірінің әлеуметтік сапасын өзгертуде жаңа материалдық және басқа да ресурстарды қолдану.
Аймақтың әлеуметтік технологиясы белгілі бір ұйымның әлеуметтік өмірінің территориалды заңдылықтарын зерттеп, оны іске асыруға бағытталған.
Ақпаратты әлеуметтік технология ақпараттың процесстердің функционалдау және оптимизациялау әдістері мен түрлерін қамтиды.
Интеллектуалды әлеуметтік технология бұл адамның шығармашылық қабілетінің дамуына бағытталған.
Тарихи әлеуметтік технология технологияның саяси, рухани, экономикалық, тарихи заңдылықтарын білімдерін әлеуметтік диагностикалау.
Демографиялық әлеуметтік технология халық құрамын, санын, оның орналастыру әдістерін зерттеуге бағытталған.
Саяси әлеуметтік технология саяси мәселелерді шешіп, оны жүзеге асыру.
Психофизиологиялық әлеуметтік технология бұл адамның ішкі факторларын өзгертуге бағытталған, яғни бұл технология халыққа әлеуметтік медициналық қызмет көрсеткенде қолданылады.
Қоғам өмірінің әлеуметтік технологиясы әлеуметтік жұмыстың тәжірибесінде базаланады. Ол әлеуметтік ғылымдардың ашылуымен байланысты, мысалы: әлеуметтану, әлеуметтік жұмыстың технологиясы, басқару теориясы, құқық, педагогика, валеология және т.б.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясын анализдегенде, әлеуметтік жұмыс- бұл әлеуметтік жүйе түрлері, адамдармен,олардың арасындағы қарым- қатынасын жасайтынын ескеру қажет. Әлеуметтік жұмысты оқу процесі ретінде қарастырғанда әлеуметтік технология әлеуметтік жұмыстың толық мағынасын ашады, яғни оның негізіне бағытталған, құралдарын, әдістері мен ұйымдарын.
Технологияның оқу процесі стандартқа негізделген, яғни өзнің программасы, жоспары және оқу тәртібі бар. Сонымен қатар, оқу формасын таңдауға болады (күндізгі, сырттай оқу, кешкі оқу).
Ресей мен Шет елдегі теория мен практикасыхалықтың түрлі топтарға бағытталған әлеуметтік жұмысты көрсетті. Бұл дегеніміз әлеуметтік бақылау, әлеуметтік профилактика, әлеуметтік терапия, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет ету. Әлеуметтік жұмыстың технологиясын жалпы (барлық объектілер) және жеке (асыраушы) етіп қарастыру қажет. Мысалы: зейнеткерлерді үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Мемлекеттің көрсететін көмегі:
Үйге азық- түлік жеткізу;
Медициналық жағдайлармен көмек көрсету;
Тазалыққа сәйкес үй- жай мен қамтамасыз ету;
Құжаттарды рәсімдеу, әлеуметтік көмек көрсету;
Дүниеден өткен жалғыз басты қарттарды жерлеуге материалдық көмек көрсету.
Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуі үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару процесінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару процесін қалыптастыратын жекелеген операцияларды, процедураларды, жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіңдер:
- мақсаттарды анықтаудың ережесі;
- басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;
- нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
- жекелеген міндетті істерді орындау әдістері: болжау және т.б.
Осылайша, тек жекелеген жұмыстарды орындауға келетін басқару процесінің әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, ол (басқару әдістері) басқару объектісіне ықпал етудің аяқталған актісін сипаттайды.
Дәріс №7. Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық әдістер
Жоспары
Әлеуметтану (социология) ғылым ретінде, пәні мен объектісі, функциялары
Социологиялық зерттеудің әдістері және техникасы.
1. Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі. Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.
Атақты ағылшын ғылымы ДЖ.Херд «Әлеуметтануға кіріспе» еңбегінде, әлеуметтану адамзат қоғамы жөнінде ғылым ретінде белгіленеді. Оның отандасы Э.Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта айқындалу формаларында қарастырады. «Әлеуметтану – бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу».
Әлеуметтану біржарым ғасыр аралығында өмір сүріп жатыр. Осы аралықта әртүрлі социологиялық ағымдар, бағыттар, мектептер қалыптасты. Олардың әрқайсысы өз пән саласын айқындады және оны белгілі танымдық нәтижилер шектеулерінде жетті.
Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.
Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеуметтануға идеологиялық – апологетикалық роль берілді.
Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.
Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.
В.А.Ядов «Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым» деп жазады.
Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда - еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.
Әлеуметтану функциялары
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
Әлеуметтанудың қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға - барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.
Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.
Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын - саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |