Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер»



жүктеу 4,48 Mb.
бет3/23
Дата01.01.2018
өлшемі4,48 Mb.
#6229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1.6.5. Кестені байланыстыру жолы.


  1. Аспаптар панелінің Берілгендер схемасы батырмасын шертіп немесе Сервис – Берілгендер схемасы командасын беріп, осы атаулы терезені ашу.

  2. Мәзір арқылы Байланыстыру - Кетені қосу командасын беріп немесе Аспаптар панелінің «Кестені қосу» батырмасын шертіп, кесте атауларының тізімі енгізілген «Кестені қосу» терезесін шығару. (Егер кестелер арасында байланыс болмаса, Берілгендер схемасы терезесі ашылған кезде «Кестені қосу» терезесі бірге ашылады).

  3. Соңғы терезеден байланыстыратын кесте атауларын таңдап, «Қосу» батырмасын шерту. Таңдалған кестелер Берілгендер схемасы терезесіне кірістіріліп қойылады.

  4. «Кестені қосу» терезесін жабу.

  5. Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша көрсеткішті Емтихан кестесінің кілттік Стберу өрісінен Емт-Ст кестесінің Стберу өрісіне жылжытып әкелу. Төменінде «Қатынас типі: Бірі – Көбінесе» (тип отношения: один – ко – многим) жазуы орналасқан «Байланыстар» (связи) атаулы сұхбат терезесі ашылады.

  6. Терезенің «Берілгендер тұтастығын қамтамасыз ету» (обеспечение целостности данных) ауыстырып қосқышын орнатып, «Біріктіру...» (объединение...) батырмасын шерткенде, «Біріктіру параметрлері» сұхбат терезесі ашылады.

  7. Терезеде «Стипендияның барлық жазулары мен Емт-Ст-ның байланыстырылған өрістері бірдей жазуларын біріктіру» ауыстырып қосқышын орнатып, OK шерту. «Байланыстар» терезесі қайта ашылады.

  8. Оның Құру түймесін шерту. Кестелер сызық арқылы «Стберу» өрістері бойынша байланыстырылып қойылады.

Ескерту. Сервис – Берілгендер схемасы командасын беріп, кестелер арасында байланыс орнатылғанда көз жеткізуге болады.

Жоғарыдағы екі кестенің байланыс түрі мынадай: Негізгі Стипендия кестесінің бір кілттік кодына бағыныңқы Емт-Ст кестесінің көптеген жазулары сәйкес келеді. Мұндай қатынас типі Бірі-көпке делінеді.



Негізгі кестенің бір кілттік кодына бағыныңқы кестені бір ғана жазуы сәйкес келетін жағдайлар да болады. Мұндай қатынас типі Бір-біріне деп аталады. Мысалы, негізгі Оқушы және бағыныңқы Емтихан1 кестелерінің (5, 6 -суреттер) Номер өрістері арқылы қатынас типі: Бір-біріне (Оқушы кестесінің Номер атаулы өрісі - кілттік).


Оқушы

Номер

Тегі – аты

1

Ахметов А. Б.

2

Нұрланов М. Н.

3

Ержанова С. О.

5-сурет.


Емтихан1

Код

Номер

Мат

Физ

Инф

1

1

5

5

5

2

2

3

4

4

3

3

4

4

5

6-сурет.

Байланысты кестелердің түрлі өрістерін пайдаланып, автоматты түрде жаңа кесте құруға болады. Мысалы, 1, 2-суреттерде кескінделген екі кестенің Тегі – аты және Мат өрістері арқылы құрылған кесте 3-суретте кескінделген. Мұндай кестені сұраныс деп атайды. Байланысты кестелері бар БҚ реляциялық берілгендер қоры деп те аталады.

  1. Көшіру үшін өріс тақырыбын тышқанның оң жақ батырмасын басып, көрінген контексті мәзірді пайдалану да мүмкін.

  2. Өрістер блогын көшіру тәсілі де бір өрісті көшіру сияқты. Екі кестенің таңдалған блок өрістерінің типтерінің бірдей болса болғаны.

  3. Өрісті бір кесте ішінде көшіру үшін оны таңдап, Жылжыту және Қалдыру әдісітін пайдалану жеткілікті. Жылжыту алдында көрсеткішке төтрбұрышты белгінің қосылуын күту керек.


1.6.6. Кестені не кесте құрылымын көшіру.
БҚ терезесінен таңдалған кесте не оның құрылымы әдеттегідей алмастыру буфері арқылы көшірілуі тиіс. Оны контексті мәзір арқылы көшіруге де болады. Бұл кезде орындалуы тиіс әрекеттер:

  1. БҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын оң түймемен шерту.

  2. Көрінген контексті мәзірдің Көшіру пунктін таңдау.

  3. БҚ терезесінің кесте атаулары орналасқан облысын оң түймемен шерту.

  4. Көрінген контексті мәзірдің Кірістіру пунктін таңдау (мәзір арқылы буферден кірістіру командасын бергенде де осы терезе ашылады).

Одан әрі, кесте толық көшіру үшін терезенің «Кесте атауы» өрісіне жаңа кесте атауын ендіріп, «Құрылым және берілгендер» ауыстырып қосқышын орнату. Егер тек кесте құрылымын көшіру қажет болса, атау енгізілген соң онда «Тек құрылым» ауыстырып қосқышын орнату жеткілікті. Бұл кезде экранда тек өріс тақырыптары енгізілген бос кесте көрінеді. Оны толтыру әдеттегідей.

Тапсырма1. Оқушылар тобының математикадан тапсырған емтихан нәтижесі жөнінде Математика атты кесте құрылған.

  1. Кестенің көшірмесін алыңыз.

  2. Көшірменің «Шифр» өрісін өшіріп, қайтадан қалпына келтіріңіз.

  3. Кестенің «Матем» өрісін екі бағанға жылжытыңыз.

  4. «Матем» өрісін екі бағанға жылжытыңыз.

  5. Кестеге 6-номерлі жаңа жазу қосыңыз.

Тапсырма2.

  1. «Емтихан» кестесінің көшірмесін алыңыз.

  2. Көшірме соңына «Стберу» атаулы жаңа өріс қосып, оны төмендегі түрде толтырыңыз:

4 пен 5 алған оқушылар үшін «Иә», олардан төмен баға алған оқушылар үшін «Жоқ» сөзін ендіріңіз.

  1. Көшірмені жаңа атау бойынша сақтаңыз.

  2. Кесте құрылымын жаңа кестеге көшіріңіз.


1.6.7. Кестелер арасына байланыс ортану. Мәліметтер схемасы.
Берілгендер қорының бірдей аталу өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негіздік кестені басқалармен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын (бірегей) өрісі болуы тиіс. Ол ұзын сандық типті кілттік өріс болуы міндетті. Егер кестеде мұндай өріс болмаса, оны құрып алуға болады.

Мысал. «Емтихан» кестесін пайдаланып, степендия тағайындау кестесін қүру. Негіздік кестені мынадай шарттарды басшылыққа ала отырып құрастырайық:



  • Барлық пәннен 5 алған студентке 125% стипендия тағайындау (кестеге оның кодын 3 деп енгізу);

  • Барлық пәннен 4 не 5 алған студенттерге 100% стипендия тағайындау (кестеге оның кодын 2 деп енгізу);

  • Басқа студенттерге стипендия тағайындамау (оның коды үшін 2 санын енгізу).

«Кесте құрылымын өзгерту» (изменение структуры таблицы) ауыстырып қосқышы орнатылса, Кесте шебері талапқа сай орындай алмаған іс-әрекеттерді орындауға арналған Конструктор режимі іске қоыслады.

«Кестеге берілгендерді тікелей енгізу» (непосредственный ввод данных в таблицу) ауыстырып қосқышы орнтылған кезде Шебер атау берілген және өріс тақырыптары енгізілген бос кестені экранаға шығарады. Кестеге берілгендерді енгізіп, жаңа кесте құру керек. Оларды редакциялауға болады. Кестенің бір ұяшығына берлігендер енгізіліп, КҚ клавишінің басылуы тиіс.


1.6.8. Кестелермен жұмыс. Кесте элементтерін таңдау және өшіру.


  1. Ұяшықты таңдау үшін көрсеткішті сол жақ шетіне орналастырып, ақ крест түріне айналған кезде тышқан батырмасын шерту керек.

Ұяшықты өшіру үшін оны таңдап алып, Del клавишін басу жеткілікті.

  1. Бағанда таңдау үшін оның тақарыбын шертсе болғаны. Тақырыпта оң жақ батырманы шертсе, контексті мәзір ашылады.

Бағанды өшіру үшін оны таңдап алып, Түзету – Бағанды өшіру командасын орындау керек.

  1. Қатар орналасқан бірнеше бағанды таңдау тышқан батырмасын басып тұрып, алғашқы өріс тақырыбынан бастап көрсеткішті солдан оңға қарай жылжыту арқылы орындалады.

  2. Жазуды таңдау үшін оның сол жағында орналасқан жазу маркерін бір рет шертсе жеткілікті. Таңдаған жазуды Del клавиші арқылы өшіруге болады.

  3. Қатар орналасқан бірнеше жазуды таңдау үшін тышқан батырмасын басып тұрып, көрсеткішті жазу маркері жолында төмен қарай жылдыту керек. Оларды өшіру әдісі жазуды өшіру сияқты.

  4. Төртбұрышты ұяшықтар блогын таңдау жолы: блоктың сол жақ жоғарғы бұрышына көрсеткішті әкеліп, ол ақ крест түріне айналған соң қарсы бұрышқа жеткенше диагональ бойымен жылжыту керек.

  5. Кестені таңдау үшін өрістер тақырыбының сол жағына орналасқан кесте маркерін шерту керек. Ол оң түймемен шертілген кезде операциялар орындауға арналған контексі мәзір көрінеді.


1.6.9. Кестеге жазу не өріс қосу.
Кестеге жазу қосу үшін БҚ терезесі арқылы кестені ашып, Кірістіру – Жаңа жазу командасын беру керек. Кесте соңына бос жол қосылып қойылады. Оған жазу ендіріп, КҚ клавишін басу жеткілікті.

Келесі жолға да жазуды осы әдіс бойынша ендіру мүмкін.

Жазуды таңдап, оны түймемен шерткен кезде жазумен түрлі операцияларды орындауға арналған контексі мәзір көрінеді.

Кестеге жаңа өріс қосу үшін оны ашып, Кірістіру – Баған командасын беру керек. Ашылған бос өрісті толтыру жолы әдеттегідей.


1.6.10. Кесте өрісін басқа кестеге көшіру.


  1. Өрісті таңдап, алмастыру буферіне көшіру (Ctrl+C клавиштерін басу немесе Түзету – Көшіру командасын беру).

  2. Қабылдайтын кестені ашып, жаңа өріс құру. Оның типі көшірілетін өрістің типімен бірдей болуы тиіс.

  3. Құрылған өрісті таңдау (толтырылмаған кесте үшін екінші пункті орындамай, бірден өрісті таңдау жеткілікті).

  4. Буферден кірістіру командасын беру (Ctrl+V не Түзету – Кірістіру).




Тегі – аты

Мат

Ахметов А. Б.

5

Нұрланов М. Н.

3

Ержанова С. О.

4

7-сурет. Байланысты кестелер арқылы құрылған сұраныс.
1.6.11. Кестені импорттау.
Access сыртта құрылған түрлі файлдық берілгендерді импорттай алады. Оларды dBase, FoxBase, FoxPro т. с. с. берілгендер қорынан импорттау жеңіл. Excell-ден импорттау біраз еңбекті қажет етеді, себебі электрондың кесте түрлі типті берілгендерден тұратын бағандарды да сақтайды. Егер әр бағанда бір типті берлігендер сақталған болса, электрондық кестені импорттау қиын емес. Мысалы, Excell-де құрылған Емтихан кестесін импорттау жолы:

БҚ терезесінде Кесте – Құру командасын беріп, Жаңа кесте құру терезесін ашу.

Ашылған кестеден Импорттау қатарын таңдап, OK түймесін шерту, «Импорт» терезесі ашылады.

Терезеде файл типін таңдап (Microsoft Excell) және файл атын енгізіп (Емтихан), «Импорт» батырмасын шерту керек. Импорт шебері программасы іске қосылып, кесте үлгісі көрсетілген оның бірінші қадам терезесі ашылады.

Қалған сұхбат терезелерді тек қарап шығып, соңғы терезелерде берілгендерді қабылдайтын кестеге ат беру керек.

БҚ терезесінде импортталған кесте атауын таңдап, Ашу батырмасын шерту және көрінген кестеге өріс тақырыптарын енгізу.


1.7. Сұраныс.
Берілгендер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағанттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.

Access-те сұраныс құруға арналған құрал (ішкі программа) да сұраныс деп аталады. Оларды сөйлем мағынасы арқылы ажыратады.

Сұраныс берілгендерімен сорттау, фильтрлеу, біріктіру, сандық өріс мәндерінің қосындысы, орта мәнін табу да мүмкін. Олардың негізгі кестелерге әсері жоқ. Ал сұраныстың өріс ұяшығының мәні өзгертілген кезде негізгі кестедегі сәйкес мән де автоматты түрде өзгертіліп қойылады.

Сұраныс құрудың әр түрлі тәсілдері бар: Фильтрлеу, «Қарапайым сұраныс шебері» программасы және сұраныстар конструкторын пайдалану.



1.7.1. Фильтрлеу.
Excell-дегі сияқты, кестеден шартты қанағаттандыратын берілгендерді таңдап алып, жаңа кесте құру оны фильтрлеу (сүзу) делінеді. Фильтрлеудің үш түрі бар:

  • таңдама бойынша фильтр;

  • әдеттегідей фильтр;

  • кеңейтілген фильтр;

Кеңейтілген фильтр фильтрлеудің алғашқы екі түрін де біріктіреді.

Кеңейтілген фильтрді пайдалану жолы:



  1. БҚ терезесінің «Кесте» қондырмасын ашып, қажетті кестені таңдау және «Ашу» батырмасын шерту.

  2. Мәзір арқылы Жазулар – Фильтр – Кеңейтілген фильтр командасын беру. Фильтр терезесі ашылады. Оның жоғарғы бөлімінде өріс атауларының тізімі енгізілген панель (ішкі терезе) көрініп тұрады.

  3. Өріс атауларының қажеттілерін екі реттен шерту. Олар терезенің төменгі блогының «Өріс» қатарының ұяшықтарына кірістіріліп қойылады.

Ұяшықтағы өріс атауларын кірістірудің екінші тәсілі:

    • өріс атауы ендірілетін ұяшықты шерту;

    • көрінген Тілсызық батырмасын шертіп, көрінген тізімнен қажетті өріс атауын таңдау.

  1. «Іріктеу шарттары» (Условие отбора) қатарының ұяшықтарына сәйкес өрістерден таңдалынатын шарт өрнектерін енгізу.

  2. Қажет болса, «Нмесе» (Или) қатарының ұяшықтарына қосымша шарттарды енгізу және «Сорттау» (Сортировка) қатарындағы өріс ұяшығын шертіп, оған элементтердің сорттау типін енгізу (өспелі немесе кемімелі бойынша).

1-4 немесе 1-5 әрекеттер орындалған соң фильтрлеу арқылы дайындалған сұраныс кестесін экранға шығарып, көріп шығуға болады. Ол үшін Аспаптар панелінің «Фильтрді қолдану» түймесін шерту немесе Фильтр – Фильтрді қолдану командасын беру керек. Мысалы, «Фильтр» терезесінің «Іріктеу шарттары» қатарының «Матем» өрісі ұяшығына =5 шартын енгізіп, «Тегі – аты» өрісінің ұяшығына «Өспелі түрде» типі орнатылған кезде құрылған фильтрдің (сұраныстың) 4-суретте көрсетілген. Оны экраннан алып тастау үшін Жазулар – Фильтрді алып тастау командасын берсе жеткілікті.

  1. Фильтр кесте сияқты автоматты түрде сақталады. Файл – Сұраныс түрінде сақтау командасы берілген немесе аспаптар панелінің осы атаулы түймесі шертілген кезде фильтрге атау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Атауды енгізіп, OK түймесін шерту жеткілікті. Файл БҚ-ның «Сұраныстар» бөліміне жазылып қойылады.







Фильтр1: запрос на выборку




Код

Номер

Тегі – аты

Шифр

Матем

Физика

Инфор




1

1

Ахметов А. Е.

10111

5

5

5

*




0




0

0

0

0

8-сурет. Фильтр терезесі.
1.7.2. Қарапайым сұраныс шебері.
Қарапайым сұраныс – кестеден не байланысты кестелерден өрістер бойынша құралатын нәтижелік кесте. Қарапайым сұраныс құру үшін үш қадамдық сұхбат терезесі бар «Сұраныс шебері» процедурасын пайдалану керек:

  1. БҚ терезесін ашып, Сұраныстар – Құру командасын беру. «Жаңа сұраныс» терезесі ашылады.

  2. Терезеден «Қарапайым сұраныс» (Простой запрос) қатарын екі рет шерту. Бірінші қадам терезесі ашылады.

  3. Терезеден кестелерді және олардан қажетті өрістерді таңдап, «Таңдалған өрістер» (Выбранные поля) бөліміне көшу.

  4. Екінші қадам терезесінде «Толық (әр жазу үшін өрістерді толық шығару)» ауыстырып қосқышы орнатылған, оны осы күйде қалдырып, келесі терезеге өту.

  5. Соңғы терезеде сұранысқа атау енгізіп, «Сұраныстың орындалу нәтижелерін ашу» ауыстырып қосқышын орнату. Экранда бірінші қадам терезесінде таңдалған жазу өрістерінен тұратын сұраныс терезесі ашылады. Оны жабу жеткілікті.


9-сурет. Қарапайым сұраныс шебері.


Сұраныстар_конструкторы.__Конструктор'>1.7.3. Сұраныстар конструкторы.
Конструктор – күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналаған негізгі құрал. Конструктор режимімен жұмыс технологиясы:

  1. «Жаңа сұраныс» терезесін ашып, Конструктор қатарын екі рет шерту немесе қатарды таңдап OK батырмасын шерту. Сұраныстар конструкторы терезесі және оған қосымша «Кестені қосу» сұхбат терезесі ашылады (көбінесе «Сұраныс» мәзірі арқылы қосуға болады). Конструктор режимі терезесі Фильтр терезесіне ұқсас, бірақ одан күрделі, оны әдетте Іріктеу бойынша сұраныс немесе Сұраныс бланкісі деп атайды.

  2. «Кесте қосу» (Добавление таблицы) терезесінің «Кестелер» қондырмасын ашу. Берілгендер қорының кестелер тізімі көрінеді.

  3. Тізімнен кестені не кестелерді таңдап, «Қосу» батырмасын шерту. Таңдалған кестенің (кестелердің) Өрістер тізімі терезесі (терезелері) сұраныс бланкісінің жоғарғы бөліміне орналасады.

Ескерту. Сұраныс құру үшін «Кестелерді қосу» терезесінен дайын сұраныстарды таңдауға да болады.

Сұраныс бланкісінің төменгі бөлігін толтыру:



  1. Жоғарғы бөлімде көрінген кестелердің қажетті өріс атауларын екі рет шертіп, «Өріс» жолының ұяшықтарына ретімен ендіру. Ұяшыққа өріс тақырыбы ендірілген сайын оның астына орналасқан «Кесте аты» жолының ұяшығына сәйкес кесте атауы автоматты түрде ендіріледі.

  2. Экранға шығару жолының ұяшықтарына өрісті шығаруды растайтын ауыстырып қосқыштар автоматты түрде орнатылып қойылады. Егер олардың бірін экранға шығару қажет болмаса, сәйкес белгінің орнатылуын алып тастау керек.

  3. Іріктеу шарттары мен Немесе жолдарының сәйкес ұяшықтарына таңдау шарттарын енгізу.

  4. Топтық операция – таңдалған өрісті нақты функция арқылы өңдеу және талдап қорыту жолы. Қажет болса, жолдың сәйкес ұяшығына шертіп, көрінген тізімнен пайдаланылатын функцияны таңдау.

  5. Қажет болғанда сорттау жолының ұяшығына өріс бойынша сорттау командасын орнатуға болады.

Ескерту.

  1. Конструктор режимі терезесінде «Топтық операция» қатары көрінбеуі де мүмкін. Бұл кезде сәйкес батырмасын шертіп немесе Көрініс – Топтық операция командасын беріп, оны енгізіп қоюға болады.

  2. Конструктор режимі терезесінің жоғарғы бөліміне байланысты бірнеше кестелерді орнатып немесе оларды байланыстырып, «Өріс» жолына олардың кез келгенінен таңдалған өрістерді енгізуге болады. Құралатын сұраныс осы өріс атауларынан тұрады.

Мысал. «Емт-Ст» және «Стипендия» кестелерін пайдаланып, стипендия тағайындауға арналған (бұйрық жобасына енгізілетін) сұраныс құру керек.

Жұмыс технологиясы.



  1. Сұраныс – Конструктор командасын беріп, Конструктор режимі терезесін экранға шығару.

  2. «Кестені қосу» терезесінен Конструктор терезесінің жоғарғы бөліміне «Емт-Ст» және «Стипендия» кестелерінің өрістер тізімін орнату. Олар автоматты түрде байланыстырылып қойылады (байланыстыру бұрын орындалған). Байланыстырылмаған кестелерді байланыстырып қою керек.

  3. Сұраныс бланкісінің «Өріс» жолына «Емт-Ст» кестесінен «Тегі-аты», «Стипендия» кестесінен «Процент» атауын өшіру (егер көшірілетін өріс атаулары көп болса, сұраныс бланкісі автоматты түрде оңға кеңейеді).

  4. «Іріктеу шарты» жолындағы «Процент» өрісінің ұяшығына >=2 шартын (өрнегін) енгізіп, терезені жабу.

  5. Сұраныс құрылымының өзгертілуін сақтау сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Терезенің Иә батырмасын шерту.

  6. Сақталатын сұраныс аты сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Терезеге атау ендіріп (мысалы, Емт1), OK батырмасын шерту.

Ол берілгендер қорының Сұраныс бөліміне жазылып қойылады.

Ескерту. Сұранысты бір өрісі бойынша сортталған түрде де дайындауға болады.


10-сурет. Сұраныстар конструкторы.


жүктеу 4,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау