Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Әлеуметтанулық сұрақ-жауап



жүктеу 4,31 Mb.
бет3/12
Дата14.11.2017
өлшемі4,31 Mb.
#247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2. Әлеуметтанулық сұрақ-жауап — алғашқы ақпаратты жинаудың кең тараған әдістерінің бірі. Мәліметтерді жинаудың бұл әдісі арқылы зерттеуші респонденттен (жауап беретін адам) тікелей ақпарат алады, сондай-ақ оның жауаптары жалпы халық немесе оның бөлігі бойынша сәйкестендіріледі және қорытындылар шығарылады.

Қолданбалы зерттеудің бағдарламасының құрлымы. Қолданбалы зерттеудің бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрады:зерттеудің проблемасын тұжырымдау, зерттеу объектісі және пәнін анықтау, зерттеудің мақсат міндеттерін тұжырымдау, негізгі түсініктердің интерпретациясы және операционализациясы, гипотезаларды анықтау сонымен қатар іріктелген жиынтықтың санын есептеу.



Проблема – бұл әлеуметтік, өмірлік қайшылықтар, осы қай-шылықтарды шешуге нақтылы бағытталған әрекеттерді қажнт ететін мәселелер. Ғылыми проблема – бұл “білместік туралы білім” жағдайы.

Зерттеудің мақсаты соңғы нәтижеге бағыттайды, ал зерттейдің міндетттері қойылған сұрақтарға жауап береді. Зерттеудің міндеттері мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі.

Негізгі түсініктердің интерпретациясы деген зерттеуге қатысты түсініктерді «бөледі».

Келесі кезеңі – операционализация. Зерттеуде көрсетілген түсініктерге анықтама береді.



Гипотеза – ғылыми болжам, яғни қандай да бір фактілерді, құбылыстарды және үдерістерді түсіндіреді, оларды дәлелдеу немесе теріс шығару керек.

Зерттеудің инструментариі деген социологиялық зерттеуді өткізу құралы.

Іріктелген жиынтық (іріктеу) – жалпы жиынтықтың микромоделі, яғни берілген процедураларарқылы алынған жалпы жиытықтың элементтері.

Әр зерттеудің өзінің объектісі болады, ал объект ол зерттелетін проблеманың иелері. Зерттеу объектісі жалпы жияынтықты құрайды, оның көлемі кең және күрделі болуы мүмкін. Сондықтан, іріктелген жиынтықты құру керек.

Іріктеудің репрезентативтілігі деген ол жалпы жиынтықтың барлық параметрлері бойынша іріктелген жиынтықтың сәйкес келуі. Іріктеудің жалпы жиынтыққа сәйкестендірілуі іріктеу қатесі деп аталады. Іріктеу қатесінің шектеулері зерттеудің мақсатына байланысты. Іріктеу қатесінің көлемі зерттеудің сенімділігі анықталады. Жоғары сенімділік – іріктеу қатесі 3% дейін, қалыпты – 3 – тен 10% дейін (көбінесе 5%), жақындатылған – 10 – нан 20% дейін және бағыттаушылық – 20-дан 40% дейін. Сынау зерттеулерде іріктеудің қатесі жақындатылған немесе бағыттаушы болса, аналитикалық және бейнелеу зерттеулерде кем дегенде қалыпты болуы тиіс (5%).

Қолданбалы социологиялық зерттеулерде кездейсоқ, квоталық әдіс, сериялық іріктеу әдісі, «снежный ком» әдісі қолданылады.

Сұрақ-жауаптың түрлері. Анкеталық сұрақ-жауап әдісінде реттілік, сұрақтардың мазмұны және түрі, жауаптарды беру жолдары және оларды тіркеу тәсілдері бекітілген.

Интервью – интервьюердің немесе аудиотехника арқылы жазылған зерттеушінің респондентпен әңгіме. Ең кең тараған интервьюдің түрі ол формальданған (стандартталған) интервью, онда қойылатын сұрақтар бір реттілікте сұрақ парағында көрсетілген.

Фокус-топ топтық динамика эффектісін қолдануына негізделген. Бұл әдістің ерекшелігі – топтық дискуссия маманның (модератордың) жетекшілігімен өткізіледі базируется на использовании эффекта групповой динамики. Бұл әдістің негізгі қасиеті ол аз уақыт ішінде респендент тобынан толық ақпаратты алу.

Құжаттарға талдау жасау зерттеушіге әлеуметтік өмірдің маңызды жақтарын көруге мүмкіндік береді, адамдардың, топтардың қарым – қатынас динамикасын бақылауға және әлеуметтік құрлымның ерекшелігін бейнелеуге және бір тарихи кезеңдегі қоғамға сәйкес келетін нормалармен құндылықтарды қондыруға көмектеседі. Контент-талдау (англ. contents - мазмұн) ментальды, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерді берілген мәтіндердің мазмұндарын формальды зерттеуін қажет ететін ғылыми әдіс.

Контент-талдау сыртқы белгісі бойынша құрлымы және мазмұны бойынша инвариантты, бірақ жалпы ұйымдастырылмаған және жүйеленбеген мәтіндік массивті зерттеу үшін қолданылады. Зерттеушіні қызықтыратын белгіге бір немесе бірнеше факторлардың әсерін тікелей бақылайтын жақдай эксперимент, - деп аталады. это опытное исследование воздействия отдельного фактора (или нескольких факторов) на интересующую исследователя переменную. Зертханалық эксперимент теориялық гипотезаны тексеруге бағытталған. Далалық эксперимент – бағалы зерттеулерді тәжірибеге енуіне бағыттайды. Бақылау – зерттеушінің болып жатқан оқиғадларды тікелей тіркеу.

Ақпаратты өңдеу әдістемесі және оның қорытындыларын талдау.

Социологиялық зерттеудің мәліметтері өз бетінше жалпылама қорытындылар бере алмайды, тенденцияларды анықтауға және гипотезаларды тексеруге болмайды. Социологиялық зерттеудің қорытынды кезеңдерінің мақсаты ол қорытындылар және ұсыныстарды беру, жиналған мәліметтерді жалпылау және талдау. Реттелген мәліметтерді кесте, схемелар, графиктер және диаграмма түрінде бейнелеп беру. Социологиялық зерттеудің эмпирикалық мәліметтерді талдаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетеді: бейнелеу, түсіндіру және болжам.

Бақылаудың бірліктерін топтастыру -әлеуметтік ақпаратты бейнелеудің алғашқы және қарапайым түрі. Типтелендіру деген әлеуметтік объектінің тұрақты қатынастарын іздеу. Әлеуметтік ақпаратты топтастыру – сәйкес немесе қарсы келетін белгілері бойынша классификациялау және тәртіпке келтіру. Эмпирикалық және теориялық типтелендірулер бөліп көрсетіледі. Социологиялық зерттеулердің қорытындылары есеп ретінде жазылады. Есепте қойылған мақсат-міндеттер бойынша мәліметтер және қосымшалар беріледі.



Социологиялық зерттеудегі сауалнама мен әңгімелесу артықшылықтары


сауалнама

әңгімелесу

1. сауалнама жүргізу зерттелетін объекті туралы жалпы түсініктеме береді.

1.әңгімелесу кішігірім топтағы адамдармен жүргізу барысында олардың тәртіптерін бақылауға мүмкіндік береді.

2. респонденттің жеке бас ішкі дүниесіне сауалнама алушы тұлға ешбір әсер тигізбейді.

2. әңгімелесуде формальды емес сенімді атмосфера қалыптасуы мүмкін.

3. сауалнама жүргізу барысында интервьюердің болмауы респондентке анонимділік сезімін жоғарылатып адекватты жауап беруге септігін тигізеді.

3. интервьюердің респондентпен қарым-қатынасы респондентте әңгімелесу барысында сұрақтарға мәнді жауап беруіне негіз болады

4. сауалнамаға жауап беру барысында респондент сұраққа жауап беру уақытын өзі белгілейді.

4. әңгімелесу барысында интервьюер барлық қойған сұрақтар тізіміне жауап ала алады, ал сауалнамада респондент жауап бергісі келмеген сұрақтарды тастап кетуі мүмкін.

5. сауалнаманы арнайы мамандығы жоқ кадрлар жүргізе алады.

5. әңгімелесу алдын-ала дайындалған сұрақтар тізімі бойынша немесе еркін түрде жүргізіледі.

6. сауалнама көмегімен қысқа мерзімде керекті ақпаратты жинап алуға болады.

6. әңгімелесуді сұрыптау нәтижесінде қандай да белгілі бір тұлғадан ақпарат алу қажеттігі туған жағдайда, әңгімелесуді нақты сол адаммен жүргізіп жатқандығы туралы сенімділік мол болады.



Дәріс №8. Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістер
Жоспары

  1. Психолгия ұғымы, оның таптастырылуы

  2. Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістердің түрлері


Психологияадамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

1. Еңбек психологиясы Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.

3. Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.

4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.

5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).

6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.

7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.

8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.

9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді

Қандай да болмасын ғылым факттың негізінде құрылады. Фактілерді жинай отырып, қорытынды жасап зерттейтін ғылымның заңдылықтарын белгілейді.

Ғылыми психологияның ерекшелігі – өз зерттеуінде ғылыми әдістердің толық арсеналын қолданады.

Психологиялық зертеу әдістерін төмендегідей бөліп көрсетуге болады:

a) экспериментальды емес психологиялық әдістер;

б) диагностикалық әдістер;

в) экспериментальды әдістер;

г) қалыптастырушы әдістер.

А) эксперименталды емес психологиялық әдістер

Психологиялық зерттеудің экспериментальды емес әдістерге: бақылау, сауалнама, әңгімелесу, монографиялық әдістер жатады.



Б) Диагностические методы

Диагностикалық зерттеу әдістеріне әртүрлі тесттер, яғни зерттеушіге объектісін жан-жақты зерттеп диагноз қоюға септігін тигізетін әдістер жатады.

Тест – зерттеліп жатқан адамның психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында құрылған стандартталған тапсырмалар жиынтығы.

В) Экспериментальды әдістер

Экспериментальды әдістердің экспериментальды емес әдістер мен диагностикалық әдістерден айырмашылығы, зерттеу барысында зерттелетін объектінің қызметіне тікелей араласу мүмкіндігін тудырады.

Экспериментальды әдістердің ерекшелігі:

А) зерттеліп отырған адамның психологиялық ерекшелігіне әсер ететін арнайы психологиялық жағдайларды ұйымдастыру;

В) зерттеу барысында осы жағдайлардың өзгертілуі.

Психологияда экспериментальды әдістің негізіг 3 түрі бар:

1. табиғи (полевой) эксперимент.

2. модельдеуші эксперимент.

3. Лабораторлық эксперимент.

Г) Қалыптастырушы әдіс

Психологияда қалыптастырушы әдістерге бір топ адам, яғни әртүрлі әлеуметтік эксперименттер жатады:психолого-педагогикалық эксперимен, қалыптастырушы эксперимент, экспериментальды-генетикалық әдіс, кезеңдік қалыптасу әдістері және т.б. жатады.

Қалыптастырушы эксперимент бұл:

1. Массалық эксперимент, яғни статистикалық маңызды (оның ареалына минимум дегенде - мектеп, педагогикалық ұжым жатады).

2. ұзақ мерзімге, яғни пролонг эксперимент.

3. Эксперимент эксперимент үшін емес, психологияның нақты бір облысында жалпы теориялық тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында жасалады (жасерекшелік, балалық, педагогикалық және басқа да салалар).

4. Эксперимент кешенді түрде жүзеге асырылғандықтан, психолог-теоретиктердің, психолог практиктердің, зерттеуші-психологтардың, дидактиетердің, методистердің бірігіп қызмет етуін талап етеді.

Дәріс №9. Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық әдіс
Жоспары


  1. Педагогика ұғымы, педагогикалық зерттеу әдістері

  2. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі

Педагогика - акиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық окиғаларды жалпылама түрде ғана "көшіре" салмайды, ол әрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды анықтайды, тәрбиенің болашағын көрсетеді.

Педагогика – диалектикалық  материализмнің оқиғалармен  өзара жалпы байланысы жөніндегі қағидасын қоғам өмірінің басқа да оқиғаларымен органикалық байланыста қарастырады.

Педагогика ғылымы - қоғамдық құрылысқа, жаңа жағдайға сай адамның даму заңдылығын зерттейді. Педагогика ізгілікті демократиялық тәрбиенің мәнін ашып, қоғам үшін қажетті білім жүйесін жан-жақты жарасымды жетілген еңбекке негіздеуді, зерттеуді міндеттейді. Біздің елімізде тәрбиенің, білім берудің, оқытудың бір ізді жүйесі құрылған.

Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту процестерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылымға жатады.

Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байла­ныста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.



Педагогикалық зерттеу әдістері

Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор.



Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:

  • байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);

  • педагогикалық тәжірибені жалпылау;

  • эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);

  • сауалнама жургізу;

  • интервью жүргізу;

  • педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;

  • жобалық әдістер;

  • тестілеу;

  • ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;

  • шкалалау т.б.

Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:

  • анализ;

  • синтез;

  • индукция;

  • дедукция;

  • модельдеу;

  • ой эксперименті;

  • формализация әдісі т.б.


Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру.

Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.

Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.

Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.

Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.

Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.

Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.

Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.

Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.

Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.

Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.

Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында.

Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді.

Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді.

Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.

Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.

Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.

Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.



Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі

Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.

Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.

Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.

Бақылау түрлері: аралас бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.

Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.

Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.

Анкета – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.

Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.

Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);

- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);

- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);

- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.

Жоғарыда аталған əдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мəн-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау əдісімен орындалады.

Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз.

Индуктив жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.

Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:

- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;

- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;

- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;

- педагогикалық мерзімді басылымдар;

- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;

- педагогикалық анықтама құралдары;

- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен – əдістемелік қолданбалар.

Əдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы жəне қай мəселелердің əлі тың жатқанын білуге болады.

Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мəтінге ендіре жазу.

Педагогикадағы математикалық жəне статистикалық əдістер сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тəуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нəтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық əдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу (регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру (декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау жəне эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б.

Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар қабылданған. Осы əдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандық тəуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі.

Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
Дәріс №10. Әлеуметтік-экономикалық әдістері
Жоспары


  1. Экономикалық ілімдер тарихының әдістері

  2. Экономикалық әдістердің түрлері

 

Экономикалық ілімдер тарихы ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізі – диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып, экономикалық ілімдер тарихы өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданады.

Экономикалық ілімдер тарихының пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы — ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойдан, елес ретінде түсіндіріледі. Ал нақты нәрсе — бүл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы түрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. К.Маркс айтқан болатын: «...экономикалық форматтарға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивті де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның күші жүруге тиіс». Көбінесе құбылыстың мәнін түсінуде, сол кездегі кездейсоқ, қосарланған кейбір жағдайлар кедергі жасайды. Сондықтан да басты нәрсені шешіп алу үшін — мәселенің мәнін тоқып, оны терең қорытындылау, кедергі жасайтын, екінші дәрежедегі құбылыстардан дерексіздендіру қажет.

Абстракциялық ойлау процесінде экономикалық категориялар (тауар, нарық, ақша, капитал, пайда және т.б.) калыптасады. Экономикалық категория — логикалық ұғым және адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қайсы бір қатынастарды көрсетеді. Демек, экономикалық ілімдер тарихы адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды экономикалық категориялар ретінде бейнелеу арқылы оқытады.

Кез-келген процесті зерттеуде экономикалық ілімдер тарихы зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігін колданады. Осы тенденцияның дамуын айқындау үшін, құбылыс пен процестің пайда болуы, олардың өсу жолдарын көрсету қажет. Демек, экономикалық ілімдер тарихи принципті басшылыкка алады. Экономикалық қатынастарды тарихи көзқараспен зерттей отырып, экономикалық ілімдер тарихтың соңынан ілесе алмайды. Себебі, тарих кең жағдайда кездейсоқ факторлар, қым-қиғаш құбылыстар, кері шегіністер мен ілгері озып кетушіліктер іс әрекетіне бой алдырады. Осы кездерде экономикалық ғылымының логикасы көмекке келеді. Сондықтан да экономикалық ілімдер тарихы әдісінің ең маңызды принциптері – зерттеудің тарихи әдісі және логикалық әдістерінің бірлігі болып табылады. Логикалық әдіс – деп жазды Ф.Энгельс, – бұл сол бір тарихи әдіс, тек тарихи дамудың кездейсоғынан басталған. Экономикалық ілімдер тарихы осы тарихи сатыдағы болмысты бейнелейді және «заңға сәйкес, шындықты тарихи процестің өзі беріп отырады».

Экономикалық процесті танып-білуде жалпы, ерекше және жекенің бірлестігі әдісін қатаң сақтау орын алады.

Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез (жинақтау) тәсілі де қолданылады. Табиғатта да, қоғамда да зерттелетін құбылыстар мен процестер каснеттер мен сипаттар жиынтығына ие болады. Осы объектіні дұрыс түсіну үшін, оларды ең алдымен құрамдас бөліктерге жіктеу кажет. Зерттелетін құбылыс өзінің құрамдас бөліктері мен жактарына жіктеледі. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын тәптіштеп тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз. Алайда құбылысты қарастыру тек талдаумен шектелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді зерттеп болған соң, осы элементтерді қайтадан тұтас етіп біріктіру қажет. Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып-білуді синтез (жииақтау) дейміз.

        Ғылыми болмыс экспериментті қолдануды, экономикалық процесс пен кұбылыстардың математикалык әдістерін жасауды да қарастырады. Осының барлығы жаңа теория, тұжырымдамалар мен экономикалық заңдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Кез келген қоғамдық өмір мен табиғат сияқты экономикада кездейсоқтықтың тікелей ауыртпалығына құбылыстардың ретсіз бейнелеріне бағытталған белгілі заңдылықтарға жол салады.

Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу. Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістіктің біршама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын.Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуінеде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болады. Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс және бос уақыт, жалпы қоғамдык өнім, ұлттық табыс және басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады.

Бірақ, бұлардың айырмашылықтары да бар. Біріншіден, ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді. Мұндағы басты мәселе — қоғамдық өндірістердің бірінші және екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Ал осыдан темптер шығарылады. Экономикалық өсу темптері бастапқы деп және пропорцияларды белгілейді деп тұжырымдалады. Осының объективтік негізін қоғамдық қажеттілік құрайды. Сөйтіп, экономикалық өсу теориясында себепті-салдарлы байланыстардың керісінше сипаты болады.



Екіншіден, болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Міне, осылай бір жылдық циклда жасалған игіліктердің сомасы ретінде жиынтық қоғамдық өнім белгіленеді. Экономикалық өсуді есептеудің негізін "ұзын толқындар" құрайды және ол ұдайы өндірістің бірнеше циклдарынан түрады. Осы мерзімде темптердің жалпы тенденциясының сипаты бұрынғыдай, немесе, одан төмен тұрақтылықта болады.

Үшінші айырмашылық — экономикалық өсу жүйесінде бос уақыт өсудің резерві, өсу потенциалының құрамдас бөлігі болып табылады. Бос уақыт — бұл адам капиталы дамуы үшін қажет кеңістік болып табылады. Ұдайы өндірісті талдауда бос уақытты еленбейді, бос уақыт аз болған сайын жұмыскерді қанау дәрежесі жоғары деп есептеледі. Өмір үшін қоғамның дамуына қажет ресурстардың шектелген жағдайында экономикалық өсу процесінде қалыптасатын қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық теория зерттейді. Пәннің ерекшелігі зерттеудің методологиясы мен методтарының ерекшелігін тудырады. Методология дегеніміз экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс, белгілі философиялық көзқарастар тұрғысынан қарағанда ол субъективтік, диалектикалық-материалистік, эмпирикалық, рационалистік және т.б. бағыттарды қолдануды талап етеді. Бұл методология адамдардың таптық құрамына қарамастан, экономикалық жүйені тұтас зерттеп, осының негізінде экономикалық өркениеттің объективтік рационалистік заңдар ашып зерттеуді талап етеді. Құрал ретінде математикалық эконометрика, кибернетика пайдаланылады. Зерттеу нәтижесі экономикалық үлгілер, схемалар, графиктер пайда болады. Рационалистік әдіс объективтік шындықты талдаудың тұрақты динамикада жүргізілуін тілейді. Бұған өндіріс, болу, айырбас және тұтынушыдың ішкі байланыстары мен заңдарын зерттеу тәсілі жатады.

Рационалистік және аналитикалық әдістердің өзара байланыстары әсіресе ұдайы өндіріс пен экономикалық өсу процестері талдауда толық байқалады. Позитивтік әдіс экономика ғылымының белгілі бір философиясын құруды, экономика туралы білімді тұжырымдауды, фактілеу суреттеп баяндау және жүйеге келтіру негізінде экономикалық ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибе қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Демек, экономикалық ғылымның философиясы бұйрық-әкімшілік, нарық жүйелерінің тепе-теңдігі және эволюциясы туралы ілімді, олардың құрылымы мен инфрақұрылымы туралы ілімді қалыптастырады.

Танып білудің нормативтік әдісі адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Бұл әдістің басты принципі шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болады. Экономикалық өмір нақты жағдайдағы фактілердің жиынтығы болып табылады. Сондықтан бұл әдісті қолдану үшін, неғұрлым жоғары дәрежені талдап, қорытынды шығару дәрежесіне көтеруді тілейді. Экономикалық құбылыстарды талдау экономикалық құбылысты, оның жеке элементтеріне бөліп және әр элементті тұтас құбылыстын қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылуымы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.



Экономикалық теорияда қолданылатын әдістердің ішінде эксперимент пен экономикалық реформа елеулі рөл атқарады. Олардың зерттеудегі орны ерекше болады және жан-жақты дайындықты, терең болжауды дәлелдеуді, ғылыми сынақ өткізуді тілейді. Міне, ғылыми талдауды және экономикалық мәселелердің оптималдық шешімдерін іздестіруді ұйымдастырудың негізгі әдістері мен тәсілдері осындай болады

Экономикалық-математикалық әдістер - экономика міндеттерін математика мен кибернетиканың көмегімен шешу тәсілдері. Экономикалық (экономикалық-математикалық үлгілер), яғни зерделенетін жүйелердің түрлі элементтері арасындағы логикалық және сандық тәуелділіктерді анықтау үшін экономикалық үдерістерді, құбылыстар мен міндеттерді математикалық құралдармен сипаттау. Экономикалық үдерістердің негізгі қасиеттері, олардың өзара байланыстары мен шартғылықтары математикалық үлгілердің көмегімен бейнеленеді. Математикалық үлгіде теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі, тиімділік критерийімен математикалық түрғыда сипатталатын мақсатты атқарым қамтылады Жоспарлау мен басқарудың көптеген міндеттерін шешу кезінде алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ең таңдаулы іс-қимыл бағдарламасын таңдау мақсатымен математикалық бағдарламалау қолданылады.

Дәріс №11. Әлеуметтік қалпына келтіру (реабилитация)
Жоспары

  1. Реабилитация ұғымы, принциптері

  2. Әлеуметтік реабилитациянығ бағыттары

Реабилитация – қайта қалыптастыру. Бұл индивидтің бұрын сонды жоғалтқан әлеуметтік, физикалық, моральды және т.б. қызметтерін қалпына келтіру мақсатында қолданылатын құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, дәрігерлік, кәсіби – педагогикалық шаралардың жиынтығы.

Бұл процесс тек қана әлеуметтік ортада өмір сүруге қалпына келтіру емес, сонымен қатар әлеуметтік ортаны өмір сүретін жағдайды қалпына келтіруге бағытталған шаралар.

Реабилитацияның принциптері:


  1. Кезеңдермен жүзеге асуы;

  2. Дифференциацияны жасау;

  3. Комплексті;

  4. Үздіксіз;

  5. Сабақтастыру;

  6. Бірізділік;

  7. Ақысыз.

Әлеуметтік реабилитация қызметінің түрлері:

  • Әлеуметтік-медициналық;

  • Әлеуметтік-педагогикалық;

  • Еңбектік-кәсіби;

  • Әлеуметтік-психологиялық;

  • Әлеуметтік-рөлдерді меңгеру;

  • Әлеуметтік-тұрмыстық;

  • Әлеуметтік-құқықтық.

Әлеуметтік индивидтің реабилитацияға сұранысы тууының себептерінің факторларын екі топқа бөлуге болады:

  1. Объективті, яғни әлеуметтік немесе табиғи негізде:

  • Жасерекшелікке байланысты мәселелердің туындауы;

  • Табиғи, техногенті немесе экологиялық катастрофалар;

  • Ауыр жарақаттар мен ауру түрлері;

  • Әлеуметтік залалдар (экономикалық кризис, қарулы конфликт, ұлтаралық қысымшылық).

  1. Субьективті негіздерге:

  • Субьектінің жеке қызметі, мақсаты, құндылық ориентациялары және қызығушылықтарының өзгеруі (отбасыдан кету, оқудан бас тарту , жұмыстан өз еркімен кету және т.б.);

  • Девиантты мінез-құлық көріністері.

Әлеуметтік реабилитацияның міндеттері:

  1. Клиенттің қоршаған өмірге енуіне әлеуметтікбейімделуіне қолдау жасау;

  2. Коммуникативтік дағдыларын дамыту;

  3. Өмірлік перспективаларды анықтауда көмек беру



Дәріс №12. Әлеуметтік терапия және оны жүзеге асырудың әдістері
Жоспары

Әлеуметтік терапия ұғымы, функциялары

2. Арт-терапия түсінігі, шығу тарихы және дамуы.


  1. Әлеуметтік терапия – әр түрлі деңгейдегі мәселелерді шешуді ұйымдастыру барысында қолданылатын түрлі шешімдер, процедуралар, іс-әрекеттер, шаралар жиынтығы. Осыдан әлеуметтік терапия қоғамда көп деңгейлі негізде жүзеге асырылатыны көруге болады. Қоғамның көп деңгейлілігін ескере отырып терапияның төмендегідей деңгейлері бар:

Макродеңгей – жалпы қоғамның мәселесін біртұтас объекті ретінде шешу;

Мезодеңгей – нақты әлеуметтік топ, класс, кластаның мәселесін шешу;

Микродеңгей - кішігірім ұжым, жекелеген адамның мәселесін шешуге қалыптасады.

Әлеуметтік терапия әлеуметтік жұмыста маңызды орныда алады. Әлеуметтік терапияны жүзеге асыру процесінде бірқатар функциялар жүзеге асырылады. Әлеуметтік терапияның функцияларына төмендегілерді жатқызуға болады:




  1. Әлеуметтік «емдеу» клиентке мәселелерін шешуге көмектесу; осындай жағдайда әлеуметтік қызметкер басқа ғылымның мамандарымен бірігіп жұмыс істей алады: дәрігер, педагог, заңгер және т.б.

  2. Әлеуметтік қорғау, клиенттің қызығушылықтарын қорғау, қолдау көрсету, клиенттің қажеттіліктерін басқа ұйымдар мен мекемелерге жеткізу, олардан көмек сұрау.

  3. Әлеуметтік даму клиенттегі дамымай қалған қабілеттер мүмкіншіліктерді дамытуға мүмкіндік береді.

Бұл функциялардың тиімді жүзеге асуы объектінің жеке ерекшелігіне, оған қолданылатын әдіс пен тәсілдердің ерекшеліктеріне байланысты. Әсер етуші объектінің ерекшелігіне орай төмендегідей әдістерді бөліп көрсетуге болады:



  1. Индивидуалды;

  2. Топтық;

  3. Отбасылық;

  4. Еңбектік;

  5. Өзін-өзі тәрбиелеу;

  6. Бихевиористік;

  7. Арт-терапия;

  8. Күлкі терапиясы;

  9. Айна терапиясы.

2. Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру.

Осы курста арт-терапияның шығу тарихы, дамуы, формалары, өткізілу жолдары және психодинамикалық, гуманистік бағыттардағы арт-терапия туралы теориялық ғана түсінік беріледі.

Сонымен қатар, осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар туралы айтылады. Жалпы келешекте осы топтық арт-терапияны қолданып, сол топқа қатысушылардың психологиялық өзгешеліктерін, ерекшеліктерін зерттемек ойымыз бар.

Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге, яғни психотерапевткеде оңайға соқпайды. Топтық мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қортынды шығаруда қиынға соғады.

Арт-терапияда жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілердің болмауы, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарындаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра. Түрлі түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда, маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи және басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.

Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар қажет болып қалуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия жүргізуші) таңдайды. Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады. Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы жайында педагогикалық практикада осы салада еңбек сіңірген М. Либманның классификациясы көбіне және бізге танымал:

-           Көркемсурет материалдарын игеруге болады;

-           Топ мүшелеріне толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша зерттеу жүргізу;

-           “мен” бейнесі, қарым-қатынас жүйесін зерттеуге байланысты;

-           жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы;

-           топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет;

Сонымен қатар, кейбір арт-терапиялық (күн мен түн) жаттығулар топ арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік алшақтауды реттейді және жеке адамның топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа да көптеген көмек береді. Топ мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы маңызды сәттердің бірі болып табылады. Таңдап алынған тақырып егер, топ мүшелерінің біреуіне ұнамаған жағдайда қайта талдауды қажет етеді. Талданып қайта түсініп, топ мүшелері келіссе, ол тақырып сол күйінше, ұнамаса басқа тақырыпты алу керек.

Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалар мен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолдану аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психо-аналитикалық негізінен жаймен алыстауда.

Арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған өзінің қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалған елестерін сурет арқылы жеткізу.

Сонымен қоса, психотерапевтің жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек беруді және қажет жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Әрине, бұл психотерапевтің міндеттерінің біріне жатады. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы психолог немесе психотерапевт көптеген сапалы қасиеттерге ие болуы керек. Атап айтатын болсақ, олар, ең біріншіден адамгершілік, басқаларға қай уақытта болсада көмек қолын созуға дайын болу, тұрақтылық, барлық жағдайда түсінушілікпен қарау, сабырлық, кішіпейілдік, төзімдік, адалдық және тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс.

Арт-терапияның шығу тарихы және дамуы.

Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен.

Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулықтың орталықтарда жүргізілетін өнерге қатысты қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ, көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден дейінгі және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрінісі болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, мәдениетті құндылықтардың өзгеруінің дәлелденуіне себеп болды. Арт-терапияның дамуы қысқаша осындай. Енді осы арт-терапияның дамуына, оған бағыттардың әсері туралы қарастырайық.

Арт-терапияның дамуының бастауына психоанализдік көзқарастар әсер етті. Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім, көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет, картинка болмаса мүсін, ол бейсаналы психикалық процесстердің көрінуі болып саналады. 20 жылдардағы осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн (Prinzhorn 1922) өзінің ауруларды емдеушілерінің шығармашылығын және психикалық, классикалық зерттеулерінен мынадай қортындыға келді: өнер ауру адамдарының көбінесе олардың интенсивті ішкі шиеленістеріне әсер етеді.

Америка Құрама Штаттарында өнерді терапиялық мақсаттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында мәселесі бар балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наубург Нью-Йорк штатында арт-терапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наубург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З. Фрейдтің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлар мен қобалжулар, санадан тыс вербальды емес түрде пайда болады, бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевтпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде қолданылады. Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық үрдістер қорқыныш, ішкі шиеленістер, балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және тағы басқа көріністер, психотерапевтермен З. Фрейдтік бағдарлар талданады. Ал З. Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды, оған болса да, ол өзіне жоғарғы баға бергенді қалады.

Көру бейнелері көп бөлікте біз түс көру арқылы қобалжыймыз. Түс көруде сезіммен немесе қобалжулар қатысады, одан ойлар – сонымен бірге, түс көру – ең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбінесе мынадай сөздерді қолданады. Мысалы: “Түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын, бірақ мен оны қалай сөзбен жеткізе сипаттай алуды білмеймін”.

Арт-терапия әдістемесін негізге ала отырып сендіру, адамның ішкі “мен”-і көру бейнелерінде, әр кезде ол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З. Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы Карл Юнг болса өзінің емдеушілеріне өздерінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. Карл Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңнен әсер етті.

Арт-терапиямен айналысатын мамандар тек қана психологтар және психиатрлармен қойылған диагнозды нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап алуға, балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып, көмектескен. Кейінгі мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы материалды осылай қолдану проективті тестерді қолданудан айырмашылығы, мысалы Доршак тесті болмаса тақырыптық аперцепциялық тесті жүргізгенде тест тапсырушы адам ерікті формада немесе суреттегі дақтар жауап қайтаруы керек. Қазіргі кезде арт-терапия мамандары тәжірибе жүзінде мойындалған, тәуелсіз атаққа ие, сонымен бірге, жеке тұлғаны зерттеуге және оны емдеу процестеріне өз үлестерін қоса алады. Бірақ, мұнымен бәрі бірдей келісе бермейді. Тағы айта кететін жайт, бұл осы айтылып кеткен амалдың төңірегінде екі бағыт бар. Мына бағытты жақтаушы мамандарға әлеуметтік реабилитация және еңбек терапиясы саласындағы мамандар. Мысалыға алатын болсақ, осы салада көп еңбек сіңірген Эдит Крамер. Осы бағытты жақтаушылар санайды, өнер өзінен-өзі мақсатты іс-әрекетке ие және арт-терапияны суррогат психотерапия ретінде қарастырады. Бұл бағыттағы психотерапевтер өнерді өздерінің терапиялық процедураларынан жоғары қояды және оларды кейбіреулерінен өзінің арсеналынан шығару шығармашылық үрдістің стимуляциясына бағытталған дейді. Екінші бағыттың жақтаушыларына жоғарыда айтылған мысалы, Маргарет Наубург жатады. Оның жеке көзқарасы бойынша, шығармашылық мақсатқа терапиялыққа бола түсуге болады деген. Мұндай психотерапевтер дәрігерлік дайындыққа ие болуы керек. Олар бірақ арт-терапияны өзіндік қолдануға да болады. Ол көп бөлігі дәстүрлі психотерапиялық амалға жәй ғана қолдану деп санайды. Бірнеше бар айырмашылыққа қарамастан, екі бағытта таңдамалы өнерде тұлғаның интеграциясы және реинтеграциясының құралы ретінде қарастырады. Қазіргі уақытта арт-терапия тек қана аурухана бөлмелерінде ғана қолданыста емес, оған қоса психокоррекциялық топтан, ондак ол таза түрінде сонымен қоса, көмекші әдістеме ретінде қолданады. Белгілі арт-терапиямен айналысатын мамандардың көп бөліктері Солтүстік Америкада фрейдистік болмаса юнгтік көзқарасқа сүйенеді. Бірақ көбісі гуманистік психологияның әсерін сезінген және оны дұрыс деп табады, тұлғаның гуманистік теориясы психокоррекциялық топтармен жұмыс кезінде психоаналитикалық теорияға қарағанда көп келісілген түбірік тудырады делінген. Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуына психодинамикалық бағыттар көп әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан авторлар олар: ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға енгізген: Адриан Хиллдан бастаған жөн болар. Сонымен бірге Маргарет Наубург, З. Фрейд, К. Юнг, Эдит Крамер болып табылады.

Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-ші жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интерактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен шақырылған, олардың қатарында:

-    әлеуметтік-саясаттық, институциональды және мәдениеттік контекстердің өзгеруі;

-    клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің өзгеруімен, оған қоса эмоциялық құрылымдық бұзылулары;

-    топтық психотерапияларының практика және теориялық тез дамуы және арт-терапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;

-    арт-терапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуімен және арт-терапиялық білім беру жүйесінің дамуымен;

ХХ ғасырдың екінші жартысында алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда, техникасының даралануы және тым қиын. Сонымен қатар, айта кететін жайт арт-терапия психотерапияның ішіндегі жаңа әдістердің бірі. Арт-терапияның дамуына Америка Құрама Штаттарында Маргарет Наубург көп әсерін тигізді. Маргарет Наубург З. Фрейдтің көзқарастарына сүйенді, яғни, бейсаналы көріністер спонтандық шығармашылық үрдісінде көрініс беруі мысалы, мүсін соғу және сурет салуда. Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен З. Фрейдтің бейсаналық туралы ілімі, персональді және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады.



жүктеу 4,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау