Технология пәні бойынша шығармашылық жобаны үйретудің әдістемесінің үлгісі Тақырыбы: «Шығармашылық жоба. Ою- өрнектің жобасы»



Дата19.11.2018
өлшемі78 Kb.
#20475

Технология пәні бойынша шығармашылық жобаны үйретудің әдістемесінің үлгісі

Тақырыбы: «Шығармашылық жоба. Ою- өрнектің жобасы»

Мақсаты: Шығармашылық жоба туралы білімдерін арттыра отырып, жоба 
жасау және оны қорғауды үйрету. Ою- өрнек туралы түсінік беру. 
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзінің қиялын, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту. 
2. Оқушының ізденімпаздығын, іскерлігін, шеберлігін, икемділігін арттыру, жоспар құруды үйрету алдында қойған мақсаттарына жету, қабілеттерін дамыту. 
3. Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру. 
Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын үйрету. 
Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, музыка. 
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. 
Сабақтың типі: Аралас сабақ. 
Сабақтың негізгі әдістері: сұхбаттасу, өздік жұмыс, компьютермен жұмыс, практикалық жұмыс. 
Сабақтың жабдықталуы: компьютер, слайд- презентация ( Қазақтың ұлттық өрнектері), ою-өрнек түрін жасайтын түсініктеме-карточкалар, ою-өрнек жасауға керекті құралдар. 
Жобаның орындалу барысы. 
Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. 
Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс. 


I. Ұйымдастыру бөлімі: 


II. Үй тапсырмасын сұрау: 
1) Шығармашылық жоба дегенді қалай түсінесің ? 
2)Жобаға қандай тақырыптар алуға болады ? 
3) Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. 


Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 


Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы біліктілігіне, технология пәнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніне тікелей байланысты. 
Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. 
Бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады. 
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын- ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды. 
Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жұмысын таңдауы қажет. 
Сонымен, шығармашылық жоба- бұл оқушының мұғалімнің басқаруымен орындаған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы. 
Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау. 


ІІ. Сабақтың бірінші этапы: Жаңа тақырыпты түсіндіру. 
Өрнек дегеніміз не? Мал түріндегі өрнек, өсімдік түріндегі өрнек, геометриялық өрнектерді мультимедиялық тақтада көрсету. Оқушылар жұмыс дәптеріне өрнек туралы мәліметтерді жазып, өрнек стильдерінің суретін салады. 
Қазақтар тұрмысында, киімінде өрнекті көп қолданған. Қазақ өрнегінің ерекшелігі: фон мен суреттің тепе-теңдігі. 
Ал ақ пен қара түстің қолданылуы өмір мен өлім күресін көрсетеді. Оқушыларға өрнек түрлері туралы слайдтар көрсетіліп, өнер тарихынан мағлұмат беріледі. 
Сабақтың екінші этапы – ақпараттық түсіндіру. 
Өрнек түрлерін көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру. 
Мысалы: Сынық мүйіз – киізді, киімді өрнектеу үшін қолданылады. Түстері: қызыл, қоңыр, қара, сары, сарғыш. Әсіресе түскиізді өрнектеуде қолданылады. 
Үшінші этап: Компьютерде жасау жолы: 
1.Торкөзжасау 
2. Оны бүктеу және қайталау 
3. Басқа түспен өрнекті салу 
4. Салған өрнекті түспен толтыру 
5. Оны бұрып, қайталау 
6. Қағазға бастырып шығару 
Төртінші этап: Оқушылардың практикалық жұмысы. 
Бекіту: Берілген алгоритм бойынша өрнек түрін салу, оны матаға түсіру. Берілген өрнектерден композиция жасау. 
Бағалау: Оқушылардың компьютерде және матада жасаған композицияларын бағалау. 
 
Үйге тапсырма: Түскиіз өрнегін жасап, суретін дәптерге салу. 
 
Қорыта келгенде, компьютер және ақпараттық технологиялар оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оқушының өзіндік қызмет жасауына, шығармашылығының дамуына бағыттайды. 

Қазіргі заманның даму қарқынында компьютерлік технологияны білім беруде кеңінен қолдануға мүмкіндік туады. Енді сол технологияны меңгеріп, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру, мұғалім алдында тұрған үлкен міндет. 
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етудің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағыландырады. 
Оқушылардың шығармашылығын әртүрлі сайыстар мен байқауларға қатыстыра отырып, жасаған жұмыстарына бағасын шығару. Оқушыларға шығармашылық жоба жасаудың немесе шығармашылыққа баулудың жолдарын түсіндіру, жұмыстарына бағыттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау