1.8.2. Формалар шебері.
Автоматты түрде форма құрудың екінші тәсілі: Формалар шебері программа-
Сын пайдалану. Онымен жұмыс істеу тәсілі:
«Жаңа форма» терезесін экранға шығару.
Терезенің «Форма шебері» қатарын және кестелер тізімінен кесте атауын таңдап, ОК батырмасын шерту. Төрт қадамдық сұхбат терезесі бар Формалар шебері іске қосылады.
Бірінші қадам терезесінде өрістерді «Таңдалған өрістер» бөліміне көшіру.
Екінші қадам терезесінде Бір бағана, Таспалық, Кестелік, Тураланған атаулы ауыстырып қосқыштар көрінеді. Олардың бірін (мысалы, Бір бағанға белгісін) орнату.
Үшінші қадам терезесінде форманың сырт көрінісін безендіруге арналған Глобус, Шырша, Бұлттар, Кеш т.б. фондық сурет атауларының бірін таңдау.
Соңғы терезеде жаңа формаға ат беріп, «Көріп шығу не берілгендерді ендіру үшін форманы ашу» (открытие формы для просмотра или ввода данных) ауыстырып қосқышын орнату және Дайын (готово) батырмасын басу.
Дайындалған форманы көріп шығу үшін ашылған түрін редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады.
17-сурет. Форманы шебер көмегімен құру.
1.8.3. Форманы қолдан құру. Форма конструкторы.
Автоформа немесе Форма шебері арқылы құрылған форма құрылымы түрлі бөлімдерден тұрады. Олармен танысу үшін дайын форманы Конструктор режимінде ашып, көріп шығу жеткілікті. Құрылымда Форма тақырыбы, Берілгендер облысы және Формаға ескертпесі бөлімдері бар.
Формаға енгізілгендердің бәрін басқару элементтері деп атайды. Олар негізінен екі типті: байланысты және байланыссыз.
Байланысты басқару элементтері БҚ кестесінің өрістік берілгендерін пайдаланады. Мысалы, берілгендер облысына өріс атауы көшіріліп, форманы іске қосу кезінде атау орнына кестедегі сәйкес мән жазылады. Керісінше, өріске не енгізілсе, ол кесте өрісіне де енгізіледі.
Байланыссыз элемент – формада кесте өрісіне байланыссыз құрылған элемент, мысалы, формаға енгізілген түсініктеме сөздер, сызылған түрлі кескіндер.
Таспалық форманы қолдан құру жолы:
БҚ терезесін ашып, Формалар – Құру командасын беру.
Көрінген Форма құру терезесінен кесте атауын және Конструктор қатарын таңдап, ОК батырмасын шерту.
Access Конструктор режимінде форманы іске қосып, толтырылмаған берілгендер облысы көрінетін терезесін, элементтер және қажетті аспаптар панельдерін экранға шығарады.
Берілгендер облысы - өрістер құрылатын және күйге келтірілетін форманың негізгі бөлімі.
Элементтер панеліне форманың басқару элементтерін құру үшін пайдаланылатын батырмалар енгізілген: Үстіне жазу (надпись), Өріс, Ауыстырып қосқыштар, Жалауша, Тізім, Сурет, Сызық, Төртбұрыш т.б.
Берілгендер облысының өлшемін тышқан арқылы өзгерту қиын емес. Элементтер панелін де экранның кез келген жеріне орналастыруға болады.
Элементтер панелі экранда көрінбесе Көрініс – Элементтер панелі командасын беру немсе аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шерту. Көрініс - Өрістер тізімі командасын беріп немесе аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шертіп, Өрістер тізімі терезесін экранға шығаруға болады.
Элементтер панелінің «Аа» (үстіне жазу) батырмасын шертіп, көрсеткіш арқылы (оларды салу әдісі Paint - ¯a объектіні таңдау төртбұрышын орнату сияқты).
Төртбұрыш ішіне өріс атауын енгізіп, КҚ (enter) клавишін басу. Төртбұрыш таңдалып, жиектеріне сегіз кішкене шыршадан тұратын таңдау белгілері орнатылып қойылады.
Төртбұрыш объект үшін берілген орынды, ал оның ұзындығы бөлінген
орын өлшемін көрсетеді. Қажет болса, форматтау әдісі бойынша қолдан қысу, ұзарту немесе өлшемін өзгертпей, түрлі бағытта жылжытуға болады. Жылжыту алдында көрсеткішті жиегіне әкеліп, оның ашылған қол бейнесіне айналуын күту керек.
Форма элементтері төртбұрыш ішіне объект түрінде ендіріледі.
«Өрістер тізімі» терезесінен берілгендер облысының екінші қатарына Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша өріс атауларын көшіру. Оларды бірінші қатарға енгізілген сәйкес өріс атауларының астына орналастыру керек. Атаудың сол жағында оның қолтаңбасы автоматты түрде енгізіліп қойылады. Оны алып тастау үшін төртбұрышын таңдап, Del клавишін басу керек.
Енгізілген басқару элементінің орналасуын дұрыстау. Таңдалған элементті жобалаушының өз қалауынша орналастыру мүмкін. Оларды тор сызықтарының үстіне бір қатарда орналастырған және әр объект үшін қажетті ұзындық өлшемін енгізген жөн. Элементтерді тор сызықтарының үстіне орналастыру үшін Формат – Түралау командасын беру керек.
Ескерту. Таңдалған төртбұрышты жылжыту мен өлшемін өзгертуді курсорды басқару клавиштері арқылы орындаған жеңіл. Қосымша Ctrl клавиші басылып тұрса, төртбұрыш жылжиды, Shift клавиші басылып тұрса, өлшемі өзгереді. Басқару элементтерін таңдап, форматтау панелінің «Масштабтау» батырмасы арқылы өлшемдерін өзгертуге болады.
Файл – Алдын-ала көру командасын беріп, форманың құрылған форматын көріп шығу.
Конструктор режиміне қайтып оралып, қажет болса, элементтерді қайта форматтау. (Esc клавишін басып немесе Көрініс – Конструктор командасын беріп, режимге қайта оралуға болады).
Конструктор режимі терезесін жабу. Форма құрылымын өзгертуді растау сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Оның Иә батырмасын шерту.
Атау сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Access тағайындаған атауды қалдыруға немесе жаңа ат беруге болады.
Құрылған формада берілгендер облысының бірінші қатарына енгізілген басқару элементтері өріс атаулары түрінде жазылып, екінші қатарға өрістер тізімінен көшірілген элементтер орнына берілгендер енгізіліп қойылады.
Бағандық форманы қолдан құру қиын емес.
Форманы көріп шығу үшін БҚ терезесінің «Форма» қондырмасын ашып, атауын таңдау және «Көріп шығу» түймесін шерту керек. Келесі жазуларға өту және жаңа жазу қосу үшін терезенің Жазуға өту түймелерін пайдаланылуы тиіс.
18-сурет. Форманы конструктор көмегімен құру.
1.9. Есептер.
Есеп (есеп беру, отчет) 0 – кесте не сұраныстың басып шығаруға дайындалған түрі. Есеп құру тәсілі форма құру тәсіліне ұқсас. Есептің формадан айырмашылығы – ол берілгендерді ендіру үшін емес, тек шығару үшін және экрандық емес, басылып шығатын құжатты дайындау форматында құрылады.
Access дайындаған есепті берілгендер қорының «Есептер» бөлімінде сақтайды. Есеппен тақырып енгізу, экранда көріп шығу, оны қағаз форматына сәйкестендіру сияқты әрекеттерді ғана орындауға мүмкіндік береді.
Есеп құрудың үш тәсілі бар:
автоматты түрде (автоесептер);
Есептер шебері арқылы (жартылай автоматты түрде);
қолдан құру (Конструктор режимінде).
1.9.1. Автоесеп.
Автоесеп (автоотчет) – есепті автоматты түрде құрудың қарапайым тәсілі. Оны екі типте құру мүмкін: бағандық және таспалық. Олар форма типтеріне ұқсас. Автоесеп құру үшін БҚ терезесін ашып, Есеп – Құру командасын беру керек. Жаңа форма терезесіне ұқсас «Жаңа есеп» сұхбат терезесі ашылады. Одан әрі автоесепті іске қосу тәсілі форманы құру сияқты. Мұндағы ерекшелік – құрылған есептің іске қосу тәсілі форманы құру сияқты. Мұндағы ерекшелік – құрылған есептің жоғарғы жолына тақырып ретінде кесте атауы енгізіліп қойылады және жазу элементтері тіктөртбұрыштар ішіне алынбайды. Таспалық есепті талапқа құру үшін оның өрістері көп болмауы тиіс. Бұл жағдайда есепті бағандық тәсіл бойынша құрған жөн.
19-сурет. Есепті автоесеп көмегімен құру.
Достарыңызбен бөлісу: |